Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет17/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60

"Игельстром реформасы" толық нәтиже бермеген соң, патша үкіметі хандық билікті қалпына келтіру мақсатында енді сүлтан- дармен арадагы одақты ныгайтуды коздеді. О.А.Игельстромның орнына жаңа тагайындалган генерал-губернатор А.Пеутлннг Нүралының інісі Ералымен байланыс жасап, қазақ қогамына қатысты қатал саясат үстанды. Губернатордың саясатына сэйкес Жайық казак-орыс әскерлері қазақ ауылдарына шабуылдарын қайта үдетті. Старшындарга қарсы саясат жүргізіп, олардың билігіне шек қоя бастады. 1790 жылы Орынборга барган билер мен старшындар қамауга алынады. Осы жылы Уфа қаласында Нүралы хан қайтыс болып, орнына билер мен py басылары жиналып Есім сүлтанды Кіші жүздің ханы етіп сайлайды. Бірақ патша экімшілігі бүл сай- лауды мойындамай, хандыққа Ералыны үсынды. 1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың қатысуымен Op қаласының жанында өткен жиналыста билер мен py басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық тудырып, стихиялық бас көтерулер байқалды. С.Датүлы Кердері жэне Табын руларының старшындарына хат жазып, ауылдар- ды Мүғаджар тауларына көшіру керек екенін жэне өзінің патша үкіметіне қарсы күреске шығатынын хабарлайды. Бірақ оның пікірі старшындар арасынан қолдау таппайды. Оған қарамастан азаттық күресі жалғасып, негізінен шекара өңіріндегі руларды қамтиды. 1792 жылы қыркүйекте Сырым бастаған көтерілісшілердің Елек қаласына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталады.

1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795 жылы Нүралының баласы Есім хандыққа сайланады. 1795—1796 жылдардағы aya райының қолайсыздығы Кіші жүз халқының шаруашылығын күйзелтіп кетеді. Оған қарамастан Есім хан түрлі салық жинау- ды тоқтатпайды. 1797 жылы О.А.Игельстром Орынбор генерал- губернаторлығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның Есім ханға қарсы қозғалысы басталады. 1797 жылы наурыздың 26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер Краснояр бекінісінен 5 шақырым жерде Есім ханды өлтіріп, ауылдарын тонап кетеді. Бірақ, ханды өлтіруге Сырым өзі қатыспайды. Хан өлімінен кейін патша үкіметі көтерілісшілермен күресудің дүрыс әдісі Сырым- ды түтқындау деп есептейді. Онымен ғана шектелмей амалдар іздестіріп, Кіші жүзде хан кеңесін үйымдастырады. Ол кеңестің басшылығына Айшуақ сүлтан, кеңес мүшелігіне алты старшын жэне патша үкіметінің өкілі Қүсайынов сайланады. 1797 жылы та- мыз айында хан кеңесі шақырылып оған 1000-ға жуық адамы бар Сырым Датүлы да келеді. Осы кеңесте Сырым: "Кіші жүз халқының жағдайының ауырлығына жэне хан кеңесінің қүрылуына байланы­сты күресті тоқтатамын",— деп мәлімдеме жасайды. Одан соң ол хан кеңесінің қүрамына сайланады.

77 жастағы Айшуақ сүлтанды 1797 жылы қазан айында патша үкіметі хан етіп тағайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға дейін 14 жылға созылған Сырым Датүлы бастаған үлт-азаттық көтеріліс халықтың босқа қырылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында тоқтатылады. Көтерілістің қозғаушы күші — халық болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен py басылары да, қарапайым шаруалар да қатысты.

Ресей отаршыларының жүргізген қүйтырқы саясатының нәти- жесінде хандық билік дағдарысқа үшырады. Сонымен қатар патша- лықтың отарлау саясатының одан эрі тереңдей түсуі, орыс-казак әскерлерінің қазақ жерлерін тартып алуы дәстүрлі шаруашылыққа үлкен нүқсан келтірді, қоныстар мен жайылымдық жерлерді тарылт- ты. Сондықтан, көтерілісшілер негізінен екі үлкен мэселені қойды: бірі дербес саяси хандық билікті, екіншісі қазақ жерінің аумақтық түтастығын қамтамасыз ету.

Қорыта айтқанда, E. Пугачев бастаған көтеріліске қазақтардың қатысуы, Сапура Мәтенқызы мен Сырым Датүлы бастаған көтеріліс қазақ тарихында Ресей империясының отаршылдық саясаты мен жергілікті билеуші топ өкілдерінің езгісіне қарсы бағытталған маңызы зор азаттық қозғалыстың бірі болды.

8-тақырып ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕН АЙЫРЫЛУЫ. ҮЛТ-АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ КӨТЕРІЛІСТЕР

шшттшштшшшшжжжжшшж

  • XVIII гасырдың соңы — ХІХгасырдың басындагы Қазац

хандыгы. Кіші және Opma жүздегі хандыц биліктіц жойылуы

  • ¥лы жүз цазацтарыныц цоцандъщтарга царсы көтерілісі.

Қаратай, Арынгазы, Жоламан Тіленшіүлы бастаган

көтерілістер

  • И. Тайманүлы мен M. Өтемісүлы бастаган көтеріліс

  • K. Қасымүлы бастаган үлт-азаттыц согыс

  • Патшалыц Ресейдің Оңтүстік Қазацстанды жаулап алуы

1. XVIII ғасырдың соңы — XIX ғасырдың басындағы Қазақ

хандығы. Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы



Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы бытырап, эр жүзде жеке хандар сайланып, бүл хандар Абылай хан үрпағы Уэли ханға бағынуға ниет білдірмеді. Әр жүздің өзіне тэн тарихи- географиялық аймағы болды. XIX ғасырдың басында Кіші жүз Ба­тыс Қазақстанның Сырдариядан батысқа Жайық пен Тобыл өзеніне дейінгі жерді алып жатты. Орта жүзге тэн аумақ шығыста Қытай шекарасынан батыстағы Торғайға дейін, Ташкенттен оңтүстік Сібір жеріне дейін қамтыды. ¥лы жүз Жетісу, оңтүстік-шығыс жэне оңтүстік Қазақстан аумағын мекендеді.

Табиғи — климаттық жағдай шаруашылық өмірдің барлық қырынан байқалды. Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша, "ep- теден қазақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біз өмірімізді мал шаруашылығының ыңғайына қарай бейімдеп отырдық". Көшпелі мал шаруашылығының негізгі өзіне тэн айырмашылығы бір жерден екінші жерге көшіп- қонып отыруы болды (жайлау, күздеу, қыстау, көктеу). XIX ғасырдың басына қарай жеке рулар арасында жайлау мен қыстау жерлеріне бөлініс басталды. Қазақтардың көшпелі-жайылымдық шаруашылығының негізгі жүйесі экстенсивті сипатта болды. XIX ғасырдың басында қазақтардың шөп шабумен айналыса бастауы мал шаруашылығының түрақтанып, оның табиғаттың қолайсыз жағдайына қарсыласуына мүмкіндік әперді.

Қазақтардың шекара өңіріндегі орыс елімен сауда байланысының дамуында малдың жекеленген түрлері ерекше мэнге ие болды. Қой саудасы орыс жэне Орталық Азия көпестері тарапынан жоғары бағаланды. Ipi қара малдан ет, сүт, май өндіріп базарларға шығарып сата бастады. Түйенің көлік ретінде маңызы арта түсті. Бүхарадан Хиуаға бір жолғы жүк тасымалдау жағдайға қарай бір түйеге 35—50 сомнан 100 сомға дейін жетті.

XIX ғасырда қазақтардың жер шаруашылығымен айналысуы да кең дами бастады. ¥лы жүз ежелден жер шаруашылығымен айна- лысатын. XIX ғасырдың 30-жылдарында жер шаруашылығымен ке- дейлерден басқа ауқатты қазақтардың да бір бөлігі айналыса баста­ды. Жетісуды, Балқаш көлінің жэне Ертіс өзендерінің жағасын ме­кендеген қазақтар — бидай, сүлы, арпа егіп, суармалы жүйе арқылы жақсы өнім алатын болған. XIX ғасырдың 40 жылдары шекара бойында түратын Орта жүз қазақтарының бір бөлігі — жатақтар жер шаруашылығымен айналыса бастады. Әсіресе, олар Көкшетау, Ақмола, Баянауыл округі жэне Сырдария аудандарында байқалды. Жер өңдеу қүрал-жабдықтары дөрекі темір кетпен, ағаш, жер тырма жэне сирек кездесетін темір соқалар болды. Сырдария, Торғай жэне Ырғыз өзендері жағалауында түратын қазақтар бау-бақша егумен айналысты. Онда қарбыз, қауын, пияз, сәбіз, асқабақ, жүгері жэне т.б. көкөніс түрлерін екті.

Қазақтар ертеден балық кәсіпшілігімен, сонымен қатар аң ау­лаумен де (қасқыр, түлкі, қарсақ т.б) айналысты. Аң терілерін өз қажеттеріне жүмсап жэне орыс саудагерлеріне сатып отырды. Қазақтардың негізінен кедей бөлігі — жатақтар мен егіншілер балық шаруашылығымен айналысатын, олар балықты ay немесе сүзгіш арқылы үстады.

Қазақтардың шаруашылығында түрлі қолөнер де ерекше орын алды. Tepi өңдеу, оқ-дэрі жасау, ағаш немесе сүйектен, темірден түрлі заттар жасау дами түсті. Әсіресе, киіз үйдің кереге, уық, шаңырағын жасайтын шеберлер ерекше бағаланды. Қазақтар үй шаруашылығына керекті шалғы, соқа, орақ сияқты кейбір заттарды темірден жасаған. Зергерлер күмістен түрлі әшекей бүйымдар жа- сап отырған. Суық қарудың барлық түрлерін, мылтықты да жасай білген. Қазақ әйелдері текемет, киіз, сырмақ, түмақтар, тондар, аяқ киім т.б. заттарды керемет жасаған.

¥сталардың күмістен жэне теріден жасалған заттары ішкі базар- ларда сатылып немесе өздерінің шаруашылығына қажетті заттарды көрші елдермен айырбас жасады. XIX ғасырдың бірінші жартысын- да Ресеймен айырбас сауда қатынасы дамыды. Сауданың негізгі тіректері Орынбор, Троицк, Петропавловск бекінісі, Пресногорь- ковск, Омбы, Семей жэне Орал болды. Ресейдің қазақтармен сауда қатынасы орыс тілін білетін саудагерлер немесе татар көпестерінің көмегі арқылы жүрді. Ішке тауар әкелу сыртқа тауар шығарудан басым болды. Сыртқа: мал жэне сүт өнімдері шығарылса, өздеріне қант, темекі, ыдыс-аяқ, шай, дәрі-дәрмек жэне т.б. заттар алып от- ырды.

Біртіндеп ішкі сауда дами бастады, бірақ ол негізінен айырбас түрінде болды. Айырбас саудасы тек қана рулар арасында ғана емес, қазақ жүздерінің арасында да жүрді, ал кей жерлерде ақшаға да сау­да жасалды. Айырбас сауданың дамуы барысында Қазақстанда не- сие сауда қатынасы кең қанат алды. Көпестер мен Сібір казактары заттарды қазақтарға несиеге әкеліп беріп, көп жағдайда оларды ал- дап кетіп отырды. Қазақтар арасында арнайы сауда серіктестіктерін қүрып, жоғары өсіммен несиеге ақша беріп отырған арнайы сауда­герлер де пайда болды.

Ақша-тауар қатынасының дамуы кедей-батрақтардың пайда болуына әкелді. Ақша табуға жүмысқа кеткен көптеген қазақтар балық аулаумен айналысты, шеп бойындағы бай түрғындарға жал- данып түрлі жүмыстар істеді. Қазақтардың тек аз бөлігі ғана тау-кен өндірістерінде (Баянауыл таскөмір өндіру, Қарқаралы қорғасын, т.б.) жүмыс істеді. Шеп бойындағы орыс шаруашылығына жалданған қазақтардың жағдайы өте нашар болды, олар көп жағдайда еңбек ақыларын да дүрыс ала алмай, өз қожайындарының қанауына түсті.

Елдің шаруашылық жағдайының өзгеруі қазақтардың әлеуметтік қарым-қатынасына әсер етпей қоймады. XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. ба­сында қазақ қоғамында үстемдік қүрушы py старшындары мен би­лер болды. Олар елге әдет-ғүрып заңдарын сақтаушы эрі түсіндіруші болып саналды. Билер хандар жэне сүлтандармен қатар сот істеріне араласып, түскен пайданы бөлісуге, қоғамдық жерлерді біріктіру үрдісіне қатысып отырды.

XIX ғасырдың басында py басшылары мен сүлтандар рудың жақ- сы қыстауымен жэне шабындық жерлерін пайдалану қүқықтары- мен ғана шектелмей жеке иеліктерді де басып алуға кірісті. Жақсы қауымдық жерлерді тартып алумен патша өкіметі де айналысты. Мүның бэрі қазақ руларының дәстүрлі қалыптасқан көшіп-қону жолдарының бүзылуына әкелді, бүл дәстүрлі мал шаруашылы- ғының дағдарысқа ұшырап, жайылымдық жерлердің қүлдырап, шаруашылық қүрылымының өзгеруіне себеп болды. Қарапайым қазақтар салық төлеуге міндеттелді. Егінді жерлерден «үшір» (жиналған өнімнің 10-нан бір бөлігі) салығын, «зекет» (жиналған малдың 40- бөлігі) ханға берілетін болған. XIX ғасырға дейін зекет жинау қүқығы тек ханда ғана болса, XIX ғасырдың 20-жылдарында хандық билік жойылған соң сүлтандар мен билер жинайтын бол­ды. XIX ғасырдың I жартысында осы екі салық түрі жиі жиналып түруы жэне олар міндетті болды. Оған кейін мал шаруашылығына міндеткерліктер «соғым» жэне «сыбаға» т.б. сипаттағы салықтар қосылды.

XIX ғасырдың I жартысында бай туыстары мен казак-орыстар- дан, орыс шаруаларынан жүмыс іздеуге мэжбүр болған кедейлен- ген қазақтар саны өсті. И.Завалишин: "жатақтар байларға малшы болып жалданды, батрақтар шеп бойындағы казак-орыстарға, шеп бойындағы қалаларда олар тіптен топтарымен бір жапырақ нан үшін жалданып жүмыс істеді",— деп көрсетеді. Кедей қазақтар атқарған істеріне қарай егіншілер, жатақтар жэне бақташыларға бөлінді.

Үстемдік етуші топқа мүсылмандықтың өкілдері қожалар мен молдалар да кірді, қожалар өздерін Мүхаммедтен тараған бірінші үрпақтың түқымдарымыз деп есептеді. Олар рухани лауазымның өкілдері ретінде салықтан босатылды жэне тек сүлтандар сотына тартылатын болды.

Мүндай артықшылықтарды тархандар да иеленді. Бүл атақты XIX ғасырда олардың мемлекет алдындағы ерекше қызметі үшін Ресей өкіметі мен Ішкі Ордада — хан беретін болды. Алғашқы «тархан» атағын билер Ж.Сегирбаев жэне Ж.Саламысовқа «Хиуаға жасаған жорықтарда көрсеткен ерекше миссиясы үшін» 1821 әскери губернатор граф Эссен берді. 1743 ж. императрица Елизаветаның жарлығымен «тархан» атағы Жәнібек батырға берілген болатын. «Тархан» атағы жеке жэне мүрагерлікке берілу мүмкіндігі болды. XIX ғасырда «тархандардың» ерекше артықшылықтары болмады, олар тек салықтан босатылды. XIX ғасырдың 60-жылдарында тар­хандар саны 20-дан аспады, тархандар институты жойылу шегінде түрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет