Сандық Анализден Әдістемелер
2 жұмыс. Ерітінділерді стандарттау.
А) Дайындалған натрий гидроксидінің ерітіндісін тұз қышқылының ерітіндісі арқылы стандарттау.
Ерітіндіге метилоранж түсін сарыдан қою-сарыға өзгерткенше тұз қышқылының ерітіндісін бюреткадан қосады.
Титрлеуді 3-4 рет қайталайды, орташа мәнін есепке алады. Титрлеу процесін жүргізгенде келесі реакция орын алады:
NaOH + HCl = NaCl + H2O
Натрий гидроксидінің нормалдық концентрациясын, титрін, түзететін коэффициентінің мәндері есептелінеді:
C(NaOH) · V(NaOH) = C(HCl) · V(HCl)
C(NaOH) =
T(NaOH) =
K = Cэксп/Стеор
Б) Тұз қышқылының ерітіндісін натрий тетраборатымен стандарттау.
Көлемі 15-20 мл таза пипетканы натрий тетраборатының ерітіндісімен шайып алып, содан кейін пипетканы белгісіне дейін ерітіндімен толтырып, алынған аликвотаны колбаға құяды. 2-3 тамшы метилоранж қосады. Бюретканы тұз қышқылымен толтырады. Титрлеу процесін ерітіндінің түсі қою-сары болғанша жүргізеді. Титрлеуді 3-4 рет қайталайды, алынған нәтижелердің орташат мәнін есептеп алады.
Vop=
Титрлеу процесін жүргізгенде келесі реакция орын алады:
Nа2B4O7 + 2HCl + 5H2O= 4H3BO3 + 2NaCl
Тұз қышқылының ерітіндісінің нормалдық концентрациясы титрі түзететін коэффициенттің мәндері:
C(1/2 Nа2B4O7 ) · V( Nа2B4O7 ) = C(HCl) · V (HCl)
C(HCl) =
T = К= Сэксп/Стеор
Достарыңызбен бөлісу: |