1-Мавзу: Атроф мухитни мухофаза килиш фани


-тур бойынша жалпы 50 ұпай



бет7/16
Дата17.11.2023
өлшемі337 Kb.
#191671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
5-11 олимп
3-сынып-кмж 1, 3-сынып-кмж 2, картотека^J паспорт Меруерт (копия) (копия)
1-тур бойынша жалпы 50 ұпай.
8-сыныпқа арналған олимпиада сұрақтары
2-тур


1. Терминдерге сипаттама беріңіздер: Топоним, Криптозой, Целлюлоза, Нунатак, Вегетациялық кезең;
Әр бір дұрыс жауап үшін 5 ұпай. Жалпы 25 ұпай.


2. Тест сұрақтары.
1. Қазақстан аумағында ......... астам көлдер және ......... жуық бөгендер бар.
А) 32 мыңнан, 5 мыңға
В) 48 мыңнан, 3 мыңға
С) 30 мыңнан, 2 мыңға
Д) 35 мыңнан, 5 мыңға
Е) 45 мыңнан, 7 мыңға

2. Каспий теңізі оңтүстіктен солтүстікке қарай қанша км ге созылған?


А) 1200 км
В) 1100 км
С) 1000 км
Д) 900 км
Е) 1300 км

3. Эль-Ниньо ағысының әсері қанша айға дейін байқалады?


А) 12 ай
В) 24 ай
С) 18 ай
Д) 30 ай
Е) 6 ай

4. 100 гр ураннан 74 млн жылда ...... бөлінеді.


А) 5 гр мырыш
В) 1 гр қорғасын
С) 2 гр алтын
Д) 2 гр мырыш
Е) 1 гр мыс

5. Балқаш көліне құятын өзен


А) Үржар
В) Қатынсу
С) Емек
Д) Базар
Е) Аягөз

6. Диуани луғатит ат-турк атты географиялық еңбектің авторы?


А) Фараби
В) Қашғари
С) Ибн Сина
Д) Беруни
Е) Чжан Цзян

7. Тұщы судағы ең ірі балықты белгілең?


А) Араукария
В) Пиранья
С) Арапайма
Д) Иния
Е) Кайман

8. Арал теңізі (1908 ж) монографиясының авторы


А) И.В.Мушкетов
В) Н.А.Северцов
С) В.А.Обручев
Д) Л.С.Берг
Е) С.С.Неструев

9. Амазонияның қалың ормандары


А) кампос
В) сельвас
С) пампа
Д) патагония
Е) гилея

10. Қай физикалық-географиялық аймақта «Бэр» төбешіктері орналасқан


А. Маңғыстау үстірттерінде
В. Үстіртте
С. Каспий маңы ойпатында
D. Сарыарқада
Е. Тұран ойпатында

11. Үлкент Боқтыбай қайсы таудың ең биік нүктесі


А) Қарқаралы
В) Жалпы Сырт
С) Үстірт
Д) Мұғалжар
Е) Қаратау

12. Дүниежүзіндегі ең ірі «Алып» кенішінде не өндіріледі?


А) темір
В) көмір
С) алтын
Д) полиметалл
Е) мыс

13. Еуропалықтар+негрлер = …….


А) негроид
В) монголоид
С) мулат
Д) самбо
Е) метис

14. Граниттен тұратын, меридиан бағытындағы ірі антиклиналдың қалдығы


А) Шыңғыстау
В) Жетімшоқы
С) Ұлытау
Д) Алатау
Е) Тарбағатай

15. Жоңғария очерктері еңбегінің авторы


А) Ш.Уәлиханов
В) П.П.Семенов
С) В.В.Пржевальский
Д) И.В.Мушкетов
Е) А.Н.Краснов

16. Мезозой - .......


А) көне тіршілік
В) жаңа тіршілік
С) ескі тіршілік
Д) алғашқы тіршілік
Е) орта тіршілік

17. Тас және Атбасы ескерткіштері қайсы саябақта орналасқан


А) Баянауыл
В) Іле Алатауы
С) Қарқаралы
Д) Алтынемел
Е) Көкшетау

18. Алюминий шикізаты


А) латун
В) дуралюминий
С) мелхиор
Д) боксит
Е) мыс

19. Солтүстік Американың қай табиғат зонасында мұз дәуірінен бері сақталып қалған қойөгіз тіршілік етеді?


А) арктикалық шөл
В) тундра
С) тайга
Д) орманды тундра
Е) аралас ормандарда

20. Тектоникалық көлдер


А) Марқакөл, Каспий, Бурабай
В) Қарасор, Зеренді, Зайсан
С) Есік, Арал, Жасылкөл
Д) Балқаш, Алакөл, Зайсан
Е) Теңіз, Қарасор, Алакөл

21. Негрмен моңғол тектес нәсілдердің араласуынан қалыптасқан халықты белгілең?


А) сомалилықтар
В) малагасийлер
С) бушмендер
Д) бурлар
Е) коморлықтар

22. Қайсы елдегі ұлттық парктердің саны 31 ді құрайды?


А) АҚШ
В) Мексика
С) Бразилия
Д) Канада
Е) Ресей

23. Қызылеспе, Қасқаайғыр - ......


А) полиметалл кені
В) темір кені
С) алтын кені
Д) қорғасын кені
Е) мырыш кені

24. Су шошқаны белгілең?


А) пекари
В) тапир
С) дикобраз
Д) тукан
Е) капибара

25. Каспий теңізінің алабына жататын өзендер


А) Жайық, Қаратал
В) Іле, Қараөзен
С) Сағыз, Ойыл
Д) Арыс, Жем
Е) Жайық, Торғай


Әр бір дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Жалпы 25 ұпай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет