Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет9/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Ноғай Ордасы. Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі — Ноғай Ордасы. Ол XIV— XV ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты.

Бүл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, эскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260—1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның қүрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.

Ноғай Ордасының негізін салушы — эмір Едіге (1395—1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396—1411), «үлы эмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бүл процесс Едігенің үлы Нүраддин (1426—1440) түсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан XV ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Аумағы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы — Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы — маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлүқ, алшын, тама жэне т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар XV ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін қүрады.

Ноғай Ордасында үлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі — хан. ¥лыс басында мырзалар түрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, үлыстың ең шүрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. ¥лыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп- қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге үрпақтары басқарды. Мүрагерлік жолмен берілетін экімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.

Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы, әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен үдайы араласып-қүраласып байланысып жатқан. Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мүса мырза, Жаңбыршы жэне басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып, одақ қүрып отырған. Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған.

XVI ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-эконо- микалық, саяси байланысы дамыды. XVI ғ. 2- жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) жэне Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз қүрамына енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

5-тақырып ҚАЗАҚХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҮРЫЛУЫ

чштттттттттттттттттттттуутту

  • Қазац хандыгының цұрылуы және ныгаюы

  • Қазац халцының цалыптасуының аяцталуы

1. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы

Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мүхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бүл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.

Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның үлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XV-ғасырдың орта шенінде қүрылды. Қазақ хандығының қүрылуына 1457 жылдан кейін Керей мен Жэнібек сүлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мүрындық болды.

Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбүға (1434— 1462 жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мүхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сүлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбүға хан оларды қүшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек үлысының шаңырағы шайқалды. Ipi-ipi шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер — «қазақтар» деп атады. Қазақ сүлтандары 870 жылдары (1465— 1466) билей бастады...».

Алғашында Қазақ хандығының аумағы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бүл араға келіп ec жинап, етек жауып, экономикалық түрмысы түзеле бастады. Мүны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бүзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан қүрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді жэне бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының жэне Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық қүрып отырғандығына жэне оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды.

Жаңа күрылған Қазақ хандығы қүрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық — Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бүл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі ел ғана емес, отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер түрды:

    1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бүрыннан қалыптасқан дәстүрлі тэртібін қалпына келтіру (бүл тэртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бүзылған еді);

    2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яссы (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі, Сырдария бойындағы бай қалалар бүдан бүрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік жэне сауда- экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық жэне әскери тірегіне айналдыру Дешті- Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бүл қалалардың саяси-экономикалық жэне соғыс-стратегиялық маңызы зор еді;

3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі жэне ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бүл одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға жэне Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді.

1468 жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын киратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек үлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына жэне оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек үлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мүрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі- сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы үрпақтары — Ахмет хан мен Махмүд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан жэне Ноғай мырзалармен одақтаса отырып күрес жүргізді.

Әбілхайыр ханның мүрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты. Әбілхайыр ханның мүрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті-Қыпшақ даласын жэне ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра аумағын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының аумағы әлдеқайда кеңейді, оған түс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.

Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мүхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бүл қалаларды Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мүхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды.

Сыр бойы қалалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жүмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мүхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мүхаммед Мәзит Тарханды паналады.

Мүхаммед Мәзит Тархан Мүхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мүхаммед Шайбани оның бүл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмүд сүлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мүхаммед Шайбани Бүхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы — Созақ жэне Сауран қалалары Қазақ хандығының қүрамына кірді.

Екі жылдан соң Мүхаммед Шайбани Түркістанға қайта оралып, Ноғай Ордасының эмірі Мүса мырзаның көмегіне сүйене отырып, Аркөк бекінісі мен Сығанақ қаласын басып алды. Бүл уақытша жеңіс еді. Бүрындық сүлтан мен Махмүд сүлтан бастаған қазақтың біріккен әскерлері Қаратаудағы Соғынлық асуы түбінде, Созақ пен Сығанақ аралығында, Мүхаммед Шайбанидың әскерлерін талқандады. Бүрындық сүлтан Сығанақ қаласын қайтарып алды. Бүл шайқаста күйрей жеңілген Мүхаммед Шайбани Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы қалалар қайтадан Қазақ хандығына өтті, бірақ аумалы-төкпелі жағдай сақталды.

Бүл күрес Керей ханның баласы Бүрындық хан болған кезде де (1480—1511) толастаған жоқ. XV ғасырдың сексенінші жылдарында Әмір Темір әулетінің өкілі Сүлтан Ахмет мырза мен Моғолстан ханы Сүлтан Махмүд арасындағы соғыста Мүхаммед Шайбани Моғолстан ханына болысып, оның қолдауымен тағы да Аркөк, Сығанақ қалаларын басып алды. Бірақ қазақ ханы Бүрындық қырдан келіп Сығанақ қаласын қоршады. Қаланың түрғындары қазақ әскерлеріне қала бекінісінің қақпасын ашып берді. Сонымен, бүл аймақ Бүрындықтың қолына өтті.

Бүдан соң қазақтар Мүхаммед Шайбанидың туысы Махмүд Сүлтан билеген Яссы (Түркістан) қаласын қоршауға алды. Қа- зақтардың біріккен әскери күшінен қорғанған Шайбани әскерлері Аркөк қаласына қырық күн бекінді. Алайда үш жыл бойы қазақтармен соғысқан Мүхаммед Шайбани, Бүрындық хан мен Қасым сүлтан бастаған қазақтардың қысымына төтеп бере алмай, 1486 жылы Түркістанды тастап, Хорезмге кетуге мэжбүр болды.

Қазақ хандығы, Шайбани әулеті, Әмір Темір әулеті жэне Mo- ғолстан билеушілері арасындағы тайталаста Қазақ хандығы мен Мүхаммед Шайбани арасындағы жауласу жэне Әмір Темір әулеті мен Моғолстан билеушілері арасында арпалыс асқына түсті. Осы күрес барысында Моғолстан ханы Жүніс 1482—1485 жылдары Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды.

Моғолстан билеушілері Мүхаммед Шайбаниды Әмір Темір әулетіне қарсы жүмсау үшін қолдады, ал Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мүхаммед Мәзит Тархан оларға қарсы Қазақ хандығымен одақтасты. XV ғасырдың аяғында Моғолстан ханы Сүлтан Махмүд Отырар қаласын басып алды да, оны Мүхаммед Шайбаниға берді. Моғолстан ханының қолдауына жэне Отырар сынды маңызды стратегиялық орынға ие болған Мүхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Яссы қаласын басып алды.

Қазақ ханы Бүрындық пен Қасым жэне Жэдік сүлтандар Мү- хаммед Мәзит Тарханмен күш біріктіріп, Мүхаммед Шайбаниға қарсы Созақ қаласына шеру тартты. Созақтың түрғындарының көбі Бүрындық ханға тілектес жэне онымен байланыста еді, сондықтан Созақ қазақтардың колына көшті. Ал Сауран қаласының халқы қазақтың біріккен қалың қолын көрісімен-ақ Мүхаммед Шайбанидың қаланы билеуге қалдырған туыстарын үстап қамады да қазақтарды қалаға кіргізді. Бүрындық хан Сауранды қайтарып алған соң Мүхаммед Шайбанидың түрағы Отырар қаласының қамалын қоршады. Алайда Моғолстан ханы Сүлтан Махмүд Ташкенттен Мүхаммед Шайбаниды қүтқаруға көмек жібергендіктен қазақтар Отырар қамалын қоршауды тоқтатты. Мүхаммед Шайбани хан қазақтармен бітім жасады.

XV ғасырдың ақырында Отырар, Яссы, Аркөк, Бозкент қала- лары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мүхаммед Шайбаниға қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігінде қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сүлтан Махмүд биледі.

Қазақ хандығы өзінің шаңырағы көтерілген батыс Жетісудағы иеліктерін, Сырдария бойындағы отырықшы-егіншілік аудандар мен сауда, қолөнер жэне мәдениет орталығы болған Сығанақ, Созақ, Сауран қалаларын иемденіп, өз иеліктерін едәуір үлғайтты жэне билігін нығайтты. Қазақ хандарының билігінің нығаюы Шайбани ханды Дешті-Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігімен Мәуеран- нахрға ығысуға мэжбүр етті. Мүхаммед Шайбани 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мәуераннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Бүл кезеңде ішкі қырқыстардың күшеюі, толассыз соғыстардың халық шаруашылығына тигізген зардабы салдарынан ауыр дағдарысқа тап болып отырған Мәуеран- нахр билеушілері (Әмір Темір әулеті) пәлендей қарулы қарсылық көрсете алмады. Мүхаммед Шайбани ханға ілесіп Мэуераннахрға келгенкөшпелітайпалардабірте-бірте жергіліктіотырықшыхалыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бүрынғы (Дешті-Қыпшақтағы) өзгешеліктерінен бірте-бірте айырылды. Бүл көшпелі тайпалар Дешті Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-бірте Мәуераннахрдың байырғы түрғындарына сіңісіп кетті. Бірақ олар «өзбек» деген атау ғана болмаса, жергілікті халықтың түрмыс-тіршілігіне ықпал жасай алмады.

XV ғасыр мен XVI ғасырдың арасында (1500 жылы) Мүхаммед Шайбани ханның Дешті Қыпшақтан ығысып барып қос өзен аралығын (Мәуераннахрды) жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бүл, ең алдымен, Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, беделін арттырып, елдігін нығайтты. Бүрынғы дэуірлерде бытыраңқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық аумағын біріктіруге, сонау VI—VII ғасырлардан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу үрдісін біржолата аяқтауға мүмкіндік берді. Бүрын Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірінен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда қалыптасқан халықтың түрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мүхаммед Шайбаниға еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылды.

Қазақ хандығы Қасым хан түсында (1511—1521 жж.) нығая түсті. Қасым 1445 жылдар шамасында туған. Қасымның 1513 жылы күзде Шу өзені жағасында Шағатай үрпағы Саид ханмен жүздесуі болғанда, олардың замандасы Мырза Хайдар Дулатидың айтуы бойынша: «Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске жақындаған еді». Бүрындық ханның түсында Қасым әскери қол- басшы болды. Хандықта беделі жоғары болса да, үлкенге бағыну дәстүрін үстанып, Бүрындық ханның айтқанынан шықпады. Шайбани ханның 1504 жылы көктемдегі Әндіжанға жорығы тү- сында Қасым хан маңғыттардың көмегімен бүкіл Қыпшақ дала- сына үстемдікті қолына алды. Сөйтіп, оның Ташкент пен Түркіс- танға шабуыл жасауға мүмкіндігі болды.

Қасым хан феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, хандықтың әскери қуатын арттырды. Өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарих-и-Рашиди», «Шайбанинама» жэне т.б. дерек- терге қарағанда XVI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан қазіргі қазақ жерінің далалық аймағын түгел бағындырды. Бүл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сыр жағалауы мен Түркістанның маңызды қалаларын, оңтүстік-шығыста Жетісудың көп бөлігін, солтүстік-батыста Жайық өзені жағалауын қамтыды. Қасым ханның Қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын жэне қазақтардың этникалық аумағын біріктіру жолындағы жеңістері елдің іші мен сыртындағы беделін арттырды. Мүхаммед Хайдар Дулати: «Қазақ хандары мен сүлтандары арасында Қасым хандай қүдіретті ешкім болған емес» деп жазды.

Бүл түста Қазақ хандығы сол кезеңнің халықаралық қатынасына да кең тартылды. Қасым хан ¥лы князь Василий III (1505—1533) кезіндегі Мәскеу мемлекетімен дипломатиялық қатынаста болды. Осы кезеңде қазақ халқы туралы мәлімет батыс Еуропаға да белгілі болды. Мәскеуге бірнеше рет келген (1517, 1526) Австрия дипломаты Сегизмунд Герберштейн өзінің дипломатиялық жазбаларында Қазақ хандығы туралы баяндаған.

Қасым ханның билігінің соңғы кезеңінде Шайбанидтермен қарым-қатынасы өте күрделі болды. Деректер бойынша олардың арасындағы негізгі күрес Ташкент қаласы үшін болды. Қасым хан өзінің замандастары Рузбихан, Бабырдың еске түсірулері бойынша жылқы малының өте білгірі жэне әскери талантты қолбасшы ретінде суреттеледі. Хан билігі өте күшті болған жэне де халық саны осы кезде бір миллионға жеткен. Қасым дәстүрлі әдет- ғүрыптарды үстанған хан болды. Осы дәстүрлі әдет-ғүрыптарды заңдар жинағы етіп, елді басқаруда кең қолданған. Бүл заң сол кезде мүсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді заң болды. Сондықтан да халық арасында бүл заңдар жинағы Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бүл заңға кірген ережелер мынадай:

  1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері);

  2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, үрлық қылмыс- тарына жаза);

  3. Әскери заң ( қосын қүру, аламан міндеті, ердің қүны, түлпар ат);

  4. Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік);

  5. Жүртшылық заңы (ac, той, мереке үстіндегі ережелер).

Қасым хан кезінде Қазақ хандығы біраз күшейді. Алайда хандық

бір орталыққа бағынған мемлекет деңгейіне көтеріле алмады.

Қасым хан қайтыс болған соң Қазақ хандығындағы ішкі жағдай бірден айқындалды. Оның мүрагсрлсрі арасында билікке таласқан дау басталды. Соның нәтижесінде ішкі тартыс, қайшылық пен қырқыстар күшейді. Қазақ хандығы осы ішкі феодалдық қырқыстар нәтижесінде ыдырап, бөлшектенді.

Қорыта айтқанда, Қазақ хандығының қүрылуы қазақ халқының тарихында төтенше маңызды оқиға болды. Ол үлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда aca маңызды жэне түбегейлі шешуші рөл атқарды.

2. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы



Халықтың қалыптасуы өте күрделі жэне үзақ үрдіс болып табылады. Халық болып қалыптасу үшін төмендегідей жағдайлар қажет:

    1. Белгілі деңгейдегі мәдениеттің дамуы;

    2. Шекаралары белгіленген аумақ;

    3. Белгілі деңгейде қоғамдық-этникалық сананың қалыптасуы;

    4. Біртүтас қалыптасқан ортақ тіл;

    5. Этникалық өкілдердің көпшілігіне тэн белгілі сипаттағы сыртқы пішін;

    6. Этностың негізгі этносаяси немесе тарихи-географиялық белгілерін көрсететін мемлекеттің атауы.

Қазақ халқының қалыптасу үрдісін оқып-үйренген кезде Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың өмір тарихына көңіл аудару керек. Дәстүрлі түрде Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды зерттеу қола дэуірінен басталады. Біздің заманымызға дейінгі 2—1 мыңжылдықтарда Қазақстан жэне оған шекаралас жерлерді мекендеген тайпаларды олардың мәдениетіне қарай андроновтықтар дейді. Андроновтықтар туралы толық мәлімет жоқ. Алайда ғалымдар қазақ этносы өзінің расалық-генетикалық бастауын осы қола дәуірінен алады деп есептейді. Оны қазақтың үлттық мәдениетімен андроновтықтардың мэдениетінің үқсастығы дэлелдейді. Мысалы, андроновтықтардың қыштан істелінген заттарындағы өрнектер қазіргі қазақ кілемдеріндегі өрнек нақыштарымен сәйкес келеді. Отқа, ата-бабарухына табыну, көптеп қой, жылқы малдарын өсіру жэне оны тамақ ретінде пайдалану андроновтықтар мен қазақтардың өмір салтының үқсастығының белгісі болып табылады.

Қазақстан жерін мекендеген үйсін, сақ, ғүн, қаңлы жэне сармат тайпалары қазақтардың арғы тегі болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша үйсін тайпалары мен кейінгі қазақ этносының арасында тікелей этногенетикалық байланыс бар. Оларда көшпелі өмір салты мал шаруашылығымен байланысты, киіз үйді кең пайдаланған, ет-сүт өнімдерін тамаққа пайдаланған, бидайдан нан пісірген жэне т.б. айқындаушы үқсастықтар көп. Сонымен қатар қоғамдық-әлеуметтік қүрылымда да үқсастық бар. Үйсін мемлекеті үш бөлікке бөлінген: сол қанат, оң қанат жэне орталық қанат. Осы бөліністер олардың қазақ жүздерімен сәйкестігін көрсетеді. Бүл этногенетикалық үқсастықты дэлелдейді.

Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мэдени өмір кейін түркі халықтарының көбіне тэн болды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары монғол шапқыншылығы қарсаңында біртүтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ-қыпшақ конфедерациясы мысал болады. Олардың Алтайдан Еділге дейін алып жатқан аумағын парсы ақыны, саяхатшы Насир Xocpoy «Қып- шақ даласы» деп атаған. Алайда монғол шапқыншылығы бүл жер- дегі тайпаларды басқару жүйесіне жэне де шаруашылық жағдай- ына, әдет-дәстүрге өзгеріс әкелді. Монғолдардың жаулап алу саясаты этникалық қүрамға біршама өзгеріс жасады. Қазақстан аумағы эртүрлі этникалық топтардың қоныстану аренасына айналды.

¥лы қоныс аудару кезеңінде, сосын түркі жэне монғол шап- қыншылығы дәуіріндегі этникалық араласу қазақтардың сыртқы түріне үлкен өзгеріс экелді. Сонымен бірге этномиграциялық про­цесс нэтижесінде жергілікті тайпалар басқа тайпалармен араласып, оларды ассимиляциялады. Сондықтан да қазақтардың арғы тегіне Қазақстан аумағы өзіне Отан болған тайпаларды жатқызуға болады. XIV—XV гг. Қазақстан жэне оған шекаралас аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы деген мемлекеттер болғаны белгілі. Ол мемлекеттер түрғындарын өзбектер, өзбек- қазақтар, моғолдар жэне ноғайлар деп атаған. Бүл атауларда өзіндік этникалық жэне саяси мэн болған. Егер де «халық» деген түсінік этникалық қүрылым түрғысынан қаралса, онда оны «этноним» терминімен белгілейді (өзбектер, қазақтар, қырғыздар). Халық өзінің атымен мемлекетке ат берсе, онда ол «политоним» терминімен анықталады (моғолдар Моғолстан мемлекетінің халқы, ноғайлар — Ноғай Ордасының халқы), яғни бүл этносаяси үғым. Тарихи- этнографиялық әдебиетте тарихи-этнографиялық өңірде қүрылған мемлекеттің түрғындарын этносаяси қауымдастық деп атайды.

Халық этникалық жэне саяси жағынан да түтас болу үшін ең алдымен өзінің тэуелсіз мемлекеті болу керек. Біртүтастыққа үмтылған тайпалар саяси жағынан Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы жэне Моғолстан сияқты мемлекеттерге бөлшектенді. Алайда осы мемлекеттер қазақ мемлекеттілігінің қүрылуына, өзіндік этникалық кеңістіктің қалыптасуына негіз болды. Қазақ тайпалары мен рулары эр мемлекеттің қүрамына кеткенімен, олар бір тілде сөйледі.

Қазақ халқының рулық-тайпалық қүрамына келсек, ол үш жүзден жэне төмендегідей тайпалардан түрды. ¥лы жүздің тайпалық қүрамы: Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапырашты, Сары үйсін, Ошақты, Ысты. Орта жүздің тайпалық қүрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей. Кіші жүздің тайпалық қүрамы: Жетіру, алты ата Әлімүлы, он екі ата Байүлы. Сонымен қатар Қазақ халқының қүрамына төрелер мен қожалар кіреді.

Қазақ халқының қалыптасуы XV ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы — өз мемлекетінің аты қалыптасты.

Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тэн этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, үлт. Бүл эр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана — бүл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орына ру-тайпалық сана басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сүраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп елден тыс шыққанда ғана айтады.

«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми түрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық түжырым жоқ. Енисейде табылған VIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ үғылым» — «қазақ үлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақ- станды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі.

X—XI ғасырларға қатысты араб қүжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Касаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бүл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар бірігіп, XI ғасырда Дон мен Днепр жағалауына орныққан. X ғасырда бнлік қүрған Внзантня императоры Констан­тин Багрянородныйдың айтуы бойынша Кавказдың солтүстік-ба- тысында «қазақтар елі» бар. Азербайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ ауданы бар.

Ең алғаш "Қазақ" сөзі мүсылман жазба деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде қүрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен жэне 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бүл сөздікте қазақ терминінің «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары беріл- ген. Сонымен бүл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр. Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған.

«Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудан­дарда қоныстануы туралы айтылған деген қорытынды жасауға болады.

XV ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы Әбілхайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек үлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ негізгі рөл халықтың қалыптасуында емес, оның қазіргі кездегі атауында болды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ, тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бүл үрдістің өтпелі сипатына «өзбек-қазақ» термині дэлел болады. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі белгілі тайпалар топтарының көптеген факторлардың ықпалымен эртүрлі даму сатысында түрған Шығыс Дешті-Қыпшақтүрғындарынан бөлінуүрдісімен сипаттала- ды. Қазақ хандығының қүрылуы жэне нығаюы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды. Қазақтың этникалық аумағын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.

6-тақырып XVI—XVIIIҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

ЧШШШШШШШШШШШШШШШШШШШШ'

  • XVI—XVII

  • Қазац хандыгын ныгайту жолындагы Тэуке ханның цызметі

  • Жоңгар ишпцыпшылыгыпа царсы цазац халцының күресі

1. XVI—XVII ғғ. Қазақ хандығы

XVI ғасырдың басында нығайған Қазақ хандығының жағдайы аталмыш ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлсірей бастады. Қазақ хандығын нығайтуға жэне күшейтуге қажырлы қайрат жүмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң оның мүрагерлері арасында өкімет билігі үшін ішкі талас пен қырқыстар туды. «Тарихи Рашидидің» ав­торы Мұхаммсд Хайдар Дулати айтқандай: «Қазақ сүлтандары ара­сында дау-шар басталды». Қасым ханның баласы Мамаш әкесінің орнына хан болып, бірақ көп үзамай өзара қырқыстың бірінде қаза тапты.

Бүдан соң 1523—1533 жж. Қасымның немере інісі Тахир хан бол­ды. Бірақ оның ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси жэне елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тыя алмады, көрші елдердің көпшілігімен: Шайбани әулетімен, Ноғай Ордасымен жэне Моғолстан хандарымен де жауласты. Бүл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі жэне солтүстік-батыстағы же- рінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда ғана сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барып Моғолстан ханы- на қарсы қырғыздармен одақ жасасты. 1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуы- лына қарсы күресті. Мемлекеттік билік қүлдырап, мемлекеттің шека- pa аумағы қысқара түсті.

Тахир ханның өлімінен кейін оның інісі Бүйдаш (1533—1534 жж.) қазақ-қырғыз бірлестігінің басшысы болды. Жетісу өңіріне билік еткен ол қазақтардың бір бөлігін ғана билеген. Оның түсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. XVI ғасырдың ЗО-жылдарында Бүйдаш ханмен қатар өзге де қазақ хан­дары, мысалы, Қазақстанның батыс өңірінде Ахмет хан, Жетісуда Тоғым хан болған. Міне, бүл жағдай Қазақ хандығының феодалдық бытыраңқылыққа үшырағандығын көрсетеді.

Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538—1580) түсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға жэне күшейтуге қажырлы қайрат жүмсады. Өзінен бүрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан эрі нығайтты, сол заманның та­рихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.

Хақназар хандық қүрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында aca ipi тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқүрт жэне Сібір хандықтары Ресей қүрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқүрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады.

Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап бол­ды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі Қазақ хандығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп үлысын (бүлардың көбі қазақтың Кіші жүзі — алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Сөйтіп, XVI ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бүрын оған қараған қазақ тайпалары жэне олардың этникалық аумағы Қазақ хандығына бірікті. Бүрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бүл жағдай Қазақ хандығының солтүстік- батыс жэне солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті.

1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дүшпандық саясат үстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар бо­лып түрды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бүрынғы қазақ хан­дары үнемі жауласып келген Мэуераннахрдағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға үмтылды. Сөйтіп, шайбанилық Бүхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Мүның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығая түсті.

Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сүлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларын- да болған қақтығыстарда қаза болған».

Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жэдік сүлтанның бала­сы Жәнібек ханның немересі Шығай 1580—1582 жылдары хан болды. Ол бүл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан үстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мүрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында үтымды пайдаланды.

1582 жылы Бүхара ханы Абдолла қазақ ханы Шығай жэне оның баласы Тәуекел сүлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сүлтанға қарсы ¥лытау жорығын үйымдастырды. Баба сүлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашты, өзбек, қазақ әскерлері Баба сүлтанды Сарысуға, ¥лытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сүлтанды Тәуекел сүлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уэлаятын тарту етті.

1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582—1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бүхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бүзып, қазақ жэне өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп — Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел хан- нан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуераннахрды Тэуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы үрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық қүқығы болды.

Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қала- ларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойын- дағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуераннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бүны білген Тәуекел хан Мәуераннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған ал- ғашқы жорығы сәтсіз аяқталады.

Тэуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту ба- рысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Қүлмүхаммед басқарған Қазақ хандығының түңғыш ресми елшілігін жібереді. Тэуекел ханның бүндағы мақсаты Pe- сей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандан- дыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ қүру жэне 1588 жылы орыс әскерлері үстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сүлтанның ба­ласы Оразмүхаммедті түтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың эйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол асты­на алатынын» жэне «оқ ататын қару» жіберетінін уэде етті. Соны­мен бірге мынадай талап қойды: «Біздің патшалық қоластымызда болғандықтан жэне біздің патшалық эміріміз бойынша Бүқара пат- шасымен жэне бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің үлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыз- дар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ қүрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Be- льямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды.

Бүл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді бол­ды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады.

1597 жылы Бүхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың бастал­ды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың үлы Абдыл- момын әкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бүхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды жэне Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бүл әулеттің Аштарханилықтардың жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырдариялық қалалар үшін үзаққа созылған күресті табысты тэмамдады. Абдолла үрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады.

Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мүңшы Тәуекел эскерінің қүрамында «Түркістан тайпаларының жэне қырдағы өзбектердің» жауынгерлері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани үрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы үрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент жэне оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының қүрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды.

Шайбанилар әулетінің орнына келген Аштархани әулеті XVII ғасырдың алғашқы онжылдығында Түркістан, Ташкент, Ферғана қалаларын қайтару үшін жорықтар жасады. Олар тек Ферғана қаласын қайтара алды.

Ташкент, Түркістан, яғни Сырдария орта ағысының екі жаға- сындағы отырықшы-егіншілік аудандардың Қазақ хандығының қүрамына енуі, Қазақ хандығының экономикасына, қоғамдық жэне саяси қүрылысына күшті ықпал етті, Орта Азия мен Қазақстан арасындағы мәдени-сауда байланысы дамыды.

Тәуекел ханның орнына 1598 жылы хан болған Есімнің Аштарха- нилер өкілдерімен жасасқан келісімі бойынша Қазақ хандығының қүрамына қалаларымен бірге Түркістан аймағы, Ташкент қаласы атырабымен, біраз уақытқа Ферғана кірді.

Осы кезде болған тағы бір тарихи оқиға — Көшім хан билеген Сібір хандығының жойылуы еді. Тарихи әдебиетте Сібір халқы — Сібір татарлары деп аталған. Ресейден Сібірге жорыққа аттанған атаман Ермактың жасағы 1582 жылы қазан айында Сібір ханы Көшімнің әскерлеріне түтқиылдан шабуыл жасап, оны жеңіліске үшыратты. Көшім өз әскерлерімен оңтүстікке шегініп, 1598 жылға дейін орыс әскерлеріне табанды қарсылық көрсетті. Бірақ Көшім көмексіз қалған еді, бүл кезде Көшімнің Орта Азиядағы одақтасы Шайбани әулеті қүлап (1598), оның орнын Аштархан әулеті (1599- 1735) басқан еді. Ақырында біржолата жеңілген Көшім Орта Азияға қашып кетті де, 1598 жылы Сібір хандығы жойылды. Бүрын Сібір хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығына бірікті.

Есім хан (1598-1628 жж.) қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ep Есім» деген атпен эйгілі болды, оған бүл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мәуераннахрға жасаған жорықта ерлігімен ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім — Шығай ханның баласы. Хан тағына отырған соң Бүхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға үмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп қүруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңдар жинағын қүрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сүлтандар Қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.

Ташкент қаласы Қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сүлтанның баласы Түрсын Мүхаммед сүлтан басқарған еді. Ол көп үзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жа- сады, тіпті өз атынан теңге соқтырып, алым-салықтар жннады. Со­нымен, Қазақ хандығы екіге бөлініп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Түрсын хан би­леген еді. Бүлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Екі хан арасындағы күрес шиеленісіп, 1627 жылы Есім хан Түрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Қазақ хандығын біріктіру жолындағы Есім ханның күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ep Есім» атты тарихи жырына өзек болған.

XVII ғасырдың басында қазақ билеушілері мен Аштарханилер арасындағы өзара қатынастар түрақсыз болды, олардың арасындағы қақтығыстар уақытша одақпен алмасып отырды. Мысалы, Аштар- ханилер әулетінің өкілі, Бүхар ханы Иманқүл Ташкентті тартып алуға тырысты, сол мақсатпен 1611 жэне 1613 жылдардың басын­да жорық жасады. Алғашқы жорығында Иманқүл хан Самарқанға дейін жетіп, Ташкент пен оның аймағына өзінің қүқығын мойын- датты. Екінші жорығы да Ташкентке бағытталып, қазақтарды ой- сырата жеңіп шығады. Осы жеңістен кейін ол өзінің үлы Ескендір сүлтанды Ташкенттің билеушісі етіп тағайындайды. Ескендір сүлтанды ташкенттіктер өлтіргеннен кейінгі Иманқүл ханның кек алу жорығы қазақтар үшін ауыр болды. Өзінің Ташкентті алуға үмтылуында ол қазақтың екі ханының өзара жауластығын пайда- ланды. Сөйтсе де кейінгі жылдары қазақтардан жеңіліп, Иманқүл қазақ хандығымен бейбіт келісім жасады.

Есім хан 1628 жылы қайтыс болып, Түркістан қаласындағы Ахмед Иассауи кесенесінде жерленген. Есім ханның мүрагері Жэңгірдің өмірі ат үстінде Қазақ хандығы жауларымен күресте өтті. Халық оны ел үшін еңіреп туған ерлігіне бола «Салқам Жэңгір» деп атаған. Жэңгір хан (1628-1652 жж.) билік қүрған жылдары да Сыр бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен жэне Жетісудағы жай- ылымдар үшін қалмақтармен қақтығыстар тыйылмады.

Қазақ хандығына қалмақтар жақтан төнген қауіп зор болды. «Қалмақ» сөзі батыс монғолдардың түрікше аты. Олар өздерін «ойраттар» деп атаған. Қалмақтар бүл жылдары шығысында Хангай таулары, батысында Моғолстан, оңтүстігінде Гоби шөлі, солтүстігінде Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстары арасында көшіп-қонып жүрді. 1635 жылы бүл аумақтағы тайпалардың басын біріктіріп, Батур қонтайшы Жоңғар мемлекетінің негізін қалады. Осыған байланысты жоңғарлар күшейіп, қазақ жерлеріне жиі-жиі шапқыншылықтар жасай бастайды. Жэңгір хан түсында қазақтар мен жоңғарлар арасында үш ipi шайқас орын алады. Алғашқы 1635 жылғы шайқаста Жэңгір қалмақтарға түтқынға түсіп қалып, бірақ көп үзамай қашып шығады. Түтқыннан босағаннан кейін, Жэңгір хан қалмақтарға қарсы күрес басшылығын өз қолына алады. 1643 жылы жоңғар қонтайшысы Батур қазақ жеріне 50 мың әскермен басып кіреді. 1644 жылы Жоңғарияға барған орыс елшісі Г.Ильин жоңғарлардың 50 мың қолына Жэңгір хан бастаған 600 жауынгердің қарсы түрғанын айтқан. Мүмкін, бүл 600 адам ататын қарумен жабдықталған Жэңгір хан әскерінің алдыңғы шебі болуы мүмкін. Жэңгір өз тобының бір бөлігіне жоңғарлар тар асудан асып келген- ше екі таудың арасындағы тар жырада op қазып, бекініс жасауға бүйырады. Ал өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырына- ды. Жоңғарлар op қазып, бекініп жатқан қазақ жасақтарына қарсы шабуыл жасайды. Осы кезде Жэңгір өз тобымен жаудың ту сырты- нан лап береді. Қазақтар осы жерде бірінші рет оқ ататын қару пай- даланады. Шайқас барысында Батур қонтайшы 10 мың әскерінен айырылады. Шайқастың шешуші кезеңінде Жэңгір ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың әскер көмекке келеді. Батур қонтайшы кейін шегінуге мэжбүр болады. Сөйтіп, 1643 жылы жер жағдайын жэне соғыс тәсілін шебер пайдаланған Жэңгір хан Самарқан билеушісі Жалаңтөс батырдың әскери көмегі арқасында зор жеңіске жетті. Бүл тарихта Орбүлақ шайқасы деген атпен белгілі. Бүл жеңістің Қазақ хандығы үшін зор маңызы болды.

Бірақ, жоңғар билеушілері қазақ жерлеріне басып кіру үшін жаңа жорықтарға дайындала бастады. Батур қонтайшы бытыраған әскерлерін қайта қүрап, Сібірдегі орыс қамалдарынан қару-жарақ сатып алды. Өзіне тәуелді қырғыздардан ат-көлік жинастырды. Осындай әскери дайындықтан кейін Батур қонтайшы 1652 жылы қазақтарға қарсы аттанды. Бүл соғыста қазақ жасақтары жеңілді. Жэңгір хан осы 1652 жылғы шайқаста жоңғарлардың қолынан қаза тапты. Жэңгір хан да Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Яссауи кесенесінде жерленген.

Жэңгір ханнан кейін Қазақ хандығының әлеуметтік-экономи- калық жэне саяси жағдайы нашарлады. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастықтар өршіді. Қазақ сүлтан- дары үлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге бой үрды. Қазақ жүздерінің арасындағы байланыс нашарлап, олар бір-бірінен оқ- шаулана бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет