Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет20/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60


1756 ж. патша жарлығы бойынша қазақтарға қысқы уақытта Жайықтың оң жағалауына мал жаюға тыйым салынған бола­тын. Патшаның бүл жарлығы Жайық орыс-казактарының мүддесі түрғысынан қабылданғанды. "Игельстром реформасының" жүргі- зілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық арасындағы жерлер- ге көшіп-қонуға патша үкіметінен рүқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы ол қосөзен аралығында Нүралы ханның баласы Бөкей сүлтанның басқаруымен жеке иелік қүрылды. Бөкей сүлтан тек 1812 ж. ғана патша үкіметінен "хан" атағын алып, ол басқарған иелік Бөкей ордасы немесе Ішкі Орда деп атала бастайды. Бөкей Ордасы Ресей империясының шекаралық өңірінің "Ішкі" жағында орналасқандықтан "қуыршақ мемлекет" рөлін атқарды. Бөкей хандығының қүрылуы сол кездегі Кіші жүздегі саяси-экономикалық жағдайдың нэтижесі. Бөкей Ордасы қүрылғаннан кейін Жайықтың оң жағалауына 5 мыңға жуық үй көшіп-қонса, кейін Орынбор шекаралық комиссиясының есебі бойынша Бөкей хандығының саны 10 235 үйге жеткен. Бөкей хандығының шекарасы бірте- бірте анықталған соң, оның көлемі шығыстан батысқа қарай 350 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатты. Бірақ бүл жерге қоныстанған қазақтарға патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты өзіндік зиянын тигізді. Оларға Орал казак- орыс әскерлері жиі-жиі шапқыншылықтар жасап отырды, біртіндеп әскери бекіністер салына бастады. 1813—1815 жылдары Плинин, Фокеев, Сламихин бекіністері салынды. Қараөзен мен Сарыөзеннің бойы шекаралық аймаққа айналды. Жайық өзенінің бойы біртіндеп Орал казак-орыс әскерлерінің меншігіне қарады. Соның салдары- нан қазақтардың жайылымдық жерлері тарылып, шаруашылықтары күйзеліске үшырады. Сонымен қатар, Орал казак-орыстары қазақ- тардың ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын өлтіріп, мал- мүліктерін тонап кетіп отырды. Патша өкіметінің жергілікті әкім- шілігі мүндай озбырлықтарға қарсы шара қолданбай, керісінше көп жағдайда мәселеден жалтарып кетіп отырды.

1815 ж. Бөкей қайтыс болған соң оның орнын басар Жэңгір, Әділгерей, Меңдігерей атты үш үлы қалады. Хан тағының мүрагері Жэңгір оңсолын танып, ел басқаруға араласқанша Ішкі Орданы Бөкейдің інісі Шығай биледі. 1824 ж. Жэңгір арнайы жарлықпен хан тағына отырған соң Ішкі Ордадағы қоғамдық түрмыс пен әлеуметтік-саяси қүрылымдарға, жер қатынасына, салық саясаты- на өзіндік өзгерістер енгізбек болды. Бірақ көшпелі жэне жартылай көшпелі халық ханның бүл "жаңалықтарына" дайын болмады.

Жер қатынасында әділетсіздіктер орын алды. Жэңгірдің ағасы Меңдігерей Бөкейханов ханның төңірегінде жүрген сүлтандар Мүсағали, Шыңғали Ормановтар, Балқы Қүдайбергенов т.б. шү- райлы жерлерді иеленді. Сонымен қатар Ішкі орданың халқы Орал казак-орыстарынан да қатты қысым көрді. Жайық өзенінің жаға- лауына адам жолатпады. Қазақтарға Жайықтан балық аулау түгілі cy ішуге, мал суғаруға рүқсат етпей, өзенге он шақырым жақындауға тыйым салынып, ол жаққа жайылып бара қалған малдарды айдап алып, иеленіп кетіп отырды.

Ішкі Орданың қазақтары 1846 жылға дейін патша үкіметінің алдында міндеткерліктер жүктеп, ешқандай салық төлемеді. Ордадағы салықтың түрлерін негізінен ханның өзі белгілеп отыр­ды. Олардың ішінде ханның пайдасына алынатын "зекет", "соғым" сияқты салықтар болды. 1825 ж. "зекет" салығынан 115 мың сом пайда түскен. "Соғым" салығынан жылына 6000 сом пайда тауып отырған, бүл салық кейде 800—1000 бас мал түрінде алынып түрды. 1836 ж. Ішкі Орда халқы ханның "зекет" салығына 18000 қой, 800 өгіз, 1000 жылқы, 700 түйе, одан басқа да салықтар жинағанын ай- тып Орынбор комиссиясына шағымданады.

Жэңгір хан 1833 ж. өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов- ты Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп тағайындайды. Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға үшыратты. Ол қазақтарға жерді "жалға" беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мэжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін эр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді. Одан басқа да қосымша міндеткерліктер халықты әбден күйзелтті. 1835 ж. Исатай ханға арызданбақ болғанда, сүлтан Шөке Нүралиев ханмен сөйлесемін деп Беріш руына қарасты елден 264 түйе, 127 жылқы, 19222 сом ақша жинап алып, халықтың шағымын аяқсыз қалдырады. Қ.Бабажановты тағайындау қарсаңында жэне одан кейін де ханға айтылған арыз-шағымдар ескерусіз қалған еді.

Мінеки, осындай жер қатынасындағы әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бүл жағдайлар 1836—38 жылдары халықтың көтеріліске шы- ғуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманүлы мен Махам- бет Өтемісүлы жетекшілік жасады. Көтеріліс алғаш эр жерде үйымдаспаған наразылықтар түрінде байқалса, кейіннен біріккен күшке айналып, ашық қарсылыққа үласты. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші бүқара халық болды. Бөкей хан 1812 жылы Жайық бөлімінің старшыны Жабал Бегалин қайтыс болған соң орнына Исатайдың жақын серігі M. Өтемісүлын тағайындайды. Махамбет жасынан ақын ретінде қалыптасып, эрі татар жэне орыс тілдерін үйренеді. Ол Жэңгір ханның баласы Зүлқарнаймен бірге Орынбор- да да түрады. Жэңгір хан Махамбетті сарай ақыны жасауға тырыса- ды, бірақ арадағы қарым-қатынас өзгеруіне байланысты Махамбет 1828—1829 жылдары өз ауылына кетіп қалады. Одан соң шекаралық үкімет тарапынан "Еділ арқылы қүпия өткені үшін" деген айып- пен қамауға алынып, екі жылдай қалмақ қамалында болады. 1831 ж. онда тырысқақ (холера) эпидемиясы басталғанда қашып кетеді. 1834 ж. Жэңгір хан Махамбетті старшындыққа тағайындайды, бірақ бүл тағайындауды Шекаралық комиссия бекітпейді.

1835 ж. Исатай бастаған көтерілісшілер халық арасында үгіт-насихат жүмыстарын жүргізіп, орын алған әділетсіздікпен озбырлықты әшкерелеп, хан билігіне бағынбауға шақырады. Иса­тай мен Махамбеттің бүл әрекеттерін Қарауылқожа "елді бүлдіріп" жатыр деп Жэңгір ханға бірнеше рет хат жазады. 1836 жылдың ақпан айында көтерілісшілердің Жэңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады. Жэңгір хан енді Исатайды алдап Жасқүстағы ордасы- на шақырады, бірақ Исатай бүл шақырудан бас тартып, ханның шақыруын алып келген шабармандарды соққыға жығып қайтарып жібереді. 1836 ж. наурызда хан Қарауылқожаға қол жинап Исатай мен Махамбетті жэне оларды қолдаған көтерілісшілердің белсенді мүшелерін түтқындауға бүйрық береді. Қарауылқожа адай, беріш, табын т.б. рулардан 522 жігіт жинап, Исатайдың ауылына аттана- ды. Мүны естіген Исатай 200 жігітпен Қарауылқожамен соғысуға әзірленеді. 4-сәуір күні Қарауылқожа жасағымен Исатайдың ауылының маңындағы Қиялы моласының жанына келеді де, Исатайға Сағыр Баршығаев пен Қабық молданы елшілікке жіберіп, хан мен императорға бағынуды талап етеді. Осыдан соң Исатай 200 жігітімен қолдарына ту алып, Қарауылқожаның жасағымен кездесіп,

Исатай Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Қарауылқожа Иса­тай батырдың айбынынан сескеніп, хан бүйрыгын орындаудан бас тартып, жинаған жасағын ауылдарына қайтарады. Қарауылқожаның Исатайдан соғыссыз жеңілуі ел арасына тез тарап, Исатай батырдың беделі одан эрі өсе түседі. Осы жағдайдан соң Жэңгір хан ашула- нып, қайткенде Исатайдан кек қайтару жағын ойластырып, Орын­бор экімшілігіне Исатай мен Махамбет Күшік Жапаров деген адамды өлтірді деп жала жауып, сотқа шақыртады. Бірақ сотта екеуі де өздерінің кінәсіз екенін дәлелдеп шығады. Халық толқуы шекаралық комиссия мен ханды қатты алаңдатқан болатын. Исатай батыр ел ішінде беделді бір топ адаммен Қарауылқожаның үстінен ханға шағымданып, жағдайды тексеруді сүрайды. Қарауылқожа да көтерілісшілердің үстінен ханға арызданады.

1836—37 жж. көтерілісшілер ханға өздерінің талаптарын айтып, өкілдерін жіберумен болады. Сонымен қатар Исатай ел ішіндегі түрлі мәселелерді шешіп, халық казактар мен байлардың жерлерін бөліске салып, Жайықтың арғы бетіне өтуге шақырып отырады. 1837 ж. наурызында Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа шақыртады, бірақ олар сотқа барудан бас тартады. Орын­бор генерал-губернаторы Перовский жіберген атаман Покатилов бастаган Жайық казак әскерінің отряды да оларды түтқындай ал- майды. Бүл түста көтерілісшілердің саны 3 мың адамга жеткен еді. 1837 ж. қыркүйегінде Исатай мен Махамбет бастаган көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылы мен басқа да би-сүлтандардың ауылдарына шабуыл жасайды. Одан кейін хан ордасын шабуылдауды ойласты­рып, қазан айының басында ордага 12 шақырымдай жерге келіп op- наласады. Исатай хан ордасына жақындаган түста қол астында 2000 жігіт болады. Алдымен ханга өз талаптарын айтып хат жазып, оның орындалуын күтеді. Жэңгір хан болса Исатаймен келіссөз жүргізу арқылы уақыт үтады да, Орынбор генерал-губернаторлыгына жа- сырын хат жазып, көмек сүрайды. Бүл жагдайды білген Исатай да Орынборга хат жолдап, жауап күтеді.

Орынбор генерал-губернаторы Перовский қазан айының 17- сінде подполковник Геккені Жэңгір ханга көмекке жіберіп, күшпен тэртіп орнатып, Исатай мен Махамбетті түтқындауды тапсырады. Қазан айының 30-да Гекке хан ордасына жетеді. Оган жолда ата­ман Покатиловтың 400 казак отряды қосылады. Гекке хан ордасына келген соң қосымша күш жинау үшін, уақыт үту мақсатында Иса­таймен келіссөздер жүргізеді, бірақ одан нәтиже шықпайды. Бүдан кейін Гекке губернаторга хат жазып, өздерінің көтерілісшілермен соғысуға даяр еместігін жэне полковник Меркульевтің отрядына Теректікұмдағы Исатайдың ауылына шабуыл жасау керектігін ай- тады. Қараша айының 7-де Меркульевтің отряды Исатайдың ауы­лына шабуыл жасап, батырдың отбасын түтқындайды. Бүл суыт xa- барды естіген Исатай дереу ауылына көмекке аттанады. 8 қарашада Исатайдың жігіттері Меркульевтің отрядын қоршап алады да ауыл адамдарын босатуды талап етеді. Меркульев соғысуға күштің тең еместігін байқап, ауыл адамдарын босатуға мэжбүр болады. Осы жағдайдан кейін Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің мэні өзгеріп, ол тек ханға қарсылық емес, енді ханға қолдау көрсеткен Орынбор экімшілігіне де қарсылық сипатына ие болды.

Меркульевтің отряды Геккенің отрядымен Бекетай ауылының маңында қосылып, Тастөбеге қарай бағыт алады. Тастөбеге 4 шақырымдай қалғанда 500-ге жуық көтерілісшілер тобымен кездеседі. Исатай батыр Меркульевтің отрядынан қүтқарып алған елді қорғау үшін жан-жақтан жігіттерін жинауға тырысады. Бірақ Гекке бастаған 2000 жазалаушы солдат көтерілісшілердің бір- біріне қосылмауына күш салады. Жазалаушы отряд саны жағынан басымдылық танытса да көтерілісшілер бірінші болып шабуыл бастайды. Алдымен мергендер тобы мылтық атады, Геккенің от­ряды оларды зеңбіректен атқылайды. Зеңбіректен дүрыс нәтиже болмаған соң Геккенің солдаттары шабуылға кошеді. Оларға көтерілісшілер қарсы шығып, солдаттардың арасын біршама сиретіп тастайды. Мүны байқаған Гекке көтерілісшілерге жақындап келіп зеңбіректен қайта оқ атуды бүйырады, онысы нысанаға дэл тиіп, көтерілісшілерден көп адам шығынға үшырайды. Сол уақытта сол- даттар тағы да шабуылға шығады. Осы шайқаста Исатай оң қолынан жараланады да, баласы Жақия 50—60 адаммен бірге қаза табады. Тастөбе маңындағы шайқаста көтерілісшілер Геккенің отрядынан жеңіледі. Жеңілістен кейін Исатайдың жігіттері Ішкі Ордаға шағын топтармен тарай бастады.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет