1. Мектептегі 9-11 сынып оқушыларымен өткізілетін әскери-спорттық ойындар мақсаттары мен міндеттері



бет7/13
Дата06.02.2022
өлшемі109,61 Kb.
#58679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
9 класс 10 класс 11 класс
8 рет - 5 ұпай 10 рет - 5 ұпай 12 рет - 5 ұпай
7 рет - 4 ұпай 9 рет - 4 ұпай 10 рет - 4 ұпай
6 рет - 3 ұпай З рет - 3 ұпай 9 рет - 3 ұпай
6 рет -2 ұпай 8 - 2 ұпай 9- 2 ұпай
Әрбір жаттығудың жоғарыда көрсетілген саннан асуы 0,5 ұпай беріледі.
Жеке орын ұпайлар сомасы бойынша анықталады.
Судьялар – батальон штаб мүшелері.
Консультант – дене мәдениетінің мұғалімі.
60МЕТРГЕ ЖҮГІРУГЕ МАШЫҚТАНУ ЖӘНЕ КІШІ ДОПТЫ ЛАҚТЫРУ.
Материалдық қамтамасыз ету: кіші доптар 3-4 дана «Старт» нұсқағышы, 60метрлік арақашықтық, жалаушалармен белгіленген коридор, доп лақтыруға арналған.
Жаттығудың орындалуына қойылатын бағалар:
Ұлдар 10 сынып Қыздар 10 сынып
60 метрге жүгіру 60 метрге жүгіру
9,2 сек - 5 ұпай 10 сек - 5 ұпай
9,4 сек - 4 ұпай 10,4 сек - 4 ұпай
10 сек - 3 ұпай 10,8 сек - 3 ұпай
10сек – 2 ұпай 10,8с - 2 ұпай
Ұлдар 11 сынып Қыздар 11 сынып
100 метрге жүгіру 100 метрге жүгіру
15 сек - 5 ұпай 17 сек - 5 ұпай
15,2 сек - 4 ұпай 17,2 сек - 4 ұпай
15,4 сек - 3 ұпай 17,4 сек - 3 ұпай
15,4 сек - 2 ұпай 17,4 сек - 2 ұпай
Доп лақтыру Граната лақтыру
40 м - 5 ұпай. 26м - 5 ұпай. 30м - 5 ұпай. 20м – 5 ұпай.
37 м – 4 ұпай. 24м – 4 ұпай. 28м – 4 ұпай. 17м – 4 ұпай.
31 м – 3 ұпай. 2 м – 3 ұпай. 26м – 3 ұпай. 13м – 3 ұпай.
31м – 2 ұпай. 21м-2 ұпай. 26м - 2 ұпай. 13м-2 ұпай.
Орнатылған уақыттан жылдам арақашықтықты жүгіріп өткен әрбір 0,1 артық сек. үшін қойылған шектеуден допты асыра лақтырған әрбір толық метр үшін қосымша 0,5 ұпай алады. Жеке алға шығу, бөлімше және взвод біріншілігі алынған ұпайлардың суммарлы саны бойынша анықталады.
Судьялар – батальон штаб мүшелері.
Консультант – дене мәдениетінің мұғалімі.
АЯҚТАРДЫҢ КӨМЕГІНСІЗ КАНАТ БОЙЫНА ӨРМЕЛЕУГЕ МАШЫҚТАНУ.
9 сынып: 3м – 5 ұпай, 2,5м – 4 ұпай, 2м – 3 ұпай, 2м аз – 2 ұпай.
10-11 сынып: 3м канат бойына тартылу: 6сек – 5 ұпай, 8сек – 4 ұпай, 11сек – 3 ұпай, 11сек асса – 2ұпай.
Кедергілердің әскери-қолданбалы жолақтар элементінен өтуге машықтану; қайта өрмелеу, пневматикалық винтовкадан ату.
КӨЗДЕГЕН ЖЕРГЕ ГРАНАТА ЛАҚТЫРУ.
Материалдық қамтамасыз ету: ұзындығы 20 метр және биіктігі 50см тегіс сымдардан (тышқан аулаушы) торы, атыс рубежінен 10м қашықтыққа орналасқан көлемі 12,5х12,5см төстік нысаналар, пневматикалық винтовкалар, әрбір оқушыға үш оқтан беріледі. Әрбір көздеген жерге 5 данадан сопақ формадағы гранаталар.
«Алға» бұйрығынан кейін ұландық бастапқы қалыптан үш планкалық 5метр қашықтықтағыдай трасса бойын жағалай 20 метр жүгіреді, тор астымен тек жасөспірім ұлдар өрмелейді, атыс рубежына дейін 20м трасса бойын жағалай жүгіруді жалғастырады. Ату үшін қалыптасқан қалып – тік тұра қолмен ату. Бір көздеген жерге тигізу үшін үш оқ беріледі. Тигізе алмаған жағдайда қатысушы бір айып шеңберін – 20м жүгіріп өтіп, келесі рубежға дейінгі трасса бойымен жүгіруді жалғастыру қажет.
Ара қашықтықта көздеген жерге грананта лақтыру: жасөспірім ұлдар 20м, қыздар – 15м. Бірінші көздейтін жер – диаметрі 2м болатын жерде жатқан шеңбер. Екінші көзделетін жер – жерден 1м биіктікте орналасқан 1х1м терезе. Кезекті лақтыру алдыңғы граната жерге түскеннен кейін тұрған қалып қана жүзеге асырылады. Осыған қоса ұландықтың қолында бір ғана граната ұстауға болады. Қалғандары лақтыру сызығынан 0,5м арақашықтықта орналасу қажет.
Әрбір тигізілмеген 5 гранатамен көздеген жерге айып уақыты 20сек. қосылады.
Судьялар – батальон штаб мүшелері.
Консультант – дене мәдениетінің мұғалімі.
КЕДЕРГІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ-ҚОЛДАНБАЛЫ ЖОЛАҚТАР ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕН ӨТУГЕ МАШЫҚТАНУ.
«Ұрыс құралдары» бар жәшікті тасымалдау, шұнқыр арқылы секіру, қашықтық бойынша жүгіру.
Материалдық қамтамасыз ету: салмағы 22,5кг тұратын «ұрыс құралдары» бар жәшік, ұлдар үшін ені 2,5м және қыздар үшін 2м шұңқұр, биіктігі 80-120см және ұзындығы 5,5м қашықтық. Бастапқы қалып граната лақтыруға арналған терезеден 5м.
«Алға» командасы бойынша ұландық 20м жүгіреді, «ұрыс құралдары» бар жәшікті алып, (тек ұлдар) 20м алға трасса бойынша оны көшіреді, шұңқыр арқылы секіріп, 30м трасса бойын жағалай жүгіреді де, қашықтықтан өтеді.
Ұландық иілу жазықтығы бойынша арақашықтыққа көтеріліп соңынан 0,5 әрі арақашыққа секіріп түсуі тиіс. Жерге секіріп түскеннен кейін ол финишке дейін 20м трасса бойымен жүгіруді жалғастырады. «Алға» командасы берілгеннен «финиш» сызығына жеткенге дейінгі уақыт сынақ уақыты болып табылады.
Судьялар – батальон штаб мүшелері.
Консультант – дене мәдениетінің мұғалімі.
Спорттық жұмыс. Жарыстарды жоспарлау, өткізу және судьялық жасау.
Спорттық жарыстар әскери қызметкерлердің спорттық шеберліктерін және дене даярлықтарының деңгейін жоғарлатуға бағытталған. Олар әкери бөлім үшін кестемен қарастырылған уақытта өткізіледі. Жарыстарды өткізу және ұйымдастыру тәртібі бөлім командирінің жыл сайынғы бұйрығымен анықталады.
Онда төмендегілер көрсетіледі:

  1. Жарыс міндеттері

  2. Спорт комитетінің құрамы

  3. Судьялар коллегиясының президиумы

  4. Спорттық ұйымдастырушылар

  5. Жарыстық өткізілі уақыты, күні және орны.

Жастардың денсаулығын нығайту, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, оларды Отанды қорғауға және еңбек етуге даярлықтарында дене мәдениеті және спорт маңызы өсе түседі. Спорттық жұмыс алуан түрлі құралдар мен формаларды дене даярлық топтарындағы, спорттық секциялардағы сабақтар, жарыстар болып табылады.
Дене даярлықтарын жоспарлау жүзеге асырылады: әскери бөлімдерде – штаб басшысы және дене даярлық және спорт басшыларымен (кемелерде – кеме командирінің бас көмекшісі және дене даярлық, спорт штаттық емес басшысымен); батальонда – штаб басшысымен, ротада – рота командирімен.
Әскери бөлімшелерде ден даярлықтарының негізгі сұрақтары оқу жылы бойына (оқыту кезеңі) ұрыс және саяси даярлық жоспарларында көрініс береді. Онда көрсетіледі:
Офицерлермен өткізілетін дене даярлық бойынша оқу сабақтарының өткізілу уақыты және күндері;
Офицерлермен өткізілетін инструкторлық әдістемелік және көрсетілім сабақтарының тақырыптары және өткізілу мерзімдері;
Бөлімшелердегі дене даярлықтарын бақылау мерзімдері.
Дене даярлық сұрақтары ұрыс және саси даярлықтардың басқа құжаттарында нақтыланады және белгіленеді.
Дене даярлық және спорт басшысы төмендегілерді өңдейді және әскери бөлім командирінің бекітуіне ұсынады:
Оқу мерзіміне немесе оқу жылына (қосымша 1) әскери бөлім жеке құрамының дене даярлықтарының жоспары;
Бір ай бойына таңғы дене жаттығуларын өткізу жоспары;
Оқу жылына (оқыту мерзіміне) спорттық – көпшілік жұмыстар жоспары;
Оқу жылына (оқыту мерзімі) әскери бөлім біріншілігіне спорттық – көпшілік жұмыстарды қарау және спорттық, әскери-спорттық жарыстар туралы ережелері;
Бір ай бойына дене даярлықтары және спорт бойынша оқу материалдық-техникалық базаларды бөлу кестесі.
Жарыстарды өткізу және судьялық ету.
Әскери бөлімдердегі спорттық және әскери – спорттық жарыстар әрекет етуші ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстар нәтижелері бір жыл бойы сақталатын хаттамаларға тіркеледі.
Әскери бөлімдегі әрбір жарысқа судьялық ету үшін судьялық бригада тағайындалады.
Оқу жылы бойына (оқыту мерзімі) бөлімдегі жарыстарды өткізу тәртібін анықтайтын құжат жарыстар туралы ережелер болып табылады. Мұнда спорттық әрбір түрі бойынша жарытардың міндеттері, бағдарламасы және шарттары, жеке және командалық біріншілікті анықтау тәртібі, жеңімпаздары марапаттау және ұсынылған өтініштер көрсетіледі.
Негізгі әдебиеттер
1. Жуков М.Н. Подвижные игры: Учеб. для студ. пед. вузов. – 2-е издание., стереотип. – М.: Издательский центр «Академия», 2004ж.
2. Военно-спортивная игра «Алау».Алғашқы әскери дайындық» Журнал.
3. Военно- спортивная игра «Улан » Алғашқы әскери дайындық» Журнал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет