Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет1/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Лекциялар курсы

Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы, профессор Қ. C. Қаражан

Алматы 2009

УДК 94(574) ББК 63.3(5Қаз)я73 Қ 18

Баспага әл-Фараби атындагы Қазақ үлттъщ ymteepcwnemi mapitx факулътетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялыц-баспа кеңесі үсынган

Пікір жазғандар:

тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. M. Атабаев тарих ғылымдарының докторы, профессор M. Ж. Әбдіров

Авторлар ркымы:

Қ. C. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф. A. Қозыбақова, T. Мекебаев, C. C. Саржанова, C. Смагұлов, Ш. Б. Тілеубаев.

Қ 18 Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы.

Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. C. Қаражан.— Алматы: Нұр-пресс, 2009.— 376 б.

ISBN 9965-813-69-8

Тарих емес факультеттердің студенттеріне арналған Қазақстан тарихының ежелгі дәуірінен қазіргі заманға дейінгі аралықты қамтитын лекциялар курсын кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сай эл-Фараби атындағы Қазақ ұлттык университеті тарих факультетінің Қазақстанның жаңа жэне қазіргі заман тарихы кафедрасының ркымы дайындаған. Ав­торлар ркымы қасіретті, күрделі жэне ұлы оқиғаларға толы көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның тарихи тәжірибесін қарастырады. Оқу қүралы жаңа деректер негізінде қүрастырылған. Оқулық мазмүны проблемалық түрғыдан баяндалып, Қазақстанның өткені мен бүгінгі қүбылыстарын объективті түрде көрсетуге бағытталған. Лекциялар курсы жоғары жэне орта арнайы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған.






қ
0503020905 00(05)09

ISBN 9965-813-69-8 © Авторлық үжым, 2009. © Нүр-пресс, 2009.

КІРІСПЕ

Кейінгі жылдары Қазақстан тарихы бойынша біршама оқу- лықтар жарық көрсе де, еліміздің тарихының элі де болса, жете қа- растыратын қалтарыстары баршылық. Бүл лекциялар курсы бүрын сыңаржақ қарастырылып келген тарихи оқиғаларға жаңаша баға берумен қатар, Қазақстан тарихының кезінде жазуға тыйым салған "ақтаңдақ" беттерін де тарих оқулығына қойылатын бүгінгі биік та- лаптар түрғысынан саралаған. Біздің қазіргі заманғы тарихымыздың aca ауыр түстары кеңестік экімшіл-эміршіл кезеңмен сэйкес келеді. ¥сынылып отырған лекциялар курсы міне, осы кезеңнің қайшылықты түстарының кейбір көлеңкелі, бірақ тарихымызда үзақ жылдар бойы "жабық" болып келген мэселелерін жаңа, егемен елдің тарихы түрғысынан баяндауға қүрылған. Кеңестік тоталитарлық жүйенің жазықсыз жазалауына үшыраған халқымыздың көрнекті мемлекет, ғылым мен мэдениет қайраткерлерінің еңбегіне лайықты баға берілген.

Болашаққа тағылым болу үшін өткен жолымызды зерделегеніміз абзал. Ол үшін бүгінгі үрпақ ата-тек сабақтастығын қаз-қалпында, кэусар күйінде білуге тиіс, тек қана шындық айтылуы керек. Міне, осы түрғыдан алғанда бүл лекциялар курсы бүгінгі күннің талаптарына жауап береді. Себебі, онда өткен тарихтың өзекті мәселелері көтеріліп, олар бар мүмкіндігінше толық та жан-жақты қамтылған. Лекциялар курсында Қазақстанның ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы жоғары оқу орындарының тарих емес мамандықтарының студенттеріне кредиттік оқу жүйесіне сай типтік бағдарлама көлемінде баяндалады. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшу жағдайлары, оның негізгі кезеңдері, жаңа экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жэне мәдени дамудағы кейінгі жылдардағы қол жеткен табыстары, тэуелсіз Қазақстанның элемдік қауымдастықтағы алып отырған орны мен рөлі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылдан бергі Қазақстан халқына Жолдаулары жэне т.б. еңбектері пайда- ланылып, ең соңғы мәліметтер келтіріліп, студенттерге қажетті деңгейде жазылған.

Қазақ халқы өзінің жерін, елін, тәуелсіздігін сақтап қалу жо- лында талай қуғын-сүргіндерден өтіп, «ат ауыздығымен cy кешкен, ep толарсақтан саз кешкен» замандарды өткерген. Қазақтың кең- байтақ, қазынаға бай жеріне, берекелі еліне сырттан кім көз аларт- пады дейсіз. Жайылымдық жер, жазиралы алқаптар мен сан тарау сауда жолдары үшін болған қақтығыстар үздік-создық жалғаса келе ондаған жылдарға созылған соғыстарға айналғаны тарихтан мэлім. Солардың бэрінде қазақ халқының «мың өліп, мың тірілгенін», тарихи-тағдырдың түщысынан гөрі ащысын көп татқанын жақсы білеміз.

Сан ғасырлық тарихымыздың асыл қазыналары түгел ашыл- ды, жүмбақтары түтас шешілді деу асылық болар. Түгенделмеген дүниеміз, қалпына келтірілмеген қатпарлы тарихи шындықтарымыз элі де қаншама. Егемен ел болып, еңсе көтергелі бері ғасырлар ауқымына жүк боларлық қыруар шаруа атқарылса да рухани кемелдікке қол жеткізу үшін алдағы уақытта да тынымсыз ізденіс, тыңғылықты зерттеулер бір сәтке толастамайды деп ойлай- мыз. Қолдарыңызға тиіп отырған осы лекциялар курсында туған Отанымыздың шежіре-баянын жан-жақты жүйелеп, ғылыми- танымдық түрғыда оқырман назарына үсынуға алғашқы қадам жасалды. Егер осы оқулық тарихи болмысымызды тануға септігін тигізіп жатса, діттеген мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.

Елімізге қатысты маңызды оқиғалар мен тарихы жөніндегі зерттелген, ғылыми-ақпараттық айналымға түскен деректерді мүмкіндігінше мол қамтуға тырыстық. Тарих тәжірибесі — үрпақтардың кешегісі мен бүгінгісінің ең сүбелі, нағыз прогресшіл қасиеттерін біріне-бірін жалғастыратын өмір эстафетасы. Бүгінде Қазақстанның толыққанды тәуелсіз мемлекет болған жағдайында тарихымызды білу, қазақ халқы жинақтаған бай тәжірибені игеру, жаңа үрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде, олардың белсенді өмірлік айқындамасын қалыптастыруда мейлінше маңызды. Тарихқа, тари­хи бастауларға, тәжірибеге біз қаншама терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғүрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз.

Міне, осы түрғыдан алғанда үсынылып отырған оқулық кеңестік қоғамның тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде болған өткен тарихымыздан тағлым алғызып, тарихи шындықты бүрмалаудан сақтандырады. Оқу қүралында берілген материалдар тарихтың көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі көптеген мәселелерді қайта қарастырып, жаңа баға беруге, ақтаңдақ беттерді ақиқат шындықтармен толастырып, студенттер мен оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп, тарихты бүгінгі күн түрғысынан зерделеуге мүмкіндік беретіндігіне күмэн жоқ. Бүл оқу қүралы өткенімізді білуге, оны бүгінгі қалыптасқан ойлау жүйесі мен көзқарастар түрғысынан түсінуге, студенттердің ынта-ықыласын бүрынғыдан да арттырары сөзсіз.

¥сынылып отырған лекциялар курсы Қазақстан тарихы бойын- ша студенттерге оқылып жүрген дәрістер мен семинар сабақтарын толықтырып, егеменді еліміздің тарихы бойынша жазылатын жаңа оқулықтарға қажетті тың деректер мен мағлүматтар береді деген сенімдеміз. Сондай-ақ халқымыздың тарихын жастардың зердесіне қүйып, оларды осы тарихтың тағлымымен таныстырудың, әсіресе, жоғары, орта оқу орындарында оқып жүрген студенттердің тарихи санасын бүгінгі талаптар түрғысынан қалыптастыруда белгілі бір үлес қосады деген ойдамыз. Бүгінгі күнде Қазақстан тарихының тереңдетіп оқытылуы, мүндай лекциялар курсына студенттердің aca зэру екенін көрсетіп отыр.

1-тақырып ЕЖЕЛГІЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАН

шмтшттшттшшшшшшшшш^

  • Қазацстан mac гасыры дәуірінде

  • Қазацстан аумагындагы цола дәуірі

1. Қазақстан тас ғасыры дәуірінде

Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихы үзақ-үзақ кезеңдерге бөлінеді. Көне тарихтың үзақ уақытты қамтитын маңызды бөлігі археологиялық дерек көздері бойынша зерттеледі. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сэйкес адамзат тарихы тас, қола, темір жэне ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді.

Алғашқы қауымдық қүрылыс адам баласының өсіп дамуындағы ең алғашқы кезеңі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда алғашқы қауымдық қүрылыстың дамуы барлық жерде бірдей болған. Елімізде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жүмыстар өткен өмірдің даму тарихының алғашқы кезеңдерін ашып, дүние жүзілік адам қоғамының зерттелуіне өз үлестерін қосуда. Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың тастан жасалған қүрал-саймандары, қоныс-жайлары табылып отыр. Бүл археологиялық ескерткіштер Қазақстандағы алғашқы қауымдық қүрылыстың болғандығын дәлелдейді.

Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адам- нан, екінші — оның тас қүралынан түрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас қүралдардан бастайды.

Қазақстандағы алғашқы қауымдық қүрылыс ескерткіштерінің зерттелуінің азды-көпті өзіндік тарихнамасы бар. Қазақстан жерін- дегі тас қүралдар туралы алғашқы деректер XIX ғасырдың 50-жыл- дарынан басталады. 1862 жылы Гурьев облысының Александров портынан пышақ тәріздес тас қүралдар табылса, ал 1883 жылы Абайдың досы E. П. Михаэлстің тілегі бойынша Семей қаласында өлкелік музей ашылып, оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас найзаның үштары, қырғыштар, пышақ тәріздес тас қүралдар, тас балталар қойылады. Тастан жасалған қүрал-саймандар, әсіресе, XX ғасырдың басында Қазақстанның эр жерінен табылып, ол туралы баспасөз беттерінде жазыла бастайды. 1895 жылы академик B. B. Бар- тольдтың бастамасы бойынша Түркістан әуесқой археологтар қо- ғамы қүрылып, Қазақстан бойынша көне дэуірдің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап, олар туралы хабар беріп отырған. Қазақстандағы алғашқы қауымдық қүрылыстың тас қүралдарының нағыз ғылыми түргыда зерттелуі 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алына бастады. Кеңес дэуірінің алғашқы кезінде қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық қүрылыстың ескерткіштерінің бетін ашуда С. И. Руденконың еңбегі атап айтарлықтай. Оның жа- зуы бойынша алғаш рет Қостанай облысындағы Қайранкөл маңынан мысты-тас дэуірінің қонысы белгілі болған. Сол сияқты көрнекті археолог ғалым M. П. Грязнов, И. B. Синициндер 30-жылдары Қарағанды, Батыс Қазақстан жерінен жаңа жэне мысты-тас дэуірінің қоныстарын тапқан.

Жерімізде алғашқы адамдардың қүрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә. X. Маргүлан бол- ды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экс- педициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дэуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дэуірінің шақпақ тастан қүрал жа- сайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә. X. Марғүлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тау- ып, оларға ғылыми сипаттама жазған.

Елімізде тас дэуірінің нағыз ғылыми түрғыдан зерттелуі 50- жылдардың 2- жартысынан басталады. Қазақ ¥лттық акаде- миясы Ш.Уэлиханов атындағы тарих, археология жэне этногра­фия институтының ғылыми қызметкері тас дэуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы қүрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жүмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дэуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіш- терді тапты. Бүл жүмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төмеигі тас дэуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сой- Tin, Қазақстандагы алгашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жүмыс жолга қойылды. XX гасырдың 80- жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дэуірін зерттеуді Ә. X. Маргүлан атындагы археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймагамбетовтың жетекшілігімен эл-Фараби атындагы Қаз¥У-дың галымдары жүргізіп келеді. Ж. K. Таймагамбетовтың бастамасы жэне жетекшілігімен 2000 жылы эл-Фараби атындагы Қазақ үлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алгаш рет па­леолит мүражайы ашылды.

Қазақстанның солтүстік аудандарында алғаш рет неолит дэуірінің қоныстарын 1926 ж. M. П. Грязнов пен M. H. Комарова зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолит кезеңінің ескерткіштерін тауып жэне оларға ғылыми зерттеу жүмысын жүргізуде архео­лог ғалым C. Черниковтың еңбегі зор. Ол «Кіші Красноярск» жэне «Усть-Нарым» қоныстарына қазба жүмыстарын жүргізді. Сырдарияның төменгі ағысында Арал жағалауында, Қызылорда облысының жерінде неолит кезеңінің қоныстарын зерттеуде Хо­резм археологиялық экспедициясының меңгерушісі С. П. Толстов- тың сіңірген еңбегі айтарлықтай. Неолит ескерткіштерін зерттеу­де академик Ә. X. Марғүланның, тас дэуірінің маманы X. A. Ал- пысбаевтың еңбегі зор.

Адамның алғашқы еңбек қүралдары тастан жасалған. Сондық- тан да aca үзаққа созылған алғашқы тарихи кезең — тас дэуірі деп аталады. Tac дэуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:

    1. Палеолит — ежелгі тас дэуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан — 12 мыңжылдыққа дейін);

    2. Мезолит — орта тас дэуірі (б.з.б. 12—5 мыңжылдықтар);

    3. Неолит — жаңа тас дэуірі (б.з.б. 5—3 мыңжылдықтар);

Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте па­леолит (б.з.б. 2,5 млн.— 140 мыңжылдықтар); 2) орта палеолит (б.з.б. 140—40 мыңжылдықтар); 3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40—12 мыңжылдықтар).

Соңгы жылдары бүл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дэуірге — ерте жэне кейінгі дэуірге бөліп, мустье мен кейінгі палеолит арасына меже қояды. Бүл кезеңдеу бойынша ерте палеолит үш ipi дэуірге бөлінеді: олдувэй дэуірі (б.з.д. 2,6 млн.— 700 мың жыл), ашель дэуірі (б.з.д. 700 — 150—120 мыңжылдықтар) жэне мустьер дэуірі (б.з.д. 150—120 — 30—25 мыңжылдықтар). Кейінгі палеолит б.з.д. 30—25 — 12—10 мыңжылдықтарды қамтиды.

Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуірі- не жатады. Ежелгі адамның қалдықтары эзірше табылған жоқ, бірақ олардың мекен-жай, түрақтары табылып, зерттелуде. Адамдардың қоныстануына қолайлы жердің бірі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең көне еңбек қүралдары табылды. Көне тас дэуірінің алғашқы кезеңінің ескерткіштері Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің бойынан Қызылтау, Тэңірқазған, Бөріқазған, Тоқалы жэне Ақкөл деген жерлерінен табылған. Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дэуірге жататын ескерткіш табылды. Қарасу түрағынан тастан жасалған 15 мыңға жуық заттар табылған.

Орталық Қазақстанда ежелгі палеолит адамы оңтүстікке қарағанда кешірек пайда болған. Ол көбінесе Балқаштың солтүстік жағалауын мекендеді. Бүл жерден сол уақыттағы адамдар түрағы көбірек табылды.

Ерте палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған — оларды бір-біріне соғатын болған. Мүндай тәсілді жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен, өйткені, шикізатретінде көбінесе өзен малтатастары пайдаланылған. Ерте палеолитте адамдар тасты жару үшін жүмыр тас қолданды. Дайындалған қүрал кейін шапқыш ретінде қолданылды. Бүл кезде қолшапқы қарудың aca оңтайлы, кең тараған түрі болды.

Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табыл­ды. Осындай түрақтардың бірі — Қүдайкөл Сарыарқаның теріскей- шығыс шетінде орналасқан.

Орта палеолит (мустьер) кезеңінде тас өңдеу әдістері жетілдіріле бастады. Енді еңбек қүралдарын дөңгелек өзек тастан (нуклеус) жа- cay әдісі кең тарады. Сол кездегі қарулардың негізгі түрлері тілгіштер мен қырғыштар болды. Бүл кезеңде адам ағаш бүтағын бір-біріне үйкей отырып немесе шақпақ тастарды үрып үшқын шығарып, от алуды үйренді. Алғашқы діни сенім қалыптасты. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызып жерлеген. Өмір мен өлім туралы түсінік, өлгендерге қүрметпен қарау белгілері пай­да бола бастаған. Орта палеолит кезеңіндегі адамды неандертальдық деп атайды. Ежелгі адамдардың үйымы — үлкен қауым орта палео­литте қалыптасты.

Орта палеолиттің белгілі түрақтары мыналар: Қаратау аймағындағы Топалы шатқалынан табылған жэне Ақкөл көлінен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек түрақтары. Осы кезеңге жататын түрақтар, сондай-ақ Арыстанды мекенінен де табылды. Солардың ішіндегі ең күрделісі Ш. Уәлиха- нов атымен аталды. Үшбүлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының уақытша түрағы табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі — Жезқазған облысындағы Обалысай түрағы, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысындағы Мүзбел жэне Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы, яғни Қарағанды- ның солтүстігіндегі Батпақ шатқалы, жоғары Ертіс өңіріндегі Қанай ауылы маңындағы түрақтар. Мустьер кезеңінің жаңа ескерткіштері 1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданы- нан табылды. Олар — Өгізтау I жэне II, Үлкен Ақмая түрақтары. Батыс Қазақстанның, әсіресе оның Маңғыстау түбегінде түрған палеолиттік ескерткіштері айрықша қызғылықты. Бүрынырақ кезде А. Г. Медоев жэне кейінірек Ж. Қ. Таймағамбетов ашқан түрақтардың бэрі Каспий теңізі жағалауының сөре алаңдарында орналасқан.

Кейінгі палеолит біздің заманымызға дейінгі 40 мың жылдан 12 мың жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бүл — адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған жэне нәсілдер мен нәсілдік топтардың қүрылған кезі. Осы дэуірде дене бітімі қазіргі адамдарға үксас адамдар («саналы адам») қалыптасты. Мүндай адамның сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны кроманьондық деп атайды. Бүл кезеңде пышақ тіліктер, қырғыштар т.б. тас қүралдары пайдаланылды. Қарулар жетілдірілді. Аң аулауда найза лақтырғыш қолданылды.

Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен үйымының түрі — рулық қауым қалыптаса бастады. Оларда мықты аналық рулық қауым қарым-қатынасы орнады. Әйелдің қоғамдық өмірде биік орынға ие болуы қауымдық үй шаруасының ерекшелігімен, әйелдің үрпақты жалғастырушы ретіндегі отбасылық рөлімен де анықталып қойылған.

Оңтүстік Қазақстаннан бірқатар кейінгі палеолиттік ескерткіш- тер табылды. Олардың ішіндегі ден қоярлығы Шолаққорған қалашығының батыс жағынан табылған Ащысай түрағы. Орталық Қазақстандағы Батпақ түрағынан ipi қырғыш тастар мен сүңгінің үштары табылды. Үшінші Қарабас көмбесінен 172 порфириттен жасалған заттар табылды. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка, Үңгір жэне Ново-Никольское түрақтары белгілі болды.

Қазақстан жерінде кейінгі палеолиттің толық зерттеліп біткен ескерткіштері онша көп емес, бірақ қолдағы бар материалдар көне тас дэуірі адамдарының материалдық мәдениеті дамуының ешбір үзілмей, үдайы жүріп отырғанына, сол сияқты Қазақстан аумағындағы қоныстану процесінің де үзілмегендігіне көз жеткізеді.

Кейінгі палеолит кезеңін мезолит (Б.з.д. 12—5 мыңжылдықтар) алмастырды. Бүл кезең аз зерттелген. Сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек. Бүл кезеңде жебелі садақ пен буме­ранг дүниеге келді. Қазба жүмыстары кезінде садақ жебесінің доғал жэне домалақ үштары да табылды. Олар терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Сондай-ақ уланған немесе өртегіш жебелер кеңінен пайдаланылды. Tac өңдеу эдісі де жетілді. Пышақ тэрізді тілгіштер басқа қүралдардың бэрін ығыстырып шығарды. Адамдар тас тілгіштерге ағаштан қолға үстайтын can op- натуды үйренді. Балық аулау кең тарады.

Неолит кезеңі б.з.б. 5—3 мыңжылдықтар арасын қамтиды. Бүл тас өңдеу техникасының эбден жетілген кезі. Тасты өңдеудің жаңа технологиялық тәсілдері: тегістеу, бүрғылау, аралау пайда болады. Тастан балта, кетпен, келі, келсаптар, дэн үккіштер жа- салды. Микролиттер дайындау неолитте меңгерілді. Сүйек өңдеу жетілдіріле түсті. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, табиғаттың даяр өнімдерін пайдалану, аң аулау орнын өндіруші шаруашылықтың басуы — сол кезеңнің aca маңызды белгісі болып табылады. Ғылымда бүл қүбылыс «Неолит төңкерісі» деп аталады. Адамдар жабайы жануарларды қолға үйретіп, жер өңдеудің қарапайым түрімен айналыса бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат қоғамының дамуына үлкен әсер етіп, адам еңбегінің ауқымы мен көлемін кеңейтті. Адам баласының бүдан былайғы экономикалық қам-қарекеті дамуының сан мыңжылдық тарихы — едәуір дэрежеде шаруашылықтың осы екі түрінің өркендеп жетілу тарихы. Алғашқы қауым халқының өндіргіш күштерді дамытудағы неолит кезеңі түсындағы қол жет- кен деңгейі басқа да мәдени-түрмыстық жаңалықтардың ашы- луына ықпалын тигізеді. Осы кезде тау-кен ici мен тоқымашылық пайда болып, керамикалық ыдыстар жасала бастайды. Сөйтіп, кен өндіру кәсібі қалыптасты. Адамдар — саз балшықтан жасалып, отқа күйдірілген мықты қыш ыдыс — керамика жасауды үйренді. Ол ыдыстарға онша күрделі емес геометриялық өрнектер салынған.

Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден aca неолиттік ескерткіш бар. Неолит түрақтары орналасу си- патына қарай төрт түрге бөлінеді: 1) бүлақ бойындағы; 2) өзен жағасындағы; 3) көл жиегіндегі; 4) үңгірдегі. Әдетте, өзен мен көл жиегіндегі түрақтарда бүйымдар саны едәуір көп мөлшерде кездеседі, бүл жәйттен ол түрақтарда адамдардың түпкілікті не- месе үзақ уақыт түрып тірлік еткенін білеміз. Қазақстан жерінде бәрінен де көбірек тарағаны бүлақ бойындағы түрақтар — олардың дені уақытша, маусымдық — кезбе аңшылардың орыны саналған. Қазақстанның шөл-дала аймақтарындағы неолит ескерткіштерінің бір ерекшелігі — олардың басым бөлігі — ашық (жер бетіндегі) түрақтар. Бүл түрақтардан оқтардың жебесі, сүңгінің үшы, бал- талар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылған. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топтардан түрады. Арал өңірінде Сексеуіл түрағы орналасқан. Бүл түрақтың түрғындары негізінен аңшылар мен малшылар болған. Солтүстік-Шығыс Бал- қаш маңынан табылған қүралдар яшма мен кварциттен жасалған. Қостанай облысындағы Ботай түрағынан жабайы жылқының көптеген сүйектері табылды. Кейбір сүйектер жылқылардың біразы қолға үйретілгендігін көрсетеді. Сонымен, Қазақстанның далалық аймақтарында жылқыны қолға үйрету ici басталған. Қараүңгір неолиттік түрағы — Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас ауданында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысындағы Қызылсу өзенінің оң жағалауынан Сатшақыз түрағы табылды.

Батыс Қазақстанда Келтеминар мәдениетінің бір түрі — батыс- қазақстандық үлгісі оқшау көзге түседі, оны С. П. Толстов болжап айтқан. Келтеминар мәдениеті б.з. дейінгі 4 мыңыншы жылдардың аяғы мен 2 мыңыншы жылдың бас кезінде болған жэне Қазақстан мен Орта Азияның едәуір аумағын қамтыған. Батыс Қазақстанда Шаңдыауыл, Қүлсары, Шатпакөл, Қайнар, Жыланқабақ, Сарықамыс, Шаянды жэне т.б. түрақтар бар.

Солтүстік Қазақстандағы Железинка ауылының маңынан қазылып, зерттелген неолит кезіндегі мэйіт қабірдің ішінде өртелген. Онда сонымен қатар, өлген адам денесімен бірге қабірге эртүрлі әшекей заттар, тас қарулар, қыш ыдыстар, тамақ қойылған. Бүл зат- тар o дүниеге барғанда қажет болады деген ойды білдірсе, ал өртеп қою отқа табынуды көрсетеді.

Қоныстардан, молалардан табылған бүйымдар адам баласының өмірінде неолит кезеңінде үлкен өзгерістердің болғандығын байқатады. Жер кәсібі, қолөнер, мал шаруашылығы сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері дами бастады. Неолит кезеңінде қоғамда аналық рулық қүрылыс болды. Адамдардың күн көрісі тіршілігінде ананың рөлі басым болған.

Сөйтіп, қорыта келгенде, тас дэуірінде адамның пайда болуы, қалыптасуы жэне алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен игере бастауы үрдісі жүрді.

2. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі



Қазақстандағы қола дэуірінің зерттелуі Кеңес өкіметінің кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылады. 1933 жылы KCPO Ғылым академиясы Орталық Қазақстанды зерт- теу үшін үйымдастырған «Нүра экспедициясының» көрнекті мүшелері П.С.Рыков, М.ИАртамонов, М.П.Грязнов, КАрзютов,

И.В.Синицин сияқты ғалымдардың сіңірген еңбектері айтарлықтай. Қола дэуірін зерттеуде бүлардың ашқан басты жаңалықтарының бірі Шсрубай-І Іұра өзенінің аңғарынан қола дэуірінің атақты Дэндібай ескерткіштерін табуы. Қазақстанның батыс бөлігінде қола дэуірін зерттеуде ғалым О.А.Кривцова-Грекованың еңбегі зор. Әсіресе, Тарих, археология жэне этнография институтының жанынан үйымдастырылган Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының меңгерушісі Ә. Маргүланның жүргізген жү- мыстары орасан зор. Ғалым Атасу, Бүгылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы, Дэндібай сияқты ескерткіштерге қазба жүмыстарын жүргізді. Зерт- теу жүмыстарының нэтижесінде Ә.Марғүланның қола дэуірі тура­лы екі үлкен монографиясы, көптеген ғылыми мақалалары жарық көрген. Шығыс Қазақстанның жерінде қола дэуірінің ескерткіштерін зерттеуде жемісті жүмыс жүргізген көрнекті ғалым С.С.Черников. XX г. 50-жылдары қола дэуірін зерттеуде үлкен еңбек сіңірген ар­хеолог галымдар KA. Ақышев, A.M. Оразбаев, A.P. Максимовалар болды.

Қола дэуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралыгын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Еуразия дала- сында қола алу тәсілі шыгып, ондіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бүйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті қүралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дэуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті — гылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бүл дэуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді жэне Орал аймагын шығу тегі жагынан үқсас, озіндік мэдениеті бар тайпалар мекендеді. Бүл мэдениеттің алгашқы ескерткіші табылган Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындагы Андроново селосына байланысты бүл кезең — андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жүмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шыгыста Минусинскіден бастап батыста Оралга дейінгі орасан зор аумаққа тараганын анықтады. Зерттеушілердің копшілігі андронов мәдениетінің омір сүрген уақытын 3 кезеңге боледі:

  1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) — б.з.б. XVIII—XVI гг.;

  2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) — б.з.б. XV—XIII гг.;

  3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) — б.з.б. XII—VIII гг.

Бүл кезеңдер алгашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Фе­доров, Алакол, Замараев деп аталды.

Қола дэуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:

  • Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола метал- лургиясы);

  • Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы;

  • Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы;

  • Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі — көшпелі мал шаруашылығына көшті;

  • Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер қүрыла бастады.

Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекенде- ген. Негізгі қоныстанған ауданы — Орталық Қазақстан. Бүл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер- петроглифтер, 30-дан aca қоныстар мен 150-ден aca қабір табылып зерттелген. Ертедегі Нүра кезеңінде жерлеу салтында кремация (мэйітті өртеу) басым болған. Келесі — Атасу кезеңінде жерді иге- py, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жүмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде қола қүралдары, қару-жарақтары, сәндік заттар шықты. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек үшырасады.

Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет — Беғазы-Дәндібай мэдениетінің қүрылуымен белгілі. Орталық Қазақстанда көп жылдар бойы археологиялық зерттеу жүмысын жүргізген академик Ә.Х.Марғүлан қола дэуірінің соңғы кезінің өзіне тэн ерекшеліктерін ескере отырып, оны Беғазы-Дәндібай мэдениеті деп атауға үйғарды. Бүл мәдениетке ғалым Беғазы, Бүғылы, Саңғыру, Айбас дарасы, Дэндібай ескерткіштерін жатқызады. Аталған ескерт- кіштерден алынған материалдар қола дэуірінен темір дэуіріне өтетін өтпелі кезін көрсететіндігін дәлелдейді. Бүл мэдениетке тэн бір қасиет, ол бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Мәйіттерді бүктеп жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қою да кездеседі. Бүл мәдениетке сонымен қатар Қарағандының оңтүстік бетіндегі Ақсу-Аюлы II қабірі жа- тады. Осы кезде жер бетіне тастан қалап қабырғалы түрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Түрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен пайдаланылған. Металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған.

Солтүстік жэне Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мәдениет ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тастыбүтақ қорымы кеңінен мэлім бол- ды. Ертедегі қола кезеңіне мэйітті өртеп көму рэсімі жатады. Сол кездері ежелгі қалалардың прототиптері деп есептелетін қоныстар пайда болды. Соның бірі — Арқайым Челябинск жэне Қостанай облыстарының шекарасында орналасқан. Кейінгі қола дэуірінің бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің Қима мәдениетінің, ал Батыс Қазақстан — Еділ бойының Қима мәдениетінің қатты ықпалына түседі.

Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениетінің дамуы да осы тектес жолмен жүреді. Ертіс пен Бүқтырманың, Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандары- нан, Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дэуірінің ондаған қоныстары мен қорымдары табылды. Қанай қорымы жэне онымен қатар орналасқан қоныс қабірлерінің дені кейінгі қола кезеңіне жа­тады.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дэуірінде халық тығыз қоныстанған аймақ болды. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы суреттердің aca үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінен ғана табылды. Жетісуға федоров пен алакөл тайпаларының мәдениеттері элементтерінің араласып-қүраласып жататыны тэн болып келеді. Федоров дәстүрінде қоршаулары тікбүрышты жэне дөңгелек болып келетін қабірлер көбірек кездеседі. Жетісудың орта қола дэуіріне Таңбалы, Қарақүдық қорымдары жа­тады. Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы қазылып аршылды. Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан қола дэуірінің бірегей ескерткіші — Түгіскен кесенесі ашылды.


Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет