3.3.2.1.қарасөз мәтініндегі көркем ойды түсіну, мәтіннің авторы туралы әңгімелеу, мәтінге сүйеніп, сызбаны толтыру.
Ой қозғау. Жұмбақ шешіңдер.
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Күз
Мақал-мәтелдерге сүйеніп, күз мезгілінің басты белгілерін атаңдар.
Жемісі көп ағаштың ...............
Нөсер алдында ....... ойнайды. Көктемде түскен бір дән, Күзде мың дән болады. бұтағы төмен найзағай
Міржақып Дулатов –ақын, жазушы
1885жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысындағы Сарықопа болысында (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) дүниеге келген. Әкесі-Дулат аты шыққан шебер, ал анасы- Дәмеш әншілікке бейім болған. Міржақып екі жаста анасынан айырылды. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасында оқыды.
Міржақып Ыбырай Алтынсарин негізін салып кеткен мектепте бес жыл оқып, үздік бітіріп шығады. Міржақып өз бетінше ізденіп,орыс тілін жетік меңгереді. 1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы "Оян, қазақ!" деген атпен басылып шықты.
Мағынаны тану. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Күз
Міне, күз келді. Анда-санда таңертең салқын болып қояды.Аспанда бұлттар қаптап,сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетті. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбеді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп, шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алыпты.