Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет28/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60

1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мем- лекеттік Думаның комитеті қүрылып, мемлекеттік жэне қоғамдық тэртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 нау- рыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет қүрылды. Жаңа қүрылған үкіметтің қүрамы мен міндеттерін белгілеген Де­кларация да осы күні жарияланды. Онда: "Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жүртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағүрлым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін қүруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бүрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден қүрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады",— деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бүл каби­нет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс жэне т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз жэне баспасөз бостандығын жария етуді; 3) үлттық, діни жэне сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Қүрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полиция- ны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органда- рына бағындыруды жэне т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді.

Патшалық билікті қүлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. "Қазақ" газеті 9 наурыздағы санында: «.. .Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жүрттың бэріне тегіс жақсылық, бэріне тегіс қуаныш» — деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бүқараның саяси қүқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың рөлі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жүртшылық сөз жэне жиналыс бостандығын кеңінен пай- даланды.

Уақытша үкіметтің үлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының қүқындағы діни наным-сеніміне, үлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түкпір-түкпірінен қүттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мүсылмандары қалалық мешітте жүма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне үзақ өмір беріп, бақытты етуін Алла- дан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей та- рихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойыл- ды деп, үлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бүл акт бүрынғы бүратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мэні де осында болатын.

Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтүрсынов: "Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бүл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан қүтқаруында және, екіншіден, оларды өзіміз басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді",— деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке ба­рынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бүратаналарды қара жүмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бүл жөнінде М.Дулатов: "Сары әскер" қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ- қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі қүламаса, Ресейдегі үлы төңкеріс болмаса, не болар еді",— деп жазды.

Самодержавияның қүлатылғаны жайлы хабар жер-жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нүсқау күтпей-ақ, өздерінің қоғамдық үйымдары арқылы жергілікті басқару органдарын қүруды қолға ала бастайды. Қоғамдық негіздегі қүрылған мүндай жергілікті басқару органдары: азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық қүрама (коалиция- лық) атқару комитеті деген сияқты атауларға ие болды. 1917 жыл- дың 5 наурызына дейін Қазақстанда да қоғамдық негіздегі атқару комитеттері қүрыла бастады. Мэселен, 3 наурызда Көкшетауда, 4 наурызда Қызылжарда, 5 наурызда Семейде біріккен қоғамдық үйымдардың атқару комитеттері қүрылды. Бүл үйымдарға түрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке үмтылды. Бүл — халықтың демократиялық басқару дәстүріне қүлшына араласқанын аңғартады.

Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет билік орындарын қүру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады. Осыған байланысты жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмүнда үйымдастыруда өзгерістер бола бастайды. Наурыз жэне сәуір ай- лары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық жэне ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша үкіметтің облыстық жэне уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық жэне ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер жэне олардың атқару орындары қалыптаса бастайды. Мамыр мен маусым айларында бүларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті жэне басқа осы сияқты басқару орындары қүрылады.

Батыс майдан штабы жанынан земскі жэне қалалық одақтардың бүратана бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. Қазақ елі патшалық Ресей қүрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір өкілінің империяның экімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді қойғанда, тіпті уезд бастығы дәрежесінде қызмет жасамағандығы мэлім. Империяның басқару жүйесінде қазақтар болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бүл түрғыдан Ә. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын.

1917 жылы наурыз айы ішінде Орал облыстық комиссары бо­лып Бизянов бекітілді. Ақмола мен Семей облыстары қарайтын Дала өлкелік комиссарлығына мемлекеттік кеңес мүшесі И.Лаптев жіберілді.

1917 жылы сәуірде Уақытша үкіметтің қаулысы бойынша Түр- кістан өлкесінде нақты тэртіп орнатып, күнделікті туындап отыра- тын мәселелерді сол жерде шешіп, өлкені басқару үшін Түркістан уақытша комитеті қүрылды. Оның қүрамына Мемлекеттік Дума мүшесі Н.Н.Щепкин, бірінші Дума мүшесі Ә.Бөкейханов, екінші

Дума мүшесі М.Тынышпаев, үшінші Дума мүшелері С.Мақсудов, В.С.Елпатовский, А.А.Липовский, П.И.Преображенский, ОА.Шкап- ский жэне генерал-майор А.Дэулетшин енді. Комитеттің төрағасы болып Н.Н.Щепкин тағайындалды. Самарқан, Ферғана, Сыр­дария, Жетісу, Закаспий облыстарында жэне Хиуа мен Бүқара хандықтарындағы орыс поселкелеріне Түркістан комитеті Уақытша үкімет атынан билік жүргізуге өкілетті болды.

Ә.Бөкейханов Түркістан комитеті қүрамына енгенімен, Торғай облыстық комиссары ретінде орны босап, оның қызметіне ат салыса алмады. Торғай облыстық комиссары Ә.Бөкейханов өз қызметінде жергілікті жердің салт-дәстүрін, ерекшеліктерін білетін азаматтар- ды, эсіресе, қазақтың зиялы азаматтарын мемлекеттік басқару орын­дарына тағайындауды басшылыққа алды. Оның үсынуы бойынша, Қостанай уездік комиссары болып бірінші жэне екінші мемлекеттік Думалардың мүшесі Ахмет Бірімжанов, Торғай уездік комисса­ры болып Ғүмыр Алмасов, Ырғыз уездік комиссары болып Тобыл округтік сотының мүшесі Ғабдолла Теміров бекітілді.

Қазақ облыстарында болыстық комитеттердің қүрылуы бары­сында да баяғыша болыстыққа таласқандай таласып, ескі әдетке салған жағдайлар да кездесіп түрды. Ол жөнінде "Қазақ" газетінде: "Көкшетау уезі Айыртау болысы сайлауында зор талас болды. Председательдікке сайланған Ысқақ Баймүрат баласы қонақасына көп қой, бір ту бие сойып, 3 мың сом ақша шығарып, үлкен партия жасап барып сайланып шықты. Махмүд төре Уәлиханов сайлауды бүзуға жол іздеп Көкшетауға келді" — делінген.

1917 жылы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінің шешіміне сәйкес болыстық, ауылдық-азаматтық комитеттер үйым- дастыру үшін Ақтөбе уезіне 9 адамнан, Ырғыз уезіне 9 адамнан, Қостанай уезіне 12 адамнан, Торғай уезіне 6 адамнан түратын ко- миссиялар қүрылды. Бүл комиссиялар болыстық комитеттерді үйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетіп, сайлаудың дүрыс өтуін бақылауға алды. Ақтөбе уезіне С.Досжанов, И.Ермүратов, Ж.Кенжебаев, Е.Өтемісов жэне т.б. қүралған комиссия келіп 3 маусымға дейін 14 болыста болыстық комитет, 3 ауылдық комитеттің қүрылуының басы-қасында болды.

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғам- дық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен эсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында — Оралда (төрағасы — Әлібеков); 11 нау- рызында — Семейде (төрағасы — Р.Мэрсеков); Омбыда (төрағасы — Е.Итбаев); наурыздың аяғында — Верныйда (төрағасы — И.Жайнақов) қүрылган жэне т.б. облыстың қазақ комитеттері «Қа- зақ» газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық жэне басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің op- гандарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов — Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары бол­ды. Ал, А.Байтүрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмүхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мэрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жүмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, үлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2—8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы — А.Байтүрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12—13 сәуір, 81 делегат, төрағасы — И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19—22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрагасы — Ж.Досмүхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір — 5 мамыр, 150- ге жуық делегат, төрагасы — А.Түрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бүл съездер үлт азаттыгын, жер мэселесін, діни, мэдени, қогамдық-саяси, элеуметтік-экономикалық жэне басқа да про- блемаларды шешу жолындагы күрестегі қазақ қогамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге үмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарга жетудегі тактикалық багыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торгай съезі көлемі мен қабылданган шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жүмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жүмабаев жэне басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде «Алаш» қозгалысының багдарламалық талап- тары өз көрінісін тапты.

Сонымен қатар, байыргы қазақ жүртшылыгының түрлі топ- тарын біріктіріп, олардың аттарын анықтау мен шешу мақсатында Торгай съезі Бүкіл қазақ съезін шақыруга қаулы қабылдап, оны шақыру мен багдарламалық қүжаттарын дайындау үшін үйымдастыру бюросын сайлады. Оның қүрамына Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаган қазақ үлт зиялыларының белгілі тобы енеді. Съезд осы жылы мамыр айында Мәскеуде өткізуге тиіс болган Бүкілресейлік мүсылмандар съезіне делегаттар сайлады.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет