Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і



Дата01.04.2022
өлшемі0,52 Mb.
#137531
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар



Білім беру ұйымының атауы

Ұлықбек жалпы орта мектеп кмм

Пәні:

Физика

Бөлім:

Электростатика

Педагогтің аты-жөні:

Абдугаппаров Исломбек

Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.4.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің ПӘК-ң формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: электр тогының қуаты мен жұмысы формуласын меңгереді;
Көптеген оқушылар істей алады: Ток көзінің ПӘК қорытып шығару формуласын меңгереді;
Кейбір оқушылар істей алады: формуланы қолданып есептер шығарады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы


10 минут

Өткен білімді еске түсіру


Сабақтың ортасы




Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Plickers әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
Мұғалім оқушылар экранға назар аударайық.Видеоны тамашалап, не туралы берілгенін айтамыз.
«Электр тогының жұмысы және қуаты. Джоуля – Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК» атты сабақтың тақырыбын хабарлайды. Оқу мақсатын және сабақтың мақсаты туралы айтады.
Жаңа тақырыпты АКТ арқылы слайдпен түсіндіреді.
Электр тогының әрекетін екі шама сипаттайды: токтың жұмысы және қуаты.
Электр тогыныӊ жұмысы қанша электр энергиясы (электр өрісініӊ энергиясы) басқа түрдегі энергияға айналғандығын көрсетеді. Мысалы, металл өткізгіштіӊ қызуы, шамныӊ жануы т.б. Бұл жағдайларда электр энергиясы басқа түрдегі энергияға (ішкі энергия) айналады.



А- электр тогыныӊ жұмысы (Дж); I- тізбектегі ток күші (А)
U- тізбек ұштарындағы кернеу (В); t- уақыт (с).


Электр тогыныӊ әрекеттері

1 Дж = 1А · 1В · 1с
Токтыӊ жұмысын өлшеу үшін амперметр, вольтметр және сағат керек. Практикада токтыӊ жұмысын арнайы аспаптармен – санағыштармен (счетчики) өлшейді

Электр тогыныӊ әсері тек қана жұмыспен емес, оныӊ қуатыменде сипатталады.


(W, D) Электр тогыныӊ қуаты тізбектегі токтыӊ күшімен кернеудіӊ көбейтіндісіне теӊ.
1 Вт = 1 А· 1с
1 Дж = 1 Вт · 1с
1 кВт·сағат = 1000 Вт · 3600 с = 3 600 000 Дж


Тізбектей жалғанған шамдардыӊ қуаты:

Шамдар тізбектей жалғанса, онда олардан өтетін токтыӊ күштері бірдей болады. Олардыӊ қуат формуласымен есептеледі.
Параллель жалғанған шамдардыӊ қуаты:



Шамдар параллель жалғанса, онда оларға түсетін кернеу бірдей болады. Олардыӊ қуаты формуласымен есептеледі.


Джоуль-Ленц заңы
Өткізгіштен электр тогы өткен кезінде өткізгіш қызады. Өткізгіштен бөлініп шыққан жылу мөлшері ток күшініӊ квадратына, өткізгіштіӊ кедергісіне және токтыӊ өту уақытына тура пропорционал.

«Өзіңді тексер» әдісі арқылы топтық жұмыс
1-топ. Оқушыларға токтың жұмысын және қуатын, Джоуль-Ленц заңын, сондай-ақ өлшем бірлігін анықтауға арналған формулаларды еске түсіру. Ол үшін кестені толтырыңыз. Кестеге оқушылар формулаларды, өлшем бірліктерін және шамалардың атауларын енгізе алады
2-топ. « Есептер шығару» 1. Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ток күші 0,5 А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0,5 сағ ішінде қанша жұмыс жасайды? 2.Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А ток күшін тұтынады және 600 В кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай? 3.Ток күші 5 А желіге жалғанған кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 мин-та қанша жылу бөлінеді?
3-топ.Практикалық жұмыс
Электр тогыныӊ жұмысын және қуатын есептеу

Топтар бір-бірін «Шапалақтау» әдісі арқылы бағалайды





Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады
Видеоны көріп түсінгендерін айтады
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді
Кестеге оқушылар формулаларды, өлшем бірліктерін және шамалардың атауларын енгізеді

Өз бетімен жұмыстанады, жауап парағына жауаптарды жазады, жұмысты тез жасауға тырысады,


Оқушылар А,В,С деңгейдегі есептерді орындайды


оқушылар материалды түсінгендігін көрсетеді. Тәжірибені өз бетімен орындайды.



Дескриптор

Сұрақ тарға жауап береді

Есептің шешімін слайдт тан қарап тексере ді
2-балл
«Электр тогының жұмыс істеуі және қуаты» тақыры бында оқушы ларға көмектесу және осы тақырып бойын ша білім тереңді гін тексеру.
дұрыс есептеу нәтижесі және орында лу жылдамдығы бағаланады. 5 балл



ФИЗИКА 10 сынып


Дидак тика лық мате риал дар
Смай лик тер



Бекіту
10 минут

Мұғалім «Quizlet live» тест тапсырмаларын береді



Оқушылар ұялы телефондарда бекіту тапсырмаларын орындайды






Ұялы телефон

Кері байланыс
Сабақтың соңы
5 минут
Үй тапсырмасы

Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.



Оқушылар кері байланыс береді

Форма тивті бағалау 10 балл

Стикерсмай лик, маркер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет