Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет2/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Андроновшылар іііаруашылығы. Андроновшылар тіршілігінде мал өсіру бэрінен де маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі малы — қой, сиыр, жылқы болды. Андронов тайпалары түңғыш рет қысты күні малды қолда үстау дәстүрін енгізді. Түрғын үйлерге жалғастырыла мал қоралары салынған. Олар қос өркешті-бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған.

Ерте жэне орта қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі I мыңжылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған. Олар аралас шаруашылықпен шүғылданып, егін егіп, мал өсірген. Соңғысы үй іргесінің шаруасы саналған. Мал өсірудің мүндай түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал үстаудың жаңа түрлері мен тәсілдері қажет болды. Кейіннен мал өсірудің жайлаулық тәсілі, яғни жартылай көшпелі мал шаруашылығы өмірге келді. Сөйтіп, үй іргесіндегіден — жайлауға көшу, отарлы, яғни жартылай көшпелі, сосын көшпелі мал шаруашылығы туады. Бүл дала мен шөл жай- ылымдарын тиімді пайдалануға жәрдемін тигізді. Көшпелі жэне жартылай көшпелі мал шаруашылығына өтуге байланысты бірте- бірте мал қүрамы да өзгере түседі: ipi қараның саны кеміп, қой мен жылқы саны көбейе түседі. Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай жэне тары өсірді.

Қола дэуірінде кен өндіріп балқыту ici орасан зор көлемде жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі кеншілер жүмсақ кенді қайламен омыру арқылы, қатты, тығыз кенді отпен уату арқылы жэне сонымен қатар үңгіп қазу арқылы өндірген. Отпен уату тәсілі бойынша — кен өзегінің үстіне от жағылып, әбден қызған кезде cy қүйып, жарықшақтарға бөлген. Уақталған руданы қонысқа әкеліп, арнаулы пештерге ca- лып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбүлақ қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылды. Метал балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Ни­кольское, Петровка ІІ-де бар екені мэлім болды. Метал балқытумен бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу жэне қыспалау әдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған.

Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. Қазақстанның далалары мен таулы алқаптарында эрбір отбасы ыдыс-аяқтарын өздері жасаған. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шүңқырға от жағып сонда күйдірген. Б.з. дейінгі XVII—XVI ғғ. аяқ- табақтар белгілі бір тоқылған мата қалыпқа салынып істелген. Қыш ыдыстар геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Бүл өрнектер байлық пен молшылықты, тіл мен көзден сақтау белгісін жэне ыдыс ішіндегі затты білдірген.

Андроновтықтардың баспанасы жертөле мен жартылай жер бетіндегі үйлер болған. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, тезек жаққан. Кейінгі қола дэуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр доңбек тастардан салатын болған. Мүндай көлемі үлкен үйлер Бүғылы, Ақбауыр қоныстарын қазған кезде кездесті. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғүрыптарды атқаратын жэне үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген.

Қоғамдық құрылысы. Қола дэуірінде мал шаруашылығы мен металлургияның жедел дамуы ерлердің еңбегін көп қажет еткендіктен қоғамда ep адамдар рөлі жоғарылап, аталық отбасылық қатынас орнады, аналық py орнына аталық py келді. Андр оновтықтар қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырды: py басшы- ларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау жэне т.б. Жоғарыда айтқанымыздай андроновшылар үлкен үйде үлкен отбасылық қауым болып өмір сүрген жэне бірге түрып, бэріне ортақ шаруаны ағайын-туыстардың бірнеше буыны бірлесіп атқарған. Қоныстар материалына қарағанда көзге түсерліктей ешбір елеулі әлеуметтік жэне мүліктік теңсіздік байқалмайды, алайда қорымдарды зерт- теу ici адамның байлық дәрежесі мен қоғамдағы мәртебесінің айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ертедегі қола дэуірінің өзінде көптеген біркелкі молалар ішінен өзгелерге қарағанда қабірі үлкенірек те тереңірек, ағаш мазарының қүрылысы да күрделі, мола ішіне қойылған қүмыралары мен тағамы да мол зират ерекше назар аудартқан. Мүндай қабірлерден сондай-ақ соғыс арбасының жүрнағы мен аттардың сүйектері, мэйіт басынан қола қанжарлар, жебелер табылған. Орта жэне кейінгі қола дәуірлерінде де тап осын- дай жәйттер кездеседі. Қорымдардағы қарапайым қабірлер арасы- нан ipi тастардан екі немесе үш қабат қоршауы бар бірнеше aca үлкен оба не мазарлар көзге түседі. Обалар салып, қабірлер қазу ісімен, онда қойылатын заттар арасындағы елеулі айырмашылықтарға жүгінсек, андронов қоғамы біртекті болмаған. Үлкен қорымдарда сол кезде қоғамда айрықша топқа бөлінген жауынгерлер қойылған. Қоғамның жіктелуі басталған — оның қатардағы қалың мүшелері арасынан бөлініп «патшалар» — билеушілер, жауынгерлер — кша- трийлер шыққан. Олардың жақындары да қоғамда жоғары дәрежеге ие болған. Үнді-иран шежірелеріне қарағанда абыздар да жоғары бағаланған. Олар діни жоралғыларды жүргізуші, ежелгі дәстүр мен білімдерді сақтаушылар болды. Олардың өзгелерден айрықша бір белгісі — ағаш табақ пен ерекше бас киімі (бөркі).

Қола дэуірінде еңбек қүралдарының жетілдірілуіне жэне шаруашылықтың дамуына байланысты азық-түлік молайып, артық қор қүрылды. Қоғамда біреулер байып, басқаның еңбегін пайдалануға мүмкіндік алды. Сондықтан түтқындарды өлтірмей, оларды қүлға айналдырды. Рулық үжымдық меншіктің орнына жеке меншік орнап, еңбекті қанау пайда болды. Бүл мүлік теңсіздігінің шығуына алып келді. Сөйтіп, қола дэуірінде рулық қауым ыды- рап, шағын отбасылардың рөлі күшейіп, патриархалдық-рулық қатынастарды сақтаған көршілік қауым өркендеді. Кейінгі қола кезеңіне қарай отбасылық қауымдар бөлшектеніп, нәтижесінде алғашқы қауымдық қүрылыс ыдырай бастады.

Қола дәуірі адамдарының діні мен өнері. Қола дэуірінің тай- палары табиғат күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып, қол-аяғы бүгіп жатқызылған. Бүл жер-ана қүшағына барған сәби қалпындағы адам түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал қүдайы Ямаға сыйынған. Ерте қола дэуірінде жерлеу салтында кремация, яғни мэйітті өртеу басым болған. Бүдан андроновтықтардың отқа табынғанын байқаймыз. Кейінгі қола дэуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі болған. Үй қүрылысы да қүрбандық шалудан басталған. Қүрбандыққа сүт толы ыдыстар, бүқа не бағлан шалынған. Сүт ішіліп, ет желініп болған соң, қүмыралар мен сүйектер болашақ үйдің ошағының басына, оның табалдырығының астына көмілген. Үйдің ошағы отбасының киелі орны есебінде қатты қүрметтелген. От пен күлге байланысты жөн-жоралғылардың бэрі қүдайдың рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, қүт-береке болса деген тілекпен жасалған. Мэйітті көкке әкететін от қүдайы

  • Агнияға арнап қүрбандыққа ешкі сойған. Қола дэуірінің соңына қарай күнге, айға жэне жүлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сиыну жэне o дүниеге сену кең тарады.

Қола дэуірінің жартастар бетіне салынған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адам­дар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бүл — адамның рухани мәдениеті жэне оның дүниетанымы жөніндегі aca бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан — жартаста- ғы суреттер-петроглифтердің саны мен эралуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылады. Қола дэуірінің адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында болған. Жартастардағы салынған суреттер — андроновшылардың өздерін қоршаған дүние жайлы түсініктерінің көрінісі еді. Суреттерде жиі кездесетін бейне — мүйізін алға кезеп, шоқтығы күдірейіп, алып денесі шиыршық атып, аяқтарымен жер тіреп түрған турдың — жабайы бүқаның суреті. Әлемді жарату жөніндегі мифтерде дүние

  • Күн қүдайы Митра қүрбандыққа шалған бүқаның мүшелерінен жасалған делінеді. Сонда Митра бүқамен қатар қойылып, бірдей саналады. Ешкіөлмес тауындағы суреттердің бірінде Митра, басы күн шүғыласымен қоршаулы адам бейнелес секілденіп, бүқа үстін- де түрегеп түрған күйде бейнеленген. Бірқатар киелі орындарда ертедегі адамдардың басы күн шүғылалы Митраға тағзым етіп, та- бынып жатқан кездегі көрінісі салынған. Таңбалы шатқалында күн басты бір кісінің маңында айнала билеп жүрген кішкентай адам- дар, жүптасып жэне жеке өзі билеп жүрген адамдар бейнеленген. Бүқа бейнесі молшылық, қүдіреттілік пен күшті білдіреді. Жартас көркем өнеріндегі жиі кездесетін суреттердің бірі — қос өркешті бактриян түйесінің бейнесі. Ол ирандықтарда күн күркіреу қүдайы — Веретрагна, үнділіктерде — Индра бейнесі болып есептеледі. Қола дэуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын бейнелеу де кеңінен тараған. Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс арбасы 49 жерде кездеседі, олар Таңбалыда да, Ешкіөлместе де бар. Олардың көпшілігінде екі доңғалақты аңшы жэне соғыс арбалары бейнелен­ген. Ат пен арба жайлы ирандықтар арасында көктегі күн күймесі жөнінде әпсана-аңыз бар. Олар жоғарғы қүдайлардың бэрі аспанда пырақ жегілген күймелермен заулап жүреді деп есептеген. Тастағы суреттердің ішінде жер жырту көріністері де кездесіп қалады, олар- да соқаға жегілген бүқалар, аттар мен ешкілер бейнеленеді. Соқа ба- сында адам болады. Бүл көріністер жаңа жылды мейрамдауға, күн мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңару мейрамына, қүнарлылыққа байланысты болса керек. Бүл мерекенің ең бір маңызды бөлігі — түрен тарту болып табылады. Бірінші түрен тарту қүқы, яғни алғашқы соқа салу қүрметі патшаға берілген.

Қола дэуірі мәдениетінің гүлденуі Жерорта теңізі жэне Кіші Азия мәдениеті мен экономикалық қатынастың нәтижесі болды.

Сонымен, қорыта келгенде, Қазақстандағы қола дэуірінің өзіндік мәдениеті болғандығын, олар өз ерекшеліктерін сақтай отырып, Қазақстан аумағында таралып, белгілі бір даму сатыларынан өткенін байқаймыз. Осы дэуірде аридтық табиғи-географиялық жағдай көшпелі түрмыс пен көшпелі мал шаруашылығына өтуге өз әсерін тнгізді.

2-тақырып ҚАЗАҚСТАНАУМАҒЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР ЖӘНЕ ЕЖЕЛГІМЕМЛЕКЕТТІК БІРЛЕСТІКТЕР

чшшшшшшшшшшмшштшммшг

  • Epme темір дэуіріндегі таіталыц одацтар

  • Қазацстан аумагындагы мемлекеттік бірлестіктер

1. Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар

Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дэуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.д. I мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бүл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы жэне көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді.

Б.з.д. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия жэне Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең-байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) жэне басқа ертедегі тарихшылар оларды "азиялық скифтер" деп атаған. Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан түрады: 1) антик дэуірінің авторлары (гректер) — Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей жэне т.б.; 2) Ахеменид- тер әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жа- зуы, т.б.). Парсы жазбалары «сақ» атауын қолданса, грек деректері бүл тайпаларды «Азия скифтері» деп атайды.

Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені бойын мекендеген скифтердің жэне төменгі Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен I Дарий түсындағы парсылардың жэне Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылар- мен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VI—V ғасырларда Ахеме- нидтер империясының қүрамына да кірген. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар) туралы ба- яндалады. Алғашқы екі тобын Герадот "амюргия-сақтар" жэне "ортокарибантия-сақтар" деп атаған.

Ғылымда сақтардың бүл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағындашоғырланғандығытуралытүрліболжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында жэне Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтары ме- кендеген, бүл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.

Парсы сына жазбаларында хаомаварга-сақтары ең ipi тайпа не- месе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюргий- сақтары деп аталды. Бүл сақтар Ежелгі Бактрия жэне Маргиа- на аумағында (Әмудария мен Мүрғаб өзендерінің жағалауында) орналасқан. Ертедегі парсылардың танысқан сақтары осылар еді.

Лингвистикалық зерттеулердің мэліметіне қарағанда сақтардың Орталық Азияның көне иран түрақтарынан б.з.д. I мыңжылдықта бөлектеніп шыққан ирандық, нақтырақ шығыс ирандық тайпалар тобына жататындығы байқалады.

Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, ари- маспылар, қаспилер, аргипейлер жэне т.б. сияқты ондаған тайпа­лар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер — Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік жэне солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар — Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар — Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағын- дағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан ке- ңістігіне орналастырады, аримаспылар — Шығыс Қазақстан аумағын, қаспилер — Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипей­лер — Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген.

Деректерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығымен айналысып, жылқы, ipi қара, қой өсірген. Мал шаруашылығының үш түрі бол­ды: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Сақтарда түйе өсіру Батыс жэне Оңтүстік Қазақстан аймақтарында өркен жайды. Олар атқа керемет мініп, садақ атуды өте жақсы меңгерген.

Б.з.д. VIII—VII ғасырларда Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген тайпалардың Ассирия жэне Мидиямен, ал б.з.д. VI ғасырдың ортасынан бастап қүрылған Ахеменидтер түсында Пер- сиямен қарым-қатынас жасаған жэне сол кезеңдегі көптеген тарихи оқиғаларға араласып отырған.

Жазбаша жэне археологиялық деректер б.з.б. VIII—VII ғғ. Қазақстан мен Орта Азняны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеті — Ассириямен жэне Мидиямен, ал б.з.б. VI ғасырдың op- тасында Ахеменидтер мемлекеті қүрылған уақыттан бастап Персн- ямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарнхн оқнғаларға қатысты. Мәселен, Кнр сақтармен одақ жасап, Мидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек ала- ды. Кейінірек Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы бо­лып жорыққа аттанады. Бірақ, оның жорығы қатты қарсылыққа кездесіп, соңында Кир бастаған парсылар сәтсіздікке үшырап, әскерлері талқандалып, өзі қаза табады. Герадот мынадай аңыздық мәліметтерді келтіреді: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың патшайымы Түмар (Томнрнс) торсыққа қанды толтыра қүйғызып, «Сен қанға қүмартып едің, енді шөлің қансын!» деп оған Кирдің ба- сын салдырған.

Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын I Дарий (б.з.д. 521—486) жалғастырды. Б.з.б. 518 жылы I Дарий массагет-сақтарға қарсы жорық бастап, бірақ ол да жеңіліске үшырады. Грек тарих- шысы Полиэн массагет-сақтардың парсыларға қарсы ерлікпен күрескендігі жайлы мына бір оқиғаны келтіреді. Шырақ есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға ба- рып өзін сақ көсемдерінен зардап шеккен адам снпатында көрсетеді. Одан соң өзінің тайпаластарынан кек қайтарғысы келетінін мэлімдеген Шырақ жауларын, яғни парсыларды сусыз шөл далаға апарып адастырады. Ал, ол жерде парсылардың көбі шөлге шы- дамай қырылады. Өз жерін жат жерлік басқыншылардан қорғау мақсатында сақ жауынгері Шырақ осындай ерен ерлік жасады.

Дегенмен I Дарий аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпаларын, соның ішінде хаомаварга-сақтарын жэне басқа да кейбір тайпаларды бағындырады. Бүл тайпалар Ахеменидтердің XV сатрапиясының (салық аймағының) қүрамына кіріп, алым-салық төлеуге тиіс бол­ды, бірақ ол өз уақытында төленіп түрмады жэне көбіне сыйлықтар сипатында болды. Сақтар болса Ахеменидтердің әскерінде қызмет атқарды. Тіпті, олардың біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын жеке әскери қүрамасының қатарына да кірді.

Б.з.б. VI ғасырдың аяғымен V ғасырдың басында ежелгі Шығыста грек-парсы соғыстарының басталуына байланысты ipi- ipi саяси оқиғалардың болғаны белгілі. Сол түста кейбір сақ тай­палары бүл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде пар­сылар жағында қатысып отырған. Мысалы, Гавгамелы маңындағы шайқасқа сақтардың жеңіл атты әскері қатысқан.

Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500—449 жылдары) парсылардың жеңілуімен аяқталды. Ал, бүл кезде Грекияда экономикалық жэне саяси дағдарыс шиеленісе түседі, қүл иеленушілер болса, бүдан шы- ғудың жолдары шығысқа басқыншылық жорықтар үйымдастыру деп түсінеді. Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдарында македондық-гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменидтік III Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға қарай бет алады. Гректердің баса-көктеп енуіне Орта Азия халықтары табан тіресе ерлікпен қарсыласты. Александр Македонскийдің эскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланады. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауына сүйене отырып, сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық-грек эскерлерін бірнеше дүркін талқандаған болатын. Үш жыл бойғы кескілескен соғыстан кейін ғана македондық-гректер Орта Азияның кейбір тай- палары мен халықтарын уақытша бағындырды. Сырдарияның арғы жағасындағы сақ тайпалары өздерінің тэуелсіздігін сақтап қалды. Александр Македонский өлгеннен кейін оның үлан-байтақ импе- риясы тығыз экономикалық жэне саяси байланыстары жоқ тайпалар мен халықтардан біріктірілгендіктен дағдарысқа үшырап ыдыра- ды.

Б.з.б. I мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тиграхауда- сақтарға кіретін сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ipi ошағы болды. Сақ мәдениеті — Орталық жэне Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірі болды. Ол заманға қатысты қорымдардың көп болуы ерте кезден- ақ Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игерілгенін байқатады. Сырдария, Іле, Талас, JIenci, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен т.б. өзендердің аңғарларында көптеген тас жэне топырақ обалар шоғырланған. Мысалы, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) — 300 обадан, Берікқара қорымы (Талас өзенінің аңғары) 500 обадан, Кетпен — Төбе алқабында (Солтүстік Қырғызстан) 700 обадан түратын қорымдар табылған. Оларда адамдар эр түрлі уақыттарда жерленіп, жүздеген жылдар бойы қалыптасқан.

Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары саналатын обалардың көп табылуы жағынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға тең келетін Орта Азия мен Қазақстанның басқа аудандары жоқ. Осындай археологиялық ескерткіштердің мол табылуына байланы­сты А.Н.Бернштам «патша сақтары мен үйсіндер» Жетісуды мекен­деген деп қорытынды жасайды.

Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының тянь-шань қарағайлары бөренелерінен түрғызылған ipi жерлеу қүрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері.

Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғүрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның басынан аяғына дейінгі киімдері алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» стнлінде жасалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан түратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы ықтимал.

Б.з.д. I мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы рулық қауымның ыдырап, әлеуметтік қүрылымның қалыптасу үрдісінің жаңа си- патымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер жекеменшік, ал кейіннен отбасылық меншік түрінің шыққанын айқын байқатады. Сақ заманының қоғамдық қүрылымын: шағын туыс отбасылар тобы (патронимия) — яғни, көшпелі қауым-тайпалар одағы деп атауға бо- лады. Бүл қүрылымның патронимия деп аталған төменгі үясы өрбіген үлкен патриархаттық-рулық әлеуеттің үлкейіп, табиғи бөлшектенуі нэтнжесінде қүрылды. Ол бөліністер эулет басшысының есімімен аталды. Ал қоғамның жіктеліп, байлар мен кедейлерге бөлінуі сақ қоғамында мүлік теңсіздігінің, яғни, әлеуметтік теңсіздіктің болғанының дәлелі болып табылады.

Сақ қоғамында халықтың үш тобы болған. Олар: жауынгерлер, абыздар, қауымшыл сақтар. Осы жіктердің әрқайсысының өзіне тэн дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл жэне сары-қызыл, абыздарға — ақ, қауымшыл сақтарға — сары мен көк түстер тэн еді. Сонымен қатар, абыздардың белгісі — қүрбан табақ пен айрықша бас киім болды. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. Сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да ерлермен бірдей қатынасып, ерлік көрсетіп отырған.

Б.з.д. VI—V ғасырлардың өзінде-ақ сақтардың қоғамдық қүрылысының сол заманғы прогрестің неғүрлым жоғарғы сатысы- на көтерілгендігін, оған экономикалық жэне саяси алғышарттардың болғандығын көрсетеді.

2. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер



Б.з.б. I мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Op- достан Каспийге дейінгі Орталық Азияның үлан-байтақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық қүрамы жағынан эртүрлі тайпалардың мекендегені белгілі. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, түрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың әсері Орталық Азияда ертедегі ipi тайпалық бірлестіктердің қүрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан алғашқылары саналатыны хунну (ғүндар) еді. Б.з.д. III ғасырдың аяғында қытай деректерінде кездесетін сюнну немесе хунну (ғүндар) эртүрлі тайпаларды біріктірген. Ғүндар туралы мәліметтерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Олар Тынық мүхиты мен Солтүстік Қытай, Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан эрі батысқа да таралып отырған саяси қүрылым болып табы- лады. Ғүндар 24 руға бөлінген. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды.

Ғүндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде "шаньюй" деп аталған. Б.з.д. III ғасырдың соңына қарай ғүндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін қүрды. Оларды бір одаққа біріктіру эйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ғүндар қытайлармен көп соғысты. Б.з.д. 3 ғасырда ғүндар шабуылының күшейгені соншалық, қытай императорын ¥лы қорғанды түрғызуға мэжбүр етті. Б.з.д. 209 жылы ғүн тайпаларын Мөде шаньюй басқарып, ол билік қүрған алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Мөде бастаған ғүндар өздерінен әскери-саяси қуаты ба- сым Хань әулетін ғүндардың Ордостағы көшіп-қонатын жерлеріне көз тігуінен бас тартуға мэжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөде шаньюйдың алдында бас иіп, онымен "өзара тыныштық жэне туыстық туралы шартқа" қол қояды. Бүл шарт бойынша Хань импе­раторы шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беріп жэне жыл сайын салық төлеп түруға міндеттеледі.

Мөде бастаған ғүндар кейін шығыстағы "шығыс xy" тайпаларын бағындырады, ал оның қүрамына Керулен жэне Онон өзенінің ал- қаптарында мекендеген сяньбн жэне ухуань тайпалары кіретін еді. Одан соң ғүндар батыстағы юечжи тайпаларына жорықтар жасай- ды. Бүл кезеңде қазіргі Кореядан Тибетке жэне Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі кең аумақ ғүндардың қол астына өтеді, ал солтүстікте ғүн конфедерациясына кірген тайпалардың мекені Байкалға дейінгі аумақты алып жатқан еді.

Ертедегі деректерге қарағанда ғүндар Саян-Алтай тайпалары­на жорықтар жасаған. Б.з.д. 201 жылы сюннулердің солтүстік жэне солтүстік-батысқа қарай жорықтарын жалғастырып, Хуньюй, Цюй- шэ, Динлин, Гэкунь жэне Синьли елдерін бағындырған. Олардың аумағы батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле өзенінің алқабына дейінгі жерлерді алып жатты.

Б. з. д. 201 жылғы жорықта ғүндар Алтай өңірін мекендеген тай- паларды түгелдей дерлік бағындырды. Одан кейінгі жылдарда олар батыста да белсенді әрекет жасайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде шаньюй көршілеріне қарсы әрекет жасамақ болды деген сылтаумен өзінің батыстағы иеліктерінің билеушілерін юечжилерге қарсы жорыққа аттандырады. Ғүндардың атты эскерлері Чжанье-Ганбчжоу ауда- ны маңында юечжилерді жеңіп, қалыптасып жатқан бірлестігінің төңірегіндегі бірнеше иелікті бағындырады. Бүл жөнінде шаньюй былай дейді: "Аспанның рахымымен жауынгерлер аман, ал ат- тар мықты шықты: олар юечжилерді жойып, жуасытты; семсердің үшына іліп немесе бағындырып, өз билігін нығайтты. Лоулань, Үйсін, Хуцзе жэне оларға шектес 36 иелік (князьдік) сюннулерге қаратылды. Олардың бэрі сюннулердің армиясына кіріп, бір эулетке айналды".

Ғүндар бірлестігіне шығу тегі эртүрлі тайпалар мен этникалық- саясн қүрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық-саяси өміріне бір орталықтандырылған билікке бағынғысы келмейтін күштер мен үланғайыр аумақта орналасқан иеліктер арасында тығыз саяси жэне экономикалық байланыстардың болмауы қатты эсер етті.

Б. з. д. I ғасырдың ортасында ғүн қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айрылумен қатар бүрынғы бірлестік қүрамында болған ғүндар б.з.д. 55 жылы оңтүстік жэне солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік бөлігін Хуханье шаньюй, солтүстік бөлігін Чжич- жи шаньюй басқарды. Оңтүстіктегілер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстіктегілер өз тайпаларының қысымына шыдамай Саян мен Байкал өңіріне ығысып, яғни солтүстік пен батысқа қарай қоныс аударды.

Б. з. д. 49 жылы Чжичжи Хань империясының боданына айнал- ған оңтүстік ғүндардың жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта орнатуға әрекет жасады. Бірақ оның бүл әрекетінен нэтиже шықпады. Өз күші жетпеген соң үйсін күнбиінен көмек сүрайды, бірақ үйсін күнбиі оған көмек беруден бас тартады. Осыдан кейін одақтассыз қалған солтүстік ғүндар оңтүстік ғүндардың жерінен ке- туге мэжбүр болады.

Солтүстік ғүндардың билеушісі Чжичжи шаньюй солтүстік- батыс Моңғолиядағы Қырғыз-Нүр көліне таяу жерде өз ордасын орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жа- сап түрады. Сөйтіп, б.з.д. I ғасырдың екінші жартысында Чжичжи бастаған ғүндар Қазақстанның Жетісу аймағына алғаш рет көшіп келе бастады.

Ғүндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93 жылы басталады. Олар Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық жэне Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. IV ғасырында ғүндар Еуропаға дейін жетеді. Ғүндардың Батысқа жорығы Халықтардың үлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. Олар Шығыс Рим империясының жеріне шапқыншылықтар жасайды. Әсіресе, V ғ. басында Ругила патшалық қүрып түрған кезде Рим мемлекетіне шабуылы күшейеді, Дунай жағалауындағы римнің иеліктерін жаулап алады. Паннония (қазіргі Венгрия аумағы) жерінде жаңа мемлекет — Батыс ғүн империясы қүрылады. Ғүндар Рим империясына үлкен қауіп туғызады. 433 жылы Руги­ла қайтыс болғаннан кейін мемлекет билігі ic жүзінде Аттиланың (Еділ батыр) қолына көшеді. Ол 453 жылы қайтыс болғанға дейін Еуропаның көптеген халықтарын өзіне бағындырып, бүкіл Еуропа- ны дүр сілкіндірді. Бірақ Аттила өлгеннен кейін Батыс ғүн империя­сы ыдырап кетті.

Ғүндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқы өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғүндардың ішінде отырықшы түрмыс кешіп, егіншілікпен шүғылданғандары да болған. Дэнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғүндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болды. Зергерлік өнердегі полихромдық стильді дүниеге әкелген. Көк тэңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі қүқық жүйесін қалыптастырған.

Ғүндар қоғамында патриархалды-рулық қарым-қатынастар күшті болған. Елді шексіз билік иесі — шаньюй басқарған, оның жақын туыстары түменбасы лауазымын иеленді. Деректер ғүндарда малға жэне жерге де жекеменшік болғанын білдіреді. Ep азамат- тардың барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғүн әскері- нің негізін атты әскер кұрады. Олардың жауынгерлік қүдіретінен сескенген қытайлықтар ¥лы Қытай қорғанын салдырған. Сонымен, қорыта келгенде, ғүндар — бастапқы кезде Орталық Азияда пай­да болған ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Бүл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының қүрамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты.


Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет