Федерацияның негізгі белгілері:
Мемлекет территориясында ұлттық немесе территориялық автономияның болуы;
мемлекеттегі саяси билік және басқа да өкімет органдары екі деңгейде қалыптасады;
мемлекеттің конституциясы екі деңгейлі болады.
Мысалы, Ресей , Қытай, Үндістан және т.б. Ресейде жиырмаға жуық республика бар:Татарстан , Башқұртстан , Дағыстан , Солтүстік Осетия, Тува тағы сол сияқтылар. Саяси билік екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік президент, парламент және әрбір республиканың өз алдына президенттері мен парламенттері бар. Конституциясы екі жүйелі: бүкілресейлік және әрбір республиканың өз конституциясы бар.
Федерация тек ғана ұлттық ерекшеліктер негізінде қалыптаспайды. Дүние жүзіндегі федарацияның көп бөлігі жер арқылы орныққан. Мысалы, АҚШ, ГФР, Аустрия және т.б. АҚШ-да штаттар, Германияда «жерлер». Ал федерациялық құрылым негізі — ұлт немесе жер аймағы ғана емес; федерацияның негізгі белгісі – егемендік дәрежесі. Егер автономияның, федерация субъектісінің белгілі мөлшерде егемендігі болмаса, онда мемлекттің федерация аталуы да жалған болып шығады.
Федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет.
Ұлттық-тілдік фактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан:
-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет: АҚШ, Австралия, Австрия , ГФР, Аргенина.
-ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет:Үндістан , Бельгия , Нигерия, Пәкістан );
-аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет:Ресей, Канада, Швейцария.
Федеративті мемлекетке тән, барлық федеративті мемлекеттер негізделген бес бастапқы принциптер:
1) федералды заңның жоғарылығы;
2) мемлекеттік құрылым негіздерінің бірыңғайлығы;
3) федерация аумағында адамдардың, тауар айналымының еркін қозғалысы;
4) федерация субъектісінің біржақты өз бетінше мәртебесін ауыстыруға тыйым салу;
5) мемлекеттік аумақтық тұтастыққа зиян тигізетін федерация субъектісінің бөлінуіне жол бермеу.
Достарыңызбен бөлісу: |