Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет24/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60

Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден бо­лып келген. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік қүралдары- ның қарапайым түрлері болды. Мәселен, тісағаш, егін оратын орақ, ағаш күрек, сыпыртқы — егіншілік қүралдарына жатқызылды. Егісті суғару үшін суды көтеріп шығаратын эртүрлі қүралдар — атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды. Оларды жергілікті үсталар өздері дайындап отырды.

Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына жэне егіншілікке байланысты негізгі еңбек қүралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-бірімен үқсас болды. Қазақтың ат-түрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дай- ындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең көп таралған түрі — қайыңнан шауып жасалған, алдыңғы қанаты кең "қазақ epi" болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің "қүранды ep" дейтін түрі таралған. Ер-түрман әбзелдерін жасау, негізінен, ершілердің ici болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бэрін — тоқым, қүйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, үзеңгі, таралғы, қамшы жэне т.б жасап, оларды әсемдеп, көркемдеп отырған. Сондай-ақ қайыстан ат-түрман әбзелдерін өретін шеберлерді "өрімші" деп атаған.

Қазақтардағыкөшпелітүрмысқабейімшаруашылықтьщүстемдігі алуан түрлі қолөнерінің — тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек жэне мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. Тоқымашылықпен жэне киіз басумен көбіне эйелдер айналысты, олар негізінен алғанда үйге керек-жарақтардың тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқүрлар, бау-шулар, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар жэне т.б дайындады.

Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген түрғын үйлердің дамуы, үй-жайлар санының көбеюі жэне орыс мәдениетінің ықпалы түрғын үйлердегі керек-жарақтардың едэуір өзгерісіне әкеп соқты. Дэстүрлі үй бүйымдарының орнына әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші қүлыпталатын эртүрлі сандықтар пайда болды.

Қазақтардың үлттық киімінде этнографиялық белгілері сақта- лып қалғанымен, олардың да пішіні мен түрлеріне өзгерістер енді. Ep адамдар бітеу пішілген, кеудесінде тік өңір қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама үзын көйлек киетін болды. Ep адамдардың көп таралған сыртқы киімінің түрі шапан болды. Ол көбінесе фабрикалық маталардан тігілді. Ауқатты қазақтар түрлі- түсті бүқара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киді. Қазақтар әдемі "мэуіті шапан" мен "мэуіті шекпен" де дайындады. Олардың қос шабуынан өрнек салынды. Шабудың төменгі жағынан тілік қалдырылып, жүқа түйе жүннің тоқымасынан тігілді. Қазақстанның барлық облыстарында қазақтардың кеңінен қолданылған қысқы сырт киімінің ежелгі түрлерінің бірі — күпі көктемде қырқылған түйе немесе қой жүнінен дайындалды. Сырт киетін қысқы киімнің қадірлісі аң жэне үй жануарларының терісінен тігілген ішіктер болды. Қазақтардың көбінің қолы жететін жэне кең таралған қысқы киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ішіне қаратып тігілген тон болды. Енді аяқ киім түрлеріне келетін болсақ, қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мәсілер болды. XVIII ғасырда қазақтардың жазда киетін өкшесі биік, түмсығы қайқы етіктері XIX ғасырдың екінші жартысында жоғала бастады. Барлық жастағы ep адамдар қыс кезінде негізінен ішінде киіз байпағы бар үзын қонышты саптама етік киді. Неғүрлым ауқаттылары жаз кезінде былғары кебісі бар мәсі киіп жүрді. Бүл аяқ киімдердің барлығы оң жэне сол аяқ деп бөлінбей бірдей тігілетін. Бас киім түрлеріне келетін болсақ, ересек ep адамдардың барлығы шаштарын алдырып, басына тақия, тебетей киді. Бүның сыртынан тігілген терісіне сэйкес cycap, пұпіпак жэне елтірі деп аталатын бөріктер киді. Әйелдердің киімдері жас ерекшеліктеріне сэйкес бір-бірінен біршама ерекше болды. Қазақ әйелдері ерекше сэнді киініп, киімдерінің сырты­нан тағатын кемер белдіктерін күміспен күптеп, алтынмен аптап, қымбат бағалы тастармен эшекейлеп отырды. Әйелдердің жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бас киімдері де ерекше бол­ды. Мәселен, жас қыздар шет-шетіне моншақтан немесе бағалы ме- талдан шекелік тағылған, бай нақышты үкілі тебетей — "қасаба" киді. ¥затылған қыздың бас киімі сәукеле бір жылдан соң ақ мақта- матадан дайындалған кимешекпен ауыстырылатын еді.

Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың түрмысы олар- дың ішетін тамақтары мен ыдыс-аяқтарынан айқын көрінеді. Негізгі тамақтары ет-сүт өнімдері болды. Қазақтар ыдыс пен керек- жарақтарды көбінесе сынбайтын материалдардан: ағаштан, теріден, киізден жэне шүғадан жасаған. Олар: торсық, саба, күбі, қазан, таба, ожау, астау, ағаш табақтар, мес, мал саууға арналған көнек жэне т.б. Көшкен кездерінде ыдыс-аяқты сыртқы беті түрлі-түсті қүрақтар- мен өрнектелген арнаулы киіз қаптарда (аяққаптарда) сақтаған. Cy- сымалы мал өнімдері үшін тоқыма қаптар дайындаған. Сүр ет пен сары майды ағаштан жасалған кебежелерде сақтаған.

Сөйтіп, XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырда қазақтардың рухани жэне материалдық мәдениетінде көшпелі жэне жарты­лай көшпелі түрмыс-салтына байланысты дэстүрлі ерекшеліктер сақталып қалды.

Сонымен, қорыта айтқанда, XIX ғасырдың екінші жартысындағы экімшілік реформалар Ресейдің қазақ жеріндегі саяси-экімшілік, әлеуметтік-экономикалық үстемдігін нығайтуға, қоныс аударушы орыс шаруаларын өзінің саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыра оты­рып, қазақтарды орыстандыру, шоқындыру негізінде империяның түтастығын күшейтуді көздеді.

10-тақырып ХХҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

чмшшшшшмшмшшшшттшш'

  • Бірінші орыс революциясы және оның Қазацстанга эсері

  • Бірінші дүниежүзілік согыс жылдарындагы Қазацстан.

Қазацтардың 1916 жылгы үлт-азаттыц көтерілісі

  • Ресейдегі 1917 жылгы Ацпан буржуазиялыц-демократиялыц

революциясы және оның Қазацстандагы цогамдъщ-саяси

өмірге дсері

1. Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері



XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қалалардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, әсіресе, олардың ipi экімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, олар­ды мекендеген халықтың шаруашылығында жэне мәдени, қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқаруымен сипатталды. XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көпүлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі аумағы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы — Ташкент қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары — Дала генерал-губернаторлығының қүрамына кіргізіліп, Ішкі (Бө- кей) ордасының аумағы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау За- каспий облысына қаратылды.

Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші- қон ағынының дамуы нәтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дәлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897—1917 жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейген. Ал, өлкенің демографиялық деректерінің та- биғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай циф- рларды аңғаруға болады. Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысы бойынша 1897—1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3%, ал 1907—1916 жылдарда — 15,3%; Ақмола облысы бойынша орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897 жылы 33,0% 1917 жылы 55,7% дейін өскен де, осы екі онжыл- дық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Ал, қазақтары ба­сым облыстарда табиғи өсімнің едәуір төмен болғандығы көрінеді:

Жетісуда — 25,7%, Сырдарияда — 25,6%, Оралда — 20%, Семейде — 15,6%. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың жэне басқа да үлт өкілдерінің, империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты әсер еткендігін аңғаруға болады.

Ал, жалпы алғанда, XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар бүкіл өлке халқының 87%-ынан 95%-ына дейін қүрады да, өлкеде бүлардан басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер, мордвалар жэне басқа да үлт өкілдері қоныстанды.

Ерекше назар аударатын тағы бір жайт — ол өлке түрғындарының 90%-ынан астамының ауылдық жерлерде қоныстануы еді. Олардың негізгі кәсібі ежелден келе жатқан мал шаруашылығы болатын. Соны­мен қатар, XX ғасырдың басында егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі кәсібіне айналды. Қоныс аударған орыс шаруаларынан басқа, егіншілікпен жергілікті қазақтар да айналысты. 1897 жылғы санақ бойынша, өлке халқының 55,4%-ы егіншілікпен шүғылданған.

Сонымен, XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-демогра- фиялық ахуалға талдау жасаған кезде, жалпы өлкедегі патшаның отарлау саясатының кең белең алғандығын еркін аңғаруға бола­ды: біріншіден, өлкедегі халықтың көпүлтты қүрамының қалып- тасу үрдісі күшейе түсті; екіншіден, байырғы халықтың үлес салмағы кеміді де, келімсек халықтың, негізінен алғанда, орыстар мен украиндардың үлесі өсті; үшіншіден, қалалар мен олардағы халықтың біршама өсуі байқалып, оның қүрамында метрополияның басқа аймақтарынан келген қоныс аударушылар мен отаршылдық- экімшілік пен кәсіпкерлікке байланысты элеуметтік жіктер мен топтардың басымдылығы толық аңғарылады.

XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркэсіптің екі саласы, яғни тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін үқсату жөніндегі өнеркэсіп жатқызылды. Әсіресе, тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында мыс, алтын, темір жэне басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің тау-кен кәсіпорындары, негізінен, шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мы- салы, 1904 жылы Лондонда пайда болған Спаск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спаск-Успенск мыс кені мен зауытын, Саран-Қарағанды тас көмір кенін жэне рудниктерін түгелдей сатып алып, пайдаланды.

Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Сонымен қатар, Екібастүз- да, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары мол пайдаланылды. Өндірілген көмір темір жолмен жэне cy жолдарымен Ресейдің Пермь губерниясына, Омбы мен Барнаулға, сондай-ақ, өлкенің Павлодар, Қызылжар жэне басқа да қалаларына жеткізіліп отырды.

Осы кезеңде Батыс Қазақстан өңірі мен Орал-Ембі аймағында мүнай шығару өнеркәсібі де біршама дамыды. Бірақ, ол кәсіпорындар толығымен шетел капиталистерінің билігінде қала берді. Тек, 1912— 1914 жылдардың өзінде ғана ағылшын капиталистеріне қарасты «Батыс-Орал мүнай қоғамы», «Орал-Ембі қоғамы», «Солтүстік Ка­спий мүнай компаниясы» өлкенің арзан жүмысшы күшін пайдала­нып, бәсекелестіктің болмауына байланысты мүнайдың мол бай кен орындарын жыртқыштықпен пайдалана отыра, өздеріне өлшеусіз, үшантеңіз пайда әкеліп жатты.

Осындай себептерге байланысты, Қазақстанның кен өнеркәсібі бүл кезеңде жергілікті капитал негізінде өсіп шыққан жоқ. Оны сырт- тан келген орыс жэне шетел капиталы жасады. Оның өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге экетілді, ал пайда XX ғасырдың ба- сынан бастап шетелге кетіп жатты. Осының бэрі кен өнеркәсібінің Қазақстанның элеуметтік-экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті.

Өлке өнеркәсібінің біршама өсу жолын түтас алып қарастырар болсақ, мүнда ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорын- дарды атап айтсақ, теріден былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, арақ, спирт шығаратын, май шайқайтын жэне т.б. кәсіпорындардың белгілі дәрежеде рөл атқарғандығы байқалды.

XX ғасырдың басында да Қазақстанның орталық аудандарының капиталистік өнеркәсібінің шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу рыногына айналуында темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды. Өйткені, олар бір мезгілде артта қалған отар аудандары- на, ең алдымен Орта Азия мен Сібірге Ресей капитализмінің ену қүралына айналған болатын. Ал, шын мәнінде, Орта Азия мен Қазақстанды Ресейдің экономикалық игеруі осы аумақтардың терең түкпіріне темір жолдар салудан басталған еді. Темір жол желілері Қазақстан аумағында XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы- нан ipi темір жолының салынуына байланысты тартыла басталды. Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ipi Сібір темір жол желісі 1901—1905 жылдары салынған Орынбор-Ташкент жолы болды. Сонымен қатар, ғасыр басында Троицк, Алтай жэне Жетісу темір жолдарын салу жүмыстары дами түсті. Әрине, өлкенің элеуметтік- экономикалық өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл атқарды. Әсіресе, олар сауданың өркендеуіне өз ықпалын тигізді. Бүл темір жолдар өлкені Ресейдің өнеркэсіп орталықтарымен бай- ланыстырып, оны жалпыресейлік экономикалық нарыққа тартты. Қазақстанның эртүрлі өнеркәсіп шикізаттары, мал шаруашылығы өнімдері, мал, астық сыртқа шығарылып, өлкеге фабрика-зауыт бүйымдары, тағы да басқа қажетті тауарлар әкелінді. Сонымен қатар, қазақ даласында пайда болған темір жол станцияларына сол кезеңде халықтың біршама көп шоғырлануына байланысты олар өлкенің әлеуметтік-экономикалық жэне саяси-мэдени өмірінің ошақтарына айнала бастағанын көреміз. Осы кезеңде ipi темір жол станцияларындағы халықтың саны бірнеше мың адамға жетті. Мысалы, 1916 жылы Орынбор станциясында — 9720, Ақтөбеде — 3263, Шалқарда — 5300, Қазалыда — 3600, Перовскіде — 1852, Түркістанда — 2984 адам түрды. 1906—07 жылдары Петропавл (Қызылжар) станциясындағы түрғындардың саны 3 мыңнан асқан.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет