Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет30/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60

РКФСР қүрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды қүруға дайындық жүмыстары басталды. Бо- льшевиктік үйымдар, Қазақстан жэне Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайын- дала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы қүрылды. Оның қүрылуы 1918 ж. сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің V съезінде іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы (бүрынғы Сырдария жэне Жетісу об­лыстары) Түркістан автономиясының қүрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда кеңестердің 3 — Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған "Еңбекшілер мен қаналушы халықтар қүқықтарының Декларация- сында" өзге үлттардың өзін-өзі билеу қүқы жоққа шығарылды. Осы- лайша, эуелі 1918 ж. 5 қаңтарында Бүкілресейлік қүрылтай жиналы- сы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен Қоқанд қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды. Қазақстанның қалған жерінде — Торғай, Орал, Ақмола, Семей облы- старында жэне Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін қүруға дайындық жөніндегі күрделі жүмыс одан эрі жалғастырылды. Қазан төңкерісінен бүрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық жүмыстары кеңес өкіметін нығайту процесімен қатар жүргізілді. Мүның өзі шын мэнінде кеңестік мемлекеттікті қүру жэне оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетті. Қазақ зиялылары мемлекет қүру процесінің кеңестік жолмен шешілуімен келісе алмады. Мүндай қарсылықтың себептері мы- нада еді: бірінші — қазақ знялылары әуел бастан тәуелсіз үлттық автономия қүруды жоспарласа, екінші — олар Қазан төңкерісін қабылдамады, сойтіп Кеңес үкіметін мойындамады, оны заңсыз орнағанүкіметдепесептеді. Сондықтанда„Алаш"зиялыларыүлттық мемлекет қүру үшін күрес жүргізді. Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов, Е.Ғүмаров, Е.Түрмухамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов қүрастырған бағдарламаның жобасы "Қазақ" газетінің 1917 ж. 21 қарашадағы санында жарияланды. Бағдарламаның жобасы он тармақтан түрды. Осы бағдарлама Қүрылтай жиналысына сайлауда "Алаш" партиясының ipi табысқа жетуін қамтамасыз етті жэне 1917 ж. 5—12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының эртүрлі топтарының өкілдерін біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Қүлманов жэне орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмүхамедов жэне Омар Қарашев басқарған съезд Қазан тоңкерісіне байланысты тез өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы "Алаш" партиясының міндеттерін, қазақ автономиясын қүру жэне оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте коңіл боле отырып, қарастырды.

Съезде қазақ автономиясы қүрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары жэне Закаспий облысы мен Алтай губерннясының қазақтар мекендеген аудандары ену- ге тиіс деп шешті. Съезд Уақытша үкімет қүлатылғаннан кейін қалалар мен селоларда, далада қазақтардың өмір сүруіне қауіп-қатер туғызған бей-берекеттік күннен-күнге күшейіп бара жатқандығын атап көрсетті. Сондықтан съезд қазақ халқын "аман алып қалу мақсатымен" "Уақытша Халық Кеңесі" түріндегі бнлік қүру, оған Алаш-Орда (алаш автономнясының үкіметі) деген ат беру жөнінде шешім қабылдап жэне бүкіл қазақ халқына "бағынатын үкіметіміз осы деп сеніп... басқа үкіметті мойындамай, өз үкіметінің эмірін екі қылмай орындау керектігі" баса ескертілді. Съезд қазақ милнция- сын қүру жоспарын жасады. Оның эрбір облыс бойынша белгілі бір сандық қүрамы, уездер бойынша үйрету мен жабдықтау шаралары белгіленді. Милицияны қару-жарақпен қамтамасыз етуді орталық экімшілік салық салу арқылы алынатын қаржы есебінен жүзеге асыруға тиіс болды.

¥лттардың өзін-өзі билеу қүқығын талап етуін заңды процесс ретінде түсінген "Алаш" азаматтары Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізіп, үлттық автономия мәселесін шешуді қолға алды. Осы мақсатта 1918 ж. наурызында Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел жэне Жаһанша Досмүхамедовтер Оралдан Мәскеуге барып, Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен жэне ¥лт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 наурыз­да Семейдегі Ә.Бөкейханов жэне X. Ғаббасовпен телефон арқылы сөйлесті. Сөз Алашорда автономиясының мэртебесі туралы бол­ды. Телефон арқылы сүхбаттасудағы И.Сталиннің сөзі "Сарыарқа" газетінің беттерінде қазақ тіліне аударылып жарияланды. Газетте: "Ресейдегі халықтардың қүқықтары туралы халық комиссарлары шығарған белгілі ережесі бүл күнге үлт мәселесі тақырыбын кеңес өкіметінің негізгі қызмет жобасы етіп келеді. Үшінші советтер съезі осы ережені жалғастыруға қаулы қылды. Өзінің бізге тапсырып отырған жалпықазақ съезінің қаулысы түгелімен жоғарғы жобаға сай келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің съездің қаулысы өкілдеріңіздің совет өкіметін тануға қарсы болмаса болғаны. Үшінші советтер съезі советтік федерация жобасын жасап, бүл жоба Со­веттер съезініц бекітуіне салынсын деп қаулы қабылданды. Бүған қарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу керек, яғни түрмысы бір, сал- ты басқа халықтар жергілікті советтермен қосылып, автономия, фе- дерациялау, тегінде басыбайлы бөлініп кету секілді үлт ниеттерін жарыққа шығаруға съезд шақыратын комиссия кұруға тырысу ке­рек. Біз ойлаймыз, жалпы қазақ-қырғыздың өкілдері тез қамданып, ыңғайлы уақытты өткізбей, жергілікті Советтермен бірігіп, әлгідей комиссияны қүрар. Сізден өтінетініміз, біздің осы жобамызды Алашорданың Кеңесіне салып жауап қайтарсаңыздар екен",— деген мазмүнда болды.

Бүл берілген Сталин сөзіндегі ең елеулі нэрсе оның жалпы қазақ- қырғыз съезі қаулысы мен Ресей халықтарының қүқығы туралы дек- ларацияның өзараүндес екендігін мойындауы еді. Міне, осы үндестік Кеңес өкіметіне Алашорданы мойындауға негіз болатындығын білдіріп, Сталин тек жалғыз ғана шарт қояды. Ол өз ретінде Алашор- даның Кеңес өкіметін мойындайтындығын мэлімдеуі болатын. И.Сталиннің сөзінен тағы бір жағдайды анық аңғаруға болады. Кеңес өкіметі "басыбайлы бөлініп кету секілді үлт ниеттерін жарыққа шығару" үшін ең алдымен оны мойындау қажеттілігін талап етті. Сонымеи бірге автономия алу мәселесі орталықта шешілетіндігін ескертті. Алашордашылар үшін мүндай жағдай қиындық тудырға- нымен олар И.Сталиннің үсынысын талқылап, автономияға қатысты оз шешімдерін мэлімдеді. Ол қаулы төмендегідей еді: 1918 жылы наурыздың 21-інде Алашорданың мүшелері үлт жүмысын басқарушы халық комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы айтқан сөзінен кейін Кеңес окіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі деуге қаулы қылып, төмендегі оз шарт- тарынбілдіріп: "Желтоқсанның 5-нен 13-інедейінОрынбордаболған жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын жариялайтындықтарын, Алаш автономиясының қүрамына: Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бокей ордасы, Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Самарқанд облысының Жизақ уезі, Әмудария энделі (бөлімі), Алтай губерниясына қараған Бийскі, Барнауыл, Змеиногор уездеріндегі қазақтар мекендеген аудандар енуге тиіс-тін, Алаш автономиясын- да заң шығаратын, ел билейтін үкімет Алашорда болатындығын, Қазақ-қырғыз істері туралы елші ретінде совет окіметінің қасында болуға Алашорда мүшелері Халел һэм Жаһанша Досмүхамедовтар жіберілетіндігін ескертіп, жергілікті Советтердің бүйрығы бойын­ша үсталып, абақтыда жатқан Алашорданың мүшелерін тоқтаусыз босатып, мүнан былай оларды өтірік шағым, жаламен қуғын- сүргінге үшыратуды тоқтатуды" талап етті.

Өкінішке орай, ¥лт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған талап-шарттарына тікелей ресми түрде жау- ап бермеді. Себебі, алашордалықтардың автономия қүру жөніндегі талаптары Кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы келетін еді. ¥лт мәселесін пролетарлық диктатураның қүрамдас бөлігі ретінде қарастыратын кеңес өкіметіне алаштықтардың үсынысы керағар болғандығын аңғару қиын емес. Сондықтан да 1918 жылдың 28 наурызында Мәскеуден Семейдегі Қазақ комитетіне И.Сталин жэне мүсылмандар ici бойынша комиссар Вахитов қол қойған жедел- хат келді. Жеделхатта "қырғыз істері бойынша Комиссариат қүру үшін тез арада өкілдер жіберу" жөнінде айтылды. Мүның өзі Кеңес өкіметінің өлкедегі барлық істі өз қолдарына алғандығын көрсетті.

Осы жылдың 29-наурызында Семейге Х.Ғаббасовтың атына Мэскеудегі Алашорда үкіметінің өкілдері Халел жэне Жаһанша Досмүхамедовтерден жеделхат келді. Онда Кеңес өкіметінің түтқынға алынған қазақ қайраткерлерін тегіс босату туралы облыстық кеңестерге эмір бергендігі жэне Алашорда өкіметінің қойған талаптарына таяу арада жауап беруге уэде еткендігі айтыл­ды. Жеделхатта ¥лт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан қазақ бөлімі ашылып, оның қүрамына қазақ халқының өкілдерін сайлау қүқығы Алашордаға берілетіндігі де айтылған. "Сырда­рия" газетінде жарияланған осындай мәліметтер шындыққа жана- сады. Оған дәлел ретінде Алашорда атынан РКФСР-дің ¥лт істері жөніндегі халық комиссары И. Сталинмен Семейден тура теле­граф сымы арқылы келіссөз жүргізген Халел Ғаббасовтың 1929 жылғы қарашаның 10-ында ОГПУ-дің тергеушісіне берген жауабын келтіруге болады. Онда былай делінген: "Келіссөздерде мен Совет өкіметінің декларациясының идеяларына сэйкес қазақ халқының өзін-өзі билеу қүқығының кедергісіз жүзеге асырылуын талап еттім. Барлығы есімде жоқ, дегенмен де мен он төрт тармақтан түратын талаптар қойдым. Олардың жадымда қалған негізгілері: таратылған қазақ мекемелерін қалпына келтіру, Совет өкіметі жағдайындағы үлттық автономияны қүру, қазақ халқының түтқынға алынған қайраткерлерін босату. Сталиннің жауабының мазмүны Алашор­да Совет өкіметін мойындағанда ғана Қазақстанның Қүрылтай съезін шақыруға эрекеттер жасалады дегенге сайды... Біз Сталинге телеграф арқылы Совет өкіметін мойындайтынымызды мэлімдеп, сол кезде Москвада жүрген Досмүхамедовтерге Орталық үкімет алдында біздің мүдделерімізді қорғауды тапсырдық... Осылай- ша Халел жэне Жаһанша Досмүхамедовтердің Мэскеуге Кеңес үкіметі басшыларымен кездесулері мен телеграф арқылы Сталин- мен жүргізген келіссөздерінде кеңес үкіметінің үлттық түтастық негіздегі қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығын, тек кеңестік негіздегі автономия беруге даяр екендігін көрсетіп берді. Қысқасы Кеңес үкіметінің бүл мэселе жөніндегі үстанымы: "Өзін-өзі билеу принципі социализм үшін күрес қүралы болу керек жэне социализм мүдделеріне бағындырылуытиіс",—дегенге сайды. Кеңес өкіметінің мүндай үстанымы Семей облысынан өзге де кеңестерге В.И. Ленин мен И. Сталиннің атынан жолданған жеделхаттардан айқын көрінді. Мәселен, Ақмола Кеңесі Мәскеуден келіссөздер жүргізу нэтижесінде орталықтан мынадай мазмүндағы жеделхат алған, онда: "Кеңес билігі большевиктердің қабылданған бағдарламасына сәйкес пат­ша өкіметі кезінде қаналған барлық халықтарға автономия береді. Қазақ халқы өз территориясына лайық автономия қүруға дайында- ла берсін",— делінген.

Әйтсе де ic жүзінде Кеңес өкіметі Алашорда үкіметінің өзін де, талаптарын да мойындағысы келмеді. Сондықтан да Х.Ғаббасов 1918 жылдың 1 сәуірінде РКФСР Халық Комиссарлары мен ¥лт істері жөніндегі комиссариатқа жеделхат жолдап, қазақ халқының үлттық түтастық мүддесін көздейтін Алашорда өкіметін тез арада ресми түрде мойындауын тағы да талап етті. Кеңес өкіметі мүндай талаптарды жауапсыз қалдырды. Осылайша алаштықтардың Кеңес үкіметі шеңберінде біртүтас үлттық мемлекет қүруға талпынысы нәтижесіз аяқталды. Большевиктер Алаш партиясына үлттық бур­жуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын, пролетарлық революция жолындағы кедергі есебінде қарады.

Алаш басшыларыныц Кецес үкіметімен жүргізілген келіссөз- дердіц нэтижесіз аяқталуына 1917 ж. күзінде қүрылған, жетекшісі Көлбай Тоғысов болған, өздерін "Қырғыз (қазақ) социалистік партиясы" деп атаған "Үш жүз" партиясы да ықпал жасады. Бүл негізінен үсақ-буржуазиялық социалистік партия еді. Партияныц саяси көзқарасы мен практикалық іс-әрекеті 1917 жылдыц күзінен 1918 жылдыц басына дейін елеулі түрде өзгерді. Әуелгі кезде «үшжүзшілер» социалист-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын үстанса, 1918 жылдыц қацтарынан бастап Кецес үкіметін жер-жерде үйымдастырып, нығайту ісіне белсенді түрде араласып кетеді. 1918 жылдыц бас кезінен-ақ «үшжүзшілер» большевиктер- мен одақтасып, Алашордаға қарсы күресті.

2. Азамат соғысы және социалистік құрылыстың басталуы

Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дэл шекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пай­да болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордағы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак әскерлері кеңесінің "әскери үкіметі" жэне революцияға қарсы ошақ Оралда да қүрылды. Қүрылған облыстық әскери үкімет көп үзамай жергілікті кеңесті таратып, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда жэне Орал қалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бүл үш "әскери үкімет" Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші болып табылды. Олар ақгвардиялық офицерлерге, ауыл-село ша- руаларына сүйенді жэне меньшевиктер мен "Алаш" партиясының жетекшілерінен қолдау тапты.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет