Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп: Новый орта мектебі Мерзiм: 02. 2019. ж Пәні: Өзін – өзі тану Тақырып: «Батылдық пен табандылық»



Дата03.02.2020
өлшемі28,39 Kb.
#57018
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Новый орта мектебі  Мерзiм: 8.02.2019.ж

Пәні: Өзін – өзі тану

Тақырып: «Батылдық пен табандылық »

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: батылдық, өз-өзіне сенімді болу, адамдарға риясыз қызмет ету

Мұғалiм: Сармантаева А.Б. Сынып: 4 « Д»



Сабақ мақсаты:

Оқушыларға батылдық таныта білу, табандылық көрсету әдептерінің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын әңгімелей отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

- Оқушыларға батылдық, қайсарлық қасиеттерінің мәнін түсінідіріп, өзіндік шешім қабылдай білу іскерліктеріне үйрету;

- Күнделікті дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс - амалдарын бекіту арқылы сенімді қарым-қатынас жасай алуға баулу;

- Оқушыларды айнала қоршаған ортаға, қоғамға риясыз қызмет ету арқылы, ізгі істер жасауға тәрбиелеу.



Ресурстар:

Оқулық, дәптер, үнтаспа, проектор, сюжетті суреттер, акварель бояулар, құты және мақта таяқшалар, төс белгілер (медаль).


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т»-ны қайталап, оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, қарындаш) тексеріп, көңіл – күйлерін сұрау.

Өздерінің қолдарындағы жүрекшелерді өз досына оқып тапсыру.

Тыныштық сәті «Тыныс алуға зейін қою»

-Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1.......2

Рахмет.


(Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру.)

Қандай күйде болдыңыздар?

Жаттығу қалай әсер етті?

Қорытынды:

Олай болса, балалар, біз әрқашан бір-бірімізге риясыз сүйіспеншілікпен тілектер тілеп, жан дүниеміз нұрлана түссін.

Үй тапсырмасын тексеру

- № 19сабақ, 96 - 98 бб, « Өрт » мәтінін сұрақтар арқылы талдау.





Үнтаспа

Өзін – өзі тану оқулығы 4 – сынып, 96 - 98 бб



Топтастыру « Батылдық» « Өжеттілік» « Табандылық» « Батырлық» сөздері жазылған мозайкаларды құрастыру.

Дәйексөз


“Батыл болмай, батыр болмайды”
Халық даналығы

 Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдамды,сабырлы, ата-анасын, елін, жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған



Өзін – өзі тану.kz журналы


Әңгiмелеу (Мұғалім сыйы)

« Табанды бала » аңыз әңгіме

Түйіндеме.

Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы, ата – анасын, елін, жеін сүйетін патриот бола білу керек.




Өзін – өзі тану «Бөбек» басылымы, аңыздар жинағы 75 – 76 бб,

2016 ж



5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру.

Оқушыларға сюжетті суреттер таратылып беріледі.

Тапсырма:  Осы берілген сюжетті сурет туралы ақпаратты жинап жазу


Дәптер, үнтаспа, сюжетті суреттер,

6. Топпен ән айту

« Батыр бала Болатбек»




Үнтаспа




7. Үйге тапсырма

-№221 – сабақ, Нағыз батыр ол маған Жұмаш Кенебаев




Өзін – өзі тану оқулығы 4 – сынып, 100-102 бб

8. Қорытынды «Соңғы тыныштық сәті»

-Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде!!!!

(Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.)

- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Айналамызға шексіз сүйіспеншілік сыйлайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.



-Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар!!


Үнтаспа





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет