Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет14/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60

Белгілі тарихшы Н.Маев 150 жыл өткен соң, өзі жинаған деректер негізінде даладағы істің жайы туралы да, халықтың салты туралы да, тіпті оның тілектері туралы да сенімді мәліметтері болмай, жо- рамалмен әрекет еткен үкіметтің көзқарасын сын көзбен бағалады.

1731 жылы 5 қазанда А.И.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ор­дасы орналасқан Майтөбе сайына келді. Атақты мейманды ба­стап жүруді Әбілқайыр хан үлкен баласы, тәжірибелі жауынгер, әкесінің қызметін түгелдей қолдаған Нүрмүхамед Әли Баһадүрге (Нүралыға) тапсырды. Алайда ¥лы даланың тілі де, әдет-ғүрпы да жақын, түсінікті болған бүрынғы татар мырзасының күрделі дипломатиялық мансабының алғашқы қадамдарының өзі көрнекті ақсақалдардың, сүлтандардың зор қарсылығына үшырады. Олар орысқа бодандық туралы естігілері де келмеді, «ханды соқыр тиын сияқты да көрмеді» тіпті оны өлтіруге тырысқаны туралы дерек бар. Осы жағдай Әбілқайырдың Ресей патшасына елшілерді билеуші топтармен жэне халықпен ақылдаспай жібергендігін дэлелдейді. Ал Тевкелев болса өз басының пайдасын ойлап келген адам, сондықтан ол өз мақсатын орындау үшін қазақтың кейбір ақсақалдары мен билеріне мол сыйлықтар беріп, алдап-сулап әрең көндірген деп жа- зады тарихшы САсфендияров. А.И.Тевкелев күнделігіне 2 жылға жуық уақыт бойы үнемі өлім қаупіне бас тіге жүріп, аштыққа шы- дап, бүкіл қабілетін жүмсап, бүкіл орданы көндіргенін жазды.

Бірінші болып бодандыққаӘбілқайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27 ақсақал ант берді. Сонымен қазіргі кейбір басылымдарда жазылып жүргендей бастапқыда антты 27 емес, ханнан басқа 29 адам бекітті. Бодандықты қабылдаған Әбілқайыр Ресей империясының шығыс шекарасын, орыс көпестерінің сауда керуендерін қорғауға, орыс мемлекетіне әскери көмек көрсетуге, бағалы терілерден салық төлеуге уэде берді. Бірақ бүл уәделердің бэрі толық орындалған жоқ. Сонымен қатар Әбілқайыр, патша өкіметінен өз үрпағында хандық биліктің қалуын, іштен жэне сырттан қиындықтар туа қалған жағдайда, өзіне тірек жэне қорған болатын Op бекінісін салуды талап етті. Әбілқайырдың бүл талаптарына патша өкіметі үлкен мэн бермеді, себебі жоғарыдағы талаптар патша үкіметінің шығыс шекарасындағы мүдделеріне қарсы келмеді. Тіптен Хан ордасы мен шекаралық аймақта бекініс салу Ресей үшін хандық бодандықты нығайтуға тиімді еді.

1731 жылы Кіші жүз бен орыс мемлекетінің арасындағы қарым- қатынас осы жылы Ресей империясының протекторатын қабылдау туралы қүжатқа қол қойғаннан бастап ic жүзінде бекітілді. Бүл сонда, қандай қарым-қатынас? «Протекторат немесе қамқорлық қатынастар — бастапқыда күшті жэне әлсіз мемлекеттердің арасын­да ерекше қүқықтар мен өзара міндеттемелер белгілейтін шартқа негізделген қатынастар. Оның мәнісі — алғашқысы кейінгісін қорғаса, ал кейінгісі алғашқысына егемендігін сақтай отыра белгілі қызмет көрсетеді» дейді Мүхтар Қүл-Мүхаммед өзінің «Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі» деген еңбегінде. Про­текторат — қорғаушы, қамқоршы, тірегі, демеушісі. Протектора- тын қабылдау — күшті мемлекет әлсіз мемлекеттің қорғаушысы, қамқоршысы, демеушісі, арқа сүйегіші, тірегі болады, ал әлсіз мем­лекет сол үшін белгіленген (келіскен) міндеттер атқарып отырады. Басқаша айтқанда, Ресей империясы Қазақ мемлекетін (Кіші жүзді) сыртқы жаулардан қорғап, ішкі саясатына араласпай, қазақтардың егемендігін сақтап қалуға мүмкіндік жасауға тиіс. Әбілқайыр ханның Ресей патшасына жазған хатына, Анна Иоановнаның қазақ халқына берген грамотасының мазмүнына қарап, бүл тари­хи процесті Қазақстанның өз еркімен Ресей империясына кірді деп айтуға болмас. Кіші жүз басшылары Ресей империясының протек- торатын қабылдауы немесе оның «боданы» болуын сүрауы тари­хи факт. Алайда «бодан» (подданный) қосылу емес. Ол тату болу, бейбіт қарым-қатынас жасау, одақтасу, адал болу деген үғымдарды білдіреді.

Әілқайыр хан Ресеймен татулыққа жету арқылы таққа талас мәселесін шешуді ойлады, яғни өзінің билікке жетуінің бірден- бір жолы деп үміттенді. Екіншіден, халықтың үзақ соғыстан шаршағанын, экономиканың қансырағанын, орыс бекіністерінің қаптауын, орыс-казак станицаларының салынуын жэне жоңғарлар мен Еділ қалмақтарынан, Орта Азия хандықтарынан, Қытайдан келетін қауіп-қатерлерді ескере отырып, ол Ресейден бодандықты сүрауға мэжбүр болды. Дэл осы сәтте хан тағына лайықты адам «соғыс тәжірибесі мол, атағы да, абыройы да зор, өктем мінезді, өркөкірек Әбілқайыр ...» болды дейді тарихшы Ж. Қасымбаев. Ал M. Мағауиннің пікірінше: «... үш жүздің әскерлерінің бас қолбасшысы сайланып, өзінің үйымдастырушылық дарын, қабі- леті, жеке басының ерлігімен аты шыққан, оның үстіне тәжірибесі мол...Әбілқайырдың аға хандықтан үміт етуіне негізі бар еді ...». Тарихшы-ғалым М.Қ. Қозыбаевтың пікірі де осы мағынамен үштасады. Ол: «Сол бір сәтте төре әулетінде Әбілқайырдан басқа жан жоқты. Алайда бақ таласы, тақ таласы, жүздік талас нәтижесін- де бүл мақсат іске аспады. Әбілқайыр хан халық бірлігін, оның болашақ тірлігінің өзіндік жолын іздеді ...» дейді.

Сонымен қатар Ресей патшалығы қазақ хандықтарын түгел өзіне қарату мақсатында бүл өлкеге бірнеше экспедиция жасақтады. 1734 жылы мамырда қырғыз-қайсақ экспедициясы қүрылды. Көп кешікпей оны Орынбор экспедициясы деп атады. Ол экспедицияны сенаттың обер хатшысы И. К. Кириллов басқарды. Ол өлген соң 1737 жылы H. Татищев келді. Бүл экспедициялардың мақсаты Кіші жүз жэне Орта жүздегі ықпалды Шыңғыс үрпақтарының бодандығын нығайту болды. 1740 жылы Орынбор бекінісіне олар қазақтың беделді сүлтандарын шақырып, Ресейге өздерінің бодандығын мой- ындауды талап етті. Осы жолы орта жүздің біраз сүлтандары Ре­сей бодандығын қабылдады. Алайда, айта кету керек, бүл жерде бодандық қабылдау туралы қүжатқа қол қою рәсімі болған жоқ. Осыған байланысты айта кететін жэйт, қазақ билеуші топтарының бодандық туралы мәселеге өте селқос қарауында. Оған патшалық Ресей империясының қазақ билеуші топтарынан ант алу рәсімін жиі қайталауы себеп болды. Мысалы: Әбілқайырдың өзі үш рет ант берген. Әбілқайырдың 1742 жылы тамыздың 20-жүлдызында берген антының 1731, 1738 жылдардағы анттарының мәніндей қүны болмаған.

1740 жылы Қытаймен бейбіт бітім жасасқан жоңғарлар 1741 ж. Орта жүз қазақтарының жеріне басып кіреді. Күтпеген соққыны қазақтар қайтара алмай, Кіші жүз жеріне қарай шегінуге мэжбүр болады. Әбілқайыр хан дереу Ресейден әскери көмек сүрайды. Бірақ Ресей империясы көмек көрсетпейді, өз азаматтары (подданныйы) ретінде санап, сыртқы жаудан қорғамайды. Бүл жерде Ресейдің екіжүзді саясаты көрінеді жэне де Орта жүздің Ресей протекторатын қабылдауы жай ғана сөз жүзінде қалып, ешқандай саяси мағынасы болмаған деп айтуға болады. Ресей империясы қазақ хандығының күшеюін немесе біртүтас болғанын қаламады. Себебі, ондай мемлекетті бағындыру қиын болатынын түсінді. Сондықтан Ресей қазақ билеушілерін бір-біріне айдап салу жэне түрлі сыйлықтар мен атақтар таратып өз мақсаттарына пайдалану, қазақ жерін Ре­сей империясының отарына айналдыру саясатын үстанды. Ресей Әбілқайыр ханды патша үкіметіне түгелдей тәуелді ету үшін оның үлы Қожахметті аманатта үстады. Тарихшы C. Асфендияровтың пікірі бойынша патшалық үкімет Қазақстанға достық жэне бодандық туын желеу етіп, жыртқыштық, тонаушылық саясатты үстанды.

Патша үкіметінің Кіші жүздегі өз ықпалын күшейтуге бағыт- талған шаралары Әбілқайыр ханды қарсылыққа мәжбүрледі. 1744 жылы ол қарақалпақтарды шауып, Астраханнан Хиуа мен Бүқараға тауар алып бара жатқан көпестерді тонайды, 1746 ж. Ресей қарамағындағы қалмақтарға, сосын орыс шекараларына шабуыл жасайды. Жоңғар хандығы әлсіреген кезеңде қазақ жеріне орыстар билігінің таралуына орай бүл мәселелер Әбілқайырдың Орынбор әкімшілерімен жиі өткізілген қиын келіссөздердің нысанасына ай- налып, егес, күтпеген түсініспеушіліктер туғызды. Осы жағдай

Әбілқайыр ханның Ресей жағына қатысты бүрынғы адал жэне ізгі ниетті көзқарасының салқындауына себеп болды. Әбілқайыр ханның Ресей билеушілеріне қарсылық көрсеткені төмендегіден көрінеді. 1748 жылы Әбілқайыр ханды Орта жүздің Барақ сүлтаны өлтіргенде Ресей империясының шенеуніктері былай деп жазған: «Әбілқайыр хан қаншалық қиянат жасаса да, басқаларға қарағанда бірінші болып императордың үлы мэртебесінің қол астына кірген еді».

Осы жылы патша үкіметі Кіші жүздің хандығына Әбілқайырдың баласы Нүралыны бекітті жэне ол Петербордан Орынборға әкелген сыйлықтарға ие болды. Патша Анна Иоанновнаның атынан келген тартулар атап айтқанда, «татар жэне орыс тілдерінде жазулары бар қылыш, бүлғын тон, қара түлкілі екі бөрік, мэуіті тон ...»,— дей келе, сонымен бірге қасындағы інілеріне, анасына, старшын, би т.б. сыйлықтарға «жалпы 3000 руб.— ден де көп қаржы жүмсалды ...»,— дейді В. Витебский «Неплюев жэне 1758 жылға дейінгі бүрынғы қүрамдағы Орынбор өлкесі» деген еңбегінде. Ресей мемлекетінің бүл ici қазақ мемлекетінің ішкі саясатына араласуға жағдай жасау, яғни мемлекетті бостандығынан, тәуелсіздігінен айыруға жол бас- тау еді. Бүл жерде Ресей империясының дипломатиялық корпусы үлкен рөл атқарды. Мысалы: Бекович-Черкасский, Тевкелев тэрізді басқа үлт өкілдерінің қазақ жеріндегі эскери-зерттеу миссиясы Ресейдің қазақ жеріне ендеп кіруіне мүмкіндік туғызды.

XVIII ғасырдың 30—40 жылдары-ақ Кіші жүз жэне Орта жүз қазақтарының Ресей протекторатын қабылдағанына қарамастан, олардың бағынуы нақты болмады. Себебі, қазақ билеушілері бүл кезде жоңғар жаулаушыларымен қырғи-қабақ соғыста еді. Оның үстіне Қазақстан шекарасында күшті Цин империясының пай­да болуы күрделі саяси жағдайдың тууына жэне қазақтардың Ресей ықпалынан шығып кету қаупіне әкеліп соқты. Жоңғар басқыншыларының қазақ жеріне әлсін-әлсін шабуылын Ресей үкіметі тиімді пайдалануға тырысты. Осыған орай Қазақстанның осы аймақтарын Ресей бодандығында үстау шекаралық өкімет орындарының негізгі міндетіне айналды. Ресей әскери күштері Қазақстанмен шекара аймақтарында бекіністер салуды үдетті. Ре­сей империясы XVIII ғасырдың 30—40 жылдары Қазақстанның солтүстік-батыс шекарасында Верхнеяицкіден Звериноголов бе- кінісіне дейін созылып жатқан Үй бекініс шебін салды. Оның үзындығы 770 шақырым болды. 1752 жылдың жазында генерал С.В.Киндерманның басшылығымен 11 бекіністен түратын Ho- воишим бекіністі шебін салу басталды. Оның жалпы үзындығы 662 шақырым болды. Осы бекіністі шептің ең бастысы Есілдегі Петропавл болды. Бекіністі шептің басты мақсаты Үй жэне Ертіс шептерін жалғастыру болатын. Осы шептердің салыну салдары- нан қазақтардан ені 50 шақырымнан 200 шақырымға дейін жететін жер көлемі алынды. Ресейдің Қазақстан аумағына экспанциясы нэтижесінде 1752 жылдан бастап Ертістің жоғарғы ағысындағы Үл- бі, Бүқтырма жэне Нарын бойындағы жерлердің Ресейге қосылға- ны туралы ресми түрде жарияланды.

Ресей империясы қазақ жерін отарлау саясатын барған сайын күшейтті. Шекаралық өкімет билеушісі И.И.Неплюевтің "бөліп ал да билей бер" принципіне негізделген идеялары мен жоспарлары қолданысқа кірді. Қазақ руларының Жайыққа, Жайық қалашығы мен бекіністерге жақын жерлерде көшіп жүруіне тыйым салу ту­ралы 1742 жылы 19 қазанда жарлық шықты. Кейін ол 1756 жылы толықтырылып, түгел Жайық пен Еділ арасында қазақтарға көшіп- қонуға тыйым салынды.

1760 жылы Өскемен бекінісінен Телец көліне дейін бекі- ністер салына бастады. 1761 жылы Өскеменнен Зайсанға дейін Бүқтырма шебінің бекіністері пайда болды. Осы алынған жер- лерді шаруашылықпен игерген кезде ғана бекітіп алуға бола- тынын түсінген шекаралық өкімет орындары бүл аудандарға ел қоныстандыруға белсене күш-жігер жүмсады. XVIII ғасырдың 60-жылдарында-ақ Алтайға Тобыл губерниясынан 2 мың шаруа мен әртектілер көшіріліп экелінді. Сонымен бірге шекаралық өкімет органдары қазақтарды шекаралық аудандардан ығыстырып та- стау жөнінде шаралар қолданды. 1755 жылы Сыртқы істер алқасы Сібірдің өкімет орындарына қазақтар "бүлайша еркін өту олардың дағдысына айналмау үшін Ертістің оң жағына өткізілмесін" де­ген нүсқау берді. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан жэне орыс бекіністерінен 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне мүлде тыйым салынды. Осылай 1730—1740 жж. Кіші жэне Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы нәтижесінде солтүстік-батыс Қазақстан жері Ресей империясының отарына айналды.

2. Абылай ханның Қазақ хандығын нығайту



жолындағы қызметі

Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-әңгімелер, өлең- жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сүлтаны, сосын Орта жүз жэне де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртүтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның ¥лы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін-сүлтандарын бағындыра алғанын жэне де са­яси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мәлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн.

Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы aca зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты — Әбілмансүр. 1711 жылы әкесі Көркем Уэли Түркістанға сүлтан бо­лып түрған кезде дүниеге келген. Бүл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп түрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. Ауыр «Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22-де батыр, қолбасшы ретінде танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет