Федерализмнің американдық жолы
1776 жылғы 4 шілдеде Америка Құрама Штаттары өз тәуелсіздігін жариялады. Американ халқы осыдан кейін тәуелсіздіктерінің мойындалуына және қуатты мемлекетті орнатуға дейінгі күрделі де азапты жолдарды басынан өткерді. Ағылшындардың әскери қарсылығы Америка тарихындағы ең үлкен тосқауыл емес еді. Жаңа мемлекеттің ішкі құрылысы одан да көп егестер мен қайшылықтардың туындауына алып келді. Конгресс пен осыған дейін жекелеген ағылшын колониялары болып келген штаттар арасындағы билікті бөлу — ел конституциясын қабылдау үдерісіндегі басты мәселе болды. Орталықтың күшті билігі штаттар өкілдеріне патшалық әлімжеттікті елестетті, сондықтан бастапқы кезеңде өкімет өкілеттілігін аз мөлшердегі қажетті функциялармен шектеу үрдісі басым болды.
1777 жылы соғыс жүріп жатқан кезде Конгресс депутаттары Құрама Штаттардың I Конституциясын қабылдады. Бұл құжатқа сәйкес, парламент өкілеттілігі алым-салықтарды дербес жинай алатын, ақша басып шығара алатын, сауда келісімдерін бекіте алатын жекелеген штаттардың әрекеттерін үйлестіріп отырумен шектелді. Конгресте әр штаттан бір депутат отырды. Орталықтың билігі штаттар арасындағы қақтығыстарды шешіп отырумен, әскерді басқарумен және халықаралық қатынастарда өкілдік етумен шектелді. Осылай, конфедеративтік мемлекет құрылды.
Дегенмен, көп уақыт өтпей елде айтарлықтай қиын экономикалық дағдарыс басталды. Одақтық органдар мен штаттардың әрекеттерінде біртұтастықтың жоқ болуы нәтижесінде елдің қаржы жүйесі бүзылды. Нәтижесінде, ақшалардың тез қүнсыздануы басталып, бұл ұзақ уақытқа созылған соғыстардан кейін ақшаларын ала алмаған жауынгерлер мен офицерлердің көңіл толмаушылықтарын тудыра бастады. Бұл, сонымен қатар, штаттар арасындағы қайшылықтардың тез ушыға бастауы өмір сүріп отырған конституциялық құрылыс жағдайында қалыптасқан күрделі ахуалдан шыға алмайтынын көрсетіп берді.
Осындай күрделі жағдайда елді бітімгерлікке алып келе алатын жаңа Конституцияны әзірлеу керек деген шешім қабылданды. Штаттар өкілдері, бір жағынан, штаттардың мүдделерін ескеретін, екінші жағынан, бүкіл мемлекеттегі заңдылық пен тәуелсіздікті қамтамасыз ете алатын күшті орталық билікті қүруға мүмкіндік беретін мемлекеттік құрылыс нысанын табуы керек болатын. 1787 жылы заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері тармақтарының бөлінісіне негізделген II Конституция қабылданды. Заңды қабылдау барысында парламент туралы мәселе талқыланған кезде штаттардың заң шығарушы органда өкілдік етуіне қатысты мәселеде штаттар арасында егестер туындады. Ірі штаттар пропорционалдық өкілдік қажет деп санаса, шағын штаттар, керісінше, теңдей өкілдіктің қажеттілігін қорғады. Пропорционалдық өкілдік тұрғындарының саны көп штаттардың депутаттарының басымдығын қамтамасыз ететін еді. Бұл мәселе төңірегіндегі егестер бітімгершілік жолмен екі палатадан түратын парламент құру шешімімен аяқталды: Сенатта штаттардың тең өкілдері отыратын болады деп қабылданса, депутаттар палатасы керісінше штаттардың тұрғындар санына байланысты пропорционалды түрде сайланатын болып шешімін тапты.
Жаңа Конституцияға атқарушы билікті басқаратын президент лауазымы енгізілді. Орталық пен штаттар өз қүзыреттерін жаңа түрде бөлуге келісім берді. Конституция Қүрама Штаттардың барлық аумағында жоғары күшке ие болып, штаттар Конституцияға қайшы келетін заңдарды қабылдай алмайтын болды, олар сыртқы саясатты жүргізу мүмкіндіктерінен және сыртқы сауда келісімдерін бекітуден айырылды. Біртүтас қаржы жүйесі қалыптасты. Штаттардың билігінде жергілікті өзін басқару, білім беру, полиция, сот, көлік, байланыс және тағы басқа мәселелер қалды. Адамның жеке қүқықтары мен бостандықтарының сақталуы жергілікті биліктің қарауына берілді. 1791 жылы Конституцияға ар-ождан, сөз, жиналыстар өткізу, баспана және тағы басқа да негізгі азаматтық бостандықтардың басшылыққа алынатыны туралы өзгерістер енгізілді. Осы он өзгеріс «Құқық туралы билль» атауына ие болды. Америка Конституциясы — адамзат тарихындағы осындай алғашқы құжаттардың бірі.
Конституцияның қабылдануы Америка Құрама Штаттарының тарихи дамуындағы маңызды құжатқа айналды. Оның келіссөздер үдерісінде және әртүрлі пікірлерді ескеру мен бітімгершілік жолымен қабылдануы әртүрлі пікір қайшылықтарының бейбіт жолмен шешіле алатындығының жарқын мысалына айналды. Әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді ұстанушы тараптар өздерін толық қанағаттандыратын құжат нұсқасы өз қарсыластарының мүдделерін қанағаттандырмайтынын түсіне отырып, өз ұстанымдарынан шегініс жасауға келісіп отырды. Федерациялардың даму перспективалары
Федеративтік құрылыс екі үрдіс тепе-теңдік табатын нысан ретінде көрініс табады:
А) жекелеген бөліктердің дербестік пен тәуелсіздікке ұмтылысы;
Б) экономикалық және саяси интеграциялануды тереңдетуге мүдделік.
Орталықтан қашу үрдісінің (бөлінуге ұмтылушылық) әдетте бірнеше себептері бар:
Экономикалық дамудың әртүрлі деңгейі. Әдетте, елдің орталық аймақтары елдің шетте орналасқан аймақтарына қарағанда өнеркәсіптің өсу қарқыны, тұрғындарының дәулетті тұруы және жалақыларының көптігі, көлік және байланыс салаларының даму дәрежесі тұрғысынан айтарлықтай озық тұрады. Федеративтік мемлекеттердегі кенже дамыған жекелеген аймақтар елдің «индустриалдық жағынан дамыған аймақтарының шикізат көзіне айналады.
Этникалық және діни мәселелердің шешімін таппауы. Мәселен, көпүлтты федерацияларда жекелеген этникалық топтардың тілдік, мәдени, ұлттық мектептер, телеарналардағы ұлт тіліндегі бағдарламалар және тағы басқа да осы қатардағы мәселелерде өздерін теперіш көруші тарап деп санайтын жағдайлар ұшырасып отырады.
Жекелеген аумақтардың, және жалпы алғанда елдің саяси дамуы бойынша туындайтын пікір қайшылығы. Федеративтік мемлекеттердің жекелеген субьектілері салықтар мен төлемдердің сүбелі үлесін орталықтың бюджетіне емес, өз бюджеттеріне алып қалуға мүдделі болуы мүмкін.
Әдетте, федерация қүрамына енетін аумақтардың өздерінің тарихи тағдырларында, салт-дәстүрлерінде, тілдері мен діндерінде айтарлықтай айырмашылықтары болады. Осы факторлардың барлығы бөлінуге ұмтылуды күшейте түсері анық.
Достарыңызбен бөлісу: |