Физиологияның зерттеу әдістері Физиологияның бірнеше әдістерін ажыратуға болады: Бақылау әдістері



Дата07.10.2022
өлшемі19,35 Kb.
#152100
Байланысты:
Документ


5.Физиологияның зерттеу әдістері
Физиологияның бірнеше әдістерін ажыратуға болады:
1)Бақылау әдістері-физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді.Тіршіліктік әрекеттер жылжымалы болғандықтан,бұл әдетте,2-3 үрдісті қамти алады.
2)Тіркеу әдістері-физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып алады.
3)Тітіркендіру әдістері-тірі құрылымдардың,ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық(кесу,түйреу),биологиялық(егу,уландыру),химиялық(тұздар,қышқылдар,дәрілер),физикалық(дыбыс,сәуле,электр ағыны,температура) түрткілердің әсерін қолданады.
4)Электрофизикалық әдістер-қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс,электромагнит толқындары т.б) тіркегіштер мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.
5)Өткір тәжірибе әдістері-жануарларға вивсекция(тәнтілу),олардың мүшелерін,ағзаларын,тіндерін оқшаулау тәсілдерін жасайды.
6)Созылмалы тәжірибе әдістері-жануарларға тірідей операция жасап,олар жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылайды.Бұл әдісті физиологияға алғашқы енгізген И.П.Павлов болатын,сөйтіп ол организмді бөлшектеп қараудың(анализ) орнына,біртұтас жүйе ретінде(синтетездік) тексеруге мүмкіндік жасады.
7)Аспаптық әдістер-физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру,ауруларды анықтау(диагноз)және емдеу(терапия) үшін арнайы аспаптар ұсынады.
Физиология басқа мақсаттарына,зерттейтін нысандары мен әдістеріне байланысты қалыпты,патологиялық және клиникалық болып бөлінеді
Қалыпты физиология-дені сау адам организмнің қалыпты жағдайы,салауатты тұрмыс салтын,әртүрлі әсерлерге бейімделуі әрекетін тексеріп,оларды жақсарту амалдарын анықтайды.Қалыпты физиологияның басты мұраты-адамның денсаулығын сақтау.Мұны қазіргі кезде денсаулық туралы ғылым валеология(vale-сау болу,logos-ілім)зерттейді.
Патологиялық физиология-ауру организмдегі ауытқуларды,оладың ағымдарын,барысын,дерттену тетіктерін анықтайды.Сонымен қатар ол науқастардың бейімделу әрекетін,сауығу және айықтыру үрдістерін зерттейді.
Клиникалық физиология-ауру организмдегі физиологиялық көрсеткіштердің(хирургиялыық емдеуден,протездер қондырғаннан кейінгі) жаңа стационарлық деңгейін тексереді.

20. Қаңқа және тегіс бұлшықеттердің физиологиялық қасиеттерінің негізгі айырмашылықтары
Тегіс бұлшықет басқаша бірыңғай салалы бұлшықет деп те аталады.Қаңқа мен тегіс бұлшықеттің бірнеше айырмашылықтары бар.Ең негізгі айырмашылығы қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен,оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты.Бірыңғай салалы етті адам өз еркімен жиырылта ла алмайды,бұлардың жиырылып жазылуын және автоматикалық қасиетін вегетативтік жүйке жүйесі реттейді.
Бірыңғай салалы ет ішкі қуыс ағзалардың қабырғасындағы ет қабатын және кейде топталып қыспақ(сфинктер) құрады.Қаңқа еттеріне тіл,көз құрады.Қаңқа еттеріне тіл,көз,жұтқыншақ,көмей,өңештің жоғарғы бөлігіндегі еттер жатады.
Қаңқа етке қарағанда тегіс бұлшықеттің организмдегі көлемі аз болады және оның орындайтын қызметі де қалыпты жағдайда онша көзге түспейді(білінбейді).Олай болғанмен патология кезінде,мәселен,асқазан мен он екі елі ішектің түйіскен жеріндегі ұыспақ(пилорус) ұзақ уақыт жиырылатын болса ас қарында көпке дейін тұрып қалады,бара-бара асқазан созылып төмен түсіп кетеді.Мұндай халде тамақты жұтқан сайын ауру қатты қиналатын болады.
Бірыңғай салалы еттің көлденең жолақ етке қарағанда ұозғыштық қасиеті төмен,зронаксиясы,қозу табалдырығы жоғары,абсолюттік рефрактерлік кезеңі ұщақ,лабилдігі төмен болады.Әсіресе латенттік және жазылу(босаңсу) кезеңі қаңқа етінен көп. Мысалы,қоянның ішек етінің латенттік кезеңі 0,25-1 с,асқазан етінің жеке жиырылуы 5 с,ал құрбақаның қарын етінің жекеленген жиырылуы 1 мин, балтыр етінің жеке жиырылуы 0,11-0,12 с,латенттік кезеңі 0,01 с.
Бірыңғай салалы етті қатты созса, ол келесі тітіркендіруге дейін ширықпай сол ұщындығын сақтайды.Мұны дәлелдеу үшін бақа асқазанының бір ұшын миографтың үстіңгі жағына бекітіп,екінші ұшына белгілі бір салмақты(гирді)іліп созса,гирді алып тастағанда ет сол созылған күйінде келесі тітіркендіруге дейін қалады.Ал көлденең жолақ балтыр еті гирді ала сала қайтадан бұрыңғы қалпына келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет