Сабақ жоспары: Мектеп: Пәні: «Өзін-өзі тану» Сабақтың тақырыбы: «Батылдық пен өжеттілік»



Дата05.06.2017
өлшемі56,5 Kb.
#17568
түріСабақ
Сабақ жоспары:

Мектеп:

Пәні: «Өзін-өзі тану»

Сабақтың тақырыбы: «Батылдық пен өжеттілік»

Құндылық: «Дұрыс әрекет»

Қасиеттер: Батылдық.

Іс – тәжірбиеден өтуші:

Сыныбы: 4

Күні:

Уақыты:

Өтетін орны:

Оқушылар саны:

Мақсаты:

Білімділік. оқушылардың «халық», «отан», «махаббат» құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту; Оқушыларға батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;

Дамытушылық. Оқушылардың шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік. Оқушыларды батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дербес компьютер, слайд, өзін-өзі тану кітабы, оқушы дәптері.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.





Сабақ кезеңдері

Жұмыс мазмұны

уақыты

1

Ұйымдастыру кезені

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Көніл- күйлерініз қалай ?

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Батылдық пен өжеттілік».

Сабақты тыныштық сәтімен бастайық.

1мин

2

Тыныштық сәті

Барлықтарың көздеріңді жұмыңдар. Сен табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіп көр. Сен жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсің. Жасыл шөп сенің аяғынды сипап жатқан сезімде боласың (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сен гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесің (тыныштық). Сен өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисің ..... (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңды күннің көзіне жайыңдар..Сендердің жүректерің - сендердің кішкентай жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Қазір жақсылық сезімдерімізді ата-анамызға, аға-әпкелерімізге, достарымызға, келген қонақтарға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.

-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.


3мин

3


Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы ретінде өзін-өзі тану кітабының 101-103 беттерде берілген «Қойшы Қаhарман» мәтінің оқып келу берілген.

  1. Қаhарманның ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?

Қаhарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?

Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма?

Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?

Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?



2мин

4

Дәйексөз

«Батыл болмай, батыр болмайды»

Халық даналығы Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы, ата-анасын, елін, жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.








5

Әңгімелеу

Батылдық-адам бойындағы ержүректі, қайсарлықты, турашылдықты, еркіндікті, өжеттікті білдіретін жинақтаушы ұғым. Уақытында шешім қабылдай алу, қауып қатерге қарсы тұра білу, қиындықтан қорықпау, тб. әрекеттер. Батылдық көріністер болып табылады. Қазақ халқының түсінігінде батылдық-батырлықпен қатар ұғылатын қасиет. Батылдық елі мен туған жері үшін күрескен отаншылдықты , қысылғанда топқа түсер өжетті, тірліктің тетігін қолдаған шығармаған ептілікті байқатады.

Өжеттілік- ерлік дастаны. Өжеттілікк бұл азаматтың қлы белгісі. Өжеттік – балалардың бойымен дарыған өр мінез. Өжет мінез әр адамның бойында туа біткен ерлік , батылдық мінез. Өжерт мінез-қарсы келген дұшпанға төтеп бере алатындай ұлы қасиет. Дәл осы өжеттік қазақ қыздарына тән қасиет. Оған дәлел өжет мінезді, ер мінезді апа-ағаларымыз өткендігі белгілі. Олардың ерлігі қазіргі ұрпаққа үлгі болуы тиіс.

-Батылдық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

-Өжеттік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?




5мин

6

Сергіту сәті

  • Балалар бәріміз орнымыздан тұрып, сергіп алайық.

Орнымыздан тұрамыз

Белге қолды қоямыз

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір

Бір, екі, үш.бір ,екі, үш

Жоғары қолды созамыз,

Тып-тыныш қана отырамыз.


2мин

7

Шығармашылық жұмыс
Дәптермен жұмыс


1-тапсырма. Оқушылар 3 топқа бөлінеді

1-топ халық батырлары, күннің шуағын құрайды.

2-топ батырларға тән қасиет, талға жапырақтарын жабыстырады.

3-топ батыл болу үшін не істеу керек,

хатқа жазғандарын салады.

2-тапсырма.

Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешу.



3-тапсырма. оқушы дәптеріндегі 2-тапсырма орындайды.

15 мин

8

Топпен ән айту

Топпен ән айту кезеңінде әні айтылады.

3мин

9

Үй тапсырмасын беру



Үй тапсырмасы ретінде өзін-өзі тану кітабының 106-107 беттерде берілген «Еңбексүйгіш пен Еріншек» мәтінің оқып келу беріледі.


1мин

10

Бағалау

Белсене қатысқан оқушыларға күлегештер таратылады.

1мин

11

Сонғы тыныштық сәті

Оқушылар, денелерінді бос ұстап, ыңғайланып отырындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Жаз мезгілі. Сендер табиғаты әсем жерде жүрсіндер. Күн шуағын төгіп тұр. Алыстан тау жоталары көрінеді. Жасыл шөптер, хош иісті гүлдер де ерекше жайқалып тұр. Көк аспанға көз жіберсең, қиқулап ұшып бара жатқан құстарды көресің. Табиғаттың осындай ғажаптарын көргенде ерекше сүйсінесің, ерекше сезімде боласың. Жан рахатың, тыныштығын сезінесің. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Қойылатын сұрақтар:

Балалар, тыныштық сәті кезінде қандай сезімде болдындар?

Балалар, көздеріне не елестеді?






12

Қорытындылау





-Батылдық-адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халықбатырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.

Сонымен балар сабағымызды қорытындылай келе мына бір өлең жолдарын барлығымыз қосылып айтайық.



Батыр ата

Ө. Тұрманжанов

«Батыр !» деген барша сүйген жақсы сөз,

Алтын туы сияқты ол ғасырдың.

Батыр ата: « Батыр бол!»- деп ұрандар!

Естіңдер жас жеткіншек қырандар!

Батыр болып, туған жерді қорғауды-

«Шын бақыт!» - деп тілек етіп сұраңдар.




3мин

13

Қоштасу

Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болындар, балалар !


30 секунд

Каталог: uploads -> doc -> 1038
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1038 -> Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жылулық құбылыстыр Сабақтың мақсаты
1038 -> Мұғалімнің кәсіби тұлғасы сапалы білім берудің кепілі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет