5.2. Байланыс
Ақмола губерниялық байланыс бөлімінің Көкшетау қалалық пошта-телеграф кеңсесі
Қор 276, 39 сақт. бірл., 1917-1927 жылдары
[1917 жылы] құрылған. Омбы пошта-телеграф округі-нің қарамағында болған, 1920 жылдың қазанынан – губерния-лық пошта-телеграф басқармасының, 1921 жылдың сәуірі- нен – Ақмола губерниялық байланыс бөлімінің. Байланыс бөлімшелері туралы Қағидаға сай Көкшетау пошта-телеграф кеңсесі бойынша 1925 жылдың 8 қазанындағы бұйрықпен байланыс бөліміне өзгертілген.
Пошталық жолдамалар мен телеграф хабарларды жеткізуін жүзеге асырған.
Қорда Арықбалық, Богодухово, Бурабай, Зеренді, Кон-стантиновка, Кривоозерное, Лобаново, Максимовка, Приволь-ное, Щучье пошталық бөлімшелерінің 1918-1927 жыларғы құжаттары бар.
Пошта-телеграф кеңсенің бұйрықтары. Жалпыресейлік пошта-телеграф одағы Көкшетау бөлімінің жалпы жиналысына хаттама, Омбы пошта-телеграф округінің мекемелерінен делегаттардың 1-інші съезі отырыстары туралы есеп (1917).
Жоғары тұрған мекемелермен, бағыныш және басқа ұйымдарымен пошта бөлімшелерінің жұмыс мәселелері, қызметкерлерді арнайы киімдермен және молшылықтың барлық түрлерімен жабдықтау мәселелері, жеке құрам бойынша хат алмасу. Уезд және бөлімшелер пошта-телеграф қызметкер-лерінің тізімдері, куәліктері.
Жалақы бойынша тізімдемелер.
6. ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ БАСҚАРМА ОРГАНДАРЫ МЕН КӘСІПОРЫНДАРЫ
6.1. Құрылыс, сәулет өнері мен салудың басқарма органдары
«Көкшетау қаласының сәулет өнері мен қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қор 435, 293 сақт. бірл., 1940-2003 жылдары
1963 жылдың 20 наурызында атқару комитеттің жа-нында құрылыс пен сәулет өнері істері бойынша бөлім құрыл-ған. Облыстық атқару комитеттің 1988 жылдың 4 қаңтарын-дағы шешімі негізінде қалалық атқару комитеттің сәулет өнері мен қалақұрылыс басқармасына қайта құрылған, 1992 жылдың 15 ақпанынан – қалалық әкімшілік басшысының, 1995 жылдың 7 қазанынан – Көкшетау қаласы әкімінің. Қала әкімінің 1999 жылдың 23 сәуіріндегі шешімімен басқарма жабылып, «Көкшетау қаласы әкімінің сәулет өнері мен қала-құрылыс бөлімі» құрылған, 2001 жылдың 20 ақпанынан Көкшетау қаласы әкімінің құрылыс, сәулет өнері мен жол ша-руашылығы бөлімі деп атала басталған, 2003 жылдың 15 қыр-күйегінен – «Көкшетау қаласы әкімінің сәулет өнері мен қала-құрылыс бөлімі» ММ.
Қаланың құрылысы мен орнықтылығына басшылық еткен.
Қорда 1940-1947 жылдарғы қалалық атқару комитеті-нің жеке және мемлекеттік құрылыс бойынша шешімдерінің, өкімдерінің көшірмелері, 1955-1962 жылдарғы құрылыс пен сәулет өнері істері бойынша облыстық бөлімнің (1963 жылға дейін қала құрылысы мен орнықтылығына басшылық етті) бұйрықтары бар.
Қалалық атқару комитеттің, қалалық әкімшілік басшы-сының, қала әкімінің жер учаскелерін құрылысқа беру, құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға, қайта орнықтылауына рұқсат беру туралы шешімдері, өкімдері. Бөлімнің, басқарма-ның негізгі қызмет бойынша бұйрықтары.
Қалақұрылыс пен сәулет өнері кеңесі отырыстарының, техникалық кеңестердің хаттамалары. Объектілерді салу бо-йынша жобалы-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама-ның қорытындылары.
Жер қатынастары бойынша қалалық комитетпен жер пайдалану құқығына құжаттар беру туралы, ұйымдар мен мекемелермен негізгі қызмет мәселелері бойынша хат алмасу.
Құрылыспен аяқталған объектілерді, жеке тұрғын үйлерді іске қосу туралы мемлекеттік қабылдау комиссияның актілері, жеке үйқұрылыстарын өз еркімен тұрғын бөлмелер тұрғызғанын заңдастыруы үшін зерттеу актілері және оларға құжаттар.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары.
Жылдық бухгалтерлік есептер, еңбек бойынша жоспар орындау туралы есептер.
Қазақ, орыс тілдері.
«Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қор 459, 296 сақт. бірл., 2005-2008 жылдары
2004 жылдың 31 желтоқсандағы Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысымен «Көкшетау қаласының қала сәулеті және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылды, 2006 жылдың 12 қаңтарында «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне атауын өзгерткен.
Мекеменің негізгі міндеттері ведомстволық аймақта Көкшетау қаласы мен басқа да елді мекендер құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру; құрылыс, көлік, инженерлік және әлеуметтік құрылымдарын кешенді қалыптастыру және экология мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай қаланы көркейту тапсырмаларын шешуге бағытталған, өкілеттікті жүзеге асыру болып табылған.
Жоғары тұрған органдардың негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, негізгі қызмет бойынша хат алмасу, конкурстық құжаттама (техникалық ерекшеліктер, сұранымдар, шарттар, хаттамалар және басқа), конкурстық комиссия отырысының хаттамасы, негізгі қызмет түрлері бойынша статистикалық есептер, штаттық кесте, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары, бухгалтерлік жоспарлар мен теңгерім, салықтар бойынша есептер және статистикалық.
Қазақ, орыс тілдері.
Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесінің атқару комитеті жанындағы колхоз және ауыл құрылысы бөлімі
Қор 373, 11 сақт. бірл., 1951-1961 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
1949 жылы ұйымдастырылған. Колхоздарда құрылыс бойынша облыстық басқармасына бағынды.
Аудан жерінде тұрғын үйлерді салуға, өндірістік-шаруашылық, мал шаруашылық, мәдени-тұрмыстық ғимарат-тарды және құрылыстарды салуға басшылық пен бақылау еткен.
1949-1950 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Аудандық атқару комитеттің шешімдері, өкімдері, құрылыс мәселелері бойынша облыстық басқарманың бұйрықтары. Аудан колхоздары бойынша құрылыс жоспар-лары, шығындар сметалары. Ірілеу колхоздарын шаруашылық ортылықтары ретінде таңдау бойынша құжаттар.
Қазақ, орыс тілдері.
Көкшетау аудандық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің аудандық архитекторы
Қор 424, 52 сақт. бірл., 1963-1972 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
Қызметін 1963 жылдың маусымында атқаруға баста-ған.
Ауданның елді мекендерінде орналастыру мен құрылыс салуына басшылық еткен.
Аудандық атқару комитеттің шешімдері, өкімдері, құрылыс пен сәулет өнері бойынша облыстық бөлімнің бұйрықтары.
Тұрғын үй және азаматтық құрылыс жоспарларын орындау туралы есептер, құрылысқа жер учаскелерін беру бойынша құжаттар, құрылыс объектілерін іске қосу актілері.
6.2. Құрылыс ұйымдары
«Көкшетауқұрылыс» жалгерлік-құрылыс бірлестігі
Қор 388, 101 сақт. бірл., 1955-1991 жылдары
1954 жылдың 21 сәуірдегі КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен «Кокчетавқұрылыс» құрылыс-монтажды тресі құрылған. 1988 жылдың 20 желтоқсандағы Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс бұйрығымен «Кокчетавқұрылыс» өндірістік-құрылыс бірлестігіне қайта құрылды. Қазақ КСР қала және ауыл құрылысы Министрлігінің «Баскөкшетауқұрылыс» тресіне, 1957 жылдың шілдесінен – Солтүстік Қазақстан халық шаруашылығы Кеңесінің Құрылыс және құрылыс материалдары басқармасына, 1961 жылдан – Тың халық шаруашылығы Кеңесіне, 1975 жылдан – «Главцелинпромстрой» бас басқармасына, 1980 жылдан – Қазақ КСР ауыр индустрия кәсіпорындарының құрылыс Министрлігіне, 1988 жылдан – Қазақ КСР Мемлекеттік құрылысқа бағынды. 1990 жылдың 01 желтоқсанынан «Қазақстанқұрылыс» Мемлекеттік концерні «Кокчетав-құрылыс» жалгерлік-құрылыс бірлестігіне міндеттерін тапсыруымен жабылды.
Негізгі қызметі: өндірістік тұрғын, әлеуметтік және коммуналдық мақсаттағы нысандары салу және іске қосу, халық тұтынатын тауарларды шығару және жүзеге асыру, ақпараттық, коммерциялық қызмет.
Жоғары тұрған органдардың бұйрықтары, өндірістік сұрақтар бойынша трес өкімдері, бұйрықтары. Социалистік жарыс туралы ақпарат.
Құрылыс-монтажды жұмыстар, жаңа техниканы дамыту және қосу, өнертапқыштық және өнертабыстық жұмыс, қуат пен мердігерлік жұмыстар бағдарламаларын іске қосу жоспарын орындау туралы жоспарлар, бесжылдық жоспарлар, еңбек бойынша.
Қуат пен мердігерлік жұмыстар бағдарламаларын іске қосу жоспарын, құрылыс-монтажды жұмыстарды орындау, жаңа техниканы дамыту және қосу, құрылыс материалдарын жұмсау, еңбек, өнеркәсіп, қауіпсіздік техникасы, күрделі қаржы бойынша есептер.
Штаттық кестелер, титулдық тізімдер.
Бухгалтерлік есептер және кадрлар бойынша есептер.
№ 1 «Көкшетауауылқұрылыс» тресі
Қор 211, 490 сақт. бірл., 1957-1993 жылдары
Қазақ КСР ауыл шаруашылық Министрлігінің 1958 жылдың 24 ақпанындағы бұйрығымен «Көкшетауобл-құрылыс» басқармасы құрылған. Қазақ КСР совхоздар Ми-нистрінің 1960 жылдың 12 қазанындағы бұйрығы негізінде «Көкшетаусовхозқұрылыс» тресіне қайта құрылған. 1963 жылдың сәуірінен № 17 «Совхозқұрылыс» тресі деп атала басталған. Ауыл құрылысы Министрлігінің 1969 жылдың 13 наурызындағы бұйрығына сай № 17 «Көкшетауауыл-құрылыс» тресіне атауы өзгертілген. Облагроөндіріскомитет-тің 1986 жылдың 27 қарашасындағы бұйрығына сәйкес - № 1 «Көкшетауауылқұрылыс» тресіне. Қазақ КСР ауыл шаруа-шылық Министрлігі Басауылқұрылысының қарамағында болған. 1961-1966 жылдары – Тың аймақтық атқару комитеті Бастықұрылысының, 1967-1986 жылдары – Қазақ КСР ауыл құрылысы Министрлігі Басауылқұрылысының. 1986 жылдың қарашасынан облыстық агроөндіріскомитетке (1991 жылдың 12 шілдесінен – облыстық ауыл шаруашылық басқармасы) бағынды. 1993 жылдың 29 желтоқсанында № 1 «Көкшетау-ауылқұрылыс» акционерлік қоғамына функцияларын тапсыры-сымен жабылған.
Облыстың ауылды мекендерінде және аудан орталық-тарында құрылыс-монтажды жұмыстарды ұйымдастыруын, жүргізуін жүзеге асырған.
Трестің өндірістік мәселелер бойынша бұйрықтары, өкімдері. Өндірістік және техникалық кеңестерінің хаттама-лары.
Құрылыс-монтажды жұмыстардың жоспарлары, құры-лыстың титулді тізімдері, еңбек бойынша жоспарлар.
Құрылыс-монтажды жұмыстардың, мердігерлік, өндіріс-тік және қаржылық-шаруашылық қызмет, ашып шығарған-дарын және рационализаторлық ұсыныстарды енгізу бойынша, еңбек бойынша жоспарды орындау туралы есептер. Бағыныш ұйымдар бойынша құрылыспен аяқталған объектілерін іске қосу туралы мемлекетік комиссияның актілері.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бух-галтерлік есептер.
Кадрлар бойынша жоспарлар және есептер, ордендер мен медальдармен марапаттанған қызметкерлер тізімі, Құрмет кітабы, өндіріс озаттарының тізімдері мен өндірістік мінез-демелері.
Ұжымдық шарттар. Кәсіптік комитет отырыстарының хаттамалары. Әлеуметтік жарыстар бойынша құжаттар.
№ 1 «Көкшетауауылқұрылыс» акционерлік қоғамы
Қор 212, 33 сақт. бірл., 1994-2000 жылдары
1993 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республи-касында мемлекеттік мүлікті мемлекеттен алу мен жекеше-лендірудің Ұлттық бағдарламасына сәйкес құрылған. Көкше-тау қалалық соттың 2000 жылдың 7 қаңтарындағы шешімі-мен банкрот деп танылып жабылған.
Құрылыс-монтажды жұмыстарды орындауымен, құры-лыс материалдарын, халықтық қолданудағы тауарларын шығару мен өткізуімен, коммерциялық, сауда-саттық және делдалдық қызметпен айналысқан.
Акционерлік қоғамның жарғысы (1997). Басқарманың қаулылары, негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
«Ауыл құрылысы» мемлекеттік акционерлік компаниясы бақылау кеңесінің отырыстарына, акционерлер жиналыстарына, басқарма отырыстарына хаттамалар.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бух-галтерлік есептер.
Қазақ, орыс тілдері.
№ 4 Көкшетау құрылыс тресі
Қор 262, 444 сақт. бірл., 1957-1967 жылдары
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1957 жылдың 17 қаң-тарындағы өкіміне сай «Көкшетауэлеватордиірқұрылыс» мамандырылған құрылыс-монтажды тресі құрылған. «Қаз-элеватордиірқұрылыс» Бас құрылыс басқармасына бағынды, 1961 жылдан – Тың аймақтық атқару комитеті жанындағы «Бастыңқұрылыс». Бастыңқұрылыстың 1963 жылдың 29 ма-мырындағы бұйрығымен № 4 құрылыс тресіне атауы өзгер-тілген. 1966 жылдан Қазақ КСР ауыл құрылыс Министрлігі Басэлеватордиірқұрылысының қарамағына тапсырылған.
Нан қабылдау пунктерін және ауыл мекендерінде бидай өндіру бойынша кәсіпорындарын салуын жүзеге асырған.
Өндірістік мәселелер бойынша бұйрықтар. Өндірістік мәжілістердің хаттамалары.
Құрылыс-монтажды жұмыстардың бағдарламалары, жоспарлары, жылдық титулді тізімдер, құрылыс-монтажды жоспарлар, құрылыста еңбек бойынша жоспарлар.
Құрылыс-монтажды жұмыстардың, объектілерді іске қосу жоспарын, еңбек, трест пен бағыныш ұйымдардың өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметі бойынша жоспарын орындау туралы есептер, мәліметтер, ақпараттар. Объектілерді іске қосу актілері.
Рационализация мен ойлап шығару бюросының отырыс-тарына хаттамалар, рационализаторлық ұсыныстарды енгізу, құрылыс механизациясы туралы жоспарлар және есептер. Жаңа техниканы дамыту және енгізу туралы статистикалық есептер.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, трестің және бағыныш ұйымдары мен кәсіпорындарының жылдық бухгал-терлік есептері.
Кадрлар бойынша жоспарлар және есептер, өндіріс озаттарының тізімдері.
Ұжымдық шарттар. Әлеуметтік жарыстар бойынша құжаттар.
№ 13 жол-құрылыс тресі
Қор 243, 102 сақт. бірл., 1972-1991 жылдары, Көкшетау қаласы
1972 жылдың 01 ақпанында құрылған. Қазақ КСР авто-мобильді жолдар Министрлігінің «Қазжолқұрылыс» басқарма-сына бағынды. 1992 жылдың 12 маусымында «Көкшетау-жолқұрылыс» акционерлік қоғамына қайта құруына байланыс-ты жабылған.
Автомобильді жолдарын, көпірлерді, жол құрылыста-рын, өндірістік базаларын, азаматтық және өндірістік арнауындағы объектілерді салу, реконструкциялау мен жөндеуін жүзеге асырған.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар. Мердігерлік құрылыс-монтажды жұмыстардың, капитал жарналарының жоспарлары. Автомобильді жолдардың техникалық деңгейін көтеру, табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын рационалды пайдалану бойынша жоспарлардың жобалары.
Негізгі қызмет бойынша есептер. Негізгі құрылыс машиналардың бары мен пайдалануы, отын, жылу және электр энергиясын пайдалану туралы жинақы статистикалық есептер. Құрылыспен аяқталған объектілерді іске қосу туралы мемлекет-тік комиссияның актілері, жол-құрылыс басқармалары бойынша орындалған жұмыс актілері.
Штаттық кестелер, жылдық бухгалтерлік есептер.
Кадрлар, трестің құқықтық жұмысы бойынша есептер, мәліметтер, анықтамалар, ақпараттар.
Кәсіптік комитет отырыстарының хаттамалары.
«Көкшетаужолқұрылыс» ашық акционерлік қоғамы
Қор 244, 75 сақт. бірл., 1992-2003 жылдары
1992 жылдың 12 маусымындағы № 13 жол-құрылыс тресін акционерлік қоғамға қайта құру туралы уақытша куәлік негізінде «Көкшетаужолқұрылыс" акционерлік қоғамы құрыл-ған, 1999 жылдың 1 желтоқсанынан «Көкшетаужолқұрылыс» ашық акционерлік қоғамға өзгертілген. 2003 жылдың 8 жел-тоқсанында «Гарант Жол Сервис» жауакершілігі шектеулі серіктестігіне қайта құруына байланысты жабылған.
Автомобильді жолдарын, көпірлерді, жол құрылыс-тарын, өндірістік базаларын, азаматтық және өндірістік арнауындағы объектілерді салу, реконструкциялау мен жөндеуін, коммерциялық қызметті, делдалдық қызмет көрсе-туді, халықтық пайдаланудағы тауарларды шығаруын жүзеге асырған.
Акционерлік қоғамның жарғысы, қағидасы. Негізгі қыз-мет бойынша бұйрықтар. Акционерлердің жалпы жиналыстары-на, басқарма, мандаттық комиссия отырыстарына хаттамалар.
Мердігерлік құрылыс-монтажды жұмыс жоспарлары.
Жоспарды орындау, объектілерді іске қосу, негізгі қор-лар мен капиталды жарналарын пайдалану, өндірістік өнімді шығару, негізгі құрылыс машиналарының бары және қолданы-луы туралы есептер, мәліметтер, еңбек бойынша есептер. Құрылыспен аяқталған объектілерін іске қосу бойынша мемле-кеттік комиссияның актісі.
Штаттық кестелер, жинақы жылдық бухгалтерлік есеп-тер.
Кадрлар бойынша есептер, акционерлер тізімі.
Кәсіптік комитет отырыстарының хаттамалары.
Қазақ, орыс тілдері.
«Көкше-Су» акционерлік қоғамы
Қор 136, 112 сақт. бірл., 1969-1972, 1981-1986, 1989-1999 жылдары, Көкшетау қаласы
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1968 жылдың 24 қаза-нындағы өкімі негізінде «Қазбассуқұрылыс» Су шаруашылығын салу бас басқармасының «Көкшетаусуқұрылыс» тресі құрыл-ған. Қазақ КСР мелиорация мен су шаруашылығы Министр-лігінің 1988 жылдың 23 тамызындағы бұйрығымен «Көкше-таусуқұрылыс» және «Көкшетауарнайысуқұбырықұрылыс» трестері таратылған, олардың негізінде «Көкшетаумелиора-ция» жобалы-құрылыс-эксплуатациялық бірлестігі құрылған, 1991 жылдың тамызынан «Көкшетаумелиорация» құрылыс-өндірістік бірлестігіне атауы өзгертілген, 1993 жылдың 27 желтоқсанынан «Тоғам» Мемлекеттік акционерлі компа-ниясының «Көкше-Су» акционерлік қоғамына қайта құрылған. 1999 жылдың 28 қазанында банкротына байланысты жабылған.
Су шаруашылық объектілеріне құрылыс, құрылыс-монтажды, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асырған.
1973-1980, 1987-1988 жылдарғы құжаттар тапсырыл-маған.
Акционерлік қоғамның қағидасы (1996). Трестің және акционерлік қоғамның негізгі қызмет бойынша бұйрықтары. Трестің техникалық кеңесі, акционерлік қоғамның бақылау кеңесі отырыстарының хаттамалары.
Құрылыс-монтажды жұмыстар, капитал жарналары, құрылыста еңбек бойынша жоспарлары.
Құрылыс-монтажды жұмыстарды орындау, объектілерді іске қосу туралы, мердігерлік қызметі бойынша есептер, анық-тамалар, мәліметтер.
Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы, жаңа техниканы енгізу, озатты технология, өндірістік процесстер механизация-сы, ашып шығарулар мен рационализаторлық ұсыныстарды енгізу, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы бойынша жоспарлар және есептер.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, жылдық бух-галтерлік есептер.
Кадрлар бойынша есептер, акционерлер тізімі.
Қазақ, орыс тілдері.
«Көкшетауколхозқұрылыс» тресі
Қор 290, 99 сақт. бірл., 1972-1982 жылдары
1972 жылы «Қазколхозаралыққұрылыс» Колхозаралық құрылыс ұйымдар Республикалық Кеңесі Президиумының шеш-мі негізінде Көкшетау облыстық колхозаралық ұйым құрылған, 1981 жылдың 13 мамырынан «Көкшетауколхозқұрылыс» тресіне атауы өзгертілген.
Облыс колхоздары мен совхоздарында әлеуметтік, өндірістік және ауыл шаруашылық арнауындағы объектілерде құрылыс-монтажды жұмыстарды жүзеге асырған.
Облыстық колхозаралыққұрылыстың кеңесі мен басқар-масы отырыстарының хаттамалары.
Құрылыс-монтажды жұмыстар, құрылыс-қаржылық және еңбек бойынша жоспарлар.
Құрылыс-монтажды жұмыстар жоспарларын орындау, жаңа техниканы енгізу туралы есептер, конъюктуралық шолу-лар, объектілерді іске қосу актілері. Рационализация мен ашып шығару, құрылыс-монтажды жұмыстар сапасы бойынша құжаттар.
Штаттық кестелер және шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер.
Кадрлар бойынша есептер, әлеуметтік жарыстар бойын-ша құжаттар.
Жалпы кәсіподақ жиналыстарының, кәсіптік комитет отырыстарының хаттамалары.
«Көкшетауқұрылысбөлшек» тресі
Қор 46, 46 сақт. бірл., 1969-1970 жылдары
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1969 жылдың 21 шіл-десіндегі қаулысына сай құрылған. Қазақ КСР құрылыс материалдар өндірісі Министрлігіне бағынған. 1970 жылдың тартылған.
Кірпіш пен темірбетонды бұйымдарды шығаруымен айналысты.
Жедел өндірістік мәжілістердің бұйрықтары, хаттама-лары.
Толық құрылыс, жергілікті құрылыс материалдарын өткізу, жиылатын темірбетонды жеткізу бойынша, қаржылық жоспарлар.
Толық құрылыс, шығарылатын өнімнің жақсартуы, қауіпсіздік техникасы бойынша конъюнктуралық шолулар, есептер.
Штаттық кестелер және шығындар сметалары, баланстар, жылдық қаржылық есептер, статистикалық есептер. Кадрлар бойынша есептер.
Көкшетау облыстық тас жолдар басқармасының № 15 Жол-құрылыс басқармасы (ЖҚБ)
Қор 82, 247 сақ. бірл., 1948-1970 жылдары
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас жол басқармасының 1948 жылдың 15 сәуіріндегі бұйрығымен № 2 Көкшетау машина-жол станциясы ұйымдастырылған, 1958 жылдан № 15 жол-құрылыс ауданға өзгертілген. Тас жолдар бас басқармасының 1960 жылдың 18 қазанындағы бұйрығы негізінде № 15 жол-құрылыс басқармасы деп атала басталған.
Негізгі міндеті автомобилді жолдарын салу мен реконструкциялау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру болып табылған.
№ 15 жол-құрылыс ауданы туралы қағида. № 15 жол-құрылыс басқармасының бұйрықтары. Техникалық мәжіліс-тердің хаттамалары.
Құрылыс-қаржылық жоспарлар, еңбек бойынша жылдық жоспарлар. Жолдар мен объектілерді салуда бас сметалар, құрылысқа жылдық титулді тізімдер.
Негізгі қызмет, құрылыста еңбек бойынша жоспарды орындау туралы жылдық есептері. Статистикалық есептер. Жаңа техниканы енгізу, рационализациялау, ашып шағару туралы мәліметтер.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, бухгалтерлік есептер.
Кадрлар бойынша есептер, өндіріс озаттарының тізім-дері, жас мамандар кеңестерін ұйымдастыру бойынша құжаттар.
Жалпы жиналыстардың, жергілікті комитет отырыстары-ның хаттамалары.
Ұжымдық шарттар, социалистік міндеттемелер, оларды орындау туралы мәліметтер.
«Қазэлеватордиірмонтаж» Көкшетау мамандырылған құрылыс-монтажды басқармасы
Қор 410, 80 сақт. бірл., 1957-1966 жылдары
1957 жылдың қаңтарында құрылған. «Мамандырылған элеватордиірқұрылыс» Жалпыодақтық құрылыс-монтажды тресіне бағынды. Тың аймақтық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің 1962 жылдың 2 сәуіріндегі шешіміне сай жаңа құрылған «Тыңэлеватордиірмонтаж» мамандырылған құрылыс-монтажды тресінің қарамағына тапсырылған, 1966 жылдың сәуірінен – «Қазэлеватордиірмонтаж» тресінің.
Облыстың бидай дайындау объектілерінде құрылыс-монтажды жұмыстарды жүзеге асырған.
Өндірістік мәжілістердің, техникалық кеңес отырыста-рының хаттамалары.
Техөндірісқаржыжоспарлар, өндірістік бағдарламалар, құрылыс-монтажды жұмыстардың жоспарлары, толық жұмыс-тардың жылдық титулді тізімдері. Штаттық кестелер және шығындар сметалары.
Құрылыс-монтажды жұмыс және еңбек бойынша жоспарларын орындау туралы есептер, анықтамалар, мәлімет-тер. Мекемелермен, ұйымдармен құрылыс мәселелері бойынша хат алмасу.
Кадрлар бойынша есептер.
Ұжымдық шарттар. Жалпы жиналыстардың, кәсіптік комитет және оның комиссиясы отырыстарының хаттамалары.
№ 17 «Совхозқұрылыс» тресінің Краснояр құрылыс-монтажды басқармасы (ҚМБ)
Қор 200, 36 сақт. бірл., 1962-1967 жылдары, Көкшетау ауданы Красный Яр селосы
Тың аймақтық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитеті Бастықұрылысының 1962 жылдың 9 ақпанындағы бұйрығы негізінде құрылған. «Көкшетаусовзозқұрылыс» тресі- не бағынды, 1963 жылдан - № 17 «Совхозқұрылыс» тресіне.
Аудан жерінде объектілерді салу бойынша құрылыс-монтажды жұмыстарды жүзеге асырды.
Өндірістік мәселелер бойынша бұйрықтар.
Құрылыс-монтажды жұмыстар, объектілерді іске қосу жоспарлары, құрылысқа титулді тізімдер, еңбек бойынша жоспарлар.
Негізгі қызмет бойынша жылдық есептер, құрылыс-монтажды жұмыстардың өзіндік бағасына есептері мен анализ-дері, жоспарды орындау және объектілерді іске қосу туралы анықтамалар.
Штаттық кестелер және шығындар сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер, статистикалық есептер. Кадрлар бойынша жылдық есептер.
Ұжымдық шарттар. Жалпы жиналыстарының, кәсіптік комитет отырыстарының хаттамалар.
№ 57 Көкшетау механикаландырылған колоннасы
Қор 222, 49 сақт. бірл., 1951-1965 жылдары
[1947 жылы] «Ауылэлектр» Ақмола кеңсесінің «Ауыл-электр» Көкшетау прораб учаскесі құрылған, 1949 жылдың қаңтарынан «Ауылэлектр» Көкшетау облыстық құрылыс-монтажды кеңсесіне қайта құрылған. «Қазқұрылысэлектр-монтаж» Республикалық тресінің 1955 жылдың 26 ақпанын-дағы бұйрығына сай «Қазқұрылысэлектрмонтаж» құрылыс-монтажды басқармасына өзгертілген, 1961 жылдың қаңтары-нан «Құрылысэлектрмонтаж» құрылыс-монтажды басқарма-сы деп атала басталған. КСРО энергетика мен электрифи-кация Мемлекеттік өндірістік комитетінің 1963 жылдың 18 қарашасындағы бұйрығына сай «Құрылысэлектрмонтаж» мамандырылған тресінің № 57 механикаландырылған колонна-сына өзгертілген.
Қызметтің негізгі түрі – электртасымал линияларын және станцияларын салу.
1947-1950 жылдарғы құжаттар тапсырылмаған.
Ауыл шаруашылығын электрификациялау бойынша толық, құрылыс-монтажды жұмыстардың жоспарлары. Электр-тасымал линияларын тапсыру актілері. Өндірістік-шаруашылық қызметтің анализдері.
Штаттық кестелер, шығындар сметалары, бухгалтерлік есептер.
Кадрлар бойынша есептер, қызметкерлер тізімдері, тың және тыңайған жерлерді игеруге комсомол іссапар билеттері.
№ 7 Көкшетау құрылыс-монтажды пойызы (ҚМП)
Қор 173, 119 сақт. бірл., 1955-1967 жылдары
1955 жылы КСРО дайындау Министрлігінің 1954 жыл-дың 22 қарашасындағы бұйрығына сай «Петропавлдайындау-құрылыс» тресінің Көкшетау құрылыс-монтажды басқармасы (ҚМБ) құрылған. 1957-1963 жылдары «Көкшетауэлеватор-диірқұрылыс» тресіне бағынды. 1963 жылдан - № 4 Көкшетау құрылыс тресіне, соның 1966 жылдың 30 маусымындағы бұйрығымен № 7 құрылыс-монтажды пойызына өзгертуіне байланысты басқарма жабылды.
Негізгі қызметі – элеватор, бидай кептіру, бидай қойма-ларын салу.
Қорда Дауыт ҚМБ 1958-1965 жылдарғы, Қызылту ҚМБ 1956-1967 жылдарғы, Ленинград ҚМБ 1957-1965 жылдарғы, Тайынша ҚМБ 1958-1963 жылдарғы құжаттары бар.
Құрылыс-монтажды басқарма туралы қағида.
Құрылыс-монтажды басқарманың өндірістік мәселелер бойынша бұйрықтары.
Өндірістік мәжілістердің, мамандырылған комиссия отырыстарының хаттмалары.
Құрылыс-монтажды жұмыстардың жоспарлары, жылдық титулді тізімдер. Объектілерді іске қосу жоспарын орындау туралы, құрылыс механизациясы туралы, құрылыста еңбек бойынша есептер, анықтамалар.
Рационализаторлық ұсыныстарды және шығарылым-дарды енгізу бойынша құжаттар (бұйрықтар, хаттамалар, қорытындылар).
Штаттық кестелер, шығындар сметалар, жылдық бухгал-терлік есептер.
Кадрлар бойынша есептер. Жалпы жиналыстардың, кәсіптік комитет отырыстарының хаттамалары.
Достарыңызбен бөлісу: |