Тақырыбы: Логопедия сабағында қолданылатын тыныстау жаттығуларының кешені



Дата07.02.2022
өлшемі117,82 Kb.
#90776
Байланысты:
тыныс алу жаттығулары

Тақырыбы: Логопедия сабағында қолданылатын тыныстау жаттығуларының кешені

Дәрістің мақсаты: Балаларға мұрынмен демалуды үйрету, күрделірек демалу жаттығуларына дайындау. Тыныс алу жаттығулар кешенін құрастырғанда мына жағдайларды ескереміз: -мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың дендерінің саулығы мен шынығудың әр балаға тиімділігі; -бала жас ерекшелігіне сай жаттығулардың күрдлілігі; -жаттығулардың тыныс алу бұлшық еттеріне, өкпенің барлық желдететін бөлімдеріне жоғарғы тыныс алу жолдарына тигізер әсері.

Кіріспе Дұрыс тыныстау үшін, тыныс алу бұлшық еттерін басқара білуге және жан-жақты дамыту қажет. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тыныс алу бұлшық еттері нәзік болып келеді, сондықтан да арнайы тыныс алу жаттығуларын жасау қажет.

Тыныс алу жаттығуларының кешені.   Өз тынысымызды тындайық. Мақсаты: балаларды өз тыныстарын тыңдай біліп, тыныстың қай түрге жататынын, оның теренңдңгін, жиілігін ажырата біліп, сол арқылы ақзаның қандай күйде екенін айта білу. Бастапқы қалып-тұрып, отырып,жатып (қалай ыңғайлы). Дене бұлшық еттерін бос ұстау. Тыныштықта балалар өз ты тыныстарына құлақ салып тыңдайды және оны ажыратады. -ауа қайдан шығып, қайда (түседі) барады; -тыныс алғанда және тынысты шығарғанда қандай дене мүшелері қозғалысқа келеді (қарын, кеуде сүегі, иық және барлық дене мүшелері-толқын тәріздес); -қандай тыныс (жеңіл немесе терең) -тыныс алудың жиілігі: тыныс алу мен шығару жиі-жиі немесе баппен белгілі бір ара қашықтықпен (автоматтық үзіліспен) -акырын, естілмейтін тыныс немесе сырылды. Бұл жаттығулар физикалық жұктемелерге дейін немесе жүктемелерден кейін өткізілуі керек. Өйткене балалар тыныс алу арқылы бүкіл ақзақтарының қалпын ажыра білуге үйренеді.

Көкіректегі ауа шары (ортаңғы, қабырға тынысы)   Мақсаты: балаларды қабырға аралық бұлшық еттерін қатайта білеуге, бар назарын, солардың қозғалысына аудара отырып, өкпенің ортаңғы бөлімдерін ауамен қамтамасыз ете білуге үйрету. Бастапқы қалып-жатып, отырып, тұрып. Қолды белдің төменгі жағына қойып, бар назарын соған салу. Көкірек қабырғаларын қолмен қатты қысып баяу, бір қалыпта тыныс шығару. Баяу баппен мұрын арқылы тыныстау. Сабын көпіршіктерін шығарамыз Мұрын бұлшық еттеріне салмақ түсіре, басты кеудеге таман еңкейте кеңсірік арқылы тыныстау. Баппен басты жоғары көтеріп, тынысты мұрын арқылы сабын көпірігін шығарып жатқан секілді шығару. Басты жоғары көтерген күйде, мұрын бұлшық еттерін қатайтып тыныс алу. Басты төмен түсіріп, тыныш баппен тынысты шығару.

Бір мұрын куысымен тыныста.   Мақсты: балаларды тыныс алу бұлшық еттерін, жоғарғы және мұрын қуыстарындағы тыныс алу жолдарын шынықтыра білуге үйрету. Бастапқы қалып – отырып, тұрып, денені тұзу, бос ұстау. Оң қолдың сұқ саусағымен он мұрын куысын жауып, сол мұрын қуысымен ақырын ұзақ тыныс алу (төмен, орташа, жоғары тыныспен) Тыныс алып болған соң, мұрынның оң қуысын ашып, сол қолдың сұқ саусағымен сол мұрын қуысын жауып, оң мұрын қуысымен ұзақ тынысты сыртқа шығару керек, қарында «шұқыр» болғанша. 3-4 рет. (осылайша келесі мұрын куысымен де) Ескерту: бұл жаттығуларды орындағаннан кейін, бір мұрын қуысымен бірнеше рет тыныс алып, тынысты шығару керек (ең алдымен қай мұрын қуысы мен жеңіл сонымен, сонан соң басқасымен 6-10 ретке дейін әр мұрын қуысымен. Тыныс алуды баяу бастап, тереңдете түсу керек.

Тыныш, ақырын, баппен тыныс аламыз.   Мақсаты: балалрды физикалық жұктемеден, және қатты эмоциялық сезімнен кейін, өзін бос ұстап, ақзақты қалпына келтіре білуге, тыныс алуын реттей білуге үйрету. Бастапқы қалып-тұрып, отырып, жатып (бұл алдында алған физиқалық жүктемеге байланысты). Егерде отырып жасаса, арқаны түзу ұстап, көзді жұмып қою керек. Мұрын арқылы баппен тыныс алу. Кеуде сүйегі кеңейе бастағанда, тыныс алуды тоқтатып, үзіліс жасау керек, кім қанша жасай алғанша. Сонан соң баппен тынысты мұрын арқылы шығару 5-10 рет қайталау. Жаттығу өте баяу, артық дыбыссыз орындалуы қажет. Тіпті мұрын алдында ұстаған алақан шыққан дыбысты сезбеуі керек.

Өз-өзіне уқалау жасау   Мақсаты: өз-өзіне аяқ, қол саусақтарына уқалау түрлерін жасай білуге дағдыландыру. Қажетті құралдар: массаждық доптар. Барысы: балалар түрікше отырады. Тәрбиеші балаларға қарсы қырыннан шеңбердің ортасында қарап отырады. -Алақанды, өкшені уқалау, езгілеу, шымшылау. (шетінен бастап ортасына қарай) -Алақанды қатты-қатты уқалау. Әр саусақты дөңгелетіп, саусақтың басына дейін уқалау. Олармен қатты-қатты амандасу, қол жуу. -Саусақты саусақтың үстіне салып құлыпқа жабамызда жылуды сақтап қаламыз. (саксақтарды құлыпқа жабамыз) -Саусақтарды босатамын құлындарша жүгірсін.

«Құбыралы» тіл «о» дыбысын дыбыстағандай құбыраға ұқсатып бүктеп, тілді көрсету. Осы «құбыраға» ұқсатылып бүктелген ерін арқылы ауаны тартып, өкпені, көкірек қабырғаларын, ішті ауаға толтыру. Тыныс алып болған соң, ауызды жабу. Иек көкірек сүйегіне тигенше баппен басты төмен түсіру. 3-5 секунд үзіліс жасау. Басты кқтеріп баппен мұрын арқылы тынысты шығару. 4-8 рет қайталау. «Үрлегіш» Қолды көкірек тұсында айқастыра ұстау, саусақтар жұмырдыққа түйілген. Алға-төмен еңкейіп, көлік дөңгелектерін үргішпен үрлеген кезіндегідей тез, пысылды үзік-үзік дыбыс шығару с-с-с-с. 5-7 рет еңкейу мен тыныстау. Тыныс шығару қалау бойынша, 3-4 рет қайталау. Ескерту: тыныс алғанда мұрын бұллшық еттерінің барлығын қатайту.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет