Сыныбы
|
Күні
|
Тақырыбы
|
Судың адам өміріне , өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызды.
|
Мақсаты
|
Судың адам ,жануар, өсімдік үшін маңыздылығын әңгімелей отырып, топтық талқыға салу,постер жасақтап,презентациялау,ой қорыту.
|
Күтілетін нәтиже
|
А.Судың адам ,жануар, өсімдік үшін маңыздылығын біледі , түсінеді, топтық талқыға салып талдайды,постерге түсіреді,презентациялайды,ой қорытады,бағалайды.
|
В.Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндауы, түсініп оқуы, ойлауы, есте сақтау қабілеттері дамиды.
|
С .Табиғатты сүйе біледі , оны қорғай алады , өмірде қолдана алады.
|
Дереккөздер, құрал-жабдықтар
|
флипчарт, маркерлер,бояулар,оқулық,дәптер « Табиғатты қорғайық» атты видео ролик
|
Сабақтың барысы
|
Уақыты
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
|
Қуан , шаттан алақай !
Қуанатын күн келді !
Күліп шықты күн бүгін қайырлы таң , қайырлы күн сәлеметсіз бе?
-Табиғат неше бөлікке бөлінеді?
-Тірі табиғатқа нелер жатады?
|
Амандасып
-Тірі , өлі болып бөлінеді.
- Адам ,өсімдік, жануар .
Адам ,өсімдік , жануар болып топқа болып отырады .
|
Тұсаукесер
|
|
-Адамға , өсімдікке , жануарға тіршілік ету үшін нелер қажет ?
-Су күйі неше күйден тұрады ?
- Судың қандай
.қасиеттерін білеміз ?
|
- Адамға тағам , ауа, жарық , жылу , су қажет . Өсімдікке
қоректік заттар ,жануарға қорек ауа ,жарық , жылу ,су қажет
- Су сұйық , қатты газ күйінде болады .
-Су түссіз ,мөлдір , дәм болмайды , иісі жоқ , сұйық суда еритін және ерімейтін заттар болады .
|
Негізгі бөлім
|
|
Мәтінмен жұмыс.
Судың маңыздылығын оқып бір –біріне сұрақ қояды.
Сергіту сәті «Шырша»
Топтық жұмыс. Маршруттық картамен жұмыс .
« Судың адам
өміріне , өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызды» Маршруттық картамен жұмыс .
|
-Жоғары, төмен мәртебелі сұрақтар қояды.
Шыршаның қимылын көрсетіп жасайды.
1-топ Адам өміріне судың маңызы.
2-топ Өсімдіктер тіршілігіне судың маңызы.
3-топ Жануарлар тіршілігіне судың маңызы.
Адам өміріне , жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне байланысты мәтін беріледі, талқылап постер шығарады. Топ басшысы қорғап шығады.
|
Қорытынды
|
|
«Табиғатты қорғайық» бейне таспа көрсетіледі .
Осы бейне таспадан қандай қорытынды шығардыңдар ?
Қандай тыйым сөздерді білесіңдер ?
Оқушылар сондықтан да үнемі суды үнемдеп , қоргап отыру керек .
-Үйге тапсырма «Біздің отбасымыз суды қалай үнемдейді?» тақырыбына
әңгіме жазу.
Бағалау . Рефлексия жазу.
|
Өз ойларын айтады .
-Су ішкен құдығыңа түкірме!
-Су бетін ашық қалдырма!
-Түнде суға барма!
-Шелектегі суға аузыңды батырма!
- Суды ластама
- Суды үнемде
- Қайнамаған суды ішпе
Бағдаршам арқылы бағалайды .
|
Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор . Су болмаса , өсімдік өспейді . Жануарлар да , адам да сусыз тірішілік ете алмайды . Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет .Сусыз ас дайындау да мүмкін емес . суды ішеміз , сумен жуынамыз , кір жуамыз .Мұхит , теңіз , өзен – көлдер табиғатқа ерекше тартымдылық түр береді . Өзен – көлдердің жағасы керемет демалыс орны ретінде пайдаланылады.
Жер бетінде су көп . Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.Адамның пайдалануына тұщы су қажет . Тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . Оның азаюына адамның әсері көп .
Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс . Зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс . Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады.
Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс . Суды үнемді пайдалану керек . Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . Суды ретсіз шашып , ысырап етуге болмайды.
Адам өміріндегі судың маңызы
Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді . Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.Адам су ішпей 5-7 күн жүре алады. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.Суды тамақ пісіруге , ішуге , жуынуға , кір жууға , бояуларға қосуға (бейнелеу өнері) ,тіпті судан электр қуатын өндіреді.Су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы) .Су – адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика) .Су – қозғалтқыш (паровоз, пароход) .

Судың өсімдік тіршілігі үшін маңызы
Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады . Кез келген өсімдіктің жапырағының , сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады . Бұл өсімдік бойындағы су . Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады .
Өсімдік сусыз тіршілік болмайды.Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады. Жапырақта 90%, сабағында 70-80%, тамырда 50-60%, тұқымда 10%, қабықта 50% судан тұрады . Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды . Егер өсімдікті күнде суармасаң қурап өліп қалады.

Жануарлар тіршілігі үшін судың маңызы
Бірде бір жануар сусыз тіршілік ете алмайды . Ұзақ уақыт су ішпей жүруге шыдайтын жануарлар да бар . Түйе сусыз қырық күнен астам уақытқа шыдайды . Оның өркешіне жиналған май оған қорек те , су да бола алады . Суда тіршілік ететін жануарлар бар . Су олар үшін мекені . Жануарларда суда шомылады . Өсімдікпен қоректенеді .Ал өсімдік сусыз өспейді .

Достарыңызбен бөлісу: |