түйіспелік потенциалдар айырымының салдарынан контакт аймағында кемтіктер мен электрондар саны азая бастайды, электрондармен кемтіктердің рекомбинациясының нәтижесі 9.6–суретте көрсетілген, мұндай қабатты сиреген (кедейленген) қабат деп атайды.
Сөйтіп, электрондық және кемтіктік жартылай өткізгіштерді бір-бірімен түйістіргенде, олардың арасында қарқынды түрде екі жақты заряд тасымалдануы жүре бастайды. –типті жартылай өткізгіштермен салыстырғанда –типті жартылай өткізгіштерде электрондар концентрациясы көбірек болады да, ал кемтіктер концентрациясы –типтегі жартылай өткізгіште көп болады. Шоғырының бірдей болмауына байланысты диффузия нәтижесінде электрондар –типті жартылай өткізгішке қарай, ал кемтіктер –типті жартылай өткізгішке өтеді. Осыған байланысты –типті жартылай өткізгіштің түйіспеге жақын қабаттарында теңеспеген зарядты донорлық қоспа иондары, ал –типтегі жартылай өткізгіш қабаттарында теріс зарядты акцепторлық қоспа иондары пайда болады. Оң зарядталған –типтегі жартылай өткізгіштің барлық энергетикалық деңгейлері төмендейді де, теріс денгейлері жоғарылайды.
9.6– сурет
Түйісу аймағында негізгі заряд тасымалдаушылар азайып, тек қозғалмайтын қоспа иондары ғана қалады. Сондықтан енінің аз болуына қарамастан (10–6дан10–8м) ауысуы, кедергісі жартылай өткізгіштердің басқа бөліктеріндегі кедергіден әлдеқайда артық.
4 Тура және кері ығысулар
Электрон–кемтік өтулер аймағына сырттан кернеу түссе, –типті материал –типті материалға қатысты оң зарядталады. ауысу тура бағытта 8.7-суретте көрсеткендей ығысады, түйіспелік потенциал айырымы сырттан түсірілген кернеуге қарсы тұрып, кедейленген (сиреген) қабатты жабады. Енді кемтіктермен электрондар түйіскен жерден өтіп шыға алады, сондықтан ток өте бастайды. Сырттан түсетін кернеуді қажетті шамадан артық ұлғайтқанда, кедейленген қабаттың енін кішірейту үшін (0.2 В – германий үшін, 0.6 В кремний үшін), ток тез өсе бастайды. Электрон–кемтікті ауысуға сырттан кернеу түсіргенде –типті материалға қатысты –типті материал 9.8–суреттекөрсеткендей теріс зарядталады, сөйтіп ауысуы кері бағытқа ығысады.
9.7–сурет
Сырттан түсірілген кернеу мен түйіспелік потенциал айырымы бірдей. Электрондар мен кемтіктердің қозғалысына қарама–қарсы әсер сиреген қабатты ашу арқылы жасалады. Олай болса, теорияға сәйкес ток жүрмейді. Алайда бөлме температурасында ковалентті байланыстағы кристалл торларында бөлме жылуынан жеткілікті энергияны ала отырып, мобильді электрондар мен кемтіктер түзіле алады. Осы үдерісті жылу жолымен орындалған
Достарыңызбен бөлісу: |