1. Материалдың ылғалдылығы дегеніміз: берілген уақыттағы материалдың ылғалдылығы


БЛОК -12-КҮЙДІРІЛМЕГЕН ЖАСАНДЫ ТАСТЫ МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАР



бет7/12
Дата09.12.2022
өлшемі71,26 Kb.
#162084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Строй мат база 17

БЛОК -12-КҮЙДІРІЛМЕГЕН ЖАСАНДЫ ТАСТЫ МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАР
1 Силикатты материалдарды автоклавта өңдеудің мәні неде?
a) Температурасы 174о С және қысымы 8 – 12 атм қаныққан буды қолдану
2 Силикатты материалдарды өндірудің технологиялық операцияларын көрсетіңіз:
a) Қалыптау, артынан автоклавта жылулық-ылғалдық өңдеу
3 Сөндірілген немесе сөндірілмеген әк пен минералды толтырғыштар негізінде алынатын бұйымдарды көрсетіңіз:
a) Силикатты кірпіш, силикатты блоктар
4 Негізінен магний мен натрий силикаттарынан тұратын жіңішке талшықты материал қалай аталады?
a) Асбест
5 Бұйымдарда не үшін асбест талшықтары қолданылады?
a) Асбест талшықтарын қосқанда бұйымдардың созылу мен майысуға беріктігі артады
6 Гипстен жасалатын бұйымдарды дайындау қандай операциялардан тұрады?
a) Гипсті қамырды дайындау, бұйымды қалыптау, қатыру, қалыптан шығару, кептіру
7 Ішкі бөлігі қатырылған гипсті қамырдан, сыртқы бөлігі картонмен жапсырылған жұқа плита тәрізді бұйым қалай аталады?
a) Гипсті картон парағы
8 Гипсті картон парақтарының қолдану аясы:
a) Қабырға мен төбелерді қаптау (ылғалдылық 60%-тен көп емес)
9 Асбестоцемент бұйымдарын көрсетіңіз:
a) Толқындалған және жазық шифер
10 Силикатты кірпішті фундамент қалағанда қолдануға бола ма?
a) Жоқ, болмайды
11 Силикат кірпішті өндірістік кәсіпорындардың пештерін, құбырларын қалауға қолдануға бола ма?
a) Жоқ
12 Асбестоцемент құбырларын су құбырлары мен канализацияда қолдануға бола ма?
A) Болады
13 Әк-кремнезем байланыстырушысынан, толтырғыштардан және судан тұратын қоспаны қалыптау, артынан автоклавта жылулық-ылғалдық өңдеу нәтижесінде алынатын жасанды тас материалдары мен бұйымдары қалай аталады:
A) Силикатты материалдар мен бұйымдар
14 Неге жасанды тас материалдар және бұйымдардың бір тобын қүйдірілмейтін деп атайды?
A) Өйткені бұл материалдардың және бұйымдардың тобы байланыстырушы заттың салыстырмалы жоғары емес температурада - 200°С дейін (бумен жылыту, сонымен бірге автоклавтарда) қату нәтижесінде тасты күйді алады
15 Жасанды күйдірілмейтін тас материалдардың және бұйымдардың кеуекті құрылым түрін алуға болама
A) Болады
16 Көбікбетон алудың технологиялық жолдары:
A) техникалық көбік алу, цемент ерітіндісін дайындау, оларды араластыру, қалыптау
17 Газбетон және газсиликат алғанда байланыстырғыш қоймалжыңы ісінеді:
A) газдандырғыш және байланыстырғыш арасында химиялық реакция жүру арқылы шығатын газдың арқасында
18 Ұялы бетондардың ең төменгі тығыздығы, кг/ м  :
A) 200...300
19 Ұялы бетон дайындауда қолданады:
A) байланыстырғыш, кремнеземды толтырғыш, кеуектендіргіш, су
20 Газбетон құрамына кіреді:
A) вермикулит, цемент, су
21 Ауалық әктің минералды құрамын көрсетіңіз?
A) СаО
22 Портландцементтің минералды құрамын көрсетіңіз?
A) 2CaO´SiO2; 3CaO´SiO2; 4CaO´Al2O3´Fe2O3
23 Егер сығылу кезіндегі беріктік шегі 52 МПа болса, цементтің маркасы қандай болады?
A) 500
24 Ағаш материалдар үшін ылғалдылықтың қандай мәні стандартты деп саналады?
A) 12%
25 Болаттың тығыздығы неге тең?
A) 7850 кг/м3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет