Саяси
құндылықтар: сөз
еркіндігі,
азаматтық,
бейбітшілік.
4.
Моральдық құндылықтар: жақсылық, игілік, махаббат,
борыш,
намыс,
шыншылдық,
адал
ниеттілік,
парасаттылық,
берілгенділік,
өзара
көмектесу,
әділеттілік,
үлкенге
ізеттілік
және
балаларға
әлеуметтік ілтипаттылық.
5.
Діни құндылықгар: құдай, сенім, кұтқарылу, рахат,
рәсім, мешіт.
6.
Қоғамды қадірлеу: еңбекқорлық, патриотизм, қол
жеткізе білу қабілеттілігі, қоғам өміріне белсенді
қатынасу,
жоғары
локальдық
(мемлекеттің
интернациональдылық) бағытталу.
7.
Эстетикалық
құндылықтар: әсемдік
(немесе
эстетикалық сиықсыздық), идеал, стиль, үйлесімдік,
дәстүрге бағыну, жаңалық, ерекше мәдениет, сырттан
енгізілген модаға еліктеу.
Білім — қоғамның рухани өмірінін негізгі элементтерінін бірі.
Білімнің көптеген түрлері қызметі жағынан өмірдегі іс-
әрекеттердің белгілі типтерімен, деңгейімен арақатыста болады.
Білімнің ол түрлері мыналар: практикалық білім, рухани білім,
эмпириялық білім, теориялық білім, экзотериялық білім.
Практикалық
(тәжірибелік)
білім
адамның
қарекетпен
шұғылдануының нәтижесінде қалыптасады және оның шеберлік
дағдысымен біте қайнасқан. Ол тәжірибеге белгілі бір түрде
қызмет етеді (жер өңдеу, жас балаға қарау, малға қарау, үй салу,
балаларды
тәрбиелеу
ауруларды
емдеу,
механизмдермен,
ақпараттармен жұмыс істеу және т.б), былайша айтқанда,
рефлексия деңгейіне жеткен, бірақ нақты қарекеттермен тығыз
байланыста өмір сүреді. Кейінірек тәжірибелік қарекеттер өзінің
күрделі түріне көшкенде білім ноухауға айналады, өйткені ол
қарекеттің барлық салаларында жоғарғы технологияны іске
қосуды қамтамасыз етуді қажет етеді.
Рухани білім, қатынас туралы білімнің жиынтығы және
адамдардың қарым-қатынасын (отбасының, этникалық, ұлттық,
таптық, ұжымдық) реттейді. Оның ұлан-ғайыр әр түрлі
құралдары бар, оның ішінде мифтер, аңыздар, тарихи
ескерткіштер, көркемөнер туындылары, бейнелер, аруақты
мәтіндер және т.б.
Эмпирикалық білім, табиғаттағы, қоғамдағы табиғи процестерді
бақылау барысында арнайы ғылымдарда жазылған сезімдік және
эксперименттік тәжірибе негізінде қалыптасқан білім.
Теориялық білім субъектінің ұғымдар, белгілер, формулалар арқылы
объектіден қашықтауының нәтижесінде қалыптасады, тек қана
тәжірибеде емес білімнің өзін де ұғынып, мағына береді. Теориялық
білім ғылымды ғана дамытпай, сонымен қатар идеологияны,
философияны, әлеуметтік және діни ілімдерді дамытуға шешуші
ықпалын тигізеді.
Экзотериялық білім — мистика туралы білімді кенейтетін ерекше
нұсқа. Арнайы білімді қажет етпей барлығына арналған.
Кәуділгі сана ғана магиялық, діни, өнегелілік, эстетикалық
символдар және факторлармен толтырылып қоймайды. Ғылыми
таным да әлеуметтік-мәдени ортаның бұрмалайтын ықпалына
тап болады. Өйткені ол, сол ортадан нәр алады және өзінің азды-
көпті принциптерін игеретін әлеуметтік ортада белгілі мәдени
дәстүрдің шеңберінде қызметін атқарады. Сондықтан, білім
қатарына шартты түрде шамамен сөзсіз дәлелденген және логика
жағынан реттелген деректерді жатқызады. Ал, қалғандарын
білімге жатқызуға болмайды, олар не білімнен тысқары, не соған
дейінгі білімдер.
Document Outline - 2.Мәдениеттану - жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени үрдістердің объективтік заңдылықтары, тарихи ескерткіштер, құбылыстар, сондай-ақ адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ...
- Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгерщілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеі, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-ісі, философиялық жүй...
- Адамға ең қиыны – адам болу.
- Мәдениет
- Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса мате...
- РӘМІЗДЕР
Достарыңызбен бөлісу: |