Мектеп психологының жауапкершілігі: 1. Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты.
2. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.
Психологтың этикалық кодексі: 1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.
4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.
5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.
7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.
9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.
10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!
11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!