Эстетикалық тәрбие
Орындаған: Султанова Альвира
Тексерген: Искакова А.Г.
Жоспар:
1. Мақсаты
2. Міндеттері
3. Компоненттері
4. Сыныптан тыс жұмыстар
5. Адамның жеке бас эстетикасы
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту, - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
• Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту. • Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру. • Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу. • Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.
• Эстетикалық қабылдау
• Эстетикалық талғам
• Эстетикалық сезім
Эстетикалық тәрбиенің компоненттері:
Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдаудың объектісі бола алады.
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардық көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нерсесі.
Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пөндерді оқудық нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді:
Ана тілі - мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.
Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады
География - оқушылардың эстетикалық дүниетінымын дамытады.
Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.
Әдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады.
Химия, физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.
Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар
Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.б шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін түтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстарайтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес өткізіледі.
Саяхаттың негізгі обьектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып табылады. Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге өуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды. Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.
Күнделіктегі өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы
Қатынас эстетикасы
Үй-жағдай эстетикасы
Мінез-құлық эстетикасы
Киім-кешек эстетикасы
Қатынас эстетикасы
Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.
Үй-жағдай эстетикасы
Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті.
Киім-кешек эстетикасы
Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады.
Мінез-құлық эстетикасы
Оқушылардың өзге адамдармен қпрым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым — әтика зерттейді, сонымен қатар оны әстетикада қарастырады.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |