Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет5/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
IX—XI ғғ. Қимақ қағанаты. Күйреген Батыс Түрік қағанаты- ның орнына көшпелі жэне жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар қазіргі Қазақстан аумағында қүдіретті үш мемлекет: Жетісуда — Қарлүқ этникалық-әлеуметтік бірлестігін, Сырдарияның орта жэне төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларында — Оғыз державасын, ал Солтүстік, Шығыс жэне Орталық Қазақстанда — Қимақ қағанатын қүрды.

Қимақтар тарихының ерте кезеңі яньмо тайпасымен байланысты, ол Батыс Түріктер арасында VII ғасырда болған оқиғаға орай, Қытай деректерінде аталып өтеді. Синологтар яньмо тайпасы мен имек (кимек) тайпасы екеуін бір тайпа деп есептейді. Ал, имек термині шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, Кимек (Қимақ) атауының фонетикалық бір түрі болып табылады.

Кимектер мен Қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін ай- тылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер мэліметі оларды тек өз алдына екі бөлек халық, бірақ түрік тілді туыс этнос деп қарауға мүмкіндік береді. Телелер тайпасының бірі болып ca- налатын яньмо VII ғасырдың бас кезінде Моңғолияның Солтүстік- Батысын мекендеген.

VIII ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырдың бас кезінде Ки­мек тайпалары үш бағытқа Солтүстік батысқа — Оңтүстік Орал (негізінен Қыпшақтар) жағына, Оңтүстік бағытқа — Сырдария мен Оңтүстік Қазақстанға жэне Оңтүстікке — Жетісудың Солтүстік- Батысына қарай қозғалады.

766 жэне 840 жж. Кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін Тоғыз Оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. 840 жылы орталық Моңғолиядағы ¥йғыр қағанаты ыдырағаннан кейін, оған кірген тайпалардың бір бөлігі (Эймур, Байандүр, Татар) Кимек бірлестігі- нің үйтқысына қосылады. Жеті тайпа қүрамындағы Кимек федера- циясы нақ осы кезде қалыптасады. X ғ. басында Кимек мемлекетінің қүрамында 12 тайпа болған. X ғасырда Кимек тайпаларының бас- шысы "байғу " (яғбу) деген титулды, ал кейін яғбуге қарағанда екі саты жоғары түратын хакан деген жоғары түрік дәрежесін иеленген билеушісі бар қуатты мемлекет қүрылады. Орталығы — Имекия (не­месе Кимекия) қаласы болды. Кимектерде мемлекет болғаны тура­лы алғаш рет IX ғасырдың аяғы мен — X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, Әл- Якуби кимектер мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай дейді: "Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге, соның ішінде: қарлүқтар, тоғыз-оғыздар жэне кимек­тер, оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің эр тайпасы жеке мемлекет, олар бір-бірімен соғысып жатады" деп хабарлайды. IX ғасырдың аяғынан XI ғасырдың басына дейін кимектер қалыптасқан мемлекет болды, ал XI ғасырдың басында Кимек мемлекеті біртіндеп ыдырай бастайды.

Оның қүлауының екі себебі болды: бірінші, өзін-өзі билеу- ге, өз мемлекеттілігін қүруға үмтылған қыпшақ хандарының кимектердің орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі ce- беп, екінші, XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. XI ғасырдағы тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Қытайда Қидандардың Ляо мемлекетінің қүрылуы еді. Осы мемлекеттің жерінің батысқа қарай үлғаюы көшпелі тайпалардың одан эрі ығысуына әкеп соқты.

Ал, XI ғасырдың екінші жартысында Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың Батысы мен Каспийдің Солтүстік өңіріндегі оғыз жерін басып алған қыпшақтар айтарлықтай күшейіп, бүрынғы қимақ-қыпшақ орналасқан негізгі аймақта күші мен қуаты жағынан алдыңғы орынға шықты. Қимақтар осы оқиғалар кезінде өзінің саяси жетекшілігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Осылай қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мүрагері болды. Бүдан былай қимақтар қыпшақ тайпаларының қүрамына еніп, қыпшақ деп аталды.

Наймандар мен керейлер. Наймандардың, керейлердің ертерек- тегі мемлекеттері Орталық Азияның шығысында — Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар.

XII ғасырда керейлер мен меркіттер қосылған Наймандар конфе- дерациясы Орталық Азиядағы ipi мемлекеттік қүрылым болды. Ғалымдар "найман" терминінің мэні моңғол тілі түрғысынан алғанда конфедерацияға енген тайпалар санына қарап "сегіз" деген сөзді білдіреді деп болжам жасайды. Сондықтан наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мэселе әлі күрделі. Зерттеушілердің ара­сында бүлардың тілі туралы эртүрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар бүл тайпаларды моңғол тілдес десе, екінші ғалымдар оларды түркі тілдес дейді. Олардың этникалық қүрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми әдебиеттегі жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді.

Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны жайлаған. Наймандардың батыс жағында Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде Енисей қырғыздары, шығысында Шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген керейлер, ал оңтүстік жағында Орталық Азияның басқа да көптеген тайпалары мекен­деген. Осы тайпалармен жэне үйғырлармен көрші ретінде қарым- қатынас жасап түрған. Наймандар, әсіресе, қаңлылармен өте тығыз этникалық-саяси жэне мәдени байланыста болған. Қаңлылар мен қыпшақтардың кейбір жеке топтары наймандардың жеріне келіп қоныстанады. X ғасырда сегіз-оғыздар Қидан мемлекетінің қол астына алынған кезден бастап, олар "найман" деген атпен белгілі болған. Наймандар Бүйрық жэне Беткін деген екі үлкен тайпалардың бірлестігінен қүралған.

Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы, үлыстардың қүрылуымен қатар жүрді. "¥лыс" деген сөз ол кезде "халық" деген үғымды білдірді, эрбір үлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі — хан басқарды. Хан ордасы, үлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болған. Әрбір үлыстар ондық бірліктер бойынша, әскери жүйемен сарбаздар жасағын қүрған.

¥лыстарды басқару жэне оның ішкі жүмыстарын, салық жинауды арнаулы шерби атағы бар адамдар жүргізген. Арнаулы ic жүргізетін адамдар да болған. Ic үйғыр жазуымен жүргізілген. Жарлықтар ханның мөрі басылған жағдайда ғана бекітілген.

Наймандар XI ғасырдың бас кезінде христиан дінінің нестори- ан бағытын үстанған. Бүл наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен жэне халықтармен этно-мәдени байланы­ста болғандығын дәлелдейді. X ғ. басында Солтүстік Маньчжу­рия мен Моңғолияда қиданның Ляо мемлекеті қүрылғаннан кейін (907—1125 жж. қүрылып, өмір сүрген), наймандар оның қүрамына кірген, бірақ Елюй-Даши өлімінен кейін тәуелсіздік алып, өздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады. XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында Найман хандығы екіге бөлініп, оны Инанчтың екі үлы: Даян хан мен Бүйрық хан басқарды. 1204 жылы моңғолдар Даянханды, 1206 жылы Бүйрық ханды талқандады. Даянның үлы Күшілік хан найманның қалған әскерін жинап, Қидан мемлекетіне барып, бас сауғалады. Қидан билеушілерінің тілін таба біліп, наймандардың шашырап кеткен әскерінің басын қайта біріктірген Күшіліктің қуаты тез күшейді. Осы кезде Хорезмшах Мүхаммедтің әскерінен жеңілген қидандар өлкеде нақты биліктен айырылды. Осыны пайдаланып, Күшілік хан 1211 жылы қалған қидандарды тізе бүктіріп, өзінің ордасын Жетісуға көшірді. Күшілік 1213 жылы Алмалықтағы мүсылмандар иеліктеріне қарсы әскери қимыл-әрекетін бастады. Күшіліктің әскері Алмалықты алғанымен, моңғолдардың жақындап қалуына байланысты кері шегінді. 1218 жылы моңғолдар наймандарды талқандап, қашып кеткен Күшілікті үстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, XIII ғасырдың басын­да бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына кірді.

Керейлер (Керейттер). Керейлер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер X ғасырдың бас кезіне жатады. Керейлер конфедера- циясының этникалық қүрамы біртекті болмаған. Олар түрік тілді жэне моңғол тілді жүрттан қүралады. Керейлердің батысында — наймандар, солтүстігінде — меркіттер, шығысында — татарлар, оңтүстігінде — таңғүттар түрады.

Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Ху­анхе өзені бүрылысының теріскейінде түрған. 1007 жылы керейт­тер наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағын қабылдайды. Керейттер белгілі дәрежеде үйғыр мәдениетінің ықпалында болған.

XII ғасырдың 50-жылдарында керейлердің Қытаймен арадағы қатынасы шиеленісті. Қытайларға қарсы керейлердің күресін бастаған Маргуз хан түтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Одан кейін елді Худжар Бүйрық хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Тоғырыл хан түсында Керейлер үлысы солтүстікте — Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте — Хуан- хеге дейінгі; Батыста — Хангай тауынан, Шығыста Халкин Голге дейінгі жерлерді жайлаған. Керейлер найман, қаңлы, үйғыр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғүттармен тығыз саяси жэне этникалық- мәдени байланыс жасап түрған.

Тоғырыл ханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері — Темучин (Шыңғыс хан) мен Жамуха — тәрбие алып, саяси жэне елшілік өмірден хабардар болған. Керей билеушісі Тоғырыл хан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан. 1180 жылдары Тоғырыл Темучинге қолдау көрсетіп, 1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса от- ырып, татар әскерін талқандады, сол үшін Тоғырыл хан Қытайдың Ван титулын иеленді. Бүл егеменді қүқығы ресми мойындалған пат- ша дегенді білдіреді. Сондықтан Тоғырылды тарихта Ван хан деп те атайды. 1203 жылы керейлер мен бүрынғы одақтасы моңғолдар арасында соғыс өрті бүрқ ете түсіп, ол керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның үлы Сангум қаза тапты. Керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбайдың бастауымен Солтүстік-Батысқа, яғни Ертіс өзенінің орта ағысына қарай қашты. Ал басым бөлігі Моңғол мемлекетінің қүрамына енді.

Жалпы алғанда, моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның этникалық процесіне үлкен әсер етті, соның салдарынан көшпелі халық орасан зор аймаққа көшіп-қонды. Моңғолдардан жеңілген наймандар мен керейлер біртіндеп қалыптасып келе жатқан түркі халықтарына, оның ішінде қазақ халқына араласып кетті. Наймандардың қазақтар қүрамындағы үлесі едәуір еді. Моңғол дэуірінде олардың басым бөлігі Сырдарияға, яғни қазақтың кең да- ласына көшті, сөйтіп қазақ этносының қалыптасуында белсенді рөл атқарды. Ал керейлердің бір бөлігі батысқа, Еділ бойына үмтылды, онда олар өздерінің керей этнонимін сақтап қалды, кейін осы атау- мен олар өзбектер мен қырғыздар қүрамына енсе, аз бөлігі қазақтар қүрамына кірді. Олардың (керейлердің) көпшілігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына Керей (Қара — Керей, Абақ — Керей) атауымен енді, сөйтіп бүрынғы "Кереит" деген этно­ним атауындағы "т" жалғауы алынып қалды.

Керейлер мен наймандар әлеуметтік-саясидамудың бір деңгейінде түрған. Олар дербес мемлекеттік қүрылым — үлыстар болып үйымдасып, ал үлыстар болса, хандар әулеті бастаған бүкіл этносты біріктіріп, рулық-тайпалық институт атаулының бәрінен де жоғары түрған. Әрбір үлыстың өз аумағы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. ¥лыстарда хан қосының басқару орындары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жүмыс істеген. Сонымен туысқан тайпалардың әлеуметтік жіктелуі мен бірігуі ерте феодалдық мемлекеттердің, яғни Керейлер мен Наймандар үлысының қүрылуымен аяқталады.

Қыпшақ хандығы (XI—XIII ғ. басы). "Қыпшақ" атауы ең алғаш рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде жазылған. Мүсылман деректерінде қыпшақтар түңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің 846—847 жылы жазған "Жолдар мен провинциялар кітабында" қарлүқтар мен қыпшақтарды VIII ғасырларға жататын түрік тайпаларының тізімінде келтіреді.

656 жылы Батыс түрік қағанаты қүлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар Кимек қағанатының қүрамына кірген еді, ал XI ғасырда Кимек қағанаты қүлағаннан кейін, кимек, қыпшақ жэне куман тайпаларының бүрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді.

Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті Оңтүстік жэне Батыс бағыттарында белсенді қимыл-эрекеттерге кірісіп, Орта Азия жэне Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байла- ныс жасауға кіріседі.

XI ғ. екінші ширегінде қыпшақ тайпалары оғыз тайпаларын Сыр- дарияның орта жэне төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып қуып шығады. Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне орай, X ғ. екінші ширегінде "Оғыздар даласы" (Мафазат эл-гуз) деген атаудың орнына "Дешті Қыпшақ" (Қыпшақтар даласы) деген атау пайда болады. Маңғыстау мен оған жақын жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне дейін жетеді.

XI ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа жылжып, Орыс жэне Қара теңіз өңірі далалары мен Визан­тия, Венгрия шекараларына дейін қоныс аударады. Еділден Днеп- рге дейінгі қыпшақтар қоныстанған аумақ орыс жылнамаларында половцылар, "Половецтер өлкесі" деп атала бастайды. 1071 жылы қыпшақтар Кіші Азияға жетіп Анатоли қаласын жаулап алады, сөйтіп, османдық түріктердің негізін қалады, осы жылдары Транс- илвания арқылы Молдавияға өтеді. Қазіргі Венгриядағы мадиярлар, Молдавиядағы гагауыздар қыпшақтарға жатады. Осылайша Батыс Еуропа деректерінде қыпшақтар «коман» деген атпен мэлім бола- ды.

XI ғ. басында қыпшақ бірлестігі мейлінше күшейеді. Өріс-қонысы шығыстаЕртістен, батысындаОралтауына,ДоннанжәнеҚаратеңізге дейінгі үлан-ғайыр алқапты алып жатқан шығысындағы бөлігі Ел- бөрілі руынан шыққан хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты,

Кавказ, Қырым өңірін жэне одан эрі батысқа қарай созылып жатқан басында Тоқсоба рулық әулеті түрған Батыс қыпшақ бірлестігі бо­лып екіге бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ үлысының билігінде болды. Қазақстан жеріндегі қыпшақ этникалық қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады.

Бірінші кезең: қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы — VII ғ. екінші жартысынан VIII ғ. соңына дейін.

Екінші кезең: VIII ғ. аяғынан — XI ғ. басына дейін. Бүл кезде қыпшақтар Алтай жэне Ертістен Орал таулары жэне Еділ бойына дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағының қүрамына Мүғалжар жеріндегі кумандар жэне қимақ тайпалары кіреді.

XI ғасырдан XIII ғ. басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші кезеңі жүрді. Бүл кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсіп, олардың этникалық қүрамы өзгеріп, қимақ, куман, ежелгі башқүрт, оғыз т.б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, үрандар, шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлүқтар, шігілдер әсерін тигізді.

Бүл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара — Балқаш көлі жэне Алакөл ойпаты болды. XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесіп, солтүстікте қырғыздар жэне хакастармен көрші болды.

XI—
Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет