1. Маркетинг дегеніміз не:
А. Тауар немесе қызмет көрсету үлгісі;
В. Іске асыру процесінде өзгерген жағдайларға сәйкес түзетілуі мүмкін қандай да бір белгіленген және әзірленген іс-қимылдар бағдарламалары арқылы мақсаттарды және оларға қол жеткізу жолдарын айқындау;
С. Өндірісті тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін оны басқару әдістерінің, нысандары мен құралдарының жиынтығы;
D. Компанияның сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы табыс табуға бағытталған іс-қимылдары.
2. Маркетингтің негізгі элементтерін қамтитын модель, аббревиатура:
А. Модель 2P; В. Модель 4Р; С. Модель 3D+D; D. Модель 4D.
3. Маркетинг элементі Product (өнімнің) басты мақсаты?
А. Сату кезінде компания қанша ала алатынын анықтау және компания мен тұтынушы үшін де, бәсекелестік жағдай тұрғысынан да оңтайлы бағаны белгілеу;
В. Компаниядан тұтынушыға тауар қозғалысының жүйесін ұйымдастыру және тауардың физикалық қол жетімділігін қамтамасыз ету;
С. Мұндай тауарлар мен қызметтер жинағын құру компанияға тұтынушылар үшін құнды болуға және бәсекелестерден оқ бойы озық тұруға мүмкіндік береді;
D. Тауардың идеясы мен құндылығын тұтынушыға жеткізу және оны сатып алуға ынталандыру.
4. Нарықтың жағдайы туралы ақпаратты зерттеу, талдау және өңдеу былай аталады:
А. Маркетингтік сауалнама; В. Маркетингтік зерттеу; С. Маркетингтік қадам;
D. Маркетингтік мониторинг.
5. Кабинеттік зерттеулер келесі міндеттерді шешу үшін қолданылады:
А. Ашық есептерді, сайттарды, жаңалықтарды, мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып бәсекелестер картасын жасау;
В. Жекелеген көрсеткіштер динамикасына және сараптамалық пікірлердің жариялануына негізделе отырып, нарықтық трендтерді анықтау;
С. Клиенттің бейнесін және терең сұхбат негізінде бәсекелестердің бірегей сауда ұсынысын анықтау;
D. Нарық мөлшерін анықтау: ол үшін ресми статистикалық деректер, тауарлардың импорты мен экспорты жөніндегі деректер пайдаланылады, сондай-ақ халық саны, әртүрлі өнімдерді тұтыну жөніндегі деректерді ескере отырып есептеулер жүргізіледі.
6. Кейбір сипаттамалары, қасиеттері, қызығушылықтары ортақ, сол себепті нақты ұсынылатын тауарларға немесе қызметтерге, маркетингтік ұсыныстарға немесе лозунгтерге өнім өндірушілер үміт еткен деңгейдегідей назар аудару ықтималдығы жоғары адамдар тобы:
А. Сатып алушылар; В. Сатушылар; С. Мақсатты аудитория; D. Клиенттер.
7. Бәсекелестердің тауарларынан немесе қызметтерінен тауардың немесе қызметтің нақты тұжырымдалған артықшылығы:
А. Бірегей сауда ұсынысы (БСҰ); В. Өміршеңдігі минималды өнім; С. Өміршеңдігі максималды өнім; D. Барлық жауаптар дұрыс.
8. Негізгі құндылықтарды аудиторияға жеткізу және оларды бірінші пайдаланушыларға тексеру үшін жеткілікті қажетті функцияларға ие өнімнің ең бастапқы нұсқасы:
А. MVT; В. CRT; С. MVP; D. NPV.
9. «Айқын ниша» тактикасына қай мысал сәйкес келмейді:
А. Рок караоке-бар; В. Салық даулары бойынша адвокат; С. Халық әртісімен вокал сабақтары; D. Сатушы сайт-визиткалар жасау;
10. Респонденттің ішкі ниеттеріне, уәждеріне, бейімділігі мен сипаттарына қатысты, сұрақтарды қойған немесе еркін тұжырымдаған кезде интервьюермен әңгімелесу процесінде барынша толық ақпарат алуға бағытталған әдіс:
А. Сауалнама; В. Сұхбат; С. Эксперимент; D. Сұрақ қою.
11. Жарнаманы таратудың негізгі құралдарын іске қосатын тікелей жарнаманы орналастыру бойынша іс-шаралар:
А. BTL; В. PR; С. ATL; D. CRM.
12. Тікелей жарнамаларды орналастыруды қамтымайтын іс-шаралар:
А. PR; В. ATL; С. CRM; D. BTL.
13. Маркетингтік коммуникацияның бір түрі, тауарды барлық бағыт бойынша дайындаушыдан логистикалық (бөлу) және өткізу арналары арқылы тұтынушыға дейін тауардың сатылуын жылдамдату мақсатында алға жылжыту шараларының кешенін атаңыз:
А. PR; В. Сыртқы жарнама; С. Жасырын жарнама; D. Өткізуді ынталандыру
14. Тұлға мен ұйымды позициялаумен, тапсырыс беруші (клиент) мен қоғамдастық арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатумен және қолдаумен кім айналысады:
А. Делдал; В. PR-менеджер; С. Релейтор; D. Актуарий.
15. Әлеуетті клиент жарнамалық хабарландыруды түрткен кезде немесе іздеу нәтижесінде кіре алатын дербес интернет-парақша:
А. ATL; В. Лейндинг-пейдж; С. BTL; D. Веб-сайт.
16. Пайдаланушылардың белгілі бір сұраулары бойынша іздеу жүйелерін беру нәтижелерінде сайттың позицияларын жоғарылатуға арналған ішкі және сыртқы оңтайландыру бойынша шаралар кешені:
А. Мән-мәтіндік жарнама; В. Сілтемелік масса; С. БСҰ; D. Іздеуді оңтайландыру.
17. Бөгде ресурстарда орналастырылған және сіздің сайтыңызға апаратын барлық белсенді сыртқы сілтемелер жиынтығы:
А. Іздеуді оңтайландыру; В. БСҰ; С. Сілтемелік масса; D. Мән-мәтіндік жарнама.
18. Әлеуетті клиент әлеуметтік желілерде өз лентасын қарап отырған кезде оның назарын өз постыңызға аудартуға және ол постты оқуы үшін сізде 2-3 секунд уақыт болады. «Сатушы посттың» осы элементі қалай аталады:
А. Қызықтыратын тақырып; В. Тауардың сипаттамасы; С. Әрекетке шақыру;
D. Уақыт шектеулері.
19. Егер постың астына тауар немесе қызмет туралы теріс пікір қалдырған болса не істеу керек:
А. Бұл пікірді алып тастау, пайдаланушыны бұғаттау керек;
В. Жауап ретінде теріс пікір жазу керек;
C. Ешқандай жағдайда да бұл пікірді алып тастаудың қажеті жоқ, тіпті бұл жала жабу болса да, оны жазған пайдаланушыны бұғаттаудың қажеті жоқ;
D. Барлық жауаптар дұрыс.
20. Бизнестің әлеуетті клиенттерінің тізіміне кіретін пайдаланушыларға хабарланды- руды көрсетуге көмектесетін жарнама түрі:
А. Тікелей жарнама; В. Таргетингтік жарнама; С. Баспасөз жарнамасы;
D. Сыртқы жарнама.
Достарыңызбен бөлісу: |