Ата Заң – Мәңгілік елдің берік тұғыры!
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар, балауса балғындар! Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтай отырып, бүгінгі мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймын!
(Әнұран айтылады)
Жан шуағы, күн шуағы арай ма?
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл-Фараби, Омар Хаям, Абай да.
Бүгінгі мерекелік шараны салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Жанна Аубакировна Тлебалдинаға беріледі.
(Музыка)
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда. / /
Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып қол ұрайық. (музыка ойналады)
(Бірінші сынып оқушыларының өлеңдері)
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің.
(9-сынып оқушыларының 1-сынып оқушыларына арналған сыйлықтары)
Құрметті ата-аналар, қымбатты бүлдіршіндер! Мына өлеңді тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздаршы.
Ата Заңым,
Ата Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттық арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда –
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда –
Күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн. (балалардың жауабы)
30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)
1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)
Конституция туралы не білесіздер?
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.
(1937, 1978, 1993, 1995)
Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру
1 – бап
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
7 – бап
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – Қазақ тілі.
27 – бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30-бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
36 – бап
Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
Қорытынды:
ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.
Сынып сағатын қорытындылай келе, осында біріңіз балаңыздың, ал енді біріңіз немереңіздің қызығын көруге келіп отырған ата-аналарға сөз кезегін бергім келіп отыр. Жақсы сөз – жарым ырыс демекші, жақсы тілектің артығы болмас. Сондықтан да сөз өздеріңізде!
(Ата-аналар сөз сөйлейді)
Достарыңызбен бөлісу: |