1. мемлекеттік билік пен басқарма органдары


Көкшетау қаласы жұмысшылар мен қызметкерлерінің мал шаруашылық серіктестігі



бет8/18
Дата08.09.2017
өлшемі3,04 Mb.
#30374
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Көкшетау қаласы жұмысшылар мен қызметкерлерінің мал шаруашылық серіктестігі
Қор 60, 24 сақт. бірл., 1946-1959 жылдары
Көкшетау қалалық атқару комитетінің 1946 жылдың 30 мамырындағы шешімімен ұйымдастырылған. 1959 жылы қызметі тоқтатылған.

Мал бағу мен жеке мал шаруашылығын дамытуына ұйымдастырушылық және басшылық еткен.
Серкітестіктің негізгі қызмет бойынша бұйрықтары. Жалпы жиналыстардың, басқарма отырыстарының хаттама-лары.

Шығындар сметалары, штаттық кестелер, жылдық бухгалтерлік есептер.




      1. 4.1.2. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары


Совхоздар
11 қор, 812 сақт. бірл., 1932-1937,1946-1971 жылдары
Александровка (бидай бағыттағы), қор 379, 124 сақт. бірл., Молодежное селосы

1954 жылы құрылған, 1967 жылдан «Молодежный» совхозына атауы өзгертілген.

47 Атты зауыт (жылқы шаруашылығы, бидай бағытын-дағы), қор 414, 67 сақт. бірл., Березняковка селосы, 1961 жыл-дан – Приречное селосы

1927 жылы құрылған.

2 Бурабай (қой шаруашылығы бағытындағы), қор 306, 31 сақт. бірл., Трофимовка селосы

1931 жылдың 26 наурызында құрылған. 1937 жылдың 16 желтоқсанында таратылған.



Бұлақты (бидай бағыттағы), қор 395, 88 сақт. бірл., Еленовка селосы

1961 жылдың 1 наурызында құрылған.



Көкшетаулық (құс шаруашылығы бағытындағы), қор 336, 10 сақт. бірл., Көкшетау қаласы

1946 жылы құрылған. 1951 жылы жабылған.



Көкшетаулық (жемдеу бағытындағы), қор 385, 79 сақт. бірл., Ақкөл селосы

[1950 жылы] құрылған.



Көкшетаулық (көкөніс-сүт бағытындағы), қор 415, 40 сақт. бірл., Павловка селосы

1953 жылы құрылған. 1959 жылы жабылған.



Кусептік (бидай бағытындағы), қор 413, 93 сақт. бірл., Куропаткино селосы

1956 жылы құрылған.



Покатное (сүт-ет бағытындағы), қор 267, 2 сақт. бірл., Көкшетау қаласы

[1936 жылы] құрылған. 1937 жылдың тамызында жабылған.



Раздолье (бидай бағытындағы), қор 401, 139 сақт. бірл., Раздольное селосы

1955 жылы құрылған.



Симферопольдік (бидай бағытындағы), қор 393, 139 сақт. бірл., Симферопольское селосы

1954 жылы құрылған.


Бірінші совхоздар (советтік шаруашылықтар) 1920-1930 жылдар аралығында құрылған. 1950 жылдары, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игергенде, колхоздардың бірігуі негізінде жаңа совхоздар – ауылшаруа-шылық өнімдерді шығару бойынша ірі механикаландырылған мемлекеттік кәсіпорындар құрылған.

Өндірістік қызмет бойынша бұйрықтар. Өндірістік кеңестердің хаттамалары.

Өндірістік-қаржылық жоспарлар, ауыл шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария бойынша есептер, ауыл шаруашылық өсімдіктерін өндіру бойынша технологиялық карталар, өндірістік қызметтің анализдері мен негізгі экономикалық көрсеткіштері. Қаржылық-шаруашылық қызметтің тексеріс актілері.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, бухгалтерлік есептер.

Кадрлар бойынша есептер, өндіріс озаттарының тізімдері. Халықтық есеп бойынша шаруашылық кітаптар.

Ұжымдық шарттар және әлеуметтік міндеттемелер.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар, жалақы бойынша тізімдемелер.

Қазақ, орыс тілдері.


Колхоздар (ауылшаруашылық артельдер)
25 қор, 556 сақт. бірл., 1929-1961 жылдары
Буденный атындағы, қор 376, 16 сақт. бірл., 1945-1950 жыл-дары, Васильковка селосы

[1931 жылы] құрылған. 1957 жылдың наурызында жа-былған.



«Дөңғыл-ағаш», қор 338, 11 сақт. бірл., 1946-1950 жылдары, Ұялы селосы

[1929 жылы] құрылған. 1950 жылы жабылған.



«Жаңа-ауыл», қор 348, 14 сақт. бірл., 1946-1949 жылдары, Жаңа-ауыл селосы

[1929 жылы] құрылған. 1950 жылы жабылған.



Жданов атындағы, қор 342, 5 сақт. бірл., 1950-1953 жылдары, Куропаткино селосы

1950 жылдың қазанында құрылған. 1957 жылдың науры-зында жабылған.



«Жылымды», қор 337, 18 сақт. бірл., 1947-1950 жылдары, Жылымды селосы

[1930 жылы] құрылған. 1950 жылдың желтоқсанында жабылған.



«Игілік», қор 319, 33 сақт. бірл., 1932-1935 жылдары, Желтау селосы

1929 жылы құрылған. 1953 жылдың қаңтарында жабыл-ған.



Киров атындағы, қор 397, 2 сақт. бірл., 1956-1957 жылдары, Ивановка селосы

[1929 жылы] құрылған. 1957 жылдың наурызында жабылған.



«Коммунизм», қор 408, 23 сақт. бірл., 1951-1960 жылдары, Қызыл-сая селосы

Құрылған уақыты анықталмаған. 1961 жылдың науры-зында жабылған.



Куйбышев атындағы, қор 381, 23 сақт. бірл., 1950-1960 жыл-дары, Пахарь селосы

1950 жылдың қазанында құрылған. 1961 жылдың ақпа-нында жабылған.



«Қарағай», қор 347, 20 сақт. бірл., 1940-1950 жылдары, Қарағай ауылы

1930-1933 жылдары құрылған. 1950 жылы жабылған.



«Қарлы-Көл», қор 353, 14 сақт. бірл., 1945-1950 жылдары, Баян ауылы

[1930 жылы] құрылған. 1950 жылдың қазанында жабылған.



«Қоныспай», қор 340, 17 сақт. бірл., 1942-1949 жылдары, Жартоғай ауылы

[1930 жылы] құрылған. 1950 жылы жабылған.



«Қызыл-Жұлдыз», қор 339, 37 сақт. бірл., 1937-1951 жылдары, Красное селосы

1925 жылы құрылған. 1950 жылы жабылған.



«Қызыл-Қоғам», қор 918, 22 сақт. бірл., 1945-1950 жылдары, Қызыл-Қоғам ауылы

[1933 жылы] құрылған. 1950 жылдың тамызында жабылған.



«Мәдениет», қор 318, 6 сақт. бірл., 1933-1935 жылдары, Мәдениет ауылы

1928 жылы құрылған. 1950 жылы жабылған.



«Новая деревня», қор 349, 21 сақт. бірл., 1940-1949 жылдары, Еленовка селосы

1929-1931 жылдары құрылған. 1950 жылы жабылған.



«40 лет Октября», қор 341, 14 сақт. бірл., 1943,1948,1952- 1961 жылдары, Ақан-Көл селосы

[1929-1934 жылдары] Молотов ат. колхоз құрылған, 1957 жылдың тамызынан «40 лет Октября» колхозына атауы өзгертілген. 1961 жылдың ақпанында жабылған.



«Өзен», қор 343, 29 сақт. бірл., 1935,1937-1949 жылдары, Өзен ауылы

1929 жылы құрылған. [1951 жылы] жабылған.



«Өркен», қор 344, 20 сақт. бірл., 1942-1950 жылдары, Өркен ауылы

[1929 жылы] құрылған. 1950 жылдың қыркүйегінде жабылған.



«Пахарь», қор 352, 42 сақт. бірл., 1932-1950 жылдары, Ленин ат. хутор

1929 жылы құрылған. 1950 жылдың қазанында жабыл-ған.



«Северный маяк», қор 308, 63 сақт. бірл., 1929-1956 жылдары, Красный Яр селосы

1931 жылдың сәуірінде құрылған. 1957 жылдың ақпа-нында жабылған.



«Социализм», қор 345, 37 сақт. бірл., 1935-1950 жылдары, Куропаткино селосы

1929 жылы құрылған. 1950 жылдың қыркүйегінде жабылған.



Сталин атындағы, қор 316, 27 сақт. бірл., 1930-1934 жылдары, Ольжанка селосы

1930 жылы құрылған. 1960 жылдың ақпанында жабылған. «Талап», қор 320, 15 сақт. бірл., 1933-1936 жылдары, Қындық селосы (Талап ауылы)

1930 жылы құрылған. 1950 жылы жабылған.

«Шонай», қор 346, 27 сақт. бірл., 1941-1950 жылдары, Алексеевка селосы (Шонай ауылы)

[1929 жылы] құрылған. 1951 жылдың қаңтарында жабылған.



Ұжымдық шаруашылықтар (коммуналар, кооперативті серіктестіктер, ауыл шаруашылық артельдер) ауыл шаруа-шылық өндірісті бірлесе жүргізу үшін 1920-ыншы жылдары құрыла басталған. Колхоздардың көпшілік ұйымдастырылуы 1929-1930 жылдары жүзеге асырылған. 1950-1953 жылдары ұсақ колхоздардың бірігуімен олардың іріленуі жүргізілген. 1953-1961 жылдары колхоздардың бір қатары олардың негізін-де құрылған совхоздарға жерлер мен мүліктерін тапсыруына байланысты жабылды.
Колхозшылардың жалпы жиналыстарына, колхоздар басқармасының отырыстарына хаттамалар.

Ауыл шаруашылықтың перспективті даму жоспарлары мен колхоздардың өндірістік-қаржылық жоспарлары, кіріс-шығыс сметалар.

Ауыл шаруашылық жұмыстардың барысы, мал шаруашылықтың жағдайы мен дамуы туралы мәліметтер. Жылдық есептер, өндірістік-қаржылық қызметтің анализдері, колхоздардың ревизия актілері. Колхоздар мүшелерінің тізімдері.

Әлеуметтік жарыстар туралы шарттар және оларды орындау қорытындылары.

Колхозшылардың жұмыс күндерін есепке алу кітабы.

Қазақ, орыс тілдері.


4.1.3. Ауыл шаруашылыққа техникалық жабдықтау мен қызмет көрсету ұйымдары
Машина-тракторлық және жөндеу-техникалық станциялар (МТС және ЖТС)
4 қор, 109 сақт. бірл., 1935-1960 жылдары
МТС
Бұлақты, қор 380, 1949-1956 жылдары, Еленовка селосы

Жамантұз, қор 370, 1935-1957 жылдары, Александровка селосы

Кусептік, қор 328, 1943-1956 жылдары, Куропаткино селосы
ЖТС
Бұлақты, қор 420, 1958-1960 жылдары, Еленовка селосы
Машина-тракторлық станциялар 1930-1935 жылдары құрылған. 1959 жылы жөндеу-техникалық станцияларға қай-та құрылған. ЖТС 1961 жылы таратылған.

Колхоздарға техникалық қызмет көрсеткен, колхоздар-ды басшылықта мемлекеттің тірек пунктері болған.

Өндірістік-қаржылық жоспарлар, орындау нормалары. Шығындар сметалары мен штаттық кестелер. Өндірістік-қаржылық қызмет туралы жылдық есептер. Кадрлар бойынша есептер.

Қазақ, орыс тілдері.




    1. 4.2. Орман шаруашылығы

4 қор, 233 сақт. бірл., 1929-1931, 1941-1988 жылдары


Көкшетау орман өндіріс шаруашылығы, қор 11, 6 сақт. бірл., 1929-1931 жылдары, Көкшетау қаласы

1930 жылдың 1 қазанында құрылған. 1932 жылдың 1 қаңтарында жабылған.



Куйбышев механикалық орман шаруашылығы, қор 378, 43 сақт. бірл., 1941-1962 жылдары, Көкшетау қаласы

[1940 жылы] орманшылық құрылған, 1947 жылдан – орман шаруашылығы, 1956 жылдың 3 сәуірінен – орман өнді-рістік шаруашылығына қайта құрылған.



Самарбай орман шаруашылығы, қор 11, 41 сақт. бірл., 1949-1964 жылдары, Самарбай колхозы

1956 жылдың 13 сәуірінде Самарбай орманшылығы негізінде құрылған.



Синегорье орманшылығы, қор 42, 143 сақт. бірл., 1962-1988 жылдары, Көкшетау қаласы

1962 жылдың 22 наурызында механикалық орман шаруа-шылғы құрылған, 1988 жылдың 1 қыркүйегінен орманшылыққа қайта құрылған.

Олардың жерлерінде орналасқан орман қорларына тікелей басқарушылық еткен.
Орман шаруашылықтары туралы қағида. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар. Кеңестер хаттамалары.

Өндірістік-қаржылық жоспарлар. Орман өсімдіктерін дамытудың перспективті жоспарлары. Еңбек, еңбектің ғылыми ұйымдастыруы бойынша жоспарлар.

Өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызмет туралы, орман орнықтылығы мен орман шаруашылығын ұйымдастыру, орман қорын тарату бойынша есептер; өртке қарсы және орманды қорғау жұмыс жоспарларын, еңбек бойынша жоспа-рын орындаудың көрсеткіштері. Орманды қорғау мен орман қорғанысы бойынша статистикалық есептер. Орман өсімдікте-рін есепке алу кітаптары, ағаш және бұта тұқымдас тұқымдары-на төлқұжаттар. Орманды қорғау мен сақтау, орман өсімдікте-рін, қорғаныс егулер мен плантацияларын, питомниктарда егіс-терін техникалық қабылдау мен түгендеу бойынша құжаттар (бұйрықтар, актілер, түсіндіру жазбалар, хат алмасу).

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, бухгалтерлік есептер.

Ұжымдық шарттар. Кәсіптік комитет отырыстарына хаттамалар. Әлеуметтік міндеттемелер мен оларды орындау қорытындылары.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар, жеке істер, жалақы бойынша тізімдемелер.


Қазақ КСР Ауыл шаруашылық Министрлігінің Қазақ ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты (ҚазАШҒЗИ)
Қор 416, 101 сақт. бірл., 1956-1964 жылдары, Щучье ауданы Бармашино поселкесі
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1957 жылдың 12 нау-рызындағы қаулысымен Қазақ орман шаруашылығы тәжірибе-лі станциясы мен Қазақ КСР Ғылым Академиясы ботаника институты орман бөлімінің негізінде ұйымдастырылған. Ленин ат. Жалпыодақтық ауыл шаруашылық ғылымдар Акаде-миясының Қазақ филиалына бағынды, 1957 жылдың 1 қараша-сынан – Қазақ Ауыл шаруашылық Академиясына, 1961 жылдың 15 тамызынан – Қазақ КСР Ауыл шаруашылық Министрлігіне.

Орман шаруашылығы, далақорғаныс орман өсіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысты және республикадағы ғылыми-зерттеу мекемелердің агроорманме-лиорациясы бойынша ғылыми-әдістемелік басшылық еткен.
Қазақ ғылыми-зерттеу орман тәжірибелі станциясы (1956), Иссық тәжірибелі-көрсеткіштік дендрарийлер мен дендропарктер (1959) туралы Қағида, Алматы және Алтай орман тәжірибелік станциялары туралы жарғылар (1959). Өндірістік кеңестердің, ғылыми кеңес отырыстарының хаттамалары.

Ғылыми-зерттеу жұмыстардың жоспарлары, бағдарлама-лары. Толық құрылыс бойынша жылдық титулді тізімдер, құрылыста еңбек бойынша жоспарлар, институттың объектілері мен құрылыстарын салу бойынша құжаттар.

Институттың жұмысы туралы есептер, анықтамалар. Бармашино тәжірибелік орман шаруашылығы, Иссық тәжірибелі-көрсеткіштік дендарийлері, Қызылқұм орман тәжірибелік станциясы мен Кондратов орман питомнигінің жұмысы туралы құжаттар (өндірістік-қаржылық жоспарлар, шығындар сметалары, штаттық кестелер, есептер) (1960-1963). Қазақстанның ормандарын санитарлы шолулары (1963-1964).

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер. Кадрлар бойынша есептер.


