ФМЦТ институты
1-курс 6В01501-Математика
Ерменбаева Ақмейір
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
2-тақырып ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес
Негізгі сұрақтар:
Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы
Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.
Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!»
Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.
Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторынын Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».
Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді.
Қазақтар петицияда өздерінің діни істеріне басшылық етуді Орынбор діни басқармасының қарамағына беруді талап етті. Сондай-ақ қазақтар мешіттер мен медреселер салуына еркіндік берілуін, діни әдебиеттер басып шығару үшін баспаханалар ашылуын өтініш ретінде ұсынды. Меккеге қажылыққа емін-еркін барып келуді, қазақ ауылдарына христиан дінін таратушы миссионерлердің баруына тыйым салуды талап етті. Жасы кәмелетке жетпеген қазақ жастарының басқа дінді қабылдауына тыйым салу талабы да қойылды..
XX ғасырдың бас кезінде жер мәселесі одан әрі шиеленісе түсті. Сондықтан да петицияларда бұл мәселеге ерекше зор көңіл бөлінді. Шекара шебіндегі ені он шақырымдық алқаптың және соңғы 20 жыл ішінде тартып алынған жерлердің өзінің бұрынғы заңды иелеріне қайтарып берілуі талап етілді. Ал қазақтардың бұған дейін көшіп-қонып жүрген аумақтарындағы басы артық жерлер Кавказ бен Ресейден қоныс аударып келетін мұсылмандарға ғана берілуі ұсынылды. Қыстаулар мен жазғы жайлаулар өздерінің бұрынғы иелерінің қарауында қала беруі тиіс деп көрсетілді.
2.Қазақ депутаттарының Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы
Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.
Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция "мұсылман фракциясы" және "мұсылман қызмет фракциясы" болып екі топқа бөлінеді. 1907 жылдың 21 сәуірінен мұсылман депутаттары "Дума" газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды. Мұсылман фракциясы Ресейдің шет аймағындағы отарлау саясатын әшкерелеп, парламенттік жолмен күрес жұргізді. Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына, Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракция құрамына кірді.
3. Бірінші дүниежүзілік соғыс және жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі
Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. XX ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.
Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.
Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалис-теріне қарағанда қарама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Англия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды.
Дегенмен, германдық сауданың өсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп, одан ағылшын бұйымдарын ығыстыра бастауы Англия мен Германия арасындағы қатынасты қиындата түсті.Германияның қуатты әскери-теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы Англияның сыртқы саясатына күрт өзгерістер енгізді. 1904 жылы бұл елде Франциямен жақындасу үшін ірі қадамдар жасалды. Бұл Англия мен Ресей арасындағы қарым-катынастардың жақсаруына алғы шарт жасадьі. Патша өкіметі Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның шет елдерге борышы 8 миллиард сомға тең болды. Оның үстіне Ресей Англия меи Францияның көмегі арқасында бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери күшін пайдаланбақ еді. Бірақ ағылшын-орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа түсті. Ең алдымен олар өздерінің Иран, Ауғанстан, Тибеттегі бақталасты істерін реттеді. Ақырында орыс-француз одағы мен ағылшын–француз Антантасы бірігіп, үштік келісімге айналды.
Бір-біріне қарама-қарсы Үштік Одақ пен Үштік келісімнің құрылуы басты империалистік мемлекеттер арасындағы күресті одан әрі үдетті. Алайда, одақ қүрамына кірген мемлекеттер арасындағы өзара қайшылықтар жойылған жоқ. Мәселен, Италия мен Австрия–Венгрия монополистерінің өзара қақтығыстарының өршуі нәтижесінде Италия өзі кірген Үштік Одақтан 1909 жылдан бастап іргесін аулақ сала бастады. Ал, Австрия–Венгрия ақырында Герман империялистерінің жандайшабына айналды.
Үштік келісімдегі жағдай да осындай еді. Өзара қырқыс тоқталмаганымен, күш алып келе жатқан жас герман империализмі алдында біршама жұптарын сақтай білді. Мысалы, Мароккадағы імпериалистік билік үшін таластың арты 1911 жылы герман-француз соғысына айналу қаупі туған кезде Англия батыл түрде Францияны қолдады. Германия шегінуге мәжбүр болды, оның солтүстік Африкада отарларға ие болу ойы іске асқаң жоқ. Антанта Үштік Одаққа жік салу арқылы әлсіретуге тырысты. Оған 1911 жылғы Түрік–Италия соғысын пайдаланды, Антанта Италияны қолдады. Ал Германия Түркияға көмек көрсете алмады. Себебі Австрия–Венгрия, Италия және Германия одақтастар еді. Соғыстың нәтижесінде Италия Ливияны билеу құкына ие болды.
Екі империалистік блоктардың арасындағы күрес 1912–1913 жылдары Балқан соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуын тездетті. Бірінші Балқан соғысы (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан одағы мен Түркия арасында болды. Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Грекия және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Түркиядан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Түркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балкан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балкан түбегінде Антанта бағыты күшейді.
Әйтсе дс Балкан одағының мемлекеттері өз жеңістерінің нәтижелерін бөлісе алмады. Оны Герман-Австрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын кұлатудын бар амалын істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мея Грекия оған қарсы жасырын келісімге келді. Екінші Балкан соғысына әкеп соқты (29.VI—10.VIII.1913). Онда Грекия, Сербия және Черногория Болгарияға қарсы соғысты. Оларға Румыния мен Түркия қосылды. Соғыс Болгарияның женілуімен аяқталды.
Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Солтүстік Македония және Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік берді. Балкан соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория 11,9 мың, Грекия 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Түркия 156 мың адамынан айырылды.
Бұл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті. Балкан Одағы жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне Румыния Австрия ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сөйтіп, Балкан түбегіндегі бірінші топ – Сербия, Черногория, Грекия және Румыния Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен Түркия Германиямен бірікті.
Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-бірінс айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ (бейтараптық сақтайды деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итсрмеледі.
Осы жагдайда 23 маусымда Сараевода австрия тағының мұрагері принц Франц Фердинанд өлтірілді. Венада қатты абыржушылық байқалды. Австрия үкіметі бір айға жуық үн-түнсіз жатып алды. Тек қана Германияның желпінтуінен ғана шілде айында Сербияға қарсы үзілді-кесілді талап қойылды. Ол қойылған он шарттың тоғызын қабылдайтынын мәлімдеді. Тек тергеу ісін жүргізу үшін австриялықтарды өз жерлеріне жіберуге қарсы болды да, барлық даулы мәселелердің төрелігін Гааглық трибунал шешсін деп сауал салды. Алайда Австрия–Венгрия 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал Түркия мен Болгария австро-германдық блок жағына шықты.
Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мен Ресейдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар.
4.Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас.
Қазастанның Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуы халықтың ұлттық санасының өсіп, өзгеруіне, тарих ғылымының жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудағы рөлінің күшеюіне үлкен дәрежеде өз ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде жаңа заманның қоғамдық өмірінде болып жатқан күрделі құбылыстармен тығыз байланыста қаралатын өткен тарихи шындықтарды қалпына келтірудің үлкен проблемалық маңызы артып отыр. Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бірінші дүние-жүзілік соғыс кезіндегі күресі, жергілікті халықтың өздерін еріксіз түрде майданның қара жұмыстарына мобилизация жасауға көрсеткен қарсылығының Орта Азия мен Қазақстандағы өте күшті көтеріліске айналуы және де осыған байланысты көптеген мәселелер ұлттық мемлекеттің нығаю процестерімен тіке байланыстыра қарауды қажет етеді.Тұтас алғанда, Қазақстандаңғы 1916 жылғы көтерілістің отаршылдыққа қарсы және феодализмге қарсы сипаты болды, оның негізгі қорғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы болған еді.Ресейдің отаршыл патшалық үкіметінің қарсы қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің көпшілікке белгісіз, тарихи ақтаңдақтардың бірі-патшаның «25 маусым жарлығы» бойынша жасы 19 бен 31 жас аралығындағы «соғыс жүріп жатқан жерлердегі майданның қара жұмыстарына» барған қазақ жігіттерінің тағдыры, олардың елден тыс алыста қандай жұмыстар істегені, майдан шебіндегі қандай жерлерінде болғандығы туралы белгісіз деректер болып табылады.Ресей патшасы II Николай Министірлер Советінің ұсынысымен 1916 жылы маусымда бұратына халықтардың ер адамдарын бекініс құрылыстарын және байланыс жолдарын салу үшін майданның қара жұмысына алу туралы жарлық шығарады. Осы жарлық бойынша, 19 бен 43 жас аралығындағы бұрын әскер міндетін атқармаған Астрахань, Сібір, Сырдария, Орал, Торғай және Закаспий облыстарының, Кавказдың Тер және Кубань облыстарының халықтары реквезицияға ұшырады.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс проблемалары географиялық жағынан да өте тар шеңберде қарастырылады: негізінен көтерілістің Жетісу ошағы мен Торғай орталығына баса назар аударылды. Қазақстанның батыс аймағы бойынша, өкінішке орай, толыққанды зерттеулердің осы күнге дейін жоқтығын айтуға тура келеді. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.Торғай және Орал облыстары бойынша 1916 жылғы көтеріліс зерттеу қазіргі Қазақстанның Батыс аймақтарындағы ұлт-азаттық қозғалыс ерешеліктерін ұғуға мүмкіндік береді.
5.Ресейдегі ақпан, қазан революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.Жалпы қазақ съезі және Алаш партиясы.
1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде монархия құлатылды, оның Қазақстанға әсері:
1.Қазақтар патша билігінің құлатылуын құптап, оны өздерінің ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі деп білді.
2.Ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары ұлттық автономия құрып, жалпы ұлт мәселелерін шешетін сәт труды деп канады.
3. Елде қос өкімет оранды жилы наурыз-сәуір айларында жер- жердь жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі және Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді.
4.Саяси партиялар мен ағымдар 1917 жылы шілдеде Орынборда «Алаш» партиясы 1917 жилы қыркүйекте,Түркістан федералисте партиясы Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы»,Ақмолада «Жас қазақ» ұйымы 1917 жылы 6-13 желтоқсанда Орынборда өткен II-жалпы қазақ съезінде «Алаш» партиясы құрылып, Алашорда автономиясының мүшелері сайланды.
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:
Мемлекет билеу түрі
Қазақ облыстарында автономия;
Жер мәселесі;
Оқу мәселесі және т.б.
Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған.
Сьездің нәтижесінде автономияның астанасы ретінде Жаңа-Семей қаласы таңдалды. Кейін қаланың аты Алаш деп ауыстырылды.
«Алаш» партиясының өмірге келуі
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл съезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов
баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек еткен болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |