Дауыс бергендер: -7, қарсы-0.
Төрайымы Танаберген Ш.Қ.
Хатшы Тусупова А.А
Қостанай облысы білім басқармасы «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы Хаттама № 2
22.10.2022ж Қатысқаны – 7
Қатыспағаны - 0
Күн тәртібінде: Орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға директордың кандидатурасын қарау
Орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидатпен әңгімелесу қорытындысы бойынша директордың кандидатурасын бекіту
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы Танаберген Шолпан Қасымбекқызы қамқоршылық кеңес мүшелерін директор лауазымына сәйкес келетін талаптармен таныстырды. «Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі» КММ басшысының бос лауазымына орналасуға кандидат-Курмашева Аягоз Абылкасымовнаны ұсынды. Курмашева Аягоз Абылкасымовна 2022-2023 жылдарға арналған мектептің даму жоспарымен таныстырды.
Шешім: Тыңдалды: Екінші мәселе бойынша Ш.Қ.Танаберген кандидат туралы өз пікірін білдіріп, дауыс беруді ұсынды. Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері сөз сөйледі.
Тусупова А.А - ата-аналар комитетінің мүшесі. А.А. Курмашеваның бұрынғы лауазымындағы еңбегін біледі. Қолдайды.
Насрединова А.М - Жалғызтал ауылдық округінің мәдени ұйымдастырушысы. Кандидатураны қолдауды ұсынады.