Көкшетау облысаралық орман тұқымдарын бақылау станциясы
Қор 417, 111 сақт. бірл., 1956-1964 жылдары, Щучье ауданы Бурабай поселкесі
1956 жылдың 21 желтоқсанында КСРО Ауыл шаруашылық Министрлігі Орман шаруашылығы мен дала қорғаулы орманды өсіру Бас басқармасының бұйрығы негізінде құрылған. Жалпыодақтық орман шаруашылығы мен орман шаруашылығын механизациялау ғылыми-зерттеу институты Орталық орман тұқымдары бақылау станциясының қарама-ғында болған.

Орман тұқымды іс бойынша жедел бақылау, өндіріске жәрдем ету, ғылым жетістіктерін және озатты тәжірибе-лерін насихаттау мен енгізу жұмыстарын жүзеге асырған.
Өндірістік жиналыстардың хаттамалары.

Өндірістік есептер. Ағаш және бұта тұқымдас тұқымда-рының астықтары бойынша мәліметтер. Тұқымдардың үлгіле-ріне төлқұжаттар мен анализ кәртішкелері. Орман шаруашы-лықтарын зерттеу актілері.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, бухгалтерлік есептер.

Кәсіподақ жиналыстардың хаттамалары.


4.3. Су шаруашылығы
Қазақ КСР мелиорация мен су шаруашылығы Министр-лігінің су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша Көкшетау бассейндік инспекциясы
Қор 285, 20 сақт. бірл., 1981-1988 жылдары
Қазақ КСР мелиорация мен су шаруашылығы Министр-лігінің 1980 жылдың 31 желтоқсанындағы бұйрығы негізінде құрылған. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1988 жылдың 18 ақпанындағы қаулысына сай жабылған.

Аймақ жерінде су ресурстарын рационалды пайдалану мен сақтауына бақылау еткен.
Еңбек бойынша жоспар (1988), штаттық кестелер, шығындар сметалары.

Шығындар сметаларын орындағаны туралы және кадрлар бойынша жылдық есептер.

Ұжымдық шарт (1988).


4.4. Жер ресурстары
«Севгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қор 365, 110 сақт. бірл., 1943, 1945-1958, 1965, 1986-1998, 2000-2006 жылдары
1947 жылдың 26 наурыздағы № 71 топографиялық жасағы Львов базасының бұйрығына сай, № 44 Украина аэрогеодезиялық кәспорынның71 топографиялық жасағының Львов базасын Украина аэрогеодезиялық кәспорнының Львов бөлімшесі деп атау, [1952 жылдың 05 қаңтарынан]№ 82 топографиялық жасағы, 1965 жылдың 16 маусымынан № 162 экспедициясына атын өзгертті, 1992 жылдың 09 наурызынан «Казгеодезия» Кокчетав картографиялы-геодезиялық кәсіпорны, 1996 жылдың 25 маусымынан «Көкшетаугеодезия» Көкшетау Қазыналық картографиялы-геодезиялық кәсіпорны, 2000 жылдың 25 мамырынан «Севгеодезия» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Негізгі қызметі қоныстандыру, топографиялы-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың барлық түрлерін өткізуі, топографиялы-геодезиялық, картографиялық және аэро түсіретін материалдар мен деректерді пайдалану, жер кадастрын құрумен байланысты, жұмыстар, ашық қолдану үшін картографиялық өнімді жүзеге асыру және т. б. болып табылған.
Негізгі қызметке жататын жоғары тұрған органдардың бұйрықтары, жарғы, жұмыс жоспары.

Штаттық кесте, бюджетке міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспары, жылдық бухгалтерлік есептер.



Торғай гидрогеологиялық экспедициясы

Қор 374, 230 сақт. бірл., 1954-1962 жылдары, Щучье ауданы Щучинск қаласы


КСРО геология мен жер қойнауларын қорғау Министрлі-гінің 1954 жылдың 8 ақпанындағы бұйрығы негізінде құрылған. КСРО геология мен жер қойнауларын қорғау Министрлігі Екінші бас басқармасының Жалпыодақтық гидрогеологиялық тресіне бағынды, 1962 жылдың 1 қазанынан – Қазақ КСР геология мен жер қойнауларын қорғау Министрлігінің Қазақ гидрогеологиялық тресіне. Қазақ КСР геология мен жер қойнауларын қорғау Министрінің 1962 жылдың 27 желтоқ-санындағы бұйрығымен Солтүстік Қазақстан гидрогеология-лық экспедициясымен біріктірілген.

Негізгі міндеті сумен жабдықтау көздерін анықтау, маңызды халықшаруашылық объектілерін сумен жабдықтау мақсатында экспедициясының қызмет аудандарында гидрогео-логиялық және инженерлі-геологиялық суретке түсіру болыпты.

Экспедиция туралы қағида. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.

Техникалық мәжілістердің хаттамалары.

Геологиялық барлау және бұрғылау партияларының жұмыс жоспарлары мен жобалары, еңбек бойынша жоспарлар, титулді тізімдер, шығындар сметалары, штаттық кестелер.

Геологиялық барлау жұмыстарының, өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметтерінің, еңбек бойынша жоспарларын орындау туралы есептер. Өлшем актілері мен геологиялық іздестіру жұмыстарын орындау, бұрғылы скважиналарын совхоздарға тапсыру туралы мәліметтер.

Кадрлар бойынша бұйрықтар, өкімдер мен есептер, үкімет наградаларымен марапаттанғандар тізімдері.

Жалпы кәсіподақ жиналыстарының, барлау комитеті отырыстарының хаттамалары. Ұжымдық шарттар. Әлеуметтік жарыстар бойынша құжаттар.

Кадрлар бойынша бұйрықтар және өкімдер.



Солтүстік Қазақстан гидрогеологиялық экспедициясы
Қор 335, 92 сақт. бірл., 1959-1966 жылдары, Көкшетау ауданы Чайкино поселкесі
Қазақ КСР геология мен қойнауларды қорғау Министр-лігінің 1960 жылдың 24 ақпанындағы бұйрығымен Солтүстік Қазақстан гидрогеологиялық станциясы негізінде құрылған. Қазақ КСР геология мен қойнауларды қорғау Министрлігінің Қазақ гидрогеологиялық тресіне бағынды.

Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Целиноград облыс-тары жерлерінде гидрогеологиялық жұмыстарды жүзеге асырған.
Станцияның және экспедицияның өндірістік мәселелер бойынша бұйрықтары.

Гидрогеологиялық жұмыстардың жоспарлары және оларды орындау туралы есептер. Камералық, геологиялық жұмыстардың титулді тізімдері. Қаржылық жоспарлар, еңбек бойынша жоспарлар.

Негізгі қызмет бойынша, еңбек бойынша жоспарды орындау туралы жылдық есептер.

Штаттық кестелер, шығындар сме,талары, бухгалтерлік есептер.



5. КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН КӘСІПОРЫНДАРЫ



    1. 5.1. Көлік


Көкшетау қаласының қоғамдық көлік басқармасы
Қор 17, 413 сақт. бірл., 1944-1998 жылдары
1944 жылдың 17 тамызында КСРО Даярлау Халық комиссариатының бұйрығы негізінде «Одақдаяртранс» Бас ав-томобильді көлік басқармасының «Одақдаяртранс» Көкшетау облыстық бөлімшесі құрылған, 1945 жылдың 27 қазанынан автотреске атауы өзгертілген. 1952 жылдың қарашасында «Одақауылшаруашылықавтотранс» автотресі болып атала басталған және КСРО автомобильді көлік Министрлігі «Одақауылшаруашылықавтотранс» Бас басқармасынң қара-мағына тапсырылған, 1953 жылдың желтоқсанынан қайтадан «Одақдаяртранс» автотресіне өзгертілген, 1954 жылдың тамызынан – Қазақ КСР автомобильді көлік пен тас жолдар Министрлігінің № 11 облысаралық тресі, 1955 жылдың шілде-сінен – автотрест. Қазақ КСР автокөлік Министрлігінің 1968 жылдың 31 желтоқсанындағы бұйрығына сай автотрест негізінде жүк тасымалдау және жолаушы тасымалдау өндірістік автотресттер ұйымдастырылған, 1976 жылдың мамырынан – басқармалар. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1987 жылдың 27 қарашасындағы қаулысына сай басқармалар Көкшетау өндірістік автомобильді көлік бірлестігіне бірікті-ріліп, кейін ол бірлестік бір рет емес өзгертілген еді. 1996 жылдың қазанынан Көкшетау облыстық шаруашылық есептеудегі муниципалдық қоғамдық көлік басқармасы қызмет етеді. 1997 жылдың 12 мамырында облыстың жабылуына байланысты таратылған, оның негізінде «Көкшетау қаласы-ның қоғамдық көлік басқармасы» мемлекеттік кәсіпорны құрылған, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1998 жылдың 4 ақпанындағы шешімі негізінде қызметі тоқтатылған.

Халық шаруашылығы мен халықтың автомобильді тасымалдауында сұранысын толығырақ қанағаттандыру мақсатында жалпы пайдаланудағы автомобильді көліктің жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырған.
«Одақдаяртранс» облыстық бөлімшесі және автотрест туралы қағида, автотресттің, жүк тасымалдау автобасқармасы-ның, Көкшетау қаласы қоғамдық көлік басқармасының жарғы-лары.

Автотресттің, жолаушы және жүк тасымалдау автобас-қармалардың, бірлестіктің негізгі қызмет бойынша бұйрықтары мен өкімдері. Жүк тасымалдау автобасқармасы мен бірлестігі Кеңесінің қаулылары.

Жинақы жылдық көлік-қаржылық жоспарлары.

Негізгі жоспарлы көрсеткіштерін орындау, қаржылық-шаруашылық қызмет бойынша жинақы жылдық есептер, негізгі қызмет бойынша статистикалық есептер.

Өндірістік-қаржылық қызмет бойынша аналитикалық кестелер. Ашып шығарулар мен рационализаторлық ұсыныс-тарды енгізу, еңбек шарттарын қорғау мен жақсарту, өндірісте жарақаттарды алу жағдайларын азайту, айналадағы ортаны қорғау мәселелері бойынша ақпараттар, мәліметтер, анықтама-лар, есептер.

Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер.

Кадрлар бойынша есептер, ордендермен, медальдармен марапаттанған жұмыскерлердің тізімдері. Ұжымдық шарттар, әлеуметтік міндеттемелер мен оларды орындау қорытынды-лары.

Жалпы кәсіподақ жиналыстардың, кәсіптік комитет отырыстарының хаттамалары.


«Қазавтожөндеу» тресінің Көкшетау өндірістік автожөндеу бірлестігі
Қор 329, 103 сақт. бірл., 1946, 1953-1970 жылдары
[1941 жылы] «Одақдаяртранс» Көкшетау автотресінің автожөндеу шеберханасы құрылған, 1955 жылдан – Өндірісітік және жөндеу кәсіпорындары тресінің. Қазақ КСР Автомобильді көлік Министрлігінің 1961 жылдың 3 наурызындағы бұйрығына сай автожөндеу зауыты іске қосылып, шеберхана зауыттың цехіне қайта құрылған. 1964 жылы зауыттың негізінде Көкше-тау өндірістік автожөндеу бірлестігі ұйымдастырылған. 1961 жылдан 1964 жылға дейін кәсіпорын «Тыңавтожөндеу» Тың аймақтық автожөндеу кәсіпорындары тресінің қарамағында болған, 1965 жылдан – «Қазавтожөндеу» тресінің.

Автомобильдердің, қозғалтқыштардың, агрегаттардың толық жөндеуін, бөлшектердің қалпына келтіруін жүзеге асырған, стандартты емес құрал-жабдықтарды және қорға бөлшектерді жасаған.

1941-1945, 1947-1952 жылдарғы құжаттар тапсырыл-маған.
Өндірістік автожөндеу бірлестігі туралы қағида. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.

Өндірістік кеңестердің, жалпы жиналыстардың, маман-дырылған комиссия отырыстарының хаттамалары.

Өндірістік-қаржылық жоспарлар, еңбек бойынша, толық құрылыс бойынша жоспарлар, жылдық титулді тізімдер. Шығындар сметалары және штаттық кестелер.

Негізгі қызмет бойынша баланстар, еңбек, өнімнің өзін-дік бағасы бойынша жоспар орындау туралы есептер. Өндіріс-тік қызметтің анықтамалары, анализдері. Статистикалық есептер.

Кадрлар бойынша есептер, өндіріс озаттарының тізімдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет