Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет7/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
Жазу мен ғылымның дамуы. VI—VIII ғасырларда түрік қағанатына бағынған Орталық жэне Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай-ақ Хазар қағанатын қүрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен экімшілік жэне елшілік тәжірибелеріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тэрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл атқарғаны анық.

Шежірелерде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға "қажетті адамдардың аттарын, салық пен малдың санын" есептеу мақсатында ойықтар салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юсти­ниан императоры сарайына келген елші соғды Маниах қағаннан "скиф жазуымен" жазылған хатты әкелген. "Мүның не жазу" екендігін түрік қағанатының — Бугут көне жазуы ескерткішіне қарап білуге болады. Бағананың үш жағында соғды тілінде жазыл- ған жазу бар. Оның бір жағындағы брахма жазуымен санскриттегі жазба толығымен өшкен. Сөйтіп, руна эріпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданғанын, ол Түрік қағанатының бірінші ресми жазуы болғандығын білеміз.

Жаңа жазба — көне түрік әліппесі — түріктердің арасында VII ғ. бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашында бір-бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден қүрылып, 37 немесе 38 әріптен түрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға қолайлылығымен ерекшелінеді. Руна ғаріптері түркі тілінің ерекшеліктерін дэл бере білді. Әдеби жэне тарихи түрғыдан алғанда, руна ескерткіштері тіл мен әліппеге қатысты біркелкі емес. Аймақтық белгісіне орай ескерткіштер бірнеше топқа бөлінеді. Моңғолиядан табылған руна ескерткіштері Орхон, Тола жэне Се­ленга өзендері алқаптарында шоғырланған. Бүл топқа Білге-қаған мен Күлтегінге арналған белгілі руна мәтіндері жатады: Кошо- Цайдам бағаналары, Чойрэн бағанасы, Тоныкөк ескерткіші, Онгин жазуы, Куличор қүрметіне арналған бағана, Селенга тасы, Сэврэй тасы, Терхин бағанасы, Тэсинь бағанасы, Қарабалғасун жазуы, Суджа жазуы, Тайхир-чулудің 20 жазуы, Исе-Асхеттің 2 жазуы, Хэнтэй жазуы, Хангай мен Гобаның үсақ жазуы, сондай-ақ соғды тіліндегі Бугут жазуы. Бүл жазулар "орхон ескерткіштері" деп аталады.

Тува жэне Минусин аймағындағы Енисей ескерткіштеріне жататын қүлпытастарда, тастарда, алтын жэне күміс ыдыстарда, теңгелерде қазіргі таңда белгілі болған жазудың 150 түрі белгілі болса, Лена-Байкал жағалауындағы ескерткіштер тобында түрмыс заттарына жазылған, элі күнге дейін оқылмаған 16 қысқа жазу кездеседі.

Алтай тобының ескерткіштері: бір тас бағана мен тасқа жазылған жазулар жэне молалардан табылған күміс ыдыстағы жазулар (барлығы 50-ге жуық жазулар).

Шығыс Түркістан ескерткіштеріне Түрфандағы көне қүрылыстың қабырғасында жазылған 4 жазу, үңгір ғимараттарындағы 2 жазу, Миран мен Дуньхуандағы қағазға түсірілген бірнеше ipi мәтіндер, қоладан жасалған қол айнадағы жазу жатады.

Ал Жетісулық деп аталған Орта Азиялық ескерткіштер тобына — Талас алқабындағы қүлпытастардағы, теңгелердегі, түрмыстық заттар мен ағаш таяқтардағы 12 жазуды, ал Ферғана ескерткіштеріне жататын қосалқы тобы керамика мен металдағы 17 қысқа жазу жатады.

Көне түркі мәдениетіндегі адамзат өркениетінің өлмес қазына- ларының бірі — баға жетпес асыл мүрасы — жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы. Білге-қаған мен Күлтегіннің жэне басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің қүрметіне арналған руна мәтіндері ең қүнды әдеби шығармалар ретінде жэне сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады. Бірақ біртіндеп оңтүстік өлкелерді арабтардың жаулауы, ислам дінінің көшпелі ақсүйектер арасына терең тамыр жаюы нәтижесінде ежелгі түріктердің руна жазуы ығыстырылып, араб графикасы негізінде жаңа түрік жазбасы қалыптасқан.

Ортағасырлық мәдениеттің қаншалықты деңгейде дамығанды- ғына философ, ғалым энциклопедист, Отырардан (Фарабтан) шық- қан Әбу Насыр ибн Мүхаммед ибн Тархан ибн Узлак эл-Фараби ат-Түріктің (870—950) ғылыми еңбектері куэ. Немістің шығыста- нушысы Ф.Дитеритстен бастап Дж.Сартонға дейінгі мәдениет пен ғылымның көрнекті өкілдері, тарихшылар әл-Фарабиді кереметтеп, үлы түлға екендігін ерекше баяндайды. Ол астрономияны, логика- ны, музыка теориясын, математиканы, социология мен этиканы, медицина мен психологияны, философия мен қүқықты зерттеді. Оған "Муаллим ассана" — "екінші үстаз" деген атақ берілген. Бүл жерде "екінші" деген Аристотельден кейінгі дегенді білдіреді. Эл- Фараби шын мэнінде әлемдік дәрежедегі ғалым болды, ол өзініц шығармаларында араб, парсы, грек, үнді мәдениетімен түрік мэдениетініц жетістіктерін бір-біріне жақындастырып, біріктіре білді. Ол атақты "Китаб аль-музык аль-кабир" атты ецбегінде музы­ка мәселесіне ерекше мэн береді. Ол ғылымды, білімді жацғыртушы болды, бүл оныц "Ғылымды топтау туралы сөз" деген ецбегінде қамтылды.

Әл-Фараби саяси философия мен этикаға ерекше мэн берді, өйткені, солардыц арқасында шын мэніндегі бақытқа қол жеткізуге болады, бүл бақытты алдамшы бақыттан ажырата білу керек деген, Әл-Фараби жақсылық тілеуші қаланы надан, адасқан қалаға қарсы қояды, ақ ниетті адамдар үшін өтірік айту, алдап-арбау жэне астамшылық жат нәрсе деген. Рухтыц еркіндігі туралы Әл-Фараби шығармаларында өте анық жазылған. Фарабидіц қолжазбалары элемніц көптеген кітапханаларында сақталған. Әл-Фарабидіц осы ецбектері арқылы ортағасырлық ғылым қалыптасты, оныц ықпалымен Ибн Руштіц, Ибн Синаныц, Омар Хайямныц, Роджер Бэконныц, Леонардо да Винчидіц жэне өзге де ойшылдардыц дүниетанымы қалыптасты.

Дамыған орта ғасырлар кезеціндегі тағы бір ipi эдеби поэтикалық шығарма "Қүтадғу білік" немесе "Қайырымды білім" поэмасы болып табылады.

"Қүтадғу білік" ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей IX ғасырдан бастап-ақ ықпалды, іргелі елдік қүрған қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп түрған заманда Жүсіп Xac- Хаджиб жазған. Ол X ғ. соңы мен XI ғ. алғашқы жылдарында қазіргі қазақ елінің жер ауқымына енетін ежелгі Баласағүн шэһарында туып өскен. Жүсіп Баласағүн айтулы этикалық-философиялық еңбегін 54 жасында жазған. Баласағүн қаласында бастаған бүл шығармасын Қашқарда аяқтап, Қарахандар мемлекетінің сол кездегі эмірі Сатүқ Боғра ханға тарту етеді.

"Қүтадғу білік" 6520 бәйттен түрады жэне 124 бэйттің қосымша- сы бар. Шығарманың жалпы көлемі 13 мың екі шумақтан қүралған өлең. Поэманың 3 түрлі қолжазбасы сақталған: үйғыр жазуымен венгерлік, сондай-ақ араб қарпімен жазылған каир мен намангандық нүсқалары. "Қайырымды білім" тек әдеп-мораль трактаты ғана емес, терең философиялық шығарма, онда идеалдық қоғамның нормаларын, бүл қоғамдағы эртүрлі тап өкілдерінің мінез-қүлық ережелерін суреттейді. Білім — билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден-бір қайнар көзі деген идея оның мазмүнына арқау болған. Жүсіп Баласағүнның осы еңбегі арқылы Қарахандар дэуіріне барлау жасап, тарихи-этнографиялық қүнды пайымдаулар түйіндеп, пікір қорытуға болады. Шығармада ел басқарудың экономикалық, әлеуметтік-түрмыстық ахуалы, әскери істі үйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің эл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Еңбекте сол заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері де аңғарылып отырады.

"Қүтты білік" атты даналық дастаны ғүлама атын күллі Түран еліне, Шығыс әлеміне танытты. Батыс пен Шығысты кең шарлап кеткен бүл әдеби жәдігер он ғасырдай мерзім өткенде өз атамекеніне оралды. 1986 жылы қазақ жерінде өз ана тілімізде алғаш рет жарық көрді. Сол X—XII ғасырлардың өзінде-ақ Орта Азия, Қазақ елі аумағын мекендеген халықтардың мәдени даму биіктерінің бірі болған философиялық поэманың даналық ойлары күні бүгінге дейін aca қүнды, өміршең. "Қүтты білік" — ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның түңғыш шығармасы.

Түрік тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы Махмуд Қашқари (1029—1101) еді, оның халиф әл-Мухтадиге арнап 1072—1074 жж. жазған "Түркі тілдерінің сөздігі" («Диуани лүғат ат-түрк») атты атақты шығармасы бар. Онда тарихи-мәдени, этнографиялық жэне лингвистикалық мате- риалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. "Түркі тілдерінің сөз- дігі" — XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін, этникалық қүндылықтары мен мінез-қүлық норма- ларын сипаттайтын түркі мэдениетінің ескерткіші, онда ата- бабаларымыздың бүрынғы мүралары толық қамтылған. Кітапта ежелгі зороастрийлік-шамандық дүниеге көзқараспен қатар жаңа идеология — исламның элементтері мен оның бір тармағы суфизм туралы да айтылған.

"Сөздік" қазіргі кезде А.Н.Кононовтың айтуы бойынша XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы бірден бір ақпарат көзі болып табылады: атап айтқанда, олардың материалдық мәдениеті, түрмыс- салты туралы, этнонимдер мен топонимдер, рулық бөлініс жөнінде, түрлі лауазым иелерінің атақтары мен атаулары, тағамдар мен сусындар атаулары туралы, мал шаруашылығы жөнінде, өсімдіктер мен дэндер туралы, астрономиялық терминдер, металдар мен ми- иералдар туралы, географиялық терминология мен номенклатура туралы, қалалар, аурулар мен дәрілер атаулары, тарихи жэне мифологиялық батырлар, діни жэне этникалық терминология туралы, балалардың ойыны мен ойын-сауықтар туралы жэне т.б.". Махмуд Қашқари өзінің кітабында мынандай негізгі жанрларды бөліп қарастырады: түркі тілді фольклорлық-түрмыс-салт жэне лирикалық әндер, батырлар жырынан үзінділер, тарихи ертегілер мен аңыздар, 400-ден aca мақалдар, мәтелдер жэне шешендік сөздер.

Түркі суфизмінің негізін қалаушы, ойшыл жэне ақын Қожа Ахмет Яссауи ортагасырда өмір сүріп артында мол мүра қалдырды. Оның өмірі мен қызметі Яссы (Түркістан) қаласымен тыгыз байланысты. Оның "Диуан-и хикмет" атты кітабы сақталган. Яссауи түркі суфизмінің көшбасшысы. "Диуан-и хикметте" исламның негізгі ережелері мен қагидалары баяндалады. Автор 4 үстанымды, атап айтқанда, шариатты, тарихатты, хакихатты, магрифатты түсіндіруге ерекше мэн береді. "Шариат" — ислам дінінің заңдары, дәстүрі, салт-дэстүрі, "Тарихат" — суфизм идеясы, "Хакихат" — қүдайга қүлшылық ету, бірігу. "Магрифат" — дінді танып-білу. Яссауидің пікірінше, шариатсыз, тарихатсыз, магрифатсыз хакихат жоқ. Ол "Хикметте" Алланың атын түріктер бүрын өзінің қүдайы санаган Тэңір атымен жиі алмастырып отырган. Түріктер жаңа исламдық өркениетке көшкен соң да халықтың даму багытын бір арнага салуга күш жүмсады. Демек, жаңадан енгізілген идеологияны бүқараның гасырлар бойы қалыптасып қалган сана-сезімінен, олардың үстанып келген Тэңірге табынушылық — шаманизммен, зороастрийлікпен біріктіре білудің орны ерекше болған, кейін мүндай процесс "Түркі халқының мүсылмандығы" деген атауға ие болды. Осы орайда яссауилік ілім зор рөл атқарды, ол эділдікті, рухани тазалықты жэне адамның рухани дамуын жетілдіруді насихаттады, ал мүндай игі қадам түркі халықтарының көңіліне қонды. Егер рухани күш болмаса, қүдайға шын көңілмен сенбесе, тіпті соған орай өзін-өзі қүрбан етуге дейін бармаса, адамның өзін- өзі тануы мүмкін емес,— деген қағиданы үстанған Ахмет Яссауи өзінің барлық ғүмыры мен қызметін тап осындай идеялық-өнегелік жолға арнады.

Осылайша VI—XII ғасырларда кең толғамды, парасатты пайымдаулары мол ғылыми мүралардың, ақындық өнердің үздік дара туындыларының дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың қүнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта тынысы мен қоғамдық-саяси жағдайлардың заңдылықтары, алғышарттары болғаны күмәнсіз. Бүл классикалық шығармалар сол кездің өзінде белгілі дәрежеде әдеби-мәдени дәстүрдің, көркемдік-эстетикалық танымның қалыптасқан мектебінің болғандығын меңзейді.

Сөйтіп, VI—XII ғасырларда тарихи қалыптасқан жағдай — ғылымның дамуына, феодалдық негіздің нығайып, мемлекеттік қүрылымдардың шығуына, отырықшы-егіншілік мәдениет пен қалалардың өсуіне, этникалық шоғырланушылық процестердің күшеюіне экелді.

4-тақырып ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛДӘУІРІНДЕ (XIII ғ. басы — XVr. 1-ші жартысы)

тжшштшшшшшттттттттиштт'

  • Монголдардың Қазацстан аумагын жаулап алуы

  • Қазацстан Алтын Орда цүрамында

  • XIV-XVss. Қазацстан аумагындагы мемлекеттер

1. Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы

XII ғ. аяғы мен XIII ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласы Темучин (1155—1227) билік еткен ipi көшпелі мемлекет қүрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. Егер бүрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастайды да, бүл термин жинақтаушы этникалық-саяси мэнге ие болады. Қытай деректерінде бүкіл Монғолияның халқы «татарлар» деп аталған, осы атау араб, парсы, орыс жэне батыс еуропалық деректерге ауысқан. Жалпы «татарлар» атауының шығыс-монғол- дық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. «Татар-монғолдар» жэне «монғол-татарлар» атауы кейін пайда болған.

XII—XIII ғғ. межесінде монғол қоғамында феодалдық қаты- настардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бүл қоғам екі топқа — ақсүйек нояндарға жэне еңбекші халық — араттарға бөлінді.

1206 жылы көктемде Темучинді жақтаушы монғол ақсүйекте- рінің қүрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан түсында Монғол империясының астанасы Қарақо- рым болды. Монғол мемлекеті әскери-әкімшілік үйым негізінде қүрылды. Мемлекет аумағы үш әскери экімшілік аймаққа бөлінді. Әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», эр мыңдық — 10 «жүздіктен» түрады. Армия темірдей тэртібі жэне жоғары әскери дайындығымен ерекшеленді. Монғолдардың әскери басымдыққа жетуіне Шыңғыс ханның жауапты орындарға этникалық жэне әлеуметтік шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды қоюы көп әсерін тигізді.

1207—1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын жэне Сібірдің оңтүстігіндегі «орман халықтарын» бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында түрған үйғырлар монғолдарға бағынды. 1211 ж. Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға енді, 1215 ж. олар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды.

Шыңғыс ханның негізгі мақсаты батыс елдерін — Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказды, Шығыс Еуропаны басып алу болды. Батыста монғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен үзақ түрақтай алмады. Бүл жылы монғол әскерін Жетісуға Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Қүбылай бастап келген болатын. 1216 жылы Шыңғыс хан өзінің үлкен үлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолата талқандауға аттандырды. Жошы Торғай даласында қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мүхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түнде монғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.

Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Осы жылы қаңлы, найман жэне керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бүл кезде Жетісуды наймандардың Күшлік ханы билеп түрған еді. Оған қарсы Шыңғыс хан өзінің таңдаулы қолбасшыларының бірі Жебені жіберді. Монғолдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде үстануға рүқсат етіп, Күшліктің мүсылмандарды қудалауына байланысты халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бүл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тыйым салды. Көптеген елді мекендер, соның ішінде Баласағүн қаласы үрыссыз берілді, ал Күшлікті монғолдар Бадахшанда үстап, өлтірді.

Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бүл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиға сылтау болды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен қүрамында көпестері мен монғол барлаушылары бар, барлығы 450 адамнан түратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарға аттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді жансыздар деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бүйырады, керуен тоналады. Бүған шамданған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мүхаммедтен Қайыр ханды үстап беруді талап етіп, елшілерін жібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болады.

Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды. Өзінің әскерін үш топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін үлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен үлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды. Өзі Бүқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан ерлікпен шайқасты, ол басқарған әскер мен қала түрғындары басқыншыларға қарсы табан тіресе қарсылық көрсетті, қаланы 5 ай бойы үстап түрды. Бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Қараджа хаджиб опасыздық жасап, қаланың қақпасын ашып, 10 мың әскерімен монғолдар жағына шығып кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның өзі осы опасыздығы үшін монғолдар тарапынан өлтірілді. Қайыр хан өз жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай қорғанды. Бірақ күш тең болмады, қамал қиратылды, 1220 жылы ақпанда Отырар қаласы алынды, Қайыр хан қолға түсіп, қатал жазаланып өлтірілді.

Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас жэне т.б. қалалар түрғындары да монғолдарға қатты қарсылық көрсетті. Араб жэне парсы тіліндегі тарихи деректерде монғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар аталады. Олардың ішінде оңтүстік қазақстандық Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар.

Монғолдар Сырдария өңіріндегі қалаларды бағындырып, Орта Азияға қарай ішкеріледі. Үргенішті қоршауға алу бірнеше айға созылды. Монғолдар Бүқарды, Самарқанды алды, Хорезм жаулап алынды. 1221 жылы көктемінде монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтады.

Енді соғыс Хорасан, Ауғанстан жэне Солтүстік Индия аумағына ауысты. Қолбасшылар Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Ираннан шығып, 1220 жылы Кавказға басып кірді. Бүл әскер армян, грузин, алан, қыпшақ жэне орыс әскерлерін Қалқа өзенінің бойында талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. Сөйтіп, 1219—1224 жж. монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының қүрамына кірді.

Шыңғысхан көзінің тірісінде үлан-байтақ аумақты алып жат- қан жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөртеден туған үлдарының санына қарай төрт үлысқа бөлді. Кіші үлы Төле Шыңғысханның негізгі жүртын — Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұракты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын иеленді. Үшінші үлы Үгедейге Монғолияның батыс бөлігі, Жоңғария мен Шығыс Түркістан аймағы қарады. Оның үлысының орталығы жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағында орналасты. Шыңғысханның екінші үлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, яғни Жетісу мен Мэуераннахрды қамтыды. Шыңғысханның үлкен үлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай төменгі Еділге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Сонымен Қазақстанның аумағы монғолдың үш үлысының қүрамына: үлкен бөлігі — Жошы үлысының қүрамына, Оңтүстік жэне Оңтүстік-Шығыс Қазақстан — Шағатай үлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі — Үгедей үлысына кірді.

2. Қазақстан Алтын Орда құрамында



1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда монғол ақсүйектерінің қүрылтай жиналысында Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылданды. Монғол әскерін Шыңғыс ханның немересі Батый басқаратын болды. Шығыс Европаны бағындыруға аттанған Батый басқарған монғол армиясының көпшілік бөлігін қыпшақтар қүрады. Сондықтан деректерде оның әскері қыпшақтық деп аталған. 1236—1242 жж. Еділ Бүлғариясын, орыс княздіктерін бағындырып, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдовияны, Валахияны, Трансильванияны талқандап, Батый Еділдің сағасына қайта оралды да, мүнда жаңа монғол мемлекеті — Алтын Орданы қүрды. Бүл мемлекеттің аумағы шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ мен Әмударияның төменгі сағасына дейінгі орасан зор жерлерді алып жатты. Алтын Орда Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм жэне Батыс Сібір аумағының бір бөлігін қамтыды. Бастапқыда астанасы Астрахань маңындағы Сарай-Батый қаласы болды, кейін астана Сарай-Берке қаласына Еділ бойындағы жоғарырақ жерге көшірілді.

Алтын Орда көпүлтты мемлекеттік қүрылым еді. Ол эр алуан халықтар мен тайпалардан қүралды. Монғолдардың өздері тіпті аз еді. XIV ғасырда монғолдар ic жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы «татарлар» деп атала бастады. Сонымен, белгілі шығыстанушы JI. H. Гумилев атап көрсеткендей (Қиял патшалығын іздеу. Алматы, 1992, 208-6.) «Жеңген монғолдар өздері қүрған мемлекетте азшылықта қалып, жеңілген жэне бағындырылған халықтар шын мәніндегі қуатты күшке айналып шыға келді. Ал тақта мығым отыруды қалаған басқарушылар бүл күшпен барған сайын жете санасуға тиісті болды».

Алтын Орда алғашқы кезде Монғол империясының бір бөлігі болды, сөйтіп, әуелгі кезде монғолдың үлы ханына қарайтын, бірақ Батый хан (1242—1256) өзін тәуелсіз билеуші ретінде үстады. 1260 ж. Монғол империясы тәуелсіз үлыстарға бөлінді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256—1266) түсында дербес мемлекетке айналды. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда Монғол империясынан біржолата бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-Темір хан (1266—1280) түсында Алтын Орда түңғыш рет өз атынан теңге қүя бастады. XIII ғасырдың 80- жылдары Алтын Ордада беклербек Ноғайдың есімімен байланысты дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның бір үрпағы ретінде Батый мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің дербес мемлекетін қүру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298— 1312) алауыздық өзара күреске үласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді.

Өзбек ханның (1312—1342) жэне оның баласы Жәнібектің (1342—1357) түсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Орыс княздықтары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, үлы ханның қолынан «князь» атағын алып, алым-салық төлеп түрды. Бірақ билеушілердің хан тағына таласып, өзара қырқысуының салдарынан Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың қүлдырауы басталды. 1357—1380 жылдары ондаған хан ауысады. Сөйтіп, бүл жылдар Алтын Орда тарихында «¥лы дүрбелең кезеңі» деп аталады. 1380 жылы Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. Жошының үрпағы Тоқтамыс хан Мамайдың әлсірегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. Өз билігін әскери жеңістермен нығайту үшін ол 1382 жылы Мәскеуге жорық жасап, оны талқандап, өртейді. Ол сонымен қатар Мәуераннахр мен Кавказдың ap жағына бірқатар жорықтар жасайды. Тоқтамыстың кезінде (1380—1395) Алтын Орда уақытша күшейеді. Бірақ XIV ғ. соңында Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап (1389, 1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. XV ғ. орта кезінде Алтын Орда қүлайды. Ол Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарына бөлініп кетеді.

Алтын Ордада Жошы үлысының мемлекеттік қүрылысының негізгі бастамасы сақталды. Жошы үрпағының мемлекеті саяси қүрылысы жағынан үлыстарға бөлінген, өз кезегінде үлыстары неғүрлым ұсак үлес-иеліктерге бөлшектенген әдеттегі көшпелі мемлекет болған еді. Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде қызмет адамдарынан, әскери ақсүйектерден қүралған әкімшіл-чиновниктік аппараты маңызды орын алды. Армияны жэне мемлекеттің ішкі істерін басқару үшін ерекше лауазымдар белгіленді. Алтын Орданың билеушісі — хан ондағы барлық қарулы күштердің бас қолбасшысы саналды. Ханның атынан бүкіл әскери істі беклербек басқарды, ал азаматтық биліктің басында уэзір түрды. Беклербек уәзірден дэреже жағынан жоғары түрды. Ол басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды басқарды жэне азаматтық істерді шешкен кезде жоғары сот билігін атқарды.

Алтын Ордада атқарушы орган—диуанның басында уэзір түрды. Атқарушы өкіметтің орталық органы — диуанның қарауында қаржы, салық жэне басқа ведомстволар болды. Диуанның хатшысы бітікші деп аталды. Уэзір мемлекетті азаматтық түрғыдан басқару ісінде ханның кеңесшісі болды. Мемлекеттік басқару жүйесінде даруғалар мен басқақтар маңызды орын алды. Даруғалар негізінен салық жинаумен айналысты, басқақтар басқару міндетін де атқара отырып, жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды. Олар сонымен қатар қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салық та жинады.

Монғол әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ауыр апат әкелді. Ол көптеген халықтардың экономикалық жэне мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік жэне этникалық дамуын тежеді. Монғолдардың шапқыншылығы салдарынан өндіргіш күштер әлсіреді. Көптеген қалалар қиратылып, ортағасырлық қала мәдениетіне үлкен зиян келтірілді. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі отырықшылық өмір мен егіншілік мәдениетіне бүл ауыр соққы болып тиді. Бағындырылған халықтан алынатын алым-салық та ауыр жэне көп болды. Зерттеушілердің айтуынша салықтың 20 шақты түрі болған.

Дегенмен, монғол басқыншылығының апатты зардаптарымен бірге кейбір жағымды жақтары да болған. Монғол өкіметтері сауда- саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасады, жер-жердің бэрінде пошта жэне көлік қатынасы қызметін енгізді. Монғолдар бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын әкеледі, бүрын үйымдаспаған тайпалардың басын қосады. Көшпелі өмір тэртібін Шыңғысханның заңдар жинағы — «Ясасына» сәйкес келтіре бастайды. Кейін «Ясаның» кейбір нормалары қазақ заңдарында белгілі дәрежеде пайдаланылады. Мемлекеттіліктің элеуметтік үйымы мен түрлерінің көптеген нормалары монғол дәуірінен кейін Қазақстанда пайда болған мемлекеттік қүрылымдарда пайда­ланылды. Монғол жаулаушылығы Қазақстан жеріндегі этникалық процестер барысына да үлкен әсер етті.

3. XIV—XV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер



Монғол дәуірінен кейінгі кезең Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу жэне Оңтүстік Қазақстан халықтарының бірігуімен сипатталады. XIV—XVI гг. Қазақстанның бүл бөлігі Түркістан деп аталды. Осы кезеңнің бастапқы сатысында Дешті Қыпшақтағы, Орта Азиядағы (Мәуераннахр) Шыңғыс әулетінің иеліктерінде монғол дэуірінің ыдырау үрдісі жүріп, бірнеше мемлекеттер қүрылды: Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы.


Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет