1 Материалдардың түрі


меншікті электр өткізгіштік



бет3/6
Дата24.02.2023
өлшемі123 Kb.
#169981
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 Дидактикалық материал Жартылай өткізгіштер
т, 4 Қалаптастырушы бағалау
меншікті электр өткізгіштік деп аталады. Таза күйінде  және  диэлектриктер, бірақ аз мөлшерде (шамада) кристалл торларына қоспалар енгізілсе, олардың өткізгіштігі мүлдем өзгереді.  –дің кристалл торындағы бір атомының орнын  (күшән) атомымен алмастырса, онда осы  –атомынқоспа деп атайды. Күшәннің (As–тің) сыртқы электрондық қабатында 5 электрон болғандықтан  – кристалында «тұрғанда» оның бір электроны артық болып қалады.

9.3–сурет
1– бесвалентті қоспа, 2– еркін теріс зарядты
Бұл артық электрон өте қозғалғыш, еркін, сондықтан потенциалдар айырымы пайда болса, ол ток тасымалдаушыға айналады. Жартылай өткізгіш ішіне енгізілетін еркін электрондар санын (мөлшерін), яғни қоспа атомдар санын өзгертіп, бақылауға болады. Қоспаларды жартылай өткізгіштерге енгізгенде еркін электрондар пайда болса, – бұл жартылай өткізгіш енгізілген қоспа деп, ал жартылый өткізгіштің өзі қоспалы жартылай өткізгіш деп аталады. Өткізгіштерде еркін заряд тасымалдаушылардың көп болуы олардың күшті өткізгіштік қасиетін түсіндіреді. Бірақ өткізгіштің құрамындағы қоспа оның кедергісін арттырады. Себебі еркін заряд тасымалдаушылардың концентрациясы өзгермесе де, қоспа олардың қозғалысына кедергі жасайды. Диэлектриктерде еркін заряд болмағандықтан, олар электр тоғын нашар өткізеді. Диэлектриктер құрамындағы қоспа электрондары өзінің атомдарымен нашар байланысады. Сондықтан олар атомдарды оңай тастап кетеді де, еркін күйге өтіп диэлектриктің кедергісін азайтады. Егер жартылай өткізгіш кристалының торына сыртқы қабаттарында үш электроны бар, мысалы, бор, индий атомдары енгізілетін болса, онда кристалл ішінде бір электрон орны бос қалып отыратындықтан кемтіктер пайда болады.

9.4–сурет
1– үш валентті қоспа, 2– кемтік
Сырттан түсірілген кернеу мұндай жартылай өткізгіштерде электрондарды оң таңбалы түйіспеге, ал кемтіктерді теріс таңбалы түйіспе жағына қарай ығыстырады. Кемтіктердің қозғалысын тоқ ағыны ретінде қарастыруға болады. Жоғарыда қарастырылған негізгі заряд тасмалдаушылармен қатар (бұлар жартылай өткізгіш ішіне қоспаларды қосқанда пайда болады) кәдімгі қыздыру әрекетінен пайда болатын еркін электрондар (оларды негізгі емес заряд тасымалдаушылар деп атайды) да тоқ ағынына өз үлесін қосады. Енді қарастыратын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет