Қожа Ахмет Яассауи шығармаларының стилі
Қараханид кезеңінде жазылған шығрмалардың тілі бірдей бола бермейді. Оны Орта Азия түріктерінің тілін зерттеуші ғалым А.Н.Самойлович ХІ-XVI ғасырларға жататын жазба нұсқаулардың тілін Орта Азиялық түркі әдеби тілі деп қарап, оны негізгі үш кезеңге бөліп көрсеткен. Оның «Орталығы Қашғар болған Қараханид кезеңі» ,- деп тек ХІ ғасырды көрсетсе , ХІ-XVI ғасырлар орталығы Сырдарияның төменгі ағысы мен Хорезм болған оғыз қарлұқ тілі.
Ал, академик В.В.Радлов, түркі тілдерінің классификациясын жасағанда, жазба тілін көне ұйғыр тілімен байланыстыра қарайды. Екінші жағынан, бұл жазба әдеби тіл басқа түркі ру-тайпаларының тілдерінің әсерінен өзгеріп отырғанын көрсетеді. Бұл пікір «әдеби тіл- диалекті негізінде пайда болады» , - дегенге дұрыс келеді.
Э.Н.Наджиптің «бұл кезеңдегі шығармалар әр түрлі тайпа диалектілердің негізінде қалыптасқан, әдеьи тілдердің барлығын көрсетеді»,- деген тұжырымы айқын дәлел бола алады. Ғалымның айтуынша, бұл кезеңде әдеби тілдің екі түрлі негізі болған, олар ұйғыр-қарлұқ және оғыз-қыпшақ тобының әдеби тілі. Ал, бұл кезеңде жазылған шығармалар тілінде, екі түрлі тілдің де, ерекшелігі орын алғанын айта келіп, бұл желі кейінгі кезеңдерде XIV-XV ғасырлар әдеби тілдерінен байқалады деген тұжырымды пікір айтады.
Қожа Ахмет Яассауидің «Диуани Хикмет» еңбегінің тілі, негізінен осы пікірлерге сәйкес келеді. Сондықтан, А.Н.Самойлович пен Э.Н.Наджиптің пікірінше, «XIІ – XV ғасырлар да, әдеби тілде жазылған шығармалар» Сырдарияның төменгі жағынан бастап, Кіші Азия мен Египет арасындағы ұлан ғайыр аймақта жазылып, ол жазбалардың тілінде жекеленген диалектік элементтерге саятын кейбір айырмашылықтар байқалады,- дейді.
Біздің пікірімізше Қ.А.Яассауидің «Хикметтің» ерекшелігі Орта Азия мен Оңтүстік Қазақста аймағын жасаған түркі халықтарының тіл ерекшелігі екенін айқын дәлелдейді. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда қазақтарының тілінде кездесетін сөздер «Хикметте» қолданылады. Ал, А.Нысаналы мазмұнды тіл жайлы айта келіп «Ол мазмұны жағынан бүгінгі күннің ұғымына жат, түсінігі қиын оқшау дүние»,-дейді. Шындығында шығара қадимше жазылған. Оның мазмұны да, тілі де ескі қазақ әдеби тілінде , Орта Азия түркі халықтарының тілінде жазылған. Бұл қазіргі кезеңде қарақалпақ әдеби тіліне сәйкес келеді. Мысалы: Ей, бейхабар, сені ол себепсіз-нақ өзі асырар, Хақ Мұстафа уағызымен айттым міне- деген де, бейхабар, сөзі мұсылмандықтан хабарсыз, түінігі жоқ адамдарға айтылған. Сонымен бірге, бұл ескі қазақ тілінен хабарсыздарға арнайы айтылған хикмет.
Бірақ шығарманың тілі, грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры жағынан алсақ, қазіргі қарақалпақ, әдеби тілінде – кездесетін сөздерді байқаймыз. Мысалы: тамам (бітті), қияқ (шыны,шөлмек),даяр (таяр), сауал (сұрақ), соңыра (соң),қиямет (мықты), ырзық (ырыс), күллі (барлығы), пәрман (бұйрық), бейғам (ойсыз), машақат (ауыр), мехнат (еңбек), қиял (ой), бейықтияр (еріксіз), ғарыб (мүсәпір) т.б.
Сондай-ақ фонетекалық жүйесі мен синтаксистік құрылысы жағынан да, сол дәуірдегі түркі халықтарының тілінен дерек беретін, материалдар мол кездеседі. Мысалы: Пірдің ізін тауып, мен өбейін деп, Заты ұлық ием,сиынып келдім саған. «алла» дедім, «Ләббай» деп қолымды алды.
Мұндағы өбейін сөзі өзбектің өбу (сүю) деген сөзі болса, ұлық сөзі де (ұлы) деген мағынадағы сөз, ал ләббай болса құлақ асу, тыңдау мәнінде қолданылған өзбек тілінің сөзі екенін байқаймыз. Бұл сөздердің шығармада кездесуінің бірінші себебі, Қожа Ахмет Яассауи бабамыз өз елінде Арыстан Бабтан, соң Бұхарадағы Мир- Араб медресесінің Жүсіп амаданиден білім алған. Сондай-ақ Жүсіп Хамадани дүниеден өткеннен кейін Бұхара Софыларының қоғамын басқарған. Қадимше мектеп, медреселерді бітірген. Сондықтан бұл мектептердің білімі ғұламаның тіліне де әсер етпей тұрмайды. Ал, Орта Азия түріктерінің тілі Хикметте жақын келу себебі, олар Қ.А.Яассауи заманында Түркістанда жасаған. Мәселен, Түркістан Қарақалпақ, халқының ата мекені болған. Түрлі тарихи оқиғалар мен кейбір себептерге байланысты, олар Окса және Яксарта (қазіргі Әмудария мен Сырдарияның) төменгі ағысы мен Арал теңізінің жағалауына қоныс аударған.
Сондай-ақ, қазіргі қарақалпақ әдеби тілінің негізі «Түркістан уалаяты» үнқағаздарының тілінен бастау алып, сол негізінде қалыптасқан және дамып келеді.
Сондықтан, кейбір зерттеушілер «Хикметтің» тілі жайында «Еңбек белгілі бір нормаға түсіп, екшелеген әдеби тілде емес, халықтың қарапайым сөйлеу тілінде жазылған» деген пікіріне қосылмайды.
Өйткені, бұл ескі қазақ әдеби тілінің негізі деп есептеуіміз керек. Қазақ әдеби тілінің негізін салған қазақтың классик ақыны Абайдың өзі де, осы тілден нәр алып сусындаған. Соңғы кезде «сауатсыз елге дүмше молда ие» - дегендей, тілді жан-жаққа бұрып, қажетті, қажетсіз сөздерді қолданып, диалектизмдерді көбейтіп, халықаралық терминдерді жоғалтып, қазақ тілінің байырғы төл сөздерін құртып, қазақ әдеби тілінің ажарын бояп жүргендер саны көбейіп кетті. Сондықтан да, біз өз тіліміз бен дінімізге ие бола алмай қалдық. Қазіргі күннің талаблы да әдеби- мәдени мұраларымызды қайта жандандыру болса, «Хикметтің» тілі де өз зерттеуін күтуде.
Көне, ескі кезеңдердегі түркі ескерткіштерінің лексикалық құрамын зерттеуде, нысанаға алған материалардың бірнеше қырын талдау керек сияқты. Айталық, ортағасырлық (ХІІғ.) түркі мұрасының бірі:- Ахмет Йасаауи «Хикметтерінің» лексикалық қазынасын алдымен түп-тегіне қарай ажырату, мысалы, түркілік, арабтық, парсылық деген сиякты.
-Екінші – сол кезең үшін көне болып саналатын сөздерді көрсету және архаикалық қабаттың ішінде қазіргі түркі тілдері (оның ішінде,қазақ тілі) үшін көне болып танылатын сөздерді де, көрсете отыру артық болмайды.
-Үшінші талдау түрі – барлық сөздер тақырыптық топтарға бөлініп қарастырылса, осы орайда жеке сөздердің қолданылу жиілігі (активтілігі) анықталса.
-Төртіншіден, ең қиын да қажет жұмыс лексикалық бірліктерді ескерткіш тілінде қолданылған мағыналық, ерекшеліктерді айқындап, бұл-тарихи семасиологоиялық тарихи лексикологияға апаратын ізденістердің бірі болмақ,
-Бесіншіден, жеке сөздерді осы ескерткіш тіліндегі стильдік қызметін де таныту- Йассауи «Хикметтері» сияқты поэзия жанрына жататын көркем сөздің де, тарихына үңілу, жол ашары сөзсіз.
Ғылыми жұмыстың аталңан түрлерінің өз ішінен және «бұтарланатын» сәттері де бар. Мысалы, сөздіктің түркі қабатын қыпшақтың, оғыздық, қарлұқтық деп немесе оңтүстік- шығыс түркілік, солтүстік-шығыс түркілік, деп айдар тағылып жүргендерін және іріктеу қажет болады. Бұл ізденіс ескерткіш тілінің негізгі сүйегін дұрыс атауға және ортағасырлық түркі әдеби тілдерінің «таза», «аралас»деген сияқты статустарын сөз етуге де жәрдемін тигізеді. Мұның баршасы «Инемен құдық қазуды»: Әрбір сөздің «паспортын» анықтауды, қолданыс санағын жүргізіді, контекстегі мағынасын қоса іздестіруді, қысқасы, аса зор мұқияттылықты талап етеді.
Әдетте, ертелі-кешті ескерткіштердің тілін, жеке-жазушылардың тілін зерттеуде, көбінесе ерекшеліктерді көрсету тәсілі қолданылады. «Хикметтер» тілін тануды біз ерекшеліктерді ғана іріктеп алуды емес, ескерткіш тілін тұтас сипаттауды жөн көреміз. Өйткені, ерекшеліктерді атау үшін, олардың неден ерекшеленетіндігін, яғни тілдік негізін алу керек. Ал, Йасауи тілінің негізгі, қазіргі не сол кезеңдегі (әрине, егер тарих сахнасында бар болса) қазақ тілі немесе өзбек тілі, я болмаса татар, не түрік тілі деп алдын-ала тануымыз керек. Ғылым мұндай жекешелендіруге бара алмайды: меншіктеу үшін де дәлел керек. Ол үшін, әуелі меншіктелетін дүние. Иасауи мұрасын талдап, танып алу қажет, ХІІ ғасырлардан бастап түркі тілдеріне ұсынылған жазба шығармалардығ, оның ішінде ислам дінінің бір ағымын танытатын сопылық (суфизм) әдебиет тілінің лексикалық сипатын көрсететін, белгінің бірі – діни емес мазмұнды араб, парсы сөздерінің молынан қолданылғандығы. Бұл сипат сан жағынан да, қолданылу жағынан да көрінеді. Оны дәлелдеу үшін, біз Йасауи мұрасының «Самарқанд қолжазбасы» деп аталатын, шамамен ХVII ғасырдың соң кезінде жазылған нұсқадағы 2-хикметте барлығы 232 сөз қолданылған болса, олардың 82-сі – араб пен парсы сөздері, 155-сі – түркі сөздері;4- хикметте бапрлық қолданылған сөз – 299, оның 140-ы – араб,парсы, 159-ы – түркі сөздері; 61-хикметте барлығы 282, оның 99-ы арабизмдер мен фарсизмдер, 183-і түркі бірліктері; 47 – хикметте 204-сөздің 123-і- араб пен парсы, 181-і- түркі сөздері болып шықты. Бұл санақта бір сөздің қайталанып келуі есепке алынған жоқ, ал бұған назар аударсақ, 2- хикметтің соңында келетін мәні сөзі-10 рет, ал есімдігі-7 рет, келді сөзі 3 рет (бұлар түркі сөздері), арабтың зикр сөзі – 3рет, хақ-4 рет қайталанңанын көреміз. Әрине, бір сөздің көп не аз қайталанып келуі, әр хикметтің тақырыбына, поэтикалық стиліне, ұйқас, өлшем сияқты өлең шарттарына қатысты екендігі белгілі. Қайткен күнде де, түркі сөздерінің қайталанып келуі әлдеқайда жиірек, әсіресе етістіктер мен есімдіктер (мән, сән, ол) бір шумақтың, бір өлеңнің ішінде, бірнеше реттен көрінетін сәттері бар.
Фонетикалық бітімі жағынан түп-төркіні болып игерілген арабизмдер мен фарсизмдердің бұлайша тұлғалануының жүйесін көрсету ғылым үшін, яғни қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын таныту,-өз алдына бір үлкен жұмыс, бұған, сөз жоқ, фонетика мамандары қазіргі ақпарат құралдарымен кірісіп, ғылыми теориялық тұжырымдар ұсынуы керек. Мұндай үлкен ізденістерге Йассауи мен оның поэикалық мектебінің шығармалары жақсы материал береді. Араб пен парсы сөздерінің қазіргі қазақ тіліне жазба әдебиет арқылы да, ауызша сөйлеу тәжірибесі арқылы да, келгенін дәлелдеуде де, Йассауи мен ол құрған сопылық (суфистік) мектептің мұралары – таптырмас материал. Өйткені Йассауидің хикметтері мен өзге де сопылардың поэтикалық дүниелері, көпшілік халық арасына ауызша да тарағаны мәлім.
«Дін - халықтың санасын улайтын у» деген концепцияны ұстанған коммунистік идеологиялар қысымымен 60-70 жыл бойына айтылмай, оқылмай, ауызша да, жазба түрде (басылымдары болмай) көпшілік қауым арасына таратылмай келген Йассауи мұрасы, бұл күндерде де еркін сөз болып, бүгін қазақша аударылып, түп нұсқа мәтіні де баспа жүздерін көріп кеңінен жарияланып зерттеліп жатыр. Қалың көпшілік, әсіресе жастар, бабаларымыздан қалған жазба ескерткіш ретінде «Хикметтермен» жақын танысуға, түсініп оқуға бет бұрған тәрізді. Сол себептен ескерткіш мәтініндегі әрбір сөздің мағынасын, түп төркінін білгісі келетіндігі даусыз. Осы шағын мақалада діни терминдік мәндегі бірнеше арабизмдер талданып көрсетіледі.
Йассауи «Хикметтінде» ишқ деген (және одан «ашиқлық» деген) теологиялық термин ғана Йассауидан туындаған ашиқ негізінен бір қолданылады, алланың нұрына ғана ғашық болу. Өйткені, сопылық ілімді меңгерген әрбір адам, өзін алланың бір бөлігі деп танып, алламен табыса (қосыла, жалғаса) алады. Ал, ол үшін, құдайды (алланы, хақты) ғана сую керек, аллаға ғана ғашық болу керек; алла сені махаббатпен сүйіп жаратқан. Сондықтан, сен де аллаға жан-тәніңмен сүйіп берілуің қажет. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл-сопылық поэзияның тақырыбы. Мысалдар, деректер келтірсек: ишк/йүгіні йерге салсам, йер көтермәс, аңдағы болмай йшк да рисын қылған бар му. Бұл өлең жолдарындағы ишк тұлғасы-абстаркт есім атауы (ғашықтық деген сияқты). Ишқ түбірінен ашиқ, ашиқлық, ашиқсыздар деген сөздер өрбіген. Мәтінде ашиқ сөзі әрі зат есім (хаққа ғашық адам), әрі сын есім қызметінде келеді:ашиқларны ширасы, куфт-у ку дур миуасы. Ишқ сөзі чин ашиқ, йалған ашиқ деген сияқты терминдік тіркестер де құрайды, айналған йүзі, ишқ да рисы, ишк сөзі, ишк дүкәні, ишк шалдаты, иш саудасы, ишк гауһары сияқты тіркестермен де келеді.
Йассауидің, жалпы сопылық мектептің махаббат дейтіні –аш кулааһ, яғни «аллаға» деген шынайы махаббат» дейді проф. Көнүрлү қазақ тіліндегі «аш құлақтан тыныш құлақ» деген фразаның аш құлағы осы емес пе екен. «Хикметтің» тілінде ашиқ сөзінің түптілдегі «біреуді не бір нәрсені бар ынтасымен жақсы көру, әйел мен еркектің бірін-бірі сүюі» сияқты мағыналары кемде-кем кездеседі деуге болады.
Әдебиеттер тізімі:
1.Кәрібаева А.Ө. « Қазақ тілінің стилистикасы» Т., 2003
2.Балақаев М. « Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы, 1965 ж.
3.Кәрібаева А.Ө. «Көркем шығарманың тілі» Т., 2010