1. Мемлекет ұғымы, оның белгілері, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері



бет2/10
Дата04.01.2022
өлшемі57,42 Kb.
#109290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
токшаринова курсовой

1.1. Мемлекет ұғымы, оның белгілері


Мемлекет дегеніміз белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Егемендікке ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.


Мемлекеттің мынадай белгілері болады:



  • Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат пайда болды.

  • Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз құралдар қажет болады.

  • Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.

  • Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.

  • Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.

  • Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет