Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет27/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60

1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір түрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ep азаматтарын тыл жүмысына алу туралы жарлығы шығады. Бүл жарлық 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп үзамай қарулы көтеріліске үласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жүмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары жэне патша экімшілігінің басқа да төменгі билік иелері үшырады. Ic жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақор- лық пен бүрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село жэне ауыл басқарушыларын, байырғы түрғындардан шыққан төменгі шендіполицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, үсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді, жоғары жэне орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян жэне қүрметті азамат қүқықтарын пайдала- натын адамдарды әскерге алудан босатты.

Стихиялы қозғалыс бірте-бірте үйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске үласып, оның ipi ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пай­да болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бүл көтерілістің басты мақсаты үлттық жэне саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бүрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші үлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жүмысшы табының өкілдері, қолөнершілер бол- ды.

Сонымен бірге көтерілістің үлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде бай­лар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.

Қазақстанның эртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте үйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (бас- шылары: Бекболат Әшекеев, ¥зақ Саурықов, Жэмеңке Мэмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай жэне Мүқан ¥зақбаевтар жэне т.б.) жэне Торғайда (басшылары — Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин жэне басқалар) оның ipi ошақтары пайда болды.

Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде — стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз — оның қарулы көтеріліске үласуы жэне 3) қыркүйек-қазан — көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі жэне жеңіліс та- буы деген кезеңге бөлуге болады.

М.Тынышбаевтың мәліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекеленген уездерінде жүмысшыларды шақыру туралы телеграм- малар одан бүрын, 2 жэне 3 шілдеде келіп түскен. Шілде айының бас кезінде-ақ толқулар Верный уезінің батыс жэне оңтүстік бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бо­кин, Аққоз Қосанүлы жэне басқалар басшылық етті. Соғыс ошағы үлғайып, халық наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі түста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-шаралар қолдануды үйғарды. Нэтижесінде 17 шілдеде Жетісуда жэне Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланып, патша үкіметі мүнда ipi әскери күштер алып келді. Әскери гарнизондарды нығайтып, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ жэне қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар қүрды. Жетісу об­лысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Қүрам елді мекендері аудандарында, JIenci уезінің Садыр-Матай болысында жэне басқа жерлерде патша жазалаушыларымен ipi қақтығыстар болады.

Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде эртүрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жүмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бүл әрекеттер айтарлықтай жетістіктер бермей Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы үлт- азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға acy туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернато­ры Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады.

Сотсыз жэне тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сотүкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жаза­сына, 168 адам каторгалық жүмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Патша өкімет орындары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы түрғындарының төрттен бірі Қытайға қашуға мэжбүр болды.

Дэл осындай көтерілістің ipi ошақтарының бірі — Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Бүл кезде Торғай уезі негізінен қыпшақ жэне арғын рулары шоғырланған 13 болыстан түратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар ме­кендеген Қайдауыл, Аққүм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болы- старын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтерілістің етек жаюы барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланса, Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланады. Кейіннен 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс най­ман) өкілдерінің қүрылтайында халық арасындағы атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланады. Қүрылтайға қатысушылардың келісімімен Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып тағайындалады. Орталық Ресейден келген жэне көп кешікпей көтерілісшілерге қосылған, осы жерлерде туып-өскен Әліби Жан- гелдин көтерілісшілердің "рухани көсемі" болды. Ондаған мың үйымдаспаған көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов жэ­не олардың ең жақын серіктері ондықтарға, жүздіктерге жэне мыңдықтарға бөлінген тэртіпті жасақ қүрды. Әрбір қолды басқаруға тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. Cap- дарбек жанында әскери кеңес жүмыс істеді.

22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қалаға қарай үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясына ша­буыл жасайды. Көтерілістің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп, Батпаққара ауданына шоғырланады. Осы жерден

  1. жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Шайқас

  2. жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясы- на дейін созылды.

Қазақ халқының 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды. Семей жэне Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасын, 18 казак жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет жэне басқаларды әкеп төкті. Осыған қарамастан, Торғай облысында көтеріліс патша үкіметі қүлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: ауылдың феодалдық- байшыл билеуші тобы мен жергілікті экімшіліктің белгілі бөлігі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды ба- тыл іс-қимылға бейім өкілдері (мысалы, Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқүлов, Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты.

Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов сияқты либерал-демократиялық зия- лылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске үшырауы мүмкін деп санады жэне осыған байланы­сты үлкен алаңдаушылық білдірді. Осынау алмағайып кезеңде «Алаш» қайраткерлері халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде оны аман сақтауға тырысты. Сондықтан да олар қарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтарды патша жарлығын орындауға шақырды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қатысы бар деп санады. Бүдан сырт қалуға болмайды,— деп есептеді. Екіншіден, ic жүзінде қарусыз қазақтардың түрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға талпынды. Қарусыз халық өкіметтің жа­залау шараларының қүрбаны болады деп қауіптенді. Үшіншіден, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, үлттық автономия қүрылатынына үміт артты. Империя- мен ақылға қонымды келісім тактикасын үстанып, халқының аман болуын бірінші кезекке қойған «Алаш» көсемдері тыл жүмыстарына шақыруды кейінге қалдыра түрып, тиісті эзірлік жүмыстарын жүргізуді үсынды. Көтеріліс барысында орын алған қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бүлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.

Жеке-жеке бүрқ еткен толқулар көп үзамай қарудың күшімен жанышталып, жүмысшыларды реквизициялаумен майданға жө- нелту басталды. Сол кезде "Қазақ" газетінің редакциясы тыл жүмыстарына жөнелтілген қазақтардың мүқтаждықтарына қыз- мет көрсетуді үйғарды жэне осы мақсатпен барлық қазақ зиялы- ларына реквизицияланғандар жүмыс істейтін майдандарға өз еркімен барып, оларда бүратаналар бөлімін кұруға шақырды. Зиялылар (көпшілік бөлігі мұғалімдер) бүған үн қосты жэне көп кешікпей Минскіде земство одағының жанынан бүратаналар бөлімі қүрылды.

Қазақ зиялылары майдан тылында еңбек еткен қазақ жігіттерінің сөзін сөйлеп, мүңын жоқтады. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов т.б. бастаған қазақ зиялылары Минскіде, тағы басқа тыл жүмысына шақырылғандар көптеп шоғырланған қалалар мен елді мекендер- де болып, оларға қолдан келген көмектерінің бэрін көрсетті. Олар шақырылғандардың қүқықтарын қорғау жэне олардың майдан өңірі аудандарындағы түруы мен жүмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар жасады. Ал мүның өзі кеңес зама- нында көп жылдар бойы айтылып та, жазылып та келген Алашорда 1916 жылғы көтеріліс кезінде үлттық мүддеге сатқындық жасады де­ген пікірдің сыңаржақ түжырым екендігін көрсетеді. Алаш көсемдері көтерілісшілерге де, майданның қара жүмысына шақырылғандарға да ешқандай сатқындық жасаған жоқ.

1916 жылғы үлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жүрт таныған басшыла- ры Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, ¥.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, С.Қанаев көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқүлов, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, БАлманов жэне басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нүрмүхамедов, Кенесары Қасымов жэне бас- қалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. К.Қасымов басшылық еткен үлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын эртүрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс бол­ды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде жэне оңтүстік- шығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, үйғыр, өзбек жэне басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы үлт-азаттық көтеріліс түтас алғанда Ресей империясындағы саяси жэне элеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан эрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі эскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл үлт-азаттық қозғалысының қүрамдас бөлігі болды.

3. Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан



буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тэн дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі қүлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік қүрылысқа жэне отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің же- ңісімен аяқталды.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет