Сабақтың тақырыбы: Кім болам?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда жол-жоба көрсету
мамандықтың жаманы болмайтындығын ұғындыру, әр
мамандықтың ерекшелігі мен мақтанышы туралы
әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі мамандық иелерінің суреттері, слайдтар, колонка,
домбыра.
Сабақтағы пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, музыка, бейнелеу
өнері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Кеудесінде таулардың
Кемесінде арманның
Жалау етіп өрлікті,
Ескек етіп ерлікті,
Өсіп келе жатырмын. – деп ақын Төлеген Айбергенов жырлағандай, арман қуып, өмірден өз сыбағасын алып, өмірде өз орны бар кірпіш болып қалану әрбір адамның арманы емес пе? Мына өскелең ұрпақтың болашағы жарқын, өмірі базарлы да ажарлы болуы үшін білім керек. Сондықтан біз тәрбие сағатымызды «Кім болам?» тақырыбына алдық.
Кім болам?
Көркейту үшін елімді
Гүлденту үшін жерімді
Үлесімді қосатын
Болашақта кім болам?
Қайта-қайта ойланам....
«Мен осындай баламын.» Көркем сөз оқу.( Әлмахан Жолбарысов )
Қазақстан елім бар
Ұлан-ғайыр жерім бар.
Ұланымын қазақтың
Өзгеден не кемім бар
Салынбаймын ойынға
Арманым көп ойымда
Мақсатыма жетемін,
Қайратым мол бойымда
Сүйем ана тілімді,
Құр өткізбей күнімді,
Жақсы оқып сабақты
Болам өте білімді
Елімді де қорғаймын
Жерімді де қорғаймын.
Тәртіптімін мен өте
Жаман бала болмаймын
Шаршамаймын, талмаймын.
Аспанға да самғаймын.
Марсқа да үй салып
Жер мен көкті жалғаймын.
Дүние жүзінде мамандықтың түрін кездестіресің. Олардың бірі инженер, бірі шахтер, бірі ғарышкер, бірі дәрігер, бірі сауыншы, бірі тігінші, бірі ақын, бірі ғалым және т. б.
Осы мамандықтың ең ұлысы, ең қымбаттысы ұстаз деп ойлаймын.
Өйткені, ақын да, күйші де, жыршы да, барлық мамандық иелері ұстаздың алдынан өтеді. Саған 42 әріпті танытып, өмірге қарай басқан қадамыңа демеуші болатын, өміріңе білім нәрін себетін де ұстаз.
Хан бол, мейлің қара бол
Дарын бол мейлің дана бол.
Өтетін бәрі алдынан
Ұстаздар бейне сара жол.
Келесі әніміз ұстаздарға арналады.
Сауыншы: Сүт өнімін аламын.
Төрт түлікті сауамын.
Мейірімді боп бәріне
Халқыма мен жағамын.
Ұшқыш: Көңілі дария, ойы аспан
Асқар шыңменг таласқан
Ай, күнімен аспанның
Ұшқыш болғым келеді.
Ұшқыш болмай немене,
Қуат бітті денеме.
Қанатым бар қайыспас
Ұшқыш болғым келеді.
Палуан: Жарыстарда жүлде алған,
Көрсең көзің тойғандай.
Елдің атын шығарған
Ер тдесең де болғандай
Палуан болғым келеді.
Мұнайшы: Маңғыстауым мұнайлы
Маған сондай ұнайды
Көкке мұнай атқылап
Көктен жерге құлайды.
Мұнайшы ағай жарайды.
Жүзі қандай арайлы
Мұнай – дария
Бар елге
Қуат болып тарайды.
Сондықтан да өскенде
Мұнайшы болсам жарайды.
Биші: Мың бұралып осындай
Қымтырылмай, қысылмай
Шарипа, Шара апамдай
Биші болам өскенде.
Ақ көйлегім үстімде
Би билеймін «Айгөлек»
Қой демейді ешкімде
Би билеймін дөңгелеп.
Би: Қазақша би
Аспазшы: Түрлі тағам пісірем
Көкөністің түрінен
Салатты да жасаймын
Кекс, торт пен тәттілер
Кереметті таңдаймын.
Иісі бұрқып піседі.
Тез арада түседі
Жұрт сүйсіне таңданған
Әйгілі аспаз мен болам.
Шахтёр: Кен қазатын комбайн
Келер іске дап – дайын.
Қазып кенді, темірді
Ағылтамын көмірді.
Еңбегіме сене бер.
Ел байлыққа кенелер.
Шахтёр күшті қуатты
Шахтёр ісі қымбатты.
Инженер: Мен инженер боламын
Жерден алтын табамын
Жолын қуам әйгілі
Академик ағаның.
Дәрігер: Мен дәрігер боламын
Үлкеннің де, баланың,
Қиналғанда қасына
Бірінші болып барамын.
Ақын: Ал мен ақын боламын.
Сусылдаған қаламым
Адамдардың жүрегн
Жырмен жаулап аламын
Агроном: Бәрімізде жей тұғын
Ең алдымен нан керек.
Көтеруге ел туын
Қуат керек әл керек.
Нан беретін баршаға
Жер маманы болам мен
Барып жүрмін бақшаға
Агроном ағаммен.
Гүл егемін жеріме,
Осындай ой бар менде
Жер жемісін еліме
Сыйлап өтсем арман не?
Диқан: Астық – дақыл жинағанмын
Мен атақты диқанмын.
Жолын қуам әйгілі
Ыбырайдай атамның
Мол өнім ап мақтадан
Атанбақпын жақсы адам.
Ән: Мақта терген машина.
Мұғалімдерге жұмбақ:
Қолда темір қалағым,
Саздан сарай қаладым.
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын. (Құрылысшы)
Астық жинап дақылдан
Ел мерейін асырғам. (Диқаншы)
Түрлі тағам пісірдім,
Тез арада түсірдім (Аспаз)
Келген адамды
Жылдам емдеп жазамын
Алғыс алып баршадан
Халқыма мен жағамын Дәрігер)
Комбайыншы: Бейнеті мен зейнеті
Ырыс болып құйылған
Маржаны мен меруерті
Туған елге бұйырған.
Атқан таңмен құшақтап.
Алтын астық алабын,
Маңдай тері бұршақтап.
Айтқан шырқап дән әнін,
Капитаны даланың –
Комбайыншы боламын!
Ән: «дастархан»
Көрініс: Кімнің мамандығы жақсы?
Тігінші: - Дүниеде менің мамандығым жақсы. Егер тігінші болмаса киімді қайдан киереді едіңіздер? Сондықтан дүниеде мен бірінші тұрамын.
Құрлысшы: Шатаспаңыз, тігінші, егер мен үй салып бермегенде сен киімді қайда тігер едің? Мына тұрған балаларға мектепті мен салып бергенмін. Сондықтан менің мамандығым бірінші орында тұрады.
Егінші мен наубайшы: - Босқа таласпаңыздар, егінші егін екпегенде үйлеріңе келетін тамақ пен ұн қайдан келеді?
-Егер наубайшы болмағанда үйлеріңе нан қайдан келеді? Сондықтан дүниеде біздің мамандығымыз жақсы.
Музыкант: Ойланып қараңдаршы, жер бетінде денеңді балқытатын күй мен саған қуаныш сыйлайтын әндер болмаса не істер едіңіздер? Дүниеде музыкант мамандығы күшті деп ойлаймын.
Теміржолшы: Сендер таласпаңдар. Мына ғалым деген барлық нәрсені біледі ғой. Соған барып жүгінейік.
Ғалым: Сендердің әңгімелеріңді манадан тыңдап тұрғанмын. Теміржолшы дұрыс айтады. Көпті көрген, көп біледі деген осыда. Ал сендерге айтарым мамандықтың жаманы болмайды. Біздің елімізде әрбір мамандық құрметті де, бағалы. Әр маман иесінің өз орны мен маңызы бар. Құрметті де, бағалы болу үшін, жақсы оқып білім алумыз керек. (Барлығы қол ұстасып, достасады.)
Ән: «Айгөлек»
Қортындылау:
Ғалым болып, ақын болып келіңдер,
Қабілетті істі сынап көріңдер
Неге зәру, неден кенде халықпыз?
Соны ойлап өз салаңды өнім бер.
Дала, қала жайнап тұрған бау болсын
Етің ерен, сүтің теңіз тау болсын.
Ел байлығын маңдай термен жинайтын
Әрқашанда дендеріңіз сау болсын.
Мал мыңғыртып өсіре біл отарда
Еккен дәнің сыймай жатсын жиһанға
Ел байлығын кемерінен тасытып
Қызмет еткін ана менен Отанға
Достарыңызбен бөлісу: |