Сандық Анализден Әдістемелер
1 жұмыс. Ерітінділерді дайындау.
А) Концентрленген тұз қышқылынан 200 мл 0,1М тұз қышқылының ерітіндісін дайындау.
Концентрленген тұз қышқылын цилиндрге құйып алынады, денсиметрмен ерітіндің тығыздығы өлшенеді, содан кейін аңықтама бойынша ерітіндідегі хлорлы сүтегінің массалық үлесі анықталады. 200 мл 0,1М ерітіндіні дайындау үшін қанша осы қышқылдан керегі ескептелінеді. Мысалы, алынған концетрленген тұз қышқылының тығыздығы р=1,19 г/см3 , онда анықтама арқылы табылған хлорлы сутегінің массалық үлесі 38% тең. М(HCl)=36,5 г/моль.
I әдіс:
1л 0,1М тұз қышқылының ерітіндісін дайындау үшін 36,5 г HCl алу қажет, ал 200 мл – Х г.
1000 мл – 3,65 г HCl
200 мл – Х г
Х = 0,730 г
Хлорлы сутегінің табылған массалық үлесі бойынша келесі пропорция құрылады:
100г (ер-де) – 38 г (HCl)
Х г – 0,730 г (HCl)
Х = = 1,92 г (HCl)
Енді осыдан қышқылдың алуға қажет көлемі есептелінеді:
V = = = 1,61 мл
II әдіс:
0,1 моль – 1000 мл
Х моль – 200 мл
Х = 0,02 моль ʋ (HCl)
ʋ = ; m = ʋ * M = 0,02 моль * 36,5 г/моль = 0,730 г
100г (ер-де) – 38 г (HCl)
Х г – 0,730 г (HCl)
Х = = 1,92 г (HCl)
V = = = 1,61 мл
III әдіс:
m = = = 0,730 г
100г (ер-де) – 38 г (HCl)
Х г – 0,730 г (HCl)
Х = = 1,92 г (HCl)
V = = = 1,61 мл
Б) 200 мл 0,1М натрий гидроксидінің ерітіндісін дайындау.
Көптеген қосымшалардың 40 % -тен асатын натрий гидроксидінде ерімеуіне байланысты, жоғары концентрациялы NaOH ерітіндісін дайындаған қолайлы. Концентрациясы 0,1М – тең ерітінді осындай концентрленген ерітіндіні сұйылту арқылы дайындайды. Концентрленген ерітіндінің тығыздығын деноиметрмен өлшеп, анықтамадан NaOH – тың массалық үлесін қарап, ерітіндінің керек көлемін тұз қышқылының ерітіндісімен дайындағандай сияқты есептеп алады.
В) Дәл өлшемді алу арқылы 100 мл 0,1н натрий тетраборатының (Nа2B4O7·10H2O) ерітіндісін дайындау.
Натрий тетраборатының молярлық массасы 381,4 г/моль, эквиваленттік молярлық массасы 381,4:2=190,7 г/моль-ге тең. Аналитикалық таразыда 1,907 г Nа2B4O7·10H2O өлшенеді. Алынған өлшемдіні көлемі 100 мл өлшеуіш колбаға белгісіне дейін жеткізеді.
Жұмыс журналын толтыру формасы
Бос бюкстің массасы
|
9,1404 г
|
Өлшемдімен бюкстің массасы
|
11,0378 г
|
Nа2B4O7·10H2O
|
1,907 г
|
Натрий тетраборатының негізгі сипаттамасы:
T = = = 0.01897
C (1/2 Nа2B4O7 ) = = = 0,0995 моль/л
К = = = 0,9947
Достарыңызбен бөлісу: |