Эссе « Судың маңызы »
Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор . Су болмаса , өсімдік өспейді . Жануарлар да , адам да сусыз тірішілік ете алмайды . Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет .Сусыз ас дайындау да мүмкін емес . суды ішеміз , сумен жуынамыз , кір жуамыз .Мұхит , теңіз , өзен – көлдер табиғатқа ерекше тартымдылық түр береді . Өзен – көлдердің жағасы керемет демалыс орны ретінде пайдаланылады. Жер бетінде су көп . Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.Адамның пайдалануына тұщы су қажет . Тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . Оның азаюына адамның әсері көп . Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс . Зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс . Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады. Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс . Суды үнемді пайдалану керек . Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . Суды ретсіз шашып , ысырап етуге болмайды
Адам өміріндегі судың маңызы
Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді . Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.Адам су ішпей 5-7 күн жүре алады. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.Суды тамақ пісіруге , ішуге , жуынуға , кір жууға , бояуларға қосуға (бейнелеу өнері) ,тіпті судан электр қуатын өндіреді.Су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы) .Су – адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика) .Су – қозғалтқыш (паровоз, пароход).
Судың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Қазақ халқы «Сулы жер — нурлы жер» — дейді. Су -табиғи байлық. Ғаламшарымызда алғашқы тіршілік суда дамыған, сусыз тіршілік жоқ. Ол қан мен өсімдік, жануар құрамына кіреді, зат алмасу процесінің жүруін қамтамасыз етеді. Адам денесінде 63% су бар. Су болмаса тірі ағза өледі. Су санитарлық және шаруашылық тұрмысқа да керек. «Тазалық — денсаулық кепілі» дейміз. Су болмаса тазалық та болмайды. Су денсаулық жақсарту мен дене шынықтыру шараларына пайдаланылады. Судың емдік қасиеті өте зор. Мысалы, белгілі Есентуки суы құрамында сода және ас түзы тағы да басқа минералдық элементтер бар.Ақжайық суында гидрокарбонат: хлоридті, магнилік, кальцилық, натрилік элементтер бар.
Су еріткіш. Егер минерал тұздарды ерітетін су болмаса өсімдік тамыры, өсімдік тіршілігіне соншама қажет заттарды өз бойына сіңіре алмас еді. Қазіргі кезде адам өндірістің бірде-бір саласы сусыз жұмыс істеп және дами алмайды. Мысалы, 1 кг қағаз өндіруге 100 л, 1 т цемент өндіруге 4500 кг су ңажет. Электр энергиясын өндіруге, ауыл шаруашылығында жайылымдарды суландыруға да су қажет. Суды саяхат шегуге, әр түрлі жүк тасылымдауға, ағаш ағызуға пайдаланады.