Липидтер деп өсімдік және жануар текті майлар немесе майға ұқсас заттарды атайды. Оларды: қарапайым липидтер – майлар және күрделі липидтер – майға ұқсас заттар деп бөледі.
Липидтерді сілті қатысында гидролизденіп, май қышқылдарының тұздарын (сабын) түзу қасиетіне қарай сабынданатын және сабынданбайтын липидтер деп те бөлінеді.