1. Мектептегі 9-11 сынып оқушыларымен өткізілетін әскери-спорттық ойындар мақсаттары мен міндеттері


Мектептегі 6-8 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру



бет9/13
Дата06.02.2022
өлшемі109,61 Kb.
#58679
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Мектептегі 6-8 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру.
1 . Мектептегі 6-8 сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын әскери-спорттық ойындардың мақсаттары мен міндеттері.
Бұл жастық кезеңді өсу кезеңі ретінде сипаттауға болады. Сүйек-байланыс аппараттары күшейе өсуде (әсіресе ұзын қол және аяқ сүйектері), бұл өз кезегінде жасөспірім қозғалыс координациясын, біршама бұзады. Өкпенің өмірлік сыйымдылығы әжептәуір ұлғаяады. Ағзаның оттегіге зәрулігі зор, алайда тыныс алу аппараты әлі де жеткілікті дамымаған, осының әсерінен жасөспірімдердің тыныс алу жиі үстіртін болады, бұл үшін терең әрі үнемді тыныс алуды шығаруға ықпал ететін әртүрлі энергиялық бар ойындар үлкен маңызға ие.
Жасөспірімдер жүрегі жоғарылатылған қоздырушылықпен ерекшеленеді, сондықтаң үлкен қозғалуды талап ететін ойындар олардың жүрек бұлшық еттерінің тез соғылуына және қан қысымының жоғарлауына алып келеді. Алайда осыдан дені сау және машықтанған жасөспірім жүрегінің «толық қандылығы еместігі» туралы қорытынды шығаруға болмайды. Көптеген ғалымдар еңбектері бұл жастағы балалардың жүрек-қан тамыр жүйесі жылдамдыққа және шыдамдылыққа жасалатын жаттығулар жақсы бейімделетіндіктеріне куәлік етеді. Бұл ұзақ жүгіруге қарсы тұру және күресуі бар, шыдамдылыққа арналған ойындар, қозғалмалы ойындарды қолдануға мүмкіндік береді. Жүрек-қан тамыр жүйесі қызметіне кері әсер ететін асыра машықтанудан, асыра күш салудан өте күшті жүктемелерге жол бермеген жөн.
Егер бастауыш сыныптардағы қозғалмалы ойындар ұлдар немесе қыздарға арналған ойындарға бөлінбесе, енді ұлдар мен қыздар ойындарында кейбір ерекшеліктер пайда болады. Бұлшықет көлемінің ұлғаюы және олардың күштерінің өсуіне қарай қыздар мен ұлдар күш және жылдамдық мүмкіндіктері арасындағы айырмашылық айтарлықтай байқалады. Қыздар-жасөспірімдер ұлдар ойнаған ойындардың барлығын ойнайды,алайда біріккен ойындарда олар қозғалыс және дене мүмкіндіктеріндегі қажеттіліктерге жауап беретін өздеріне қызқты әрекеттер мен ролдерді таңдайды. Ұлдар әдетте қыздарға қарағанда жылдамдыққа жүгіру, күресу элементтері бар, санымен бірге кіші доптарды немесе басқа заттарды нысанаға және қашықтыққа лақтыру сияқты ойындарда кейбір артықшылықтарға ие. Қыздарға хороводты ойындар көп тартады, ал ритмикалық (ырғақтық) қозғалысы бар ойындар оларға жеңіл ойналады. Оларға қолдардың епті, дәл қозғалысын, барлық дененің иілгіш қозғалысын талап ететін тұтасымен алғанда ағза нығайтатын ойындар пайдалы. Қыздардың дене дамулары үшін зор маңызға кеудеге арналған жаттығулары және дене салмақ теңдігі (ровновесия) элементі бар ойындарға ие. Шыдамдылыққа ойналатын ойындарда ұлдар мен қыздарды командаларға бөліп, ойынды жеке-дара өткізу керек. Екі жұптың қарсыласуы бар жұптың ойындарда жұптар бір жыныстылардан ғана тұруы тиіс. Дәл, координацияланған қозғалыстарды жетілдіруге арналған ойындар қыздарға да, ұлдарға да пайдалы.
Жасөспірімдер үшін сюжеттік ойындар енді сәйкес келмейді, жарыстың бастау сипатты ойындар негізгі орынға ие. Доппен ойналатын көптеген ойындар спорттық ойындарға өтпелі кезең болып табылады және оған спортық техника және тактика элементерінің бірқатары енеді. Командалық ойындарда жеке ойыншылар немесе топтардың («қорғаушылар», «шабуылшылар») роглдері сараланады. Жасөспірімдер үнемі бірқалыпты командалардың болғанын қалайды, қозғалмалы ойындарда оларды кейбір тактикалық тапсырмаларды шешу және ойын техникасын жетілдіру тартады. Олар ойын ережелерін анық қадағалауға тырысады, оқытушының ескерту мен түсіндірулері анықтала түседі.
Жасөспірімдер қозғалмалы ойындар бойынша жарыстарға зор қызығушылық пен қатысады. Оларды күрес, лақтыру, секіру, өрмелеуі бар, кедергілер жолақтарын жеңуі бар эстафета түрінде өткізуге болады.
6-8 сынып жастағыларға «Алау» әскери-спортық ойын өткізіледі.
«Алау» әскери-спорттық ойын оқушыларды дене және әскери-патриоттық тәрбиелеуге, орта сынптарда алғашқы әскери даярлық бағдарламасын меңгеруге ықпал ететін оқушылар жұмысының маңызды формаларының бірі болып табылады.
«Алау» әскери-спорттық ойын төмендегі мақсаттарда өткізіледі:

  • ҚР Қарулы Күштер және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың әскери дәстүрлерін оқушылардың оқып зерттеуі;

  • Мектептегі әскери-патриоттық жұмысты бұдан әрі күшейту. Оқушылар арасында отанды қорғау туралы қасиетті парызды үгіт-насихаттау, отан алдындағыпарызды орындау даяарлығын, патриотизімге тәрбиелеу;

  • Оқушылар бойында оқуға деген жауапты қарым-қатынасқа, саналы тәртіптілікке, ерік, батылдық, тапқырлық, шешім таба білу, жолдастық пен достық, ұжымдық сезім сияқты сапаларға тәрбиелеу;

  • Қазақстан халқының жауынгерлік және еңбек даңқы, орны бойынша әрбір оқушыны белсенді тарту, ҚР Қарулы Күштер жауынгерлік дәстүрлермен таныстыру, жауынгерлермен достықты нығайту;

  • Оқушылардың әскери-техникалық білім, білік және дағдыларды меңгеруі, оларды көпшілік зияншегу қаруынан қорғану тәсілдеріне үйрету;

  • Ойынға қатысушылардың «Қорғаныс және еңбекке даярмын» дене мәдениеті комплексінің нормалары мен талаптарын белсенді тапсыруы.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет