1. Мемлекет ұғымы, оның белгілері, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері



бет4/10
Дата04.01.2022
өлшемі57,42 Kb.
#109290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
токшаринова курсовой

1.3. Мемлекет құрылымы

Мемлекеттің құрылым нысаны – мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы. Мемлекет әкімшілік – аумақтық құрылымына қарай біртұтас, федеративті, конфедеративті болып келеді.

Біртұтас мемлекет – өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ ұсақ әкімшілік – аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекет. Біртұтас мемлекеттің белгілері:

1.Жалпы елге ортақ заң шығару, атқару, сот органдарының болуы.

2.Халықтық деңгейде әрекет жасайтын құқық және ақша жүйелерінің тұтастығы.

3.Бүкіл біртұтас мемлекеттің аумағына ортақ заңдардың болуы.

Федеративті мемлекет – орталық пен жергілікті жердегі билік органдарының қарым – қатынастары ортақ конституциямен бекітілген билік нысаны мен құзыретінің бөлінуіне негізделген, салыстырмалы мемлекет тектес бірлестіктерден құралған тұтас одақтас мемлекет. Федерациялық одақ жекелену қағидатына негізделеді. Федерацияның нысандық белгісіне қосарланған азаматтық болуы жатады.

Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет