Сабақ жоспары. Эстафеталық ойындар. 5-сынып



Дата28.06.2017
өлшемі51,23 Kb.
#20463
түріСабақ
ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ақшалова Айгерім

Сабақ жоспары.






Эстафеталық ойындар.

5-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Эстафеталық ойындар.


Жалпы мақсаты:

а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату.

Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.

ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу.

б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру. қимыл қозғалысының жалпы

үйлесімділігін жақсарту.



Оқу нәтижесі:

Оқушылардың «Эстафеталық жүгірулер.» ойыны туралы түсініктерін тиянақтау, пысықтау.спорттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру шапшаңдыққа шыдамдылыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сілтеме:

Дене тәрбиесі 6 -сынып,Алматы «Атамұра»

Негізгі идеялар:

Эстафеталық ойындарды дәріптеу.

Сабақта қолданылатын құралдар

Доп, жалауша,шеңбер, секіртпе, кедергілер, асық, қоржын.




Оқыту әдісттері

Топттық жұмыс

2.түртіп алу

3. Болжау





Дерек көздер

Тоғызқұмалақ тақырыбына берілген материалдар

Тапсырмалар

Оқулықта берілген жаттығулар

  • Команда болып жүгіру( пойыз)

  • Кедергілер арқылы жүгіру

  • Доп тасу ойыны

  • «Бақалар» ойыны

  • Секіртпемен жүгіру ойыны

  • «Допты ұста» ойыны

  • «Қос аяқтар» ойыны

  • «Теңге алу» ойыны

  • «Мергендер» ойыны

Әр ойыннан кейін сергіту жаттығуы ойнатылып тұрылады




Сабақ бойынша мұғалімдердің

іс -әрекеттері


Оқушылырға психологиялық ахуал туғызу, жұмыс жасау ортасын қалыптастыру

-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, көздерімізді жұмып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейік




3-5мин

І.Ұйымдастыру бөлімі

1.Сыныпты сапқа тұрғызу.

Мәлімдеме қабылдау

2.Саптық жаттығулар.

3.Жалпы дамыту жаттығуы.

а)жүру,жүгіру жаттығулары

ә)құралсыз орындалатын

дамыту жаттығулары.



15 минут

2 минут
3минут
10 минут

Сынып оқушыларының сабаққа

дайындығын бақылау.
Жаттығуларды қатесіз орындату.



ІІ. Негізгі бөлім
1.Оқушылардың өздеріне таныс эстафеталық ойын түрлерін сұрау. (Толағай;Намыс дода)

Барлық эстафеталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.

Оқушы тез,тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.Сонымен қатар ойыншының икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.

2.Сыныпты екі топқа бөлу,

Эстафеталық жүгірулердің түрлерін таныстыру.

(Әр ойыннан кейін сергіту жаттығуы ойнатылып тұрылады)



  • Команда болып жүгіру( пойыз)

  • Кедергілер арқылы жүгіру

  • Доп тасу ойыны

  • Секіртпемен жүгіру ойыны

  • «Допты ұста» ойыны

  • «Қос аяқтар» ойыны

  • «Теңге алу» ойыны

  • «Мергендер» ойыны

25 мин

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Оқушыларды сұрақ қою арқылы сабаққа тарту.


Екі топтағы ойыншылардың теңдігін бақылау.


Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережесін ескерту.


Мұғалімнің орындап көрсеткен жаттығу элементтерін, ойын түрлерін мұқият бақылап, тыңдауын қадағалау.


Әр ойынды бағалап,қоржынға асық салынып тұрады.

ІІІ. Қорытынды


Әр қоржындағы асықтар санын қосып,

жеңімпаз топты анықтап,мадақтау.

Үйге тапсырма: Эстафеталық ойындарды

түрлендіру.


Сабақты қорытындылау.


«Дарабоз» топты мадақтау.

Келесі оқулық

Өтілетін келесі тақырып бойынша не білу керек?

Спорттық отырып ойнайтын ойындар: дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат ойындарының ерекшеліктері туралы ақпарат жинап келу



Бағалау

Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды бағалау.

Ойын кезіндегі кемшіліктерді ескертіп түзету.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет