Зерттеу мақсаты – бастауыш сыныпта оқушының сөйлеу дағдысын дамытудың теориялық негіздерін саралау және соған негізделген тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету. Зерттеу міндеттері: - бастауыш сыныпта оқушының сөйлеу дағдысын дамыту әдістемесінің зерттелуі жайын айқындау; - оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға тапсырмалар үлгілерін, әдістері мен құралдарын ұсыну;
Зерттеу әдістері:Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдіс (оқушылардың сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері, мұғалімдер тәжірибесін зерттеу). Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі Зерттеу пәні : Ана тілі сабақтарында бастауыш сыныпта оқушының сөйлеу дағдысын дамыту әдістемесі
I БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ1.1 Бастауыш сыныпта оқушының сөйлеу дағдысының дамыту әдістемесінің зерттелуі
Тіл дамыту мәселелерінің зерттелу жайы туралы әдістемелік еңбектерді зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан талдау жасай отырып, бастауыш сынып жасындағы балалардың ауызша тілін дамытуда басшылыққа алдық. Қазақ даласында оқу-ағарту ісін ұйымдастыру, қазақ балаларының сауатын ашу мен тілін дамыту мәселелеріне арнап алғаш рет ғылыми еңбектер жазған ғалым Ы.Алтынсарин болды.
А.Байтұрсынұлы балаларға дыбысты үйрету үшін, ең алдымен, сөз дегеннің не екенін білгізіп алу қажеттігін қайта-қайта пысықтаған.
«Шағын сөзді»
««Дыбысты әдіс»
«Жазу-оқу»
Балалармен әңгімелесу.
Оқу-үйретуге де даярлайтын жұмыстар.
Сөзден дыбыстарды айырып шығару.
Әріптермен таныстыру.
Білген әріптерінен сөз құрау, соны оқу
М.Жұмабаев «Ана тілі бастауыш мектепте» деген еңбегінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға дағдыландыратын жаттығулар жүйесін ұсынған. М. Жұмабаев ұсынған әдіс-тәсілдер:
Сахналау
Сурет бойынша әңгіме
Әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу
Даяр әңгімені өз жанына толықтыра білу
Хат жаза білу
Бір белгілі бір әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығару