Липидтер “Химия” пәні



бет1/11
Дата20.11.2023
өлшемі4 Mb.
#192377
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛИПИДТЕР

ЛИПИДТЕР

“Химия” пәні

№5 дәріс

Тақырыбы: Липидтер, жіктелуі (қарапайым және күрделі липидтер), химиялық қасиеттері

химия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Тулегенова Г.У.

Жоспары:

1. Липидтерге жалпы сипаттама

2. Май қышқылдары – липидтердің құрылымдық компоненті:

2.1. Маңызды қаныққан май қышқылдары.

2.2. Маңызды қанықпаған май қышқылдары.

3. Липидтердің жіктелуі:

3.1 Сабынданатын липидтер

3.1.1 Қарапайым липидтер және жеке өкілдері

3.1.2 Күрделі липидтер және жеке өкілдері

3.2 Сабынданбайтын липидтер

4. Липидтердің физикалық және химиялық қасиеттері

5. Липидтердің биологиялық маңызы

Липидтердің анықтамасы және жалпы сипаттамалары:

Липидтер – суда ерімейтін, әртүрлi органикалық ерiткiштерде еритiн органикалық заттар болып табылады.

Липидтердің қызметтері:

  • Энергия көзi - бейтарап майдың 1 г тотыққанда, 9 ккал қуат бөлiнiп шығады;
  • Биологиялық мембраналардың негізгі құрылымдық компоненттері;
  • Дабыл молекулалары, зат алмасуының реттегiштері (гормондар, биологиялық белсенді қосылыстар, дәрумендер, пигменттер,т.б.);
  • қорғау қызметі – организмдi ыстық-суықтан, электрлік және механикалық жарақаттануынан, жапырақтар мен жемістерді бактериялардан, судың артық булануынан сақтайды;
  • липидтерде көптеген витаминдер еридi және олардың құрамына
  • алмаспайтын май қышқылдары кiредi.

Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, т.б.) ериді. Белоктармен, көмірсулармен қатар липидтер де жануар, адам және өсімдіктердің барлық ұлпалар клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos - май деген сөзінен шыққан.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет