ОҚО әкімінің орынбасары
Ұ.Сәдібековтың құттықтау сөзі
Құрметті өнер сүйер қауым!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мәдениет - елдің ең басты байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады» - деген.
Қасиетті өнердің қай саласы болмасын, сазгерлік, әдебиет, бейнелеу және т.б. өнердің барлық салаларын құрметтеп, мәдениетті өркендету - баршамыздың ортақ мақсатымыз болып табылады.
Адамзат баласының заманнан - заманға рухани эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласының бір түрі, ғасырлар жаңғырығын бізге жоғалтпай жеткізетін бірден - бір куәгер, өнердің ең құнды түрінің бірі - бейнелеу өнері.
Ал мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің талқысын, азаматтың салт - ғұрпы мен кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен қайғы - мұңы мен гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан-жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін қылқалам шеберлерінің картиналарынан танып білеміз. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемділікті қылқалам шеберлері ғана көретіні мәлім.....
Құрметті Жолдошбек Сейітқазыұлы!
Сізді - суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ерекшеленетін, өскен еліңіздің және туған жеріңіздің, яғни, Қырғыз елінің табиғатын перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер ретінде, туындыларыңыз әлемдегі талай-талай көрмелерге қойылып, талғампаз көрерменнің көзайымына айналғанын білеміз.
Бүгінгі, айтулы күні, қазақ-қырғыз елінің арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу мақсатында, үлкен дәрежеңізбен, Оңтүстік Қазақстан облысының төрінде алғашқы өткізілген жеке шығармашылық кешіңізге шын жүректен қуаныштымын.
Сізге шығармашылық шабыт, еңбегіңізге табыс халықтың ықыласы мен отбасыңызға береке тілеймін!
АЛҒЫС ХАТ!
ҚҰРМЕТТІ ЖОЛДОШБЕК СЕЙІТҚАЗЫҰЛЫ!
Бүгінгі, жеке шығармашылық көрмеңізбен шын жүректен құттықтай отырып, қазақ-қырғыз елінің арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу мақсатында, мәдениет пен өнер саласын дамытуға және ел руханиятына қосқан елеулі еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін.
Алдағы уақытта да тамаша шығармашылық табыстарыңызбен өнер сүйер қауымды қуанта беретініңізге сенімдімін.
Сізге шығармашылық шабыт, еңбегіңізге табыс халықтың ықыласы мен отбасыңызға береке тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Басқарма басшысының у.м.а. А.Темірхан
Достарыңызбен бөлісу: |