Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер Баймағамбетов Ерлан Русланұлы



Pdf көрінісі
Дата23.07.2020
өлшемі0,65 Mb.
#75552
Байланысты:
ЖЕТІСУ
dayyn pedagogika shpor (1), «МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ, Өлке тарихын оқытудағы инновациялық стратегиялар және патриотизмге тәрбиелеу мәселелері, ТӘУЕЛСІЗДІК 2


Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары 

және тарихи-мәдени кешендер 

 

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы 

 

Егеменді  ел  болып  еңсеміз  көтерілген  соң  тарихымыздың  терең 

қойнауларына  көз  салып,  ой  елегінен  өткізу  еліміз  үшін  заңды  құбылыс 

болып  табылады.  «Петроглифтер»  деп  аталатын  туындылар  бүгінде 

ғалымдар  назарынан  тыс  қалмайтын,  зерттеуді  әлі  де  қажет  ететін,    құнды 

мағлұматтарға  толы.  Өткен  ғасырдың  1940  жылдары  Францияда 

оқушылардың  арқасында  табылған  үңгірдегі  суреттер  ең  алғашқы  ғылыми 

түрде зерттеліп, оның ерте заман туындысы екендігі анықталған. Сол кездің 

өзінде  петроглифтерді  тарихи-мәдени  кезеңдерге  бөліп  қарау,  зерттеу 

дәстүрге айналады. 

Жеріміздің барлық түпкірлерінде адамның шығуы мен даму тарихында, 

сонымен  қатар  оның  еңбек  қызметінің  іздерінде  ортақ  нәрсе  көп  және  олар 

өзара  тығыз  байланысты.  Алайда  адамзаттың  ежелгі  өткен  заманының 

көптеген  беттері  осы  кезге  дейін  ашылмады,  анықталған  мәселелер  мен 

даулы  қағидалар  әлі  де  баршылық.  Біздің  ертедегі  балбаларымыздың  өмірі 

туралы қазіргі түсініктер адам еңбегінің қалдықтары  – тас құралдар, оларды 

дайындаған кездегі қалдықтар, тамақ қалдықтары – жануарлардың сүйектері 

сақталып,  үңгірлерді,  үңгіме  қуыстарды  зерттеуге  негізделеді.  Осы  заманғы 

«мешеу  халықтар»  дейтіндердің  өмірінен  алынатын  этнографиялық 

деректердің  де  маңызы  аз  емес.  Олар  ежелгі  адамзаттың  материалдық  және 

рухани  мәдениетінің  кейбір  жақтарын  жақсырақ  түсіндіруге  мүмкіндік 

береді. Бірақ басты ақпаратты дегенмен де, алғашқы қауымдық қоғамның ең 

көп тараған материалы тастан жасалған еңбек құралдары береді.  

Кеңес  өкіметі  тұсында  петроглифтерді  зерттеуге  неғұрлым  ғылыми 

тұрғыдан  келу  орын  ала  бастайды.  Бұл  кезеңде  зерттеуші-ғалымдар 

петроглифтердің  семантикасы,  петроглифтерді  мерзімдеу  мәселесіне 

қатысты  пікірлер  айтады.  Алайда,  ХХ  ғасырдың  басынан  ортасына  дейінгі 

аралық  бойы  дерлік  Оңтүстік  Қазақстан  және  Жетісу  петроглифтері  туралы 

зерттеулер жоқтың қасы. 

1957  жылы  А.Г.  Максимова  экспедициясы  Шу-Іле  тауларының 

Оңтүстік-Батыс бөлігінде Тамағалы шатқалында петроглифтер тобын табады. 

Бұл  тастағы  суреттер  мазмұны  өте  бай  және  ерекше  еді.  А.Г.  Максимова 

1000-ға  жуық  петроглифтерді  зерттеп,  оларды  үш  кезеңге  бөледі:  саққа 

дейінгі,  сақ  кезі  және  түркілік  кезең  ескерткіштері.  Бұл  мәліметтерді 

«Наскальные  изображения  ущелья  Тамгалы»  атты  мақаласында  келтіреді. 

Оған  48  фотоиллюстрациялардан  тұратын  қосымша  беріледі.  Дегенмен, 

Тамғалыдағы басталған жұмыс бірақ тоқтайды. 

Қазақстандағы  петроглифтердің  орналасуы  бойынша  анағұрлым  кең 

мағлұмат  еңбектер  қатарына  Х.А.  Алпысбаев  пен  Т.Н.  Сенитованың 

мақалалары  жатады.  Х.А.  Алпысбаев  «Новые  наскальные  изображения 

Борстандыкского  района»    атты  мақаласында  Шымкент  облысындағы 



Бостандық  ауданының  Ходжакент  картасындағы  бейнелер  туралы  жазады. 

Ол  бейнелер  негізінен  ешкі  және  жылқы  түрінде  келтірілген,  оларды  автор 

сақ  тобына  жатқызады.  Себебі,  оның  пікірінше  бұл  бейнелер  стильдік 

жағынан  араван  петроглифтеріне  және  сақтардың  қола  қазандарындағы 

бейнелерге ұқсас.  

Қаратау  петроглифтерін  зерттеу  жұмыстарына  Ж.Құрманкулов, 

Ч.Бакунина, Л.Дробыщева, Л.Концова, В.Зубков, М.Алибеков, Г.Пивоварова, 

суретшілер  –  А.Ахметов,  С.Анарбеков,  Г.Воронцова  қатысқан.  Отряд 

жұмысының арқасында Қаратау петроглифтері ғылыми айналымға енгізілді. 

1985  жылы  А.Г.  Максимова,  А.С.  Ермолаева,  А.Н.  Марьяшев 

«Наскальные  изображения  урочища  Тамгалы»  атты  кітап-альбомы  шығады. 

Бұл еңбекте Жетісудағы Тамғалы шатқалындағы тастағы таңбалар кезеңдерге 

бөлініп  көрсетіледі.  Алдымен  аталған  ескерткіштің  орналасқан  орны,  ол 

туралы  кімдер  қай  уақытта  зерттегені  туралы  айтылады.  Жоғарыда  айтып 

өткенбіз  Тамғалы  шатқалындағы  тастағы  таңбаларды  1957  жылы            А.Г. 

Максимованың  жетекшілігімен  Қазақ  КСР  ҒА-ң  экспедициясы  тауып 

зерттеген болатын.  

Осыған  орай  авторлар  Тамғалыдағы  тастағы  таңбаларды  қола 

дәуіріндегі,  сақ  дәуіріндегі  және  түркілік  кезеңдегі  деп  бөліп  қарастырады. 

Тастағы  таңбаларды  зерттеу  еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдары  өз 

жалғасын тауып отырады. 

Археологиялық  экспедициялар  барысында  тастағы  таңбалар  әлі  к.нге 

дейін  зерттеліп  келеді.  Әсіресе,  елімізде  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік 

бағдарламасының  қабылдануының  маңызы  аса  зор.  Еліміздің  тарихи 

ескерткіштерін  зерттеуде,  есепке  алынатын,  оларды  қорғады  мақсат  еткен 

бағдарлама  аясында  тастағы  таңбалар  туралы  да  зерттеу  нәтижелері  жарық 

көруде. 

 «Мәдени  Мұра»  бағдарламасының  қабылдауына  орай  бірқатар 

жұмыстар  атқарылуда  деп  айтқанбыз.  Айтап  айтса,  бағдарлама  аясында 

тастағы  тағбаларды  топтап,  жүйелеу,  есепке  алу  бойынша  кітаптар  сериясы 

шығуда. Солардың алғашқылары З.Ш. Самашевтің «Петролифы Казахстана», 

«Ешкіөлмес 

тауларындағы 

петроглифтер», 

«Петроглифы 

в 

горах 



Кулььжбасы»,  «Наскальные  изображения  Жетысу.  Баянжурек»    атты 

кітаптар. Бұл аталған еңбектерде тастағы таңбалар туралы соңғы мәліметтер 

жинақталып  жекелеген  орындар  бойынша  сипаттама  берілген.  Сонымен 

қатар, тастағы таңбаларды мерзімдеу мәселесі де көтерілген. 

«Ешкіөлмес  тауларындағы  петроглифтер»  кітабының  авторлары 

тастағы  таңбаларды  зерттеу  барысында  оларды  белгілі  бір  дәуірге  жататын, 

қатарлас  орналасқан  басқа  археологиялық  ескерткіштер  қатар  қарастырып 

отырған. «Петроглифтердің уақытын белгілеу үшін және оларды ос маңызды 

елді  мекендермен,  молалармен  үндестіру  үшін  Көксу  өзені  аңғарындағы 

бүкіл ескерткіштер кешенін мейлінше нақтырақ қарастыру қажет болды». 

Тастағы  таңбалардың  мерзімін  анықтап,  кезеңдерге  бөлудің  әдістерін 

пайдалана  отырып,  петроглифтерді  қола  дәуіріндегі,  сақ  дәуіріндегі  және 

көне түркі заманының петроглифтері деп бөліп қарастырады». Петроглифы в 



горах  Кульжабасы»  еңбегінде  Құлжабасы  тауындағы  бірқатар  петроглифтер 

орналасқан  орындарға  сипаттама  беріліп,  жалпы  мерзімдеу  мәселесі  де 

көтерілген.  «В  целом  надо  отметить,  что  петроглифы  Кульжабасы  эпохи 

бронзы  имеют  много  общего  и  с  изображениями  этой  эпохи  из  других 

регионов  как  в  сюжетах,  как  и  в  технике  нанесения  петроглифов  и  в  стиле 

изображении.  Однако  имеется  ряд  признаков,  указывающих  на  их  большую 

органичность»,  –  дей  келе  авторлар  Құлжабасы  тауындағы  петроглифтерді 

анағұрлым ертерек салынған петроглифтер қатарына жатқызады.  

Тастағы таңбалар жай бір салына салған сурет емес екені белгілі. Олар 

өзіне алғашқы адамның өмірі, дүниетанымы, т.б. туралы ақпарат жинақтаған 

құнды  дерек  көзі  болып  табылады.  Себебі,  алғашқы  қауымдық  дәуірдің 

жазуды  ңболмауы,  осы  тастағы  таңбалар  бізге  алғашқы  адамдар  туралы 

мәлімет алуға септігін тигізітен бірден-бір дерек көзі екендігі айқын. 

Тастағы таңбаларды жалпы ерекшеліктеріне, орналасуына байланысты 

оларды  зерттеу  әдістер  де  күрделене  түседі.  «Полный  цикл  изучения 

наскальных  изображений  в  качестве  источника  по  истории  культуры,  как 

известно,  состоит  из  трех  последовательных  этапов:  сплошного 

исследованияи  описания  комплекса,  классификации  и  датировки, 

этнокультурной и смысловой интерпретаии»  шетелдік ғалым Р.Сало тастағы 

таңбаларды  зерттеп,  тлдауда  оларды  қандай  да  бір  хабарлама,  жолдау  деп 

қарау  керек  деп  санайды.  «Понять  их  глубину  очень  сложная  работы:  мы 

должны  реконстрктировать  их  экологический  и  сильный  контекст, 

расшифровать в изуальной язык, который был использован авторами». 

Ертеден  «Жер  жанаты  Жетісу»  деп  айтып  келген  қоныс  Жетісу 

адамдарының  өсіп-өнуіне  қолайлы  аймақтардың  бірі  болғаны  белгілі.  Бұл 

аймақта  өмір  сүрген  адамдар  артына  мол  тарихи-мәдени  мұраларды 

қалдырып  кетті.  Олардың  көбі  бүгінгі  таңда  ұлтымыздың  мақтанышы. 

Жетісу  жеріне  тарихи-археологмялыұ  ескерткіштер  кешеніне  кіретін 

мұралардың  бірі  тастағы  таңбалар  болып  отыр.  Сондықтан  да,  оларды 

зерттеу ісіне бүгінгі таңда бірқатар ғалымдар көп мән беруде. 

Жетісудағы  тастағы  таңбалар  ХІХ  ғасырдың  басында  көзге  түскен. 

Оларды  алғашқылардың  бірі  болып,  суретін  салған  қазақ  ғалымы  Шоқан 

Шыңғысұлы  Уәлиханов  болатын.  Ол  арнайы  түсіндірулер  келтірмесе,  Іле 

өзені бойындағы таудағы буддалардың бейнесін суретке салып кеткен. 

Жетісуда петроглифтер анағұрлым көп шоғырланған ірі орындар олар, 

оларға.  Тамғалы  тас,  Ешкіөлмес,  тауы  және  Құлжабасы  тау  жотасы. 

Сондықтан да, біз осы үш орынның зерттелуіне жекелей тоқталып кетуді жөн 

көріп  отырмыз.  Оның  үстіне,  осы  аталған  орын  бойынша  бүгінгі  таңда 

зерттеулер де жарық көрген. Әсіресе, бүгінгі таңда анағұрлым құндысы және 

қызығушылық тудыратыны Тамғалы тас. 

Тамғалы тас ашылуы мен зерттелуі ғалым А.Г. Максимованың есімімен 

байланысты. Ол жетекшілік еткен экспедицияның Жетісу отряды 1957 жылы 

Шу-Іле  тауларының  оңтүстік-шығысында  ескерткіштерді  зерттеумен 

айналысуы  барысында  фотограф  А.А.  Попов  кездейсоқ  тастағы  таңбаларды 

тауып  алады.  Осы  зерттеулер  барысында  алынған  мәліметтерді                  



А.Г.  Максимова  1958  жылы  жариялады  және  петроглифтерді  мерзімдеуді 

ұсынады.  Алайда,  бұдан  кейін  көп  уақыт  бойы  Тамғалы  тастағы  зерттеулер 

тоқтап  қалады.  Бұл  мәселеге  ғалымдар  тек  70-жылдары  ораладыү  бұл  кезде 

аймақтағы  ескерткіштерді  зерттеуге  археологтармен  бірге  геологтар  да  зор 

мән  береді.  1975  жылы  А.Г.  Медоев  пен  Б.Ж.  Аубакеров  шатқалдық 

геологиялық-геоморфологиялық  жағыннан  зерттейді.  Ал,  Медрев  тастағы 

өнердегі композиция принципіне байланысты өз пікірін білдіреді. 

Тамғалыдағы  зерттеулердің  негізгі  мақсаты  петроглифтер  орналасқан 

жаңа  аймақтарды  тауып  тіркеумен  шектеліп  отырды.  1977-1978  жылдары 

А.Н.Марьяшев,  А.С.Ермолаева  және  Ю.А.Мотов  А.Г.Максимованың 

қатысуымен 

шатқалдың 

территориясын 

түгелдей 

зерттеп, 

негізгі 


петроглифтер  шоғырланған  орындардың  схемасын  жасап,  2000-нан  астам 

петроглифтерді  зерттеу  жұмыстары  А.Н.Марьяшев  және  А.Е.Рогожинский 

жетекшілігімен  жалғаса  береді.  Осылайша,  зерттеулер  барысында 

петроглифтер  үлкен  қызығушылық  тудырып,  өзіне  көптеген  мамандар 

назарын аудартады. Қазіргі күні, Тамғалы тарихи ескертіштер ішінде ерекше 

орынға ие, аса құнды археологиялық кешен болып саналады. Сол себепті, ол 

біздің  ұлттық  мұрамыз.  Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдары  өзіміздің 

ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қайта жаңғыртуға деген қажеттілік өсіп 

отыр. 

Жоғарыда  аталып  өткендей,  Құлжабасы  тауындағы  ескерткіштер,  бұл 



ескерткіштер  бертін  уақытқа  дейін  белгісіз  болып  келді.  Ол  туралы  алғаш 

жазған  П.И.  Мариковский  болды  (1953  жылы).  Оның  өзінде  тек  жанай 

сипаттап  өтудің  әсерінен  бұл  мәліметтерге  аса  ешкім  назар  аудармай,  бұл 

ескерткіш  әлі  де  болса  белгісіз  болып  қалады.  2000-20001  жылдары 

Жетісудың  ескерткіштерінің  орналасу  ерекшеліктерін  анықтау  үшін 

зерттеулер жүргізілді. Адамдардың алғашқы өмір сүрген орындарын зерттеу 

барысында  петроглифтер  шоғырланған  бірқатар  тың  орындар  ашылады. 

Олардың ішінде маңыздылары да болды. Солардың бірі Шу-Іле тауларының 

оңтүстік-батыс 

шоқтықтарындағы 

Құлжабасындағы 

петроглифтер 

орналасқан  орындар  болып  табылады.  Ол  петроглфифтер  саны,  олардың 

ежелдегі петроглифтер тобына жатуы, орындалу ерекшеліктері бойынша аса 

маңызды  ескерткіштер  қатарына  жатқызылады.  Осылайша  Құлжабасындағы 

петроглифтер кешенінің 2001 жылы Р.Сало мен Ж.-М.Деом ашып, оған гео-

археологиялық талау жасайды. 

2002  жылы  Құлжабасы  тауында    петроглифтер  орналасқан  орын 

арнайы  зерттеле  бастайды,  бұл  зерттеулер  қола  және  темір  дәуірінің 

ескерткіштерін  зерттеп,  құжаттауға  бағытталады.  Бұл  жұмысқа  тастағы 

таңбаларды  зерттеумен  айналысып  жүрген  бірқатар  ғалымдар  араласады. 

Археологиялық  ескерткіштерді  қазумен  қатар  А.Н.Марьяшев,  гео-

археологиялық  зерттеулермен  және  құжаттаумен  Р.Сало  және  Ж.-М.Деом 

айналысады. Бұл жұмыстар 2003 жылдары да жалғасын табады. 

Жалпы,  Құлжабасы  кешені  мәдени  ландшафт  ретінде  зерттеледі. 

Сондықтан  да,  бұндағы  петроглифтер  жеке-дара  зерттелмей  көршілес 

орналасқан басқа археологиялық ескерткіштермен қатар зерттелінеді. 



Тастағы  таңбалардың  құндылығы  жағынан  ешбір  кем  түспейтін  тағы 

бір  маңызды  орын  Ешкіөлмес  жотасы  болып  табылады,  ол  Көксу  өзенінің 

аңғарында  орналасқан.  Бұл  жердегі  тастағы  таңбалар  туралы  алғаш  рет  70-

жылдары геолог Л. Скрынник хабарлаған. Кейін 1982 жылы ол кездеші Қазақ 

педагогикалық 

институтының 

археологиялық 

экспедициясы 

А.Н.Марьяшевтің  жетекшілігімен  Ешкіөлмес  тауындағы  петроглифтер 

орналасқан  орындар  анықталып,  зерттеле  бастайды.  Бұдан  кейінгі 

уақыттарда  зерттеу  жұмыстары  үзілмей,  А.Н.Марьяшев,  кейіннен 

А.Е.Рогожинский, А.А.Горячев жалғастырады. 

Көптеген  жылдардағы  жұмыстар  барысында  негізінен  петроглифтерді 

құжаттау  жүргізіледі.  Сондай-ақ,  олар  тағы  да  жалғыз  зерттелмей, 

айналасындағы  басқа  ескерткіштерге  қазба  жұмыстары  жүргізіліп, 

зерттелінді.  Тастағы  таңбалар  Ешкіөлмес  жотасының  20-дан  астам 

шатқалында  анықталды.  Олардың  5-6-ы  петроглифтер  көп  шоғырланған  аса 

ірі  орындарға  жатады.  Петроглифтердің  нақты  саны  анықталмады,  бірақ 

қазіргі  тастағы  есептеулер  бойынша  бұл  жердегі  тастағы  таңбалар  саны 

10000-ға  жуық.  Сондықтан  да,  бұл  кешен  бүгінгі  таңда  петроглифтер 

орналасқан аса ірі орындар қатарына жатқылады. 

Жетісу  жерінде  тарихи  ескерткіштер  көп.  Солардың  ішінде  ерекше 

орын  алатыны  тастағы  таңбалар  болып  табылады.  Тастағы  таңбалардың 

құнды  тарихи  ескерткіш  ретінде  зерттелуі  біраз  кешірек  қолға  алынғанын 

атап өттік.  

Баянжүрек  тауы  туралы  айтылған  кезде  «Сайынбөлек»  тауы  қатар 

айтылады.  Өйткені,  екі  тау  іргелесіп  жатыр.  Аңыздарға  сәйкес, 

«Сайынбөлек»,  «Баянжүрек»  таулары  туралы  әр  түрлі  дерек  айтылады. 

Бірішісі,  «Қозы  көрпеш  Баян  сұлу»  эпосындағы  қыздың  әкесі  Қарабай  осы 

жерді  мекендеген,  содан  қызын  алып  қашып,  қазіргі  Шығыс  Қазақстан 

облысының  Аякөз  ауданына  қарасты  Таңсық  деген  жерге  көшіп  кеткен 

деседі. Екіншісі, баяғы заманда Қоңтажының Баян атты сұлу қызы «Ақадыр» 

деген жерде жылқы жайып жүргенде қалмақтың Сайынбөлек деген батырын 

көріп ғашық болады. Жегіт жағы қызды айттыруға келсе, қарсы болған әкесі 

батырларын  жабылдырып,  сабатып  тастайды.  Оған  қорланған  Баян  осы 

таудың  жақпар  биігінен  құлап  өліпті  дейді.  Үшінші  деректер  тобында,  бұл 

сөздің моңғолдың «Баян» - бай, «Зураг» – сурет деген сөзді немесе «Суретті 

жазуға бай тау» дегенді білдіретіндігін айтады. 

Баянжүрек тауы да тұнып тұрған сурет. Қазақтар оны кәдімгі жүрекке 

ұқсатса,  ескі  жазбалардан  оның  көне  моңғол  тілінде  «суретке  бай  шоқы» 

деген  мағына  беретінін  көреміз.  Қай-қайсысы  да  шындықпен  етене 

байланысты.  Ал,  Ш.Уәлихановты  осы  Қапал  бекінісі,  ондағы  Тамшыбұлақ, 

Арасан  суы,  Күреңбел  атты  тау  мен  жазық,  Ешкіөлмес,  Баянжүрек 

сындыларды сүйсіне сипаттап, бүкіл Орта Азияда бұған теңдес жер жоқ деуі 

тегін емес.  

Баянжүрек  петроглифтерін  құрайтын  суреттердің  негізгі  бөлігі  жан-

жануарлар.  Хайуанаттар  түрлерінің  басым  көпшілігін  таутекелер  құрайды. 

Мұндай  жай,  тек  Баянжүрекке  ғана  тән  ерекшелік  емес,  жартас  өнері 




атаулылардың  бәріне  ортақ  белгі.  Тек  қана  Орталық  Қазақстандағы  Теректі 

әулие суреттерінде текеден жылқы малы басым, 90 %-дан астамын құрайды. 

Таутекенің  саны  жағынан  басым  екендігін  жоғары  атап  өткенбіз.  Текелер 

тұлғасы  ырым-діни  мәнді  көріністерден  де  тұрады.  Жетісу  сақтарының 

қоладан  құйылған  қазандардың  құлақтарында,  аяқтарында,  сыртқы 

жақтарында  да  кездеседі.  Таутекелер  «Алтын  адамның»  тәжінен  де  орын 

алған.  

Жылқы  малы  саны  жағынан  Баянжүрек  петроглифтерінің  жануарлар 

тектес  суреттерінен  үшінші  орын  алады.  Бейнелеу  өнерінің  бұл  кейіпкері 

стильдік  және  композициялық  жақтарынан  әрқилы  айшықталған  және 

Баянжүректегі  жылқылардың  жеке  жүгендері,  ерттеулі  тұрғандары,  кісі 

мінгендері  және  үйірлерімен  салынған.  Кейібр  суреттерден  табылған 

жылқының  нобайлары  табылған.  Баянжүрек  жартас  беткейлерінде  бірнеше 

арбалар  (күймелер)  мен  қос  арысты  әскери  көліктер  бейнеленген,  аталған 

заттық бейнелер – бүкіл Кіндік Азия аумағына тән белгі.  

Баянжүректегі күймелерге ең ұқсас келетіні Моңғолиядағы Яматьы Ус 

жартасындағы  араба-көліктер.  Кейбір  балама  болатын  нұсқаулар  таштық 

мәдениетінің  бейнелеу  дәстүрінен  табылған.  Аталғандар  ғұндардың  мәдени 

ортасындағы  туындылар.  Баянжүректегі  ерте  түрік  дәуірінде  салынған, 

күймелерден  біріне  –  өгіз  малы,  екіншісіне  –  түйе  жегілген,  күймелердің 

екеуіне  де  қос  емес  бір  тәртелі  болып  көрінеді,  мүмкін,  бейне  қырынан 

бейнеленуі мүмкін. 

Көне  мәдениетті  зерттеудің  бір  бағыты  –  сол  мәдениетті  белгілер  мен 

рәміздердің  жиынтығы  ретінде  қарастырылуы.  Белгі  мен  рәміз  орнына, 

өздерінен  басқа,  заттық  мәдени  мұраларды,  құбылыстар  мен  оқиғаларды 

қойып  қарастыруға  болады.  Бұлар  байырғылардың  өнерлерінен  де, 

тұрмыстық дүние-мүліктерінде де маңызды орын ала білген туындылар.  

Жетісу  жерінде  петроглифтер  шоғырланған  орындар  көптеп  кездеседі. 

Алайда,  олардың  брі  зерттеліп,  ғылымда  белгілі  бір  бағасын  алды  деп  айту 

ерте.  Дегемен,  бүгінгі  таңда  бірқатар  ғалымдар  бұл  салада  еңбек  етіп, 

бірқатар  жетістіктерге  жетті.  Әсіресе,  петроглифтер  көп  шоғырланған 

Құлжабасы, Ешкіөлмес, Таңбалы бойынша зерттеулер жарық көріп, ғылыми 

айналымға  енгізілуде.  Оларда  тастағы  таңбаларды  тек  сипаттап  қоюдан 

қарағанда, олардың мерзімін анықтау, мазмұнын түсіндіру бойынша бірқатар 

маңызды  мәселелер  көрсетілген.  Сондықтан,  оларды  бүгінгі  таңда 

петроглифтерді  зерттеу  жұмысына  қосылып  жатқан  үлес  деп  қарау  керек. 

Әрине,  оларда  келтірілген  кейбір  тұжырымдарға  сын  көбен  қарауға  тура 

келеді.  

Жетісу  өңірі  тарихи-географиялық  орналасуы  жағынан  Солтүстікте 

Балқаш,  солтүстік-шығысында  Сасықкөл  мен  Алакөл,  шығыста  Жетісу 

(Жоңғар)  Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік  Тянь-Шань 

жоталарымен  шектеседі.  Тарихи  деректер  мен  зерттеулерде  Жетісу  атын 

құрайтын  7  өзен  туралы  түрліше  пікірлер  де  қалыптасқантұғын.  А.К.  Гейнс 

бұл өзеннің қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, қсу, Бүйен, Қаратал және Көксу 

өзендерін  жатқызса,  А.  Влангали  Басқан,  Сарқан  өзендерінің  орнына 



солтүстік-шығыста  Аягөз,  оңтүстік-шығыстағы  Іле  өзендерін  атайды.  В.В: 

Бартольд  бойынша,  алғашқыда  жергілікті  халық  Жетісу  деп  Іледен 

солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, 

Қызылағаш,  Қаратал,  Көксу  өзендері  енгендігін  айтады.  Ал,  Жетісу  Іленің 

оңтүстігіне  қарай  созылған  таулы  аймақ  деген  ұғым  ХІХ  ғасырда  тарады, 

сонымен  қатар,  оған  Тянь-Шаньның  солтүстік-батыс  және  орталық 

аудандары  да  қосылатын  аймақтар  енді.  Тарихи  әдебиетте  Жетісу  ұғымына 

Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап енген. 

Б.з.б.  VII-IV  ғасырларда  Жетісуды  сақтар  тайпалық  бірлестігі 

мекендеді.  Олар  шаруашылықтың  сол  кездегі  жетілген  түрі  малшылық  пен 

суармалы  егіншілікпен  айналысып,  қола  мен  темірден  жасалған  құралдарды 

пайдаланады.  Археологтар  Талас  алқабындағы  алғашқы  отырықшы 

мекендердің қалдығын б.з.б. V ғасырға дейінгі  уақытқа жатқызады. Б.з.б. ІІІ 

ғасырда  Жетісудағы  сақ  тайпаларының  одағын  үйсін  тайпаларының  одағы 

алмастырды. VІ ғасырдың орта шенінде Жетісу Түрік қағанатының құрамына 

енеді.  Ал  581  жылы  одан  Батыс  Түрік  қағанаты  бөлініп  шығады.  Оның 

орталық  ауданы  Жетісу,  астанасы Суяб қаласы  болды.  VII  ғасырдың  30-

жылдарында Жетісуда Шу өзенінің шығысында дулу, ал батысында нушеби 

деп  аталған  екі  иелік  пайда  болды.  VIII  ғасырға  дейін  бұлар  Шығыс  Түрік 

қағандығына тәуелді болатын. Ал VIII ғасырдың басында Жетісудағы өкімет 

билігін  Шу  мен  Іле  арасында  көшіп-қонып  жүрген  түргештердің  билеуші 

топтары басып алды.  

Түргеш  қағанаты  (704-766  жж.)  ала  ауыздық,  ішкі  әлеуметтік 

қайшылықтардың  барған  сайын  өршуі,  оңтүстікте  арабтармен,  шығыста 

қытайлармен  үнемі  қақтығысып  отырудың  салдарынан  әлсіреді.  Жетісудағы 

өкімет  билігін  тағы  бір  түркі  тайпасы  қарлұқтар  басып  алды.  Түргеш 

және Қарлұқ (766-940  жж.)  қағандықтары  дәуірінде  Шу,  Талас  және  Іле 

бойында қолөнермен сауданың орталығы болған ескі қалалар өсіп, жаңалары 

пайда  болды  (Атлах, Хамукент, Құлан, Мерке,  т.б.).  ІХ-Х  ғасырларда 

Жетісудың  солтүстік-шығыс  өңірінде  отырықшы  егіншілік  пайда  болды, 

оның  іздері  Алматы, Талғар, Дүңгене, Қойлық, Қарғалы  т.б.  қалалардың 

қираған  үйінділері  сақталған.  Қолөнер  кәсібінің  өнімдері  ұлғайып,  көрші 

көшпелі тайпалармен экономикалық байланыстар дамыды, сауда-саттық өсті. 

Ақшаны  пайдалану  және  жергілікті  ақша  шығару  (Таразда)  пайда  болды. 

Жетісуды мекендеген түркі тайпалары едәуір дәрежеде отырықшылыққа бой 

ұрды.  


Жетісуда  Х-ХІ  ғасырлардағы  отырықшы  егіншілік  пен  қала 

мәдениетінің  едәуір  өркендегенін  орта  ғасыр  авторлары  (Макдиси, ибн 

Хордадбек,  т.б.)  мен  Қазақстан, Қырғызстан археологтарының  зерттеулері 

дәлелдейді. Жаңадан пайда болған егінжайлар мен қалалық мекендер енді тек 

сауда  жолдарының  бойында  ғана  емес,  сондай-ақ,  өңірдің  шалғай 

түкпірлерінде  де  (Іленің  төменгі  ағысы)  пайда  бола  бастады.  ХІ-ХІІ 

ғасырларда  Жетісудың  солтүстік-шығысындағы  негізгі  қалалар  мен  елді 

мекендер (Шелек, Қапал, Арасан, Лепсі, т.б.) пайда болған.  




Сәулет  өнерінің  жоғары  дәрежеде  дамуының  куәгерлері  — Бабажы 

қатын кесенесі (Х-ХІ ғғ.) мен Айша бибі кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.), т.б. Жетісу мен 

Қазақстанның  өзге  бөлігін  мекендеген  түркі  тайпалары  этникалық  жағынан 

одан  әрі  жақындаса  түсті.  1129-1130  жылдары  Жетісуға  қидандар  басып 

кіріп,  көп  ұзамай-ақ  жергілікті  тұрғындармен  араласып  кетті.  Өңірдің  Іле 

өзенінен  солтүстікке  қараған  жері  бұрынғысынша  Қарлұқ  хандығының 

(астанасы Қойлық қаласы)  қарамағында  еді.  Қидандардың  өктемдігі  ХІІІ 

ғасырдың  басына  дейін  созылды.  Жетісу  мен  Шығыс  Қазақстанға  түркі 

тілдес 

найман,  

керей  

тайпалары 

келіп 

кірді. 


Наймандардың 

қолбасшысы Күшлүк ханмен күрес қидан гурханын әлсіретті.  

1210  жылы  ол Мұхаммед  Хорезм  шаhтан Талас  өзені  бойында  жеңіліс 

тапты. 


Енді 

Жетісуды 

Күшлүк 

биледі. 


1211 

жылы 


өңірдің 

солтүстігіне Шыңғыс  хан әскерлері  баса  көктеп  кіріп,  1218  жылы  Жетісуды 

жаулап алды. Осының салдарынан Жетісу екіге бөлініп кетті. Оның үлкен бір 

бөлегі  (Іледен  оңтүстікке  және  оңтүстік-батысқа  қараған  жағы) Шағатай 

ұлысына(орталығы Алмалық маңында  болды),  ал  Іледен  солтүстікке  қараған 

жерлер Жошы  ұлысына қарады.  Солтүстік-шығыс  қиыры  (Тарбағатай,  Еміл 

мен Көбік маңы) Үгедей ұлысының еншісіне тиді.  

1269  жылы  Таласта  өткен  құрылтайда  бұрынғы  Шағатай,  Үгедей 

ұлыстарының  негізінде  Хайду  (1301  ж.  ө.)  басқарған  мемлекет  құрылды. 

Оның  ордасы  Іле  алқабына  орналасты.  Біршама  уақытқа  елдің  ішкі  саяси 

және  экономикалық  өмірі  қалыпқа  түсті.  Алайда  Шағатай  әулетінің  ол 

өлгеннен  кейінгі  іштей  өзара  қырқысуы,  сондай-ақ,  көрші  хандықтармен 

жүргізілген  соғыстар  Жетісу  халқына  және  оның  экономикасына  едәуір 

зардабын  тигізді.  XIV  ғасырдың  І-жартысында  Жетісу  және Мауераннахр 

билеуші  топтарының  арасындағы  қайшылықтар  одан  сайын үдей  түсті.  XIV 

ғасырдың  орта  шенінде  Шағатай  ұлысының  батыс  және  шығыс  бөліктері 

ыдырай  бастады.  Оның  басты  себептерінің  бірі  шапқыншылық  салдарынан 

шаруашылық-саяси және тарихи даму жағынан әр қилы этникалық топтардан 

құралғандығы еді.  

Шағатай  ұлысының  шығыс  бөлігіндегі дулат тайпасының  билеушілері 

жаңадан Моғолстан деген  мемлекет  құрып,  оған  өз  іштерінен Тоғлұқ 

Темірді хан  етіп  жариялады  (1348-62/63  жж.).  Енді  Моғолстанның  орталық 

бөлігі  болып  қалған  Жетісудың  түркі  тайпалары  этникалық  жағынан  қайта 

топтасуға  мүмкіндік  алды.  Дегенмен,  олар  әлі  де  болса  Қазақстанның  өзге 

өңіріндегі мәдени, тарихи байланысы бір қандас бауырларынан жырақ жатыр 

еді.  Моғолстандағы  тайпалар  одағына  дулат, қаңлы,  керей,  барін  (баарын), 

бұлғашы  секілді  жергілікті  түркі  және  оларға  етене  болып  сіңіп  кеткен 

моңғол  тайпалары  кіретін.  Бұлар  кейінірек  (XV  ғасыр  және  XVI  ғасырдың 

басы) қазақ және қырғыздардың құрамына енді. 

Жетісудың  Моғолстан  құрамындағы  XІV  ғасырдың  ІІ-жартысындағы 

саяси 

жағдайы 


өзара 

қырқыстармен 

және  

Әмір 


Темірдің 

шапқыншылықтарымен  сипатталады. Камар  әд-Дин  Дулати XІV  ғасырдың 

70-жылдарында Жетісудың көпшілік жерін басып алып, өз билігін жүргізген. 

Жетісуда  бұл  ұлыстан  басқа  Моғол  билеушісі  Еңкетөренің  ұлыстары, 




бұлғашы  тайпасы  әмірлерінің  ұлыстары,  бірнеше  дербес  иеліктер  пайда 

болды.  Бір  орталыққа  бағынған  өкімет  билігінің  болмауынан  Жетісу  халқы 

Әмір  Темірдің  шапқыншылығына  айтарлықтай  қарсылық  көрсете  алмады. 

Шапқыншылық  Моғолстан  мен  Ақ  Орданың  шаруашылық  және  саяси 

жағынан нығаюына кедергі жасады.  

XІV  ғасырдың  80-жылдарының  аяқ  шені  Әмір  Темірге  бірлесе  соққы 

беруге кіріскен кез болды. Оған қарсы күресте Жетісу билеушілері Камар әд-

Дин  Дулати, Еңкетөре,  Моғолстан  ханы Қызыр  Қожа (1389-1399  жж.) 

және Дешті  Қыпшақ ханы Тоқтамыс күш  біріктірді.  Бұлай  бірігу  Дешті 

Қыпшақ  пен  Жетісу  тайпаларының  өзара  байланысты  болуы  үшін  едәуір 

маңызды болды.  

Әмір  Темірдің  қанды  жорықтарының  салдарынан  Жетісу  халқы  сан 

жағынан  азайды,  егін  шаруашылығы  құлдырап,  мал  саны  кеміді.  XV 

ғасырдың  І-жартысында  да  Жетісудағы  қырқысулар  толастамады. 

Моғолстандағы  Қызыр  Қожа,  Мұхаммед  хан  (1408  ж.  –  XV  ғ.), Уәйіс 

хан тұсындағы  ішкі  саяси  жағдайдың  уақытша  тынышталуы  Жетісуға  Әмір 

Темір  әскерлерінің  басып  кіруімен  (1425  жылғы  (Ұлықбек  жорығы)  және 

ойраттардың  (қалмақтардың)  шабуылдарынан  бұзылды.  Қарамағындағы 

халықты  барған  сайын қанай  түсудің нәтижесінде  экономикалық күш-қуаты 

артқан  шонжарлар  енді  саяси  тәуелсіздікке  ұмтылды.  Мұхаммед  Хайдар 

Дулатидің мәлімдеуінше, 1430 жыл шамасында 30 мыңға жуық моғол отбасы 

Мауераннахрға  жөнелтілген,  барін  (барын)  және  чорас  тайпаларының  бір 

бөлігі Амасанджи  Тайшабилеген  ойраттарға  өтіп  кеткен.  Қаңлы,  т.б. 

тайпалар Әбілхайыр  хан иелігіне  қоныс  аударған.  Ал  мұның  өзі  ішкі  ала 

ауыздыққа  қарсы  халық  наразылығының  белгісі  еді.  Моғолстанның  жаңа 

ханы  Есенбұғаның  (1424-1462  жж.)  билігі Қашқарияның бір  бөлігімен  ғана 

шектелді. 

Тек  XV  ғасырдың  40-жылдарының  аяғы  мен  50-жылдарының  басында 

ғана ол Жетісудың көшпелі халқына өз үстемдігін жүргізе алды. Алайда осы 

қиындықтарға  қарамастан,  Жетісуды  (жалпы  қазақ  жерін)  мекендеген  қазақ 

тайпаларының  бірігу  үрдісі  жалғаса  берді,  енді  олардың  Моғолстаннан 

бөлінгісі  келетіндіктері  айқын  сезіле  бастады.  Мұны  Моғолстанның 

солтүстік  және  оңтүстік  аудандарындағы  (Жетісу  және  Тянь-Шань,  Шығыс 

Түркістанның біраз бөлігі) табиғи-географиялық, экономикалық және тарихи 

жағдай,  сондай-ақ,  Жетісу  халқының  Қазақстанның  өзге  өңіріндегі 

тайпалармен  ежелден  бергі  мәдени-этникалық,  туыстық  жақындықтарын 

тездете түсті.  

Қасым  хан тұсында  (1511-1523  жж.)  Қазақ  хандығының  шекарасы 

Қаратал өзеніне дейін жетсе, Тахир ханның билігі дәуірінде Қас және Күнес 

өзендеріне  дейінгі  атырапты  қамтыды.  Қазақ  хандығының  күшеюі  XVІ 

ғасырдың бас кезінде Моғолстанның Жетісуда билігінің жойылуын тездетті. 

Шығыс Түркістан өлкесін билеген Сұлтан Саид (1514-1533 жж.) пен Абд әр-

Рашид (1533-1565  жж.)  хандар  Жетісуды  өздеріне  қайтарып  алуға  тырысып 

бақты.  Алайда  қырғыздармен  одақтасқан  қазақ  билеушілері  оны  жүзеге 

асыртпай  тастады.  Бұл  күрес Ақназар  хан тұсында  да  тоқтаған  жоқ.  XVІІ 



ғасырда  өлы  жүз  басқа  қазақ  жүздері  сияқты  жеке  хандық  болып  саналды. 

Жетісу  рулары  басқа  да  отырықшы  егін  ш-мен  айналысатын  аймақтармен 

сауда-экон. қарым-қатынастар жасап тұрды.  

1643  жылы  Жоңғар  қонтайшысы  Батур  Жетісудың  біраз  жерін  өзіне 

бағындырды.  Ал  1681-1688  жылдары  Жоңғар  хандығы  Жетісудан  Оңтүстік 

Қазақстанға  бірнеше  дүркін  жорықтар  жасады.  XVІІІ  ғасырда  Жетісудың 

едәуір  бөлігі  Жоңғар  хандығының  қол  астында  болды.  Жоңғар 

мемлекетін Цинь  империясы  талқандағаннан  кейін,  енді  Жетісуды  осы 

империя  басып  аларлықтай  қаупі  төнді.  Жетісудың  Ілеге  дейінгі  оңтүстік 

бөлігін  ХІХ  ғасырда Қоқан  хандығы жаулап  алды.  Жоңғар  және  Қоқан 

хандықтарының қайыршылыққа ұшыратқан зорлық-зомбылығына қарсы Ұлы 

жүз  қазақтары  күрес  жүргізді.  ХІХ  ғасырдың  40-жылдарының  ортасында 

Жетісудың  Қапал  аймағында  көшіп-қонып  жүрген  қазақтарды  Ресей  өз  қол 

астына  қаратты.  Жетісудың  Іле  өзеніне  дейінгі  бөлігі  Ресей  мемлекетінің 

құрамына  енді.  1854  жылы  Алмалы деген  жерде  патшалық  Ресейдің  Орта 

Азияны  отарлау  барысында  «сенімді»  тірегі  саналған  «Верный»  бекінісі 

салынды.  1860  жылы  қазақтың  атты  жасақтарымен  бірге  Ресей  әскерлері 

өзынағаш түбінде Қоқан хандығының әскерін ойсырата жеңді. 1860 жылдың 

аяғында  патшалық  Ресей  Жетісуды  толықтай  өз  отарына  айналдырды.  1867 

жылы Жетісу территориясында Жетісу облысы құрылды. Жетісу 1916 жылғы 

ұлт-азаттық  қозғалыстың  ірі  ошақтарының  бірі  болды.  1924-1925  жылдары 

Орта  Азия  республикаларында  жүргізілген  ұлттық  –  мемлекеттік  

межелеуден  кейін  Жетісу  Қазақстан  мен  Қырғызстан  құрамына  кірді. 

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге (1991 ж.) Жетісу да қазақ халқының 

байырғы  атамекені  ретінде  біртұтас  мемлекеттің  мәдениеті  дамыған, 

экономикасы қуатты аймағына айналды. 

Ендігі 

кезекте 


Жетісу 

жеріндегі 

тарихымен, 

мәдениетімен 

ерекшеленген  қалаларға    тоқталсақ.  Жетісудың  оңтүстік-батысындағы  жаңа 

қалалар  саны  да  өседі.  Талас  алқабында  –  бұл  Балу,  Шелжі,  Кенжек 

қалалары.  Шу  алқабында  Баласағұн  бас  қала  болды.  ІХ-ХІІІ  ғасырдың  бас 

кезінде  Жетісудың  солтүстік-батысында  қала  мәдениетінің  жаңа  ауданы 

қалыптасты.  Орта  ғасыр  деректері  Талхир,  Лабан,  Екі  оғыз,  Қаялық 

қалаларын көрсетеді. Осы кезеңде отырықшылық және қала  тірлігі Орталық 

Қазақстанға да жайылады. Қалалар мен мекен-жайлар Жезді, Кеңгір, Сарысу 

алқаптарын атап өтсек болады.  

Ғасырлар  бойы  адамдар  Іле,  Көксу,  Ақсу,  Қаратал,  Лепсы  сияқты 

өзендердің 

жанына 

қоныстанды. 

Бұл 

қысқы 


патчаларға, 

мал 


шаруашылығына,  суармалы  егіншілікке,  судың  мол  болуына,  рельефтерге, 

барлық қалалардың дамуына үлес қосатын тамаша орын болды. 

Жетісудың  теріскей-батысындағы  Талғар  қала  жұртын  қазғанда,  қала 

оның орам-орам  салынғандығын  анықтады.  Оның  аумағы  Құйрықтөбедегіге 

ұқсас.  Жетісудың  оңтүстік-батысындағы  қалаларда  тұрғын-үйлердің  жаңа 

түрлері пай да  болады.  Олардың  ортақ  сипаты  –  өстес-кіндіктес  жоспар, 

мұнда  тұрғын-жай  мен  қоражайлар  ауланың  не  залдың  айналасына 

топтастырыла салынған. Ондай жоба қатардағы және бай үйлерге тән болған. 




Айна-Бұлақ  учаскесі  Талдықорған-Арасан  жолының  сол  жағында 

орналасқан. Хауыз атаусыз ағынның жағасында орналасқан және бір-бірінің 

жанында  үш  үшбұрышты  білдіреді.  Олар  Айна-Бұлақ  I,  II,  III  деп  аталады. 

Көтергіш  материал  машиналық  құмыралардың,  қазандықтардың  және 

гумдардың фрагменттерімен ұсынылған. Қаланың өмір сүрген уақыты XI-XII 

ғғ.  


Ақ-Молла учаскесі Лепсі өзенінің сол жағалауында орналасқан. Хауыз 

-  барлық  жағынан  қоршалған,  биіктігі  2  м  биіктіктегі  трапеция  аймағы, 

кірістер  үш  жақта  орналасқан.  Кірудің  солтүстік-батыс  және  оңтүстік-батыс 

бөліктері  екіншіден  100  метрлік  біліктермен  нығайтылады,  оның  ішіндегі 

қабырғасы  екіге  бөлінеді,  олардың  әрқайсысы  төртбұрыштар  мен 

квадраттарға  бөлінеді.  Керамика  қазандықтарды,  құмыраларды,  құмды 

қазандығымен сипатталады. Ақ-Молла XI-XII ғғ. аралығында құрылған қала.  

Ақсай қалашығы Алматы қаласынан 12 км оңтүстік-батысқа қарай Ақ-

Сай өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қазіргі күні бұл қала жойылған. 

Ақсеңгір қонысы Ақсеңгір ауылы солтүстік-батыс шетінде орналасқан. 

XI-XIII  ғасырлардағы  тастан  жасалған  тастан  жасалған  керамика  мен 

фрагменттер табылған. 

Ежелгі  Ақтам  жері  орта  ғасырлық  қаланы  (Х-ХІІ  ғғ.).  Бақанас 

ауылының  солтүстігінен  120  км  орналасқан.  1961  жылы  Жетісу 

археологиялық экспедицияс археологиялық жұмыстар жүргізген. Жетекшілік 

жасаған  К.А.  Ақышев,  1964  жылы    осы  экспедицияға  жетекшілікті  К.А. 

Ақышев  және  К.М.Байыпақов,  1997  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысының 

археологиялық  экспедициясы  К.М.  Байпақов  жетекшілігімен  жүргізді. 

Қаланың көне атауы белгісіз. Қаланың  аумағы 180х170 м, қазба жұмыстары 

барысында  бірнеше  ондаған  балшықтар,  үй  жануарларының  сүйектері,  қола 

және  шыны  ыдыс,  2  інжу-маржаны  және  лапис  лазурасы  табылды.  Қаладан 

60-120  м  қақпа  қабырғаларының  негіздері  табылды,  Ақтам  елді  мекені  -  бұл 

осы ауданның басты қаласы, Балқаш қаласының ең ірі елді мекені. 

Алмалық  (Алмалы).  Жетісу  ауданында  моңғол  кезеңінде  бірқатар 

қалалар  мен  елді  мекендер  орналасқан.  Алмалы  ауылының  маңында  25 

шаршы  метр  аумақты  құрайтын  ортағасырлық  елді  мекен  табылды.  Ірі 

археологиялық жұмыстар жүргізілмеді. 1950 жылы қытайлық археолог Хуан 

Вэнби  және  соңғы  жылдары  Шыңжаң  тарихи  мұражайының  археологиялық 

экспедициясы орта ғасырларда Алмалы есімі бар бірнеше қаланы зерттеумен 

айналысты. 

Негізінен, 

Алмалыктың 

Шағатайлықтардың 

жазғы 


резиденциясы,  ал  кейінірек  Қазақстан  шекарасынан  15  км  қашықтықта 

орналасқан  ҚХР-ның  Шыңжаң  провинциясында,  Моғолстанның  атақты 

астанасы болды. 

2014  жылы  Қойлық  пен  Қарамерген  және  Талхиз    Халықаралық 

құндылықтар ЮНЕСКО-ға үш қала енген болатын.  

Қойлық қаласының қалдықтары Сарқан ауданының маңынан табылған 

болатын.  ІХ-ХІІІ  ғасырлардағы  деректерде  қарлұқтар  астанасы  ретінде 

айтылады.  Атақты  француз  саяхатшысы,  монха  Гийом  де  Рубрук  қалада 

сауданың  дамығандығын  және  ол  жерде  шет  елдік  саудагерлердің  көп 



келгенін  жазып  қалдырған.  Жасалынған  қазбалар  мұны  дәлелдейді,  онда: 

қытай  керамикасы  мен  фарфоры,  сирияның  әйнектері,  самарқанның  және 

парсылардың қолөнер бұйымдары кездескен.  

2001  жылы  археологтар  баню-хаммам,  будда  храмының  руиналарын, 

христандардың  қоныстанғанын,  мешіттердің,  мұсылмандық  типтегі 

мавзолейлер  мен  ханактардың  (сопылардың  сыйынатын  орны)  болғандығын 

дәлелдеген. Академик Карл Байпақов Қойлықты Ұлы жібек жолы бойындағы 

Вавилонмен теңестірген.  

Орта  ғасырдағы  егін  шаруашылығының  өркениетті  орны  болып 

саналатын,  Іле  өзенінің  бойында  орналасқан  Қарамерген  қаласы,  Балқаш 

көлінің  оңтүстік  бөлігінде,  Бақанастан  200  шаршы  шақырым  солтүстік-

шығысқа  қарай  орналасқан.  Археологиялық  қазбалар  Қарамергенде 

тігіншілік және металлургияның жақсы дамығандығын көрсетеді.  

ЮНЕСКО  деңгейіндегі  қалалардың  біріне  Талхиз  қалашығы  жатады, 

Талхиз  –  ұсталық,  әйнек  жасау,  қолөнер,  тағы  да  басқа  шаруашылықтың 

дамыған  ең  үлкен  экономикасы  дамыған  орталық  ретінде  көрсетеді.  Онда 

атақты  болат  өндірісінің,  фарфор,  тиындар  табылған.  Авторы  белгісіз  Х 

ғасырда  жарық  көрген  «Худуд  әл-Алем»  («Әлем  шекарасы»)  атты  еңбекте 

Талхиз қаласында беделді және батыл адамдар өмір сүрген дейді.  

Талғар  –  Қазақстандағы  өала,  Талғар  ауданының  орталығы.  Алматы 

қаласынан 25 шаршы шақырым жерде орналасқан.  

Іле  Алатауынан  бастау  алатын  Талғар  өзенінің  және  Талғар  шыңы 

баурайында  орналасқан  Талғар  қаласы  1858  жылы  тау  етегіндегі  құнарлы 

жерлердің  игерілуіне  байланысты  қаланады.  Алғашында  «Софистік 

станциясы»  деп  те  аталынған.  Алайда,  әкімшілік-аумақтық  бөліністің 

нәтижесінде,  1928  жылы  нақты  құрылады.  Жер  аумағы  3,8  мың  шаршы 

шақырым  жерді  құрайды.  Талғарда  бүгінгі  күні  кірпіш  зауыты,  ауыл 

шаруашылығы  өнімдерін  шығаратын  көптеген  ЖШС-ы,  жеке  шаруашылық 

қожалықтары,  «Талғар-спирт»,  «Барон»,  «Тас-Құм»,  «Интеллсервиз», 

«ТекстиМаркет»  секілді  шағын  бизнес  орталықтары  мен  қызмет  көрсету 

орындары жұмыс істейді.  

Жергілікті отырықшы халық мал өсірумен ғана айналыспай, түсті және 

асыл  металдарды  өңдей  білген.  Талғардың  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы  ірі 

сауда орталығы болғандығын асыл бұйымдардың табылуы дәлелдейді. Олар, 

Иранның  ыдыстары  мен  шамшырағы,  алтын  жазулы  жапон  кеселері,  қытай 

бұйымдары мен Кореяның фарфор ыдыстары, Будданның сүйектен жасалған 

тқлғасын  да,  қол  айналар  мен  тамақ  ішуге  арналған  таяқшалар,  тіс 

щеткалары, шашқа арналған сүйік қысқыштардың табылуы, сауданың жақсы 

дамығандығына  дәлел.  Қарлұқ  ағандығының  құрамында  болған  Талхиз 

қаласының  орнын  қазған  археологтар  көптеген  құнды  деректерді  анықтап, 

қағаз  бетіне  түсірген  болатын,  соның  бірі,  піл  сүйеггінен  жасалған  алты 

шахмат мүсіндердің табылуы.  

Бұл,  Қазақстан  аумағындағы  жалғыз  шахмат  табысы.  Табыстардың 

ішінде  Қытайдан,  Үндістаннан,  Ираннан  және  тағы  да  басқа  жердерден 

әкелінген  бұйымдар  көп.  Талхиз  тарихы  Жібек  жолының  тарихымен  тығыз 



байланысты  болып  келеді.  Көне  қала  Ұлы  Жібек  жолының  ұлттық 

саудасының  негізгілерінің  бірі  болған.  Сонымен,  ІІ  ғасырдан  XVI  ғасырға 

дейін  Орта  Азия  арқылы  Қытайды  алдыңғы  қатарлы  елдермен 

байланыстырған  Ұлы  Жібек  жолы  саудасының  керуені  Талхизге  де 

тоқтағанынан деректер табылуда.  

Талғар  қаласы  байланыстырушы  аймақта  орналасқан,  бұл  жерде 

көшпелілік  пен  отырықшы  өмір  салты  бір-бірімен  байланысқан.  Мал 

шаруашылығы  дамығандығын  аулаларда  орналасқан  мал  қамайтын 

албаррлардан  аңғаруға  болады,  сондай-ақ,  егін  шаруашылығы,  бақша  өсіру 

ісі  де  өркендеген.  Тұрғындар  табиғи  суарумен  қатар  жасанды  ирригацияны 

да пайдаланған, жер қабаттары арасынан күріш күрмектері, мәдени қабаттар 

арасынан  алма  дәндері,  жүзім,  өрік  сүйектері  да  табылған.  Осының  бай 

шежіресі бар талғар қаласына 1959 жылы қала мәртебесі берілген болатын. 

Қарамерген  қаласы  –  Іле  өзені  бойында  ХІІ-ХІІІ  ғасырда  өмір  сүрген 

ортағасырлық  солтүстік  аймақтағы  ірі  қала  ортағасырлық  қалалардың  бірі, 

қазіргі күні ол Алматы облысындағы туристік нысан ретінде белгілі. 

Қарамерген  Іле-Бақанас  өзендерінің  маңайында,  Балхан  көліне  жақын 

жерде  орналасқан,  Қарамерген  Ақтамнан  біршама  үлкенірек  қала.  Ақтам 

қаласы сияқты ХІІІ ғасырда моңғол шапқыншылығы кезінде қираған, өзеннің 

арнасының  өзгеруінен  қаланы  қалпына  келтіру  қиынға  соққан.  Қирату  мен 

эрозия,а  қарамастан,  саман  үйлердің  қалдықтары  мен  ирригационды  жүйе 

жақсы  сақталған.  Қалада  отырықшылық  та  жақсы  дамыған.  Бұған 

қарамастан,  тоғайла  ормандарда аңшылық та  кең  өріс  алған  (қаланың атауы 

осыдан шыққан). Тіпті бұл аймақта тұран жолбарыстары да мекендеген екен, 

онымен қоса, Іле мен Балхашта балық аулау кәсіпке айналған.  

Жетісу жолдарымен саяхаттарын жалғастырған Плано Карпини  – 1246 

жылдары  тариқа  енгізген  нақтылы  естеліктері  осы  күнге  сақталуда.  Тіпті, 

олардан  кейінгі  тарихымызды  таразылап  өткен  ғалымдар  Ә.  Марғұлан,  К. 

Байпақов,  Л.  Гумилев,  В.  Бартольд,  В.  Вельяминов-Зернов  секілді  көптеген 

ғалымдардың  зерттеулерінде  дәлелденген  ақиқаттарды  айналып  өту  мүмкін 

емес. 

Жетісуда  жүргізілген  қазба  жұмыстары  бұрындары  беймәлім  болып 



келген  тарихи  деректерді  алға  тартты.  VI  ғасырдан  бастап,  аймағымызда  56 

қаланың болғандығы жөнінде айтылып келсе, Х-ХІ ғасырларда олардың саны 

200-ге  жеткені  анықталған.  Солардың  қатарында  жоғарыда  аталған  Екіоғыз, 

Қойлық,  Балықты,  Талды  қалалары  бірінен  соң  бірі  салынып,  тікелей 

Қараталдың  Жібек  жолындағы  керуен  сарайларына  қызмет  еткендігі 

айталады.  

Ортағасырлық  қалалардың  өркендеп-дамуы,  адамдардың  өмір  сүру 

салты  жалпы  қоғамның әлеуметтік-экономикалық қал-ахуалын  айқындайды. 

Сондықтан  да,  қазіргі  кезде  құм  басып  ертеде  тіршілігі  қайнаған  қаланың 

дамуын  анықтау  –  жалпы  қоғамның  тіршілігін  анықтаумен  тең.  Қазақ 

тарихында ортағасырлық қалалар жайлы айтылатын, жазатын зерттеулер әлі 

деп  көп.  Ал,  бұл  дегеніміз  өз  кезегінде  Қазақстан  тарихында  әлі  де 

айтылатын,  тың  мәліметтер  болатындығына  дәлел.  Қалалардың  көпшілігі 



ашық аспан астында қалды, ескерткіш ретінде құндылығын жоғалтуда. Қолда 

бар  рухани байлығымызды  қадірлей  отырып,  зерттелмеген  қалаларды  әлі  де 

болса тану, зерттеу нысанына айналатындығына сенеміз.  

Тарихи-мәдени 

мұраның 

объектілері 

«Тарихи-мәдени 

мұра 


объектілерін  қорғау  және  пайдалану  туралы»  Заңда  белгіленген  тәртіппен 

танылған кезден бастап тарихи және мәдени ескерткіштердің мәртебесіне ие 

болады. 

XVIII-XX  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихы  алуан  тағдырлы  сипаттағы 

оқиғаларға  толы  кезең,  1730-1770  жылдары  қазақ  билеушілерінің  едәуір 

бөлігі  Ресей  империясының  басшылық  рөлін  ресми  түрде  танылды.  Бұл 

Қазақстанды  өз  тәуелсіздігінен,  мемлекеттінінен  айырылуына  әкеліп,  шын 

мәнінде отар мемлекетке айналды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған 

алғашқы  күндерден  бастап  қазақ  халқының  бұрынғы  тәуелсіздігін, 

мемлекеттігін  қалпына  келтіру  жолындағы  ұлт-азаттық  соғыстар  кезеңінен 

басталып, халық наразылығының тұтануына әкелген ұлттық және әлеуметтік 

қысым жасау арандатып отырды.  

Жоңғар  экономикасының  негізгі  орасан  зор  жайылымдық  жер 

аумағында  көшпелі  мал  шаруашылығына  тиесі  болатын.  Халық  саны  бір 

миллонға жуық халықтан тұрды.  

Қазақ  және  жоңғар  әміршілері  арасындағы  күрес  жүз  жылдан  астам 

уақытқа созылды. Оның негізінде жайылым үшін бақталастық жатқан еді.  

Жоңғар 


шапқыншылығы 

кезінде 


ерлігімен, 

батырлығымен, 

шешендігімен  көзге  түскен  батырларды  да  атап  өткен  жөн.  Ту  ұстаушы 

батырлар  Құттымбет  (Құтпанбет)  ұлы  Наурызбай  (1706-1781  жж.)  жоңғар 

басқыншыларына  қарсы  күресте  аты  шыққан  атақты  батырлардың  бірі, 

белгілі  қолбасшы.  Шыққан  тегі  Ұлы  жүздің  Шапырашты  тайпасының  Асыл 

руынан,  мекені  Алматы  қаласы  маңындағы  Жалпақтас,  Серіктас  деген  жер. 

Ел  басына  түскен  ауыртпалық  өзге  замандастары  сияқты  Наурызбайды  да 

ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі 

де септігін тигізеді. Халықтың жадында «Торы ала тұлпарлы, түйе тұрпатты» 

батыр  бейнесінде  қалуы  да  осыдан  болса  керек.  Наурызбайдың  өмірі 

жоғарларға  қарсы  күресте  өтеді.  Ол  атақты  Аңырақай  шайқасына  қатысып, 

жиырма  үш  жасында  қалмақ  батырлдары  Шамалхан  мен  Қаскелеңді  жекпе-

жекте  өлтіріп,  батыр  атанған.  Батырдың  ерлігіне  риза  болған  елі,  оны 

«Наурызбайдың  екпіні  таудың  асқан  тасқындай.  Қалмақты  қойдай  қырады, 

оттан,  судан  тартынбай.  Торы  ал  тұлпар  астында,  шойын  шоқпар  қолында. 

Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды-солды ұрады», - деп атын жырға қосқан.  

Аңырақай  шайқасы  қазақ  қауымы  бірікісе,  жоңғарларды  жеңітін,  жау 

қолында  қалған  жерді  ащат  етуге  болатынын  анық  көруге  болады.  Абылай 

Арқаға  барғаннан  кейін  тұс-тұсқа  жаушы  жіберіп,  жаңа  күш  топтастырады. 

Осыған  Ұлы  жүзден  Өтеген,  Райымбек,  Наурызбай  секілді  батырлардың 

басын қосады. Райымбек бара алмай, Өтеген мен  Наурызбай жауынгерлерін 

ертіп,  мерзімді  уақытында  жетеді.  Бдірақ,  кейін  Өтеген  батыр  Абылайдың 

Қытайен  жасаған  қарым-қатынасының  саяси  мәнін  түсінбей,  оған  қарсы 

болып,  еліне  қайтады.  Ал,  Наурызбай  Абылайдың  қасында  болып,  оның 



сенім  ақтар  атақты  батырларының  біріне  айналған.  Қол  бастап  талай 

шайқасқа  қатысқан  Наурызбай  батыр  1750-1752  жылдары  Бәсентин 

Малайсары,  Қыстық  Малай,  Шапырашты  Қасқары  батырлармсен  бірге  тізе 

қоса  қимылдап,  қазақ  қолының  жеңісті  жолын  жалғастырып,  жоңғарларды 

Тұраннан  асыра  қуып  тастайды.  Жоңғар  басқыншыларына  қарсы  азаттық 

соғысында  Наурызбайдың  өзімен  бірге  Құдайберген,  Шолпан,  Дүйсен  атты 

бауырлары да қатысады. Бірақ олардың барлығы жау қолынан қаза тапқан.  

Шапырашты  Наурызбай  (1706-1781  жж.)  –  Абылай  ханның  туын 

ұстаған үш батырдың бірі, қазақ жерін жоңғар басқыншылыарынан тазартқан 

әйгілі батыр. Ол қолбасшы онмыңдық әскерді басқарған – түменбасы болған 

қазіргі  Жамбыл  ауданындағы  Қалпақтас,  Меркітас  деген  жерде  өмір  сүрген. 

Наурызбай  бүкіл  өмірін  жоңғармен  айқасқа  арналған.  Қазыбек  бек 

Наурызбай  туралы  былай  деп  жазған:  «Өмірімде  адам  баласының  ондай 

ірісін көрген емеспін. Күші тасып тұрған шағында Наурызбайдың иығы түйе 

қомына жетер-жзетпес болатын».  

Батыр 


жастайынан 

жоңғарлармен 

соғысты. 

Наурызбайдың 

Шамалханды  және  Қаскелеңді  жекпе-жекте  жеңгені  белгілі.  1750-1752  жж. 

Ол  Бәсентин  Малайсары  және  Қыстық  Малаймен  бірігіп,  жоңғарларды 

Қытай  жеріндегі  Тұрғанға  (қазіргі  Қытай  Халық  Респуюдикасындағы 

Шынжан-ұйғыр  автономиялық  ауданы)  дейін  қуып  тастап,  тұтқындағы 

көптеген қазақты босатты. 

Наурызбай жасы жетпіске келгенше қаруын тастамаған. Ол қазақ жері 

жоңғарлардан  толық  азат  етілгенге  дейін  халық  жасағының  бас  батыры 

саналған.  Ұлы  қолбасшының  үш  ұлынан  тараған  ұрпақтар  қазіргі  Алматы 

облысының  Жамбыл,  Қаскелең  және  Іле  аудандарында  тұрып  жатыр.  Қазақ 

халқының  болашағы  үшін  жаумен  айқасқан  Шапырашты  Наурызбайдың 

есімі әрқайсымыздың жадында сақтаулы. 

Қаракерей  Қабанбай  (Ерасыл)  Қожағұлұлы  (1691-1769  жж.)  /Қосымша 

11/  – қолбасшы, халық батыры, қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат 

ету  жолындағы  күресті  ұйымдастырушылардың  бірі.  Түркістанды  қорғау 

кезінде  (1724  ж.),  АлАкөл  (1725  ж.),  Бұланты,  Аңырақай,  Шығанақ 

шайқастары мен басқа да шайқастарда найман жасағын басқарған. 

Қабанбайдың  әйелі  Гауһар  (Малайсары  батырдың  қарындасы) 

күйеуімен бірге көптеген шайқастарға  қатысқан. «Атадан ұл болып тума, ер 

болып  ту»  деген  сол  Гауһардан  қалған.  Абылай  хан  Қабанбайды  елден  ерек 

шыққан Дарабоз деп атаған, оның ерліктері туралы таралған аңыз-әңгімелер 

көп.  

Шыққан  тегі  Орта  жүздің  найман  тайпасының  Қаракерей  руынан,  ел 



азаттығы жолында күрескен киелі батырлар әулетінен, оның атасы Мәмбетте, 

әкесі  Қожағұл  да,  Қожағұлдың  ағасы  Күшік  те  өз  заманының  аты  шыққан 

батырлары.  Ел  аузындағы  әңгімелер  дерегіне  қарағанда,  Күшік  батыр 

Еңсегей бойлы Ер Есімнің Ташкентті алатын соғысына қатысып, сол Тұрсын 

хан  өлген  жылы  жамбасына  ұлы  найзаның  ұшы  тиіп,  жасында  қайтыс 

болады. Қабанбай батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі айтулы ірі 

шайқастардың бәріне де қатысқан. «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға 



ие болған. Сан рет шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, бәрінде жаудың 

үміткер батырларын жер жастандырып, жауынгерлерін жеңіске рухтандырып 

отырған.  

Халық  оны  «Қаракерей  Қабанбай»  деп  ардақ  тұтып,  есімін  жырға 

бөлеп,  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізген.  Абылай  хан  дәуіріндегі  қазақтың  ең 

соңғы  әскери  ірі  қақтығысы  1770  жылы  қазақ-қырғыз  соғысы.  Бұл  –  осы 

соғысқа  қатысқан  Қабанбай  батырдың  да  ерлік  жолының  соңғы  белгісі. 

Халық  арасында  Қаракерей  Қабанбай  батыр  жөнінде  аңыз-әңгімелер,  жыр-

дастандар  өте  көп.  Бұған  керісінше  тарихи  құжаттарда  Қабанбай  батырдың 

1740-1762  жылдардағы  өмірі  ғана  көрінеді.  Бұл  кезде  оның  есімі  ел 

ароасының  бітімгершілігінде  жүрген  дана,  би  ретінде  айтылады. 

Қабанбайдың  Үмбетай,  Кішкентай,  Сырымбет,  Едіге,  Байтық,  Мойнақ,  Әлі 

деген  жеті  ұлы  болған.  Оларпдың  «Жеті  Қабанбай»  деп  атайды.  Осының 

Әлісі  жоңғардың  соңғы  ханы  Әмірсананың  Мәней  деген  қызына  үйленіп, 

одан  бес  перзент  көреді.  Оларды  шешесінің  атымен  «Бес  Мәней»  дейді. 

Батырдың  ұрпақтары  бұл  күнде  Шығыс  Қазақстан,  Алматы  облыстарының 

жерінде мекендегенімен, олардың арғы аталары оңтүстік жақтан ауыап келіп, 

Есіл, Нұра бойын қоныс еткен.  

Бұл  өңірдің  1728-1762  жылдар  аралығында  батырдың  да  құтты  мекені 

болғаны белгілі. Қайтыс болғаннан кейін, Қаркерей Қабанбайдың денесі осы 

ата мекеніне әкеп жерленген көрінеді. Елі жақында аяулы батырының басына 

сәулетті күмбез орнатты.  

Шоқан  Уәлиханов  сол  кездегі  жағдай  туралы:  «XVIII  ғасырдың 

алғашқы  он  жылдығы  қазақ  халқының  өмірінде  қасіретті  кезең  болды. 

Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан 

қазақ ұлыстарын ойрандады», - дейді. 

 

Жоңғар  басқыншылығына  ұшыратқан  бүкілхалықтық  қасіреттің 



нәтижесі қазақ  халқын ашу-ызаға булығуға ғана емес, сонымен қатар болып 

жатқан  оқиғалардың  бәрі  ой  елегінен  өткізуге  жетеледі.  Жауға  тойтарыс 

беруді  ұйымдастыру  үшін  әр  түрлі  аймақтарды  біріктіру  қажет  болды. 

Көптеген жайылымдардан айырылып, әр түрлі рулар мен қауымдардың жаңа 

жерлерге  орын  ауыстыруы  қазақ  қоғамының  түрлі  топтарын  ащы 

шындықпен  санасуға  мәжбүрлеген.  Бұл  жағдайларда  жалпы  келісім  қажет 

еді.  Мұнда  да  халық  арасында  белгілі  қазақ  батырлары,  аса  көрнекті  билері 

зор рөль атқарған. 

Осылайша,  халықтың  қырып-жойылуына  жол  бермеу  үшін,  ендігі 

кезекте сұлтандар мен рубасыларынан үмітін үзген  халық өзін-өзі құтқаруға 

кірісті.  Сол  бір  ауыр  жылдарда  қазақ  жасақтарын  Қабанбай,  Бөгенбай, 

Малайсары, Наурызбай, Шақшақ Жәнібек батырлар мен есімдері қазаққа аса 

танылмаған көптеген батырлар басқарады. 

1723  жылы  «Ақтабан  шұбырынды  –  Алқакөл  сұлама»  жылдарында 

Бөгенбай батыр ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. 1724 

жылы Әбілқайыр ханмен бірге Бөгенбай батыр Түркістанды қалмақ қолынан 

қайтарып  алады.  сол  кезде  Бұхара  хандығында  орыс  елшілігінде  жүрген 

Флоро  Беневени  1725  жылдың  15  қаңтарында  Мәскеуге  жазған  хабарында 




«Шуно-Лаузан / Сына батырды осылай атайды / қазақтан Түркістан қаласын 

32  қалашығымен  бірге  соғысып  алған  еді.  Енді  Әбілқайыр  өзге  қазақпен 

қосылып,  Түркістанға  қайта  келіп,  соны  осы  күнге  дейін  бағындырып, 

қолында ұстап отыр», - дейді. Бірақ, Түркістанды алғанымен, Әбілқайыр мен 

Бөгенбайдың оны ұстап отыруға күші аз болды.  

Бұрынғы  заманда  гүлдеп,  көркейіп  тұратын  қалалық  өңір  жоңғар 

шапқыншылығы кезінде әбден жүодеп кетті. Бұл жағдай Әбілқайыр ханға да, 

Бөгенбайға да ауыр әсер етті. Екеуі де жастық шақтарын осы өңірде өткізеді. 

1725  жылдың  көктемінде  Қоңтайшы  Түркістанға  қарсы  әскер  дайындап, 

жабдықтап  жатыр  деген  хабарды  естіп,  хан  Әмудария  бойына,  Сырдың 

төменгі  атырабына  жинақталып,  Кіші  жүз  еліне,  Бөгенбай  Сарыарқаға  Орта 

жүзге қарай аттанады.  

1740 жылы Ұлытау бөктерінде өткен Қазақ кеңесіне қатысты. Бөгенбай 

батыр бұл кеңесте қалмаққа ақ үйлі беруден бас тартуға шақырады, ерлердің 

уәждерінен  кейін  Әбілмәмбет  хан,  Қаз  дауысты  Қазыбек  би  көңілдерінде 

түйткіл  көп  болса  да,  Бөгенбай  бастаған  батырлардың  жағына  шықты.  Осы 

жиыннан  кейін  Әбілмәмбет,  Абылай  бастаған  топ  Орынборға  орыстың 

генералы  В.Урусовпен  кездесуге  аттанып,  Бөгенбай  батыр  Қаз  дауысты 

Қазыбектің көмегімен елді қалмақтан келер қауіпке қарсы дайындауға, әскер 

ұйымдастыруға кіріседі. XVIII ғасырдағы қазақ тарихының ең бір ауыры да, 

асылы да осы оқиғаларға 1740 жылы өткен Ұлытау кеңесіне бастайтын. 

Бұлантыдағы  және  басқа  да  бірқатар  шайқастардың  қаһармандық 

рухын бізге дейін Үмбетей жырау, Ақтамберді жырау, тәтіқара жырау, Бұқар 

жырау,  Көтеш  ақын  туындылары  жеткізді.  Бөгенбай  Ақшаұлы,  Саңырақ 

Тоқтабайұлы,  Олжабай  Әлімұлы,  Қонақай  Жасығұлұлы,  Бөлеу  Сатайұлы 

сынды  батырлардың,  батыр  Баянның,  Жарылқаптың  және  басқаларының 

есімдері тірі кездерінде-ақ аңызға айналған.  

Қазақ  жасақтарының  Бұланты-Білеуті  маңындағы  жеңсінің  тағы  бір 

жағы – стратегиялық тапқырилығында болды. Қазақ жасақтарының Бұланты 

–  Білеуті  маңындағ  жеңісі  Аңырақай  шайқасының  табысқа  жетуін  анықтап 

берді.  

Жетен  батыр  (1817  ж.,  Матай  туылған  жері  –  1910  ж.,  Райымбек 

ауданы,  Жалаулы  ауылы)  –  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  күрескен 

батырлардың  бірі.  Ердің  құнын,  елдің  дауын  екі  ауыз  сөзбен  шеше  білген 

шешендігімен  Жетеннің  даңқы  өзі  өмір  сүрген  тұста  бүкіл  ұлы  жүзге 

жайылып,  «Жетісудың  Жетені»  деген  атқа  ие  болған.  Ел  аузындағы 

өңтімелерге  қарағанда  Жетен  Баяс  асуы,  Текенің  сазында  қалмақтармен 

болған  ұрыста  жасақтардың  қимылдарын  ұйымдастырып,  басқаруда 

тапқырлық  таныта  білген.  Қапал,  Үшқоңыр,  Аламан,  Матай  маңындағы 

шайқастарда  ерекше  ерлік  көрсете  білген.  Жетен  ата  қонысы  жаудан 

тазартылған  соң  ауыл-аймағын  көшіп  келіп,  Райымбек  ауданындағы  Қулық 

тауын  мекен  еткен  екен.  93  жасында  дүниеден  өткен  Жетен  Кеген  өзенінің 

бойындағы  Жалаулы  ауылы  жерленген.  Соңғы  жылдары  Жетен  басына 

еңселі  күмбез  орнатылып,  Жалаулы  ауылындағы  ең  үлкен  көшеге  есімі 

берілген.  



Райымбек  батырға  арналған  ескерткіш  .  Райымбек  Түркеұлы  (1705 

жылы,  қазіргі  Алматы  облысы  –  1785  жылы,  Нарынқол  ауданы)  –  батыр, 

қолбасшы,  Ұлы  жүз  Албан  ішіндегі  Алжан  руының  Сырымбет  тармағынан 

тараған.    Атасы  Хангелді  батыр  XVIII  ғасырдың  І  жартысында  жоңғарларға 

қарсы  күресте  аты  шығып,  1733  жылы  Төле,  Қодар  билер,  Сатай,  Бөлек 

батырлармен  бірге  Ұлы  жүз  қазақтары  атынан  орыс  патшайымы  Анна 

Иоановнаға  елші  жіберген.  Райымбек  17  жасынан  бастап  жоңғар 

басқыншыларына  қарсы  күресте  ерлік  көрсетіп,  батыр  атанған,  Қалмақтың 

Бадам,  Қарын,  Ағанас,  Секер  секілді  хан,  ноян,  батырларымен  жекпе-жекте 

жеңіп,  Қаратау  өңірі  мен  Жетісуды  жаудан  азат  етуде  басшылық  жасаған 

тұлғалардың бірі. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» 

деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 жылы Бөлек батырмен 

бірге  жоңғарға  елші  болып  барған.  Райымбектің  ерекше  еңбегін  оның  есімі 

албан  тайпасының  ұраеыеа  айналғанынан  да  байқауға  болады.  Көзі  тірі 

кезінде «көріпкел», «әулие» атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш 

өңірінде  тоған  қаздырып,  су  шығартып,  егін  ектірген.  Жазушы 

Ж.Тұрлыбайұлы  Райымбек  есімімен  аталатын  жер-су  аттары  көп 

кездесетіндігін  айтады.  Торайғыр  тауындағы  Айсарлы  асуының  маңында 

«Райымбек  бастауы»  да  бар.  Алматы  облысының  Нарынқол,  Кеген 

аудандары  бірігіп,  қазірде  Райымбек  атымен  аталады,  онда  батырға 

ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қаласындағы оның есімімен 

аталатын  үлкен  аңғылдың  бойында  орналасқан.  Беіттің  басына  кесене  – 

күмбез тұрғызылған, 1990 жылы «Райымбек» тарихи-этнографиялық қоғамы 

құрылады.  

Талдықорғанның қақ ортасында 2006  жылы  «Үш бәйтерек» /Қосымша 

14/  деген  компазициямен  ескерткіш  скультуралық  композициясы  қойылған 

болатын.  Бұл  ескерткіш  XVII-XVIII  ғасырлар  аралығында  өмір  сүріп, 

жоңғарлардың  қалың  әскерлерін  талқандауға  айтарлықтай  үлес  қосқан 

атақты Ескелді би, Балпық би және Қаблиса жырау сияқты үш тарихи тұлғаға 

арналған.  

Ескелді Жылгелдіұлы – би, шешен, қолбасшы, Абылай ханның майдан 

даласында  ғана  емес,  сонымен бірге  дипломатиялық мәселелерде  де  сенімді 

серігі  болған.  Бала  кезінен-ақ,  ол  бәрін  өзінің  білегінің  күшімен, 

алғырлығымен  таңғалдырған.  Жоңғарлармен  шайқаста  Тұрлыбек  Бекенұлы, 

Жайнақ,  Татыбай  мерген,  Малтабар,  Құлжан  сияқты  батырларды  бір  тудың 

астына жинай білді. Балпық Дербәісәліұлы – батыр, би. Ержүрек батыр, адал 

да  әділ  судья  ретінде  даңқы  шыққан.  Балпықтың  ұлы  Тіленші  де  жақсы 

беделге  ие  би  болған.  Балпық  Ескелдімен  бірге  жалайырлардың  әскерін 

басқарған.  Қаблиса  жырау  –  танымал  қоғам  және  мемлекет  қайраткері, 

ұлттық  әдебиеттің  жарқын  өкілдерінің  бірі.ол  өзінің  поэзиясында  бірлікке, 

өзара  келісімге,  бейбіт  өмір  сүруге  үндеді.  Адамдардың  өзара  егес-таласына 

төрелік айтып, әділ шешіп отырды. 

XVII  ғасырдың  ортасында  Жетісу  жеріне  жоңғар  шапқыншылары 

щапқыншылық  жасады.  Соғыс  150  жылға  созылды.  Жоңғарлар  ауылдарды 

қиратты,  тонады,  бейбіт  халықты  қырғынға  ұшыратты,  малдарды  айдап 



әкетті.  Қазақтардың  мал  шаруашылығы,  диқаншылығы  мен  қолөнер  кәсібі 

құлдырады,  су  өзеніне  дейін  ілгері  бойлап  жылжыған  Цеван-Рабтан 

хонтайшы отрядының жорықтары ерекше қатыгездігімен көзге түсті. 

Бас  сауғалап  қашқан  кеткен  тұрғындар  малдарынан  айырылды,  шөп 

тамырларымен  қоректенеді,  ауыр  да  аштық  жолында  қырылды.  XVIII 

ғасырдың  20-шы  жылдары  қазақтардың  есінде  «Ұлы  жұт»  ақтабан 

шұбырынды  жылдары  деген  атпен  қалды.  Хандар  Тәуке  мен  Әбілқайыр 

басқыншыларды  жеңу  үшін  қазақ  халқының  барлық  күшін  бір  жерге 

топтастыру  керек  екенін  түсінді.  Үш  Жүздің  қарулы  күштерін  бір  әскерге 

біріктіру  туралы  шешім  қабылданды.  Қазақ  жасағының  қолбасшысы  болып 

Әбілқайыр  сайланды.  Оған  жасақтарды  ұйымдастыруға  Бөгенбай,  ТАйлақ, 

Саурық  батырлар  көмектесті.  1728  жылы  жау  әскеріне  күйрете  соққы  беріп, 

үлкен  жеңіске  жетті.  Сөйтіп,  Кіші  Жүз  бен  Орта  Жүз  жерлерінің  бір  бөлігі 

азат  етілді.  Бір  жылдан  кейін  Балқаш  көлінің  жағасында  жоңғарлармен 

шайқаста қазақтар тағы бір жеңіске қол жеткізді. Жоңғарлардың бұдан былай 

басып кіруінен өздерін қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету үшін қазақтар Ресей 

бодандығын қабылдауға мәжбүр болады. 

Көздерінің  тірісінде  олар  туралы  аңыздар  ауыздан  ауызға  тарап,  екі 

көреген  саясаткер,  ержүрек  батыр  мен  дана  би,  суырып  салма  ақын, 

халқының  қорғаушылары  болып  табылатын  бір-біріне  адал  үш  пікірлес 

серіктестердің  абырой-атағына  Ұлы  Кең  даланың  халқы  еш  шүбә  келтірген 

емес.  Олардың  жауынгерлік  ерліктері  мен  ақындық  шеберліктері  туралы 

бұрынғы  және  қазіргі  ақындар,  зерттеушілер  көптеген  өлеңдер  шығарып, 

поэмалар,  күйлер,  трактаттар,  монографиялар  арады.  Үш  алып  тұлғаның 

жанрлары  шығысқа  қарап,  көптеген  ғасырлар  бойы  алдымызда  не  күтіп 

тұрғанын  асқан  шеберлікпен  болжай  біоген,  егемен  Қазақстанның  арайлап 

атар таңын көріп тұрғандай етіп мүсінделген.  

Ескерткіш-елдің,  халықтың  мәдени  мұрасының  жалпылама  атауы. 

Тарих  және  мәдениет  ескерткіштерінің  жиынтығы  мұражайлық,  көрмелік 

маңызы  бар  заттар  мен  жылжымайтын  ескерткіштерді  (құрылыстарды, 

ғимараттарды,  т.б.)  қамтиды.  Ортақ  типологиялық  белгілері  бойынша 

ескерткіштерді  негізгі  4  түрге  бөледі:  археологиялық  ескерткіштер,  тарихи 

ескерткіштер,  сәулет  өнері  ескерткіштері,  монументтік  (мүсін)  өнері 

ескерткіштері.  Сондай-ақ,  ескерткіштерге  тарихи-танымдық  немесе  тарихи-

көркем  құндылығы  бар  жазбаларды  да  жатқызуға  болады.  Оларды  шартты 

түрде 


ауыз  әдебиеті

 ескерткіші,  жазба  ескерткіш,  өнер  ескерткіші,  сәулет 

ескерткіші,  археологиялық  ескерткіш,  ұлттық  дәстүрлі  қолөнер  ескерткіші, 

діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады.       

Қазақ  даласы  тарихи  –  мәдени  ескерткіштерге  бай.  Оған  дәлел 

жоғарыда  атап  көрсеткен  Қазақстан  тарихынан  ойып  тұрып  үлес  алатын 

Жоңғар шапқыншылығының алпауыттары.  

Тарих  және  мәдениет  ескерткіштер  дегеніміз  –тарих  және  мәдениет 

ескерткіштерінің  мемлекеттік  тізіміне  енгізілген,  халықтың  өткен 

тарихымен,  қоғам  мен  мемлекеттің  дамуымен  байланысты,  адам  жасаған 

немесе  адам  мен  табиғаттың  бірлескен  туындысы  болып  табылатын 



жекелеген  кесендер,  ғимараттар,  құрылыстар  мен  ансамбльдер,  тарихи-

мәдени  ландшафттар  және  басқа  да  көрікті  жерлер  («Тарихи-мәдени  мұра 

объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 3 бап, 6 тармақ). 

Тарихи және мәдени ескерткіштер мынадай түрлерге бөлінеді:  

1) археологиялық ескерткіштер; 

2) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері; 

3) ансамбльдер - деп жіктеледі.  

Осындай тарихи-мәдени маңызы бар орындарды Жетісу өңірінің тарих 

қойнауынан тауып, болашаққа ұрпаққа паш ету қажет. Осындай орындардың 

бірі  Ш.  Уәлихановқа  арналған  мемориалдық  кешені.    Шоқан  Шыңғысұлы 

Уәлихановтың  мемориалдық  кешені  /Қосымша  15/  1985  жылы  Алтынемел 

баурайында  (Кербұлақ  ауданы)  ұлы  ғалымның  туғанына  150  жыл  толуына 

орай  ашылған.  Мемориалдық  кешеннің  авторлары:  архитекторлары                

Б. Ибраев, С. Рүстембеков, Р. Сейдалин; инженерлері А.П. Котов, А.И. Гусев; 

суретшісі А. Ермекбаева. 

Шоқан  Уәлихановтың  мемориалдық  кешеніне  Алматы-Шеңгелді-

Матай-Жаркент  және  Семей-Аякөз-Қапал-Алтынемел  маршруты  бойынша 

сапар  шегуге  болады.  Кешенге  автомобиль  жолдары  барады.  Сарыөзек-

Жаркент  тас  жолының  бойында  орналасқан.  Ол  негізгі  жолдан  20  шаршы 

шақырым қашықтықта, Шоқан ауданында орналасқан.  

Шоқан  Уәлихановтың  мемориалдық  мұражайы  келесідей  залдардан 

тұрады. Бала Шоқан: қазақ даласындағы ағартушылықтың көшін бастаған аса 

дарында  тұлға  деуге  болады.  1835  жылы  Құсмұрын  бекетінде,  қазіргі 

Қостанай  облысы,  Сарыкөл  ауданындағы,  Күнтимес  ордасында  дүниеге 

келген.  Балалық  шағы  әуелі  Құсмұрында,  кейін  Көкшетаудағы  ата  мекені 

Сырымбетте  халықтың  қайнаған  ортасында  өткен.  Шоқан  жас  күнінде 

тарихи  өлең,  жыр,  аңыз,  әңгімелерді  қызықтап,  соларға  құлақ  түріп  өскені 

баршамызға  белгілі.  Жастайынан  зерек  болған  бала  Шоқан  Құсмұрындағы 

қазақ  мектебінде  оқып,  арабша  хат  таниды.  Деректерге  қарағанда  Шоқан 

араб,  шағатай  тілін  жасынан  жақсы  білген,  кейінірек  Орта  Азияның  түркі 

тілдерін де меңгерген. 

Келесі  зал,  Өшпес  мұра  қалдыру  жолында.  Шоқан  өзінің  қысқа  ғана 

ғұмырында Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына, географиясы, 

этнографиясы,  фольклорына  және  қоғамдық-саяси  құрылысына  арналған 

көптеген құнды еңбек қалдырды. 

 Келесі  киесі  мен  тарихқа  бай  Жаркент  мешіті.  1887-1892  жылы 

Жаркент  қаласында  салынған.  Сәулетшісі  Хон-Пик.  Қасбеті  шығысқа 

қараған,  ауданы  28х54  метр,  биіктігі  14,5  метр,  мұнарасының  биіктігі  19 

метр.  Мешіт  52  бағана  тізбегімен  айналдыра  қоршалған.  Арқаығы  ағашқа 

түсірген 

әсем 

оймышпен 



нақышталған. 

Тянь-Шань 

шыршасынан 

дайындалған  бұл  бағаналардың  құрылыс  қаңқасын  құруда  әрі  әсемдік  көрік 

беруде  мәні  зор  (әрбір  бағананы  кедірмен  орап,  сылап,  қызыл  жосамен 

сырлап,  сыртын  лактаған).  Бағаналарды  құрастыруда  шеге  қолданылмаған, 

оларды  қиып,  қашап  қиюластырған.  Интерьері  әсем  оймыш,  нәзік 

өрнектермен  безендірілген,  мешіт  қабырғасы  да  шебер  қиюластырылған 




бағаналардан  құралған,  төбесі  қаңылтырмен  жабылған.  Жаркент  мешітінің 

пештағы  ерекше  көз  тартады.  Мұндағы  ғанышқа  түсірілген  нақышты  араб 

жазуының  өзі  әсем  өрнек  міндетін  атқарған.  Мешіт  ауласының  солтүстік-

шығыс  бұрышында  шағын  үй,  оңтүстік  қапталында  медресе  орналасқан. 

Кешен  биіктігі  2,3  метр  тас  қоршаумен  қоршалған.  оңтүстік  және  солтүстік 

қапталында үлкен қақпасы бар. 

Толығырақ  айта  кетсек,  «Жаркент  мешіті»  -  ХІХ  ғасырға  жататын 

сәулет өнері ескерткіші. Кешен құрылысы екі кезеңмен жүргізілді, 1-ші кезең 

1887 жылдан 1890 жылдарды қамтиды. Бірінші кезеңде мешіт ғимараты және 

басты  кіру  порталы  салынды.  Екінші  кезеңде  1891  жылдан  1892  жылдар 

аралығында медресе ғимраты, дұға оқитын үй, қақпа-қоршаулар тұрғызылды. 

Құрылыс жұмыстары Пекиннен шақырылған Қытай маманы, инженер  – Хон 

Пиктің  басшылығымен  жүргізілді.  Тапсырыс  беруші  Вали  Ахун  Юдашев. 

Кешеннің  ең  басты  нысанының  маңыздысы  мешіт  ғимараты  болып 

табылады.  Мешіт  сол  уақыттың  ең  түп  нұсқалы  әдісімен  салынған  құрылыс 

кезінде  бірде-бір  шегелер,  бірде-бір  тұтқалар  қолданылмаған.  Бағандар 

тастарға  отырғызылған,  ерекше  телім  тастармен  тегістелген  және  шеңбер 

түріне  келтіріліп  жасалған.  Кешеннің  тағы  бір  негізігі  бір  бөлшегі  болып, 

мешіт-мұнарасы  салынған  басты  кіру  порталы  болып  табылады.  Оның 

жазулары трафаретсіз қылқаламмен жазылған. 

Қақпаларын  бұқар  Зәйнутдин  Әмір  Темір  заманына  сәйкестендіріп 

салған.  Кешен  қаланың  орталық  бөлігінде  орналасқан.  Көлемі  1,12  шаршы 

шақырым  жерді  алып  жатыр.  Кешеннің  сәулеттік-жоспар  шешімі  Шығыс 

Түркістан  мұсылмандарының  мәдени  құрылысына  тән  келетін  мешіттің 

түріне  жатады.  Ансамбль  Қытай  және  Орта  Азияның  сәуеттік  бөлшектеріне 

сәйкестендіріп  жүргізілген.  Кешннің  құрамына  кіретіндер:  мешіт  ғимараты, 

басты  кіру-порталы,  медресе,  дұға  оқитын  үй,  қақпа-қоршаулар.  Мешіт 

ғимараты  кешен  композициясының  негізгі  элементі  болып  табылады. 

Ауланың  ортасында  орналасқан  биік  емес  кірпіш  және  ағаштар  қатарымен 

қоршалынған. Ғимарат сүйеніштері 68 ағаш бағандардан тұрады. Ғимараттың 

ішкі  сәулетінде  қытай  сәулетінің  элементтері  қолданылған:  төбесіне  және 

ғимаратты  айнала  биіктіші  3,6  м,  диаметрі  0,3  м  болатын  52  қатар 

орнатылған.  Бөлменің  ішкі  көрінісін  ұйғырдың  халқы  шебері  Хасен  Пулат 

безендірген және Орта Азия сәулетін пайдаланған. Ішкі қабырғалары гипспен 

сыланған. Басты кіру-порталы шығысқа қаратылған және биіктігі 12,3 м Орта 

Азия сәулетімен жасалынған.  

Негізгі құрылымы мен мінездемесі Самарқандағы Шир-Дор медресесін 

еске  түсіреді.  Орталық  бөлігі  арка  түрінде  2,4  м  жуандықта  салынған. 

Арканың  артқы  қабырғасында  мерекелік  екіжақты  ашылатын  есігі  бар. 

Ауланың  бет  жағында  3  күмбезді  көлеммен  жоғарылатылған  мешіт  – 

мұнарасы көрінеді. 

Медресе  көптеген  бөлмелерден  тұрады.  Қабырғалары  саманнан,  ал 

іргелері  күйдірілген  кірпіштен  тұрғызылған.  Ғимараттың  биіктігі  3,3  метр. 

Едендері  ағаш  тақталы  және  құмдалған.  Дұға  оқитын  үйдің  алдыңғы  бөлігі 

кішкене ашық алаңқайдан тұрады. Аулағына ауданы 20 шаршы метр болатын 



қосалқы  бөлмелер  келіп  қосылады.  Біріншісінің  ауданы  60,5  шаршы, 

екіншісінікі  –  165,6  шаршы  метр.  Екі  бөлмелер  де  терезе  ойықтарымен 

жарақтандырылған.  Қабырғалары  саманнан  жасалынған,  қалыңдығы  60  см, 

іргесі  күйдірілген  кірпіштен  тұрғызылған.  Ғимарат  екі  қабатты  қатармен 

төбеленген.  Монументалды  кіру  қақпалары  күйдірілген  кірпіштен,  оңтүстік 

және  солтүстік  жақтан  тұрғызылған.  Қақапа  биікітігі  –  4,6  метр,  төбесі  екі 

қатарлы  жабылған.  Қоршаудың  іргесі  күйдірілген  кірпіштен  тұрғызылған. 

Аралықтары құммен сыланып, толтырылған.  

Жаркентте  орналасқан  Уәлибай  мешіті  қытайлық  және  Орта  Азия 

сәулет өнері үлгісімен тұрғызылған ескерткіш. 1892-1895 жылдары Қытай   

сәулетшісі  Хон  Пик  Жаркент  қаласында  салған.  Ол  –  теңдесі  жоқ 

архитектуралық  ескерткіш.  Құрылыс  композициясының  кіндігі  –  ортадан 

салынған  мешіт  құрылысы.  Қасбеті  шығысқа  қараған,  ауданы  –  28х54  метр, 

биіктігі  –  14,5  метр,  мұнарасының  биіктігі  19  метрді  құраған.  Мешіт  52 

бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Негізгі құрылыс материалы  – ағаш, 

122  ағаш  бөрене  бір-біріне  шегесіз  қырлана  қондырылған.  Антаблименті 

ағашқа  түсірген  әсем  ойымшпен  нақышталған.  Тянь-Шань  шыршасынан 

дайындалған бұл бағаналардың құрылыс қаңқасын құруды, әрі әсемдік көрік 

беруде  мәні  зор  (әрбір  бағананы  кендірмен  ора,  сылап,  қызыл  жосамен 

сырлап,  сыртын  лактаған).  Бағаналарды  құрастыруда  шеге  қолданылмаған, 

қиып,  қашап  қиюластырған.  Интерьері  әсем  оймыш,  нәзік  өрнектермен 

безендірілген  және  мешіт  қабырғасы  да  шебер  қиюластырылған 

бағаналардан  құралған,  төбесі  қаңылтырмен  жабылған.  Мұндағы  ғанышқа 

түсірілген  нақышты  араб  жазуының  өзі  әсем  өрнек  міндетін  атқарған,  оны 

1910  жылы  көптеген  шығын  әкелген  жер  сілкінісі  кезінде  Жаркент  пен 

Верныйдағы мешіт пен шіркеу сол қалпында аман қалған.  

Жетісу  жері  –  білімді  және  дарынды  адамдардың  мекені.  Ақсу 

ауданында  қазақ  әдебиетінің  негізін  қалаушылардың  Ілияс  Жансүгіров 

дүниеге  келген.  Қазіргі  күні  ақынның  атында  университет  /Қосымша  21/, 

мұражайлар,  ескерткіші  бар  (Талдықорған  қаласы,  Жансүгіров  кентінде). 

Ақын  өз  шығармаларында  ақындар  мен  жазушылар  дүниеге  келген  әне 

өскен,  олар:  Ғ.  Орманов,  Ә.  Әлімжанов,  Қ.  Қазыбаев,  С.  Мұратбеков,  Б. 

Нұржанов,  Қ.  Тоқаев,  ақындар  К.  БАянбаев,  С.  Имансов,  Р.  Айтқожина,  Н. 

Исахметов, Жазушыалар одағының бірінші хатшысы Н. Оразалин. 

Бұл  өлкеде  өмір  сүрген  дарындар  туралы  сөз  қозғаған  кезде 

Байсейітовтер  отбасы  туралы  да  қмытпаған  жөн.  Қанабек  Қазақ  музыка 

театрының негізін қалаушы, қазақ операсының алғашқы режиссерлерінің бірі 

болды, оған Қазақө КСР халық әртісі атағы берілген. Күләш керемет табысқа 

қол  жеткізген  алғашқы  қазақ  актрисасы  болды,  24  жаста  ол  КСРО  Халық 

әртісі атағын алды.  

Талдықорғанда  археологиялық,  қала  құрылысы  және  сәулет  өнеріне 

жататын  ескерткіштер  көп.  Олардың  ішінде  Қадырғали  Жалайридің,  ақын 

Сараның,  Ғали  Ормановтың,  Ілияс  Жансүгіровтың  ескерткіштері, 

Жансүгіровтың  әдеби  мұражайы,  Қолданбалы  өнер  галереясы,  облыстық 




драма  театры,  М.  Тынышбаев  атындағы  облыстық  тарихи-өлкетану 

мұражайы, «Үш бәйтерек», Даңқ ескеркіші бар.  

Жансүгіров  әдеби  мұражайының  залдарында  Жансүгіров  пен  оның 

отбюасына  қатысты  сирек  кітаптар,  фотосуреттер  жеке  заттар  қойылған. 

Ақынның  өмірі  мен  шығармашылығына  арналған  өнер  туындылары, 

мүсіндер,  кариналар  ерекше  орын  алады.  Қазақстанның  көркемөнер 

мәдениеті  туралы  шынайы  мәлімет  беретін  Алматы  облысы  әкімінің 

көркемөнер  галереясы  өткен  дәуір  мен  бүгінгі  заман  шеберлерінің 

шығармашылықтарымен  таныстырады.  Бикен  Римова  атындағыф  театр  – 

нағыз  өнер  храмы:  қайта  жөндеуден  өткен  теар  ғимараты  өаланың  ажарын 

ашуда.  Талдықорған  қаласында  орналасқан  ескерткіштер  аймаөтың  тарихи 

және мәдени мұраларының бір бөлігі саналады. 

Мысалға,  қалада  орналасқан  Алматы  облыстық  тарихи-өлкетану 

мұражайы 1974 жылы  Талдықорған қаласында құрылды. 1980 жылдан оның 

экспозициялары  заман  талабына  сай  арнайы  жабдықталған  ғимаратқа 

орналастырыла  бастады.  1993  жылы  мұражайға    -алғашқы  қазақ  инженері, 

тарихшы,  ірі  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Мұхамеджан  Тынышбаевтың 

аты  берілді.  Бүгінгі  мұражай  қорында  сақтауда  жиырма  жеті  мыңнан,  астам 

бірлік бар. Олардың ең құндылыра ынегізгі экспозияциялармен бірге ондаған 

мың келушілер үшін көрсетілуде.  

Қазақстанның  жер  үстіндегі  және  жер  асты  табиғи  байлықтарымен 

танысу  «Мәртебелі  табиғат»  залынан  басталады.  Қазақстанның  оңтүстік-

шығысындағы ең көрікті жері  Алатау тауы. Оның өсімдіктері мен аң-құстар 

әлемі. Көне және ортағасыр тарихы залдары бойынша экскурсия тас дәуірінің 

экспозицияларынан  басталады.  Келесі  зал,  Патшала  Ресей  кезеңінегі  Жетісу 

экспозициясы  алғаш  қоныстанған  орыстар  туралы,  Жетісу  облысының 

алғашқы  губернаторы  Г.  Колпаковскийдің  қызметі  туралы,  білім  берудің 

дамуы  туралы  1889  жылы  Жетісуда  ашылған  Мамания  мектебін 

ұйымдастырушылар мен алғашқы шәкірттер туралы мәлімет.  

Атаулы  және  көрнекті  тарихи  комплекс  тәуелсіздік  жылдарынан  сыр 

шететін  «Атамекен  тарихи-мәдени»  комплексі.  Шамалған  –  Елбасының 

күндік  қаны  тамған  ауылы  екені  баршамызға  мәлім.  Әлем  назарындағы 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұшқоңыр тауының етегінде осы бір етек-

жеңі жинақы елді-мекеннен шыққан. Бұл ауылда Мемлекет басшының өмір-

жолын  баяндайтын  тарихи-өлкетану  мұражайы  1998  жылдан  бері  қызмет 

етуде.  Ал,  Тұңғыш  Президент  күні  мерекесіне  орай  «Атамекен»  тарихи-

мәдени орталығы ашылды.  

Бұл орталық Алматы облысының әкімдігі және ҚР Тұңғыш Президенті 

–  Елбасы  қорының  қолдауымен  ашылған.  Орталықтың  алтын  қорына 

жиналған  экспонаттар  Елбасының  балалық  шағынан  бастап  егемен  елдің 

басшысына айналған сәтке дейінгі мәліметтермен толыққан.  

Осыдан  бірнеше  жыл  бұрын  ел  зиялыларының  өкілдері,  жазушылар 

мен  ақындар  қауымы  Жетісу  жерінен  шыққан  ақын  Сүйінбай  Аронұлына 

ескерткіш  қою  жөнінде  облыстық  мәслихат  депутаттарына  ұсыныспен 

шыққан.  Бүгін  ол  жоба  жүзеге  асырыоып,  Талдықорғанның  қонақтары  мен 



тұрғындарын  қалаға  кіре  берісте  ақынның  алып  ескерткіші  қарсы  алатын 

болды.  


Биіктігі  10  метр  ескерткіш  таза  қоладан  жасалған,  ескерткіштің 

авторлары, белгілі қазақ сәулетшісі Қазбек Жарылғапов пен мүсінші Мерлан 

Азмағамбетов  деген  тұлғалар.  Сәулетші  Қ.Жарылғаповтың  айтуы  бойынша, 

Сүйінбайға  арналған  ескерткіш  жергілікті  күртінің  гранитінен  жасалған 

тұғырға қойылған. Мүсіннің өзінің биіктігі төрт мертден асатындығын айтып 

өткен. 


2012  жылы  кезінде  ҚазАКСР-нің  бірінші  хатшысы  қызметін  атқарған 

Дінмұхаммед  Ахметұлы  Қонаевқа  арналған  ескеркіш    ашылған  болатын. 

Д.Қонаевқа  арналған  ескерткіш  тұлғаның  «100  жылдық»  мерейтойына 

арналып  ашылды.  Ескерткіш  «Дінмұхаммед  Қонаев  халықаралық  қоры» 

қоғамдық  қорының  бастамасымен  тұрғызылған.  Ескерткіштің  авторы  – 

архитектор Қаби Баулықов.  

Өткен  жылы,  дәлірек  айтқанда  2017  жылы  қаламызда  Тұңғыш 

Президент  күні  қарсаңында  Талдықорған  қаласында  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  ескерткіші  /Қосымша  20/  ашылды.  Ескерткіштің  ашылу 

салтанатына  мемлекеттік  қайраткерлер,  мәслихат  депутаттары  мен  аймақ 

интелегенциясы қатысты.  

Өткенге бұрылудың арқасында, халықтың өшкені жануда. Ата діні мен 

баба  салтына  бекем  ел  руханияты  өз  тұғырына  қонып,  қуанышы  молаюда. 

Жер-жерлерде  менмұндалаған  күмбезді мешіттер  саны  артып,  құбылаға  жүз 

бұрған иманды жан да көбейгені – рухани жаңғырғанымыздың белгісі болар? 

Бұл  жас  ұрпақтың  туған  елге,  өскен  жеріне  деген  патриоттық  сезімін 

нығайтуға ықпал етуі тиіс.  

 

 



Document Outline

  • Шоқан Уәлиханов сол кездегі жағдай туралы: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандады», - дейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет