Осы 1844 жылы Ыстықкөл төңірегіндегі қырғыздар атынан Бүғы руы манаптарының бірі Боранбай Бекмүратов Ресейдің билігін мойындауға дайын екендігін патша I Николайға хабарлайды. Бірақ манаптың бүл үсынысын Ресеймен арадағы жердің қашықтығын сылтауратқан патша жауапсыз қалдырады. Кейбір қырғыз билеушілерінің Ресей билігін мойындауға ыңғай танытуы Кенесары ханды ызаландырған болатын. Ал, Кенесарының қырғыздармен қақтығысының қарсаңында қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғаралы Батыс-Сібір губернаторына хат жолдап Ресей өкіметінің қүрамына қабылдауды сүрайды жэне қазақ ханы Кенесарыға қарсы күресте қолдау көрсетуді өтінеді. Бүл жағдай Кенесарыны одан эрі ерегістіре түседі.
1846 жылдың басында Кенесары хан әскерлерімен Балқаш көлінің маңына қоныс аударады. Патша үкіметі қазақ даласындағы Кенесары бастаған көтерілісті біржола жою үшін енді генерал-майор Вишневскийдің басқаруымен үлкен отряд аттандырады. 1846 жылы Кенесары хан қоқандықтардан Әулиеата (Тараз), Мерке қалаларын қайтарады. Осы жылы Кенесарыға қолдау көрсетуші ¥лы жүздің Саурық батыры қырғыздардың батыры Жаманқораны өлтіреді. Оған жауап ретінде қырғыздар Саурық батырдың ауылын шау- ып, Саурық батырды жігіттерімен қоса өлтіріп, мал-мүлкін тонап кетеді. Бүдан кейін қазақ-қырғыз арақатынастары шиеленісе түсті. Патша үкіметі болса қазақ-қырғыз тартысына ашық кіріспей, Алатау өлкесін өз билігіне бағындыруды жеңілдету үшін туысқан екі халықты бір-біріне айдап салып, екі жақты да әлсіретіп барып, осы өңірге өз әскерін кіргізудің қолайлы жолдарын қарастырды. Осын- дай шиеленіскен жағдайлардың барысында 1847 жылы Кенесары хан 10 мың сарбазымен қырғыз жеріне басып кіріп, оларды Қоқан езгісіне қарсы қазақтармен бірігіп күресуге шақырады.
Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптары мен Вишневскийдің отряды жэне Қоқан хандығының әскерлері «Алмалы сай» шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға ала- ды. Таулы аймақ хан Кененің сарбаздарына басымдық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, Рүстем сүлтан мен Сыпатай батыр бастаған жасақтардың үрыс алаңынан кенеттен шегініп, кетіп қалуы да жағдайды қиындатқан болатын. Өздерінен бірнеше ece күші көп жаумен болған қаһармандық шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сүлтанымен бірге түтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына түтқынға түсіп қалған Кенесары хан патша чиновниктерінің алдауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз манаптарының тарапынан өлтірілді. Кенесары ханның қасіретті өлімінен кейін оның жетекшілігімен болған қасиетті азаттық күресі де жеңіліске үшырады. Кенесары бастаған азаттық күресті кейін оның баласы Сыздық сүлтан жалғастырды.
Кене ханның отаршылдыққа қарсы күресінде Ағыбай, Ақғаш, Басығара, Жанайдар, Жәуке, Иман, Байсейіт, Сүраншы, Жоламан жэне т.б. батырлар қолдау көрсетіп, аянбай шайқас жүргізді. Кенесары Қасымүлы бастаған үлт-азаттық соғыстың жеңілуінің негізгі себептері мыналар: қазақ халқының бір тудың астына біріге алма- уы, кейбір py басыларының өз бетінше билік жүргізуге үмтылуы жэне де патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының Ресей, Қоқан, Бүхар хандықтарымен күресте күштің тең болмауы. Сонымен қатар, ол өзін жақтамаған кейбір қазақ жэне қырғыз ауылдарын ша- буы кері әсерін тигізді, өйткені ол халықтың наразылығын туды- рып, көтерілісті әлсірете түсті. Дегенмен де, Кенесары Қасымүлы бастаған үлт-азаттық күрес қазақ халқының тарихында мэңгілік өшпес із қалдырған, Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды.
5. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап
алуы
XIX ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, ¥лы жүз мәселесіне элі де көңіл бөле алмаған болатын. Жалпы, XIX ғ.
ЗО-жыл-дарына дейін Ресей империясының "үлкен саясатынан" Орта Азия мэселесі де тыс қалды. Ресей ол түста негізінен Түркия мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді.
Ағылшын-орыс бақталастығында бүл үрдістердің белсенділігі арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия қарсылығының күшеюіне әкелді. 1841 жылы Лондон конвен- циясы Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі ipi дипломатиялық жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын- орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды. Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей жэне Қытай аралығында орналасуын патша экімшілігі жақсы түсінді. Қазақстандағы өз үстанымын нығайту үшін түрлі ша- ралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің үсынысымен XIX ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г.Потанин, Бүхар эмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич, Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаған дипломатия- лық миссиялар жіберді. Бүл сапарлардың барысында Ресей Хиуа жэне Бүхарамен орыс-азия сауда мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандығының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы бірқатар мәліметтер алып қайтты. 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдардың басында патша үкіметі хиуалықтардың шекаралық аймақтардағы күш көрсету жэне тонаушылық әрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс түтқындарын босату, Хиуаның орыс-қазақ қатынастарына араласуын бейтарап- тандыру үшін Хиуаға әскери экспедиция үйымдастыру туралы де- кларациясын жариялады. Ресейдің мүндай ресми мэлімдеме жасау- ына Англияның Орта Шығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің күшеюі себеп болды.
1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы ВА.Перовский 12 зеңбірек, 4 мың жаяу әскер жэне 10 мың түйеге артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айыры- лып, үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 жылы 1 ақпанда тағы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да қүрал- жабдықтарын жоғалтып Ақбүлаққа жетті. Ақпан айының ортасында Орынборға кері қайтты. Бірақ, жағдайдың бүлай шиеленісуіне қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ресейге 124 орыс түтқынын қайтарды жэне Петербургке елшілік жіберді.
Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға жэне Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс әскерін жақындату мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойы- на эскери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі, 1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салы- нуы орыс әскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға жэне қоқандықтардың ipi бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді. 1848—1849 жылдары А.И.Бутаков- тың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіздің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды. Оның болашақта Орталық Азия жэне Хорезммен сауда қарым- қатынасында, әскери мәселелерде маңызы зор болды.
12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс әскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі қүрылды. Оған Райым бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді жэне 1864 жылы Түркістанды алғанға дейін сақталып түрды. Ресей Қоқан жэне Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. XIX ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854—1856 жж. Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыно- гынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа рынок іздестіру қажет болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бүхараға Н.Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес ретінде Ч.Ч.Ханыков бастаған экспедиция жіберді. Бүл аймақтан алынған материалдардың негізінде патша үкіметі Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы әскери қимылдарын үлғайтпаса, ол аймақта Англияның мүддесінің арта түсетіндігіне толық көзі жетті. Өйткені, Англияның бүл аймаққа қатысты кең көлемде жаулап алу жоспары бар екені дәлелденген болатын. 1860 жылы Қоқанға хандықтың билеушісі Маллабектің сеніміне кіріп, Үндістандағы Англия басшыларымен байланыс орнатуға ағылшын барлаушысы Абзал-Мажит жіберіледі. Біраз уақыттан кейін Қоқан хандығының басты тірек пункттеріне қару-жарақтар жеткізіліп, әскери нүсқаушылар мен қару жасайтын мамандар жіберіле бастады. Қоқан өкіметі өздерінің әскери қамалдары мен форттарын, әскери шептерін күшейтуге кіріседі.
Англия мен Қоқанның бүл әрекеттері Ресей үкіметі жағынан қарсы шаралар қолдануды талап етті. Ресей бүл аймаққа Орынбор мен Сібір шебінен екі жақтап тереңдей ену үшін дайындала бастады. XIX ғасырдың 60-жылдары Қазақстан аумағында Ресейдің эскери бекіністері мен қамалдары, форпостары мен шептерінің саны арта түсті. Ақтау, ¥лытау, Қапал, Сергиополь, Верный, Қастек жэне т.б. Ресейдің Қазақстандағы әскери тірек пункттері болды. 1856 жылы қүрамына 213 мың адамнан түратын ¥лы жүз қазақтары жэне 60 мың қырғыз кіретін Алатау округі қүрылды. Ресей әскерлерінің оңтүстіктен де, солтүстіктен де сэтті жылжуына қоқандықтардың саясатына риза болмаған Әулиеата мен Шымкент төңірегіндегі ¥лы жүз қазақтарының 1857—58 жылдарда көтерілістер жасап, Ресей жағына өтуі де қолғабысын тигізді. Патша үкіметінің ықпалды py басыларына қатысты алдау-арбау, шен-шекпен беру, жоғары қызметтерге тағайындау сияқты жүргізген саясаты да біршама маңызды рөл атқарды. Мүндай саясат тек қазақтарға қатысты ғана емес, Орталық Азия аймағындағы басқа да халықтарға қатысты жүргізілді.
1860 жылы орыс әскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді әскери қимылдары басталды. 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пішпек бекіністері алынып, 24 қазанда ¥зынағаш төңірегінде болған шайқаста қоқандықтар жеңіліс тапты. Орыс пен қоқан әскерінің екіжақты қыспағы мен тәлкегіне түскен қазақтардың жағдайы өте ауыр болды. Жергілікті халыққа қатысты екі жақ та қатігездігімен ерекшеленді. Күш көрсету, тәлкек жасау мен қатыгездік туралы екі жақтың да әскери басшылары: "ауылдары өртеніп, малдары тартып алынды, оларға берген сабақты ерекше сезілетіндей жасадық" деп жазды. 1861—63 жылдары Ресей үкіметінде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде жэне тез арада иеле- ну жөнінде пікір-таластар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір шебінің аралығына 4 экспедиция жіберілді. Олар бүл аудандарда қоқандықтардың күшті қарсылығын кездестірмеді. Жүмғол мен Қүртқа бекіністері шайқассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда қоқан билігіне қарсы көтерілістер бүрқ ете қалды. 1863 жылы Ресейдің Соғыс министрі ДА.Милютин ерекше комитетке Орта Азия хандықтарына қатысты белгіленген іс-эрекеттері туралы баян- дама жасап, оны мақүлдатып алды. 1864 жылдың басында бір-біріне қарсы түрған екі жақ та әскери қимылдарға дайындала бастады. 1864 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстандағы орыс әскерлерінің дайындығы негізінен аяқталды да полковник НА.Веревкин бастаған отряд Түркістанға қарай қозғалды. Веревкиннің отря- дында 1593 солдат, 44 офицер, 18 зеңбірек жэне 150 ерікті қазақ болды. Верныйдан бір мезгілде қүрамында 2571 солдат, 68 офицер, 22 зеңбірек, жэне қүрамында сүлтан поручик Ш.Уәлиханов басқарған 1400 ерікті қазақтар бар полковник М.Г.Черняевтың от- ряды да қозғалды. 4 шілдеде Черняевтың отряды Меркі, 6 шілдеде Әулиеата бекінісін шайқассыз алды. Полковник Веревкиннің отряды Түркістан қаласына барар жолда қоқан әскерлерінің шабуы- лына үшырады да бекіністі қоршауға мэжбүр болды. 9 маусымда Түркістан орыстардың қолына өтті. Әулиеата мен Түркістанды тез арада алуда әскери операцияларға басшылық жасағандары үшін Черняев пен Веревкиннің эскери шендері жоғарылатылып, генерал- майор атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар "жоғары қүрмет" жэне түрлі ордендермен марапатталды. Жетістіктеріне көңілдері көтерілген орыс армиясы алдын ала дайындықсыз 1864 жылдың 22—23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты. Бірақ бүл уақытта қоқандықтар Шымкентке едәуір әскери күштерін тартып үлгеріп, орыс әскеріне қарсы соққы береді. Бекініс-қалаларға жақын орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері қоқандықтарға қолдау көрсетті.
Қоқан хандығында саяси күштердің қарсылығы күшейіп, хан мен оның төңірегіндегілердің озбырлығына наразылықтар көбейе түсті. Қоқан мен Бүхара арасындағы қайшылықтар шиеленісті. Мүндай қолайлы жағдайды орыс әскерлері де оз мүдделеріне пай- далана білді. Черняевтің алты жарым рота жаяу әскер мен бір жа- рым жүздік казактардан түратын отряды жэне Лерхенің төрт рота жаяу әскер, бір казак жүздігі мен мың жарым қазақтан түратын отряды Шымкент түбінде бірігіп қалаға шабуыл жасап, 1864 жылдың күзінде оны басып алды. Түркістан мен Шымкентті жаулап алғаннан кейін Орынбор мен Сібір шептері жалғастырылды.
1865 жылы маусымда бір апта қарсылықтан кейін орыс әскерлері Ташкентті басып алды. 1866 жылдың жазында патша II Александр Ташкентті Ресейдің қүрамына қосу туралы жарлық шығарды. Бір жылдан кейін 1867 жылы қүрамына қайта қүрылған Жетісу жэне Сырдария облыстары кіретін, орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы қүрылғандығы туралы заң жа- рияланды.
Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қор- ғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс әскерлері мүсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яс- сауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның ll-i кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың ca- ны 3170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уәлиханов өзінің діндестері мен руластары- на орыс әскерлерінің көрсеткен тағылық әрекеттеріне байланысты одан эрі жорыққа қатысудан бас тартуға мэжбүр болды. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия түрғындары қарсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бүл әрекеттерін үкіметтің, "өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық сипаты" деп мэлімдеді.
Осылайша, XIX ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл аумағы үзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды. 1867—68 жылдары Түркістан жэне Далалық өлкені басқару туралы "Уақытша Ереженің" қабылда- нуымен Орта Азия жэне Қазақстан — Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды.
9-тақырып XIX ҒАСЫРДЫҢ EKIHLUIЖАРТЫСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
тжшштшшшшштттшттяттштт'
Қазацстанда жаңа эктшілік-аумацтыц басцару жүііесінің ендірілуі және оган цазацтардың царсылыгы
Қазацстанга орыс шаруаларының, ұйгырлар мен дүнгендердің цоныс аударуы
XVIII гасырдың екінші жартысы мел ХІХгасырдагы Қазацстан мәденаеті
1. Қазақстанда жаңа әкімшілік-аумақтық басқару жүйесінің ендірілуі және оған қазақтардың қарсылығы
Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа — патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені, ол экімшілік қүрылыс, жер қатынастары, сот қүрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бэрін қамтыған болатын.
Қазақстанға экімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя қүрамында Түркістан генерал- губернаторлығы қүрылса, ал 1868 жылы Орынбор жэне Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары қүрылды. Реформаның ең басты жэне негізгі міндеті — «қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу» үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің қүрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, py басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай эрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті түрғындарын жэне аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағүрлым тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді.
Экономикалық шаралар негізінде қазақтардың қыстауы мен жайлаулық жерлерін мемлекет меншігіне кесіп, казак әскери бө- лімдері мен орыс шаруаларын орналастыру үшін «артық» жер мөлшерін анықтау ісіне экспедициялар жабдықталды. Мүның өзі қазақ жерін пайдалануынан алып, барша қазақтың жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя отарына айналғандығын дүниеге паш ету болды. Патша үкіметінің 1886 жылғы Түркістан туралы ережесі жэне 1891 жылғы Далалық облыстарды басқару туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгі мен қанаудың күшеюін тереңдете түсті.
1867—1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ дала- сын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар экімшілік орталықтарына, қазақ да- ласымен байланыссыз жататын эртүрлі генерал-губернаторлықтарға бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары — Орынбор; Ақмола жэне Семей облыстары — Батыс Сібір; Жетісу мен Сырдария — Түркістан генерал-губернаторлықтарының қүрамына кірді. Бүрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол үзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының қүрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ әскери округінің билігіне өтті. Бүлай бөлшектеулер мен басқаруға өзгерістердің енуінің өзіндік себептері болды. Бүл туралы профессор Б. Сүлейменов: «Патшалық үкіметтің ойынша, Қазақстан жерін түрлі генерал-губернаторлықтар мен әскери округ- терге бөлшектеу, қазақ халқының үлттық бірлігінің қалыптасу жо- лына кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде үстауды жеңілдетуі тиіс еді» — дейді.
1867—1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі Қазақстанда күшті әскери-бюрократиялық аппарат қүру болды. Ол аппарат эртүрлі жеңілдіктерге: анағүрлым жоғары еңбекақы, екі ece төлем, қызметтен босаған кездегі жоғары зейнетақыға қызығатын чиновниктерден қүралды. Зерттеуші ғалым KA. Жиреншин өз еңбегінде: «Отаршылық экімшілік аппараты қазақ даласының жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең бастысы, өз қызметін өміріндегі өтпелі кезең деп санап, сол уақыт ішінде тез ауқаттанып алуды көздеген офицерлерден жасақталған болатын. Генерал-губернаторлықтардың басты басқару аппаратын генерал- губернатор, оның кеңсесі жэне тапсырма орындаушы чиновник- тер қүрды. Генерал-губернаторлар әскери жэне азаматтық билікті толығымен оз қолдарына жүмылдырды, сонымен қатар қазақ даласындағы экімшілік қүрылысының принципі — жаңа отаршы- лық реформа бойынша билікті толығымен әскери ведомствоның қолына беру болды» — деп, патшалық үкіметтің қүйтырқы сая- сатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді.
Бүл түстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар жэне жергілікті басқармалар. Облыстық экімшіліктің басқарма басшылығында әскери жэне азаматтық билік ететін әскери-губернатор түрды. 1868 ж. Ереженің 22—23-бабында дала облыстарының әскери-губернаторлары об- лыстардағы эскери қолбасшыларға теңестірілетіні көрсетілген жэне де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан казак әскерлерінің тағайындалған атамандары болып саналатын.
Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың басшылығына орыс чиновниктерінің ішінен облыстық әскери- губернатордың үсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды. Жаңа экімшілік жүйе бойынша уездегі барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына шоғырландырылды. Ереженің 42—65 баптары бойынша, уезд бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тэртіпті сақтау, алым-салықтың жиналуын бақылау жэне халықтың денсаулығын сақтау. Уезде орналасқан әскери бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына бағынышты болды.
1867—1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын жергілікті басқармаға көңіл бөлді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Е.Г.Федоров «Қазақстан — патша үкіметінің отары» атты еңбегінде: «Патшалық қазақ түрғындарының орталықтарын әдейі бөлшектеді, барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мәдени дамуын тежеп, халықты қараңғылықта үстауды көздеді»,— деп көрсетеді.
Уездер аумақтық белгі бойынша бір болысқа 1000—2000 киіз үй жэне бір ауылға 100-ден 200-ге киіз үй кіретіндей болып есептелген болыстар мен ауылдарға бөлінді. Болыстар шаруашылық жағынан біріккен ауылдардан түрды. Осыған байланысты жаңа жағдайда қазақтардың рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі заңды түрде жойылды. Py басында ақсақал түрғанда, оның сөзі мен ici билік күшке ие жағдайында патша үкіметінің дала тыныштығы үшін қорқуы заңды нәрсе болатын. Граф Паленнің Түркістан аймағын тексеру жөнінде есеп беруінде: «Бүл шараны іске асырудағы мақсат рулардың үлкен аймақта бір қалыпты орналаспауы экімшілік басқару жүйесіне кедергі туғызды жэне көптеген біріккен py басында py ақсақалдары түрған жағдайда дала тыныштығын үстап түруда көп қиындықтар туғызуы мүмкін еді»,— деп ондай биліктің күштілік себебін тап басып жазуы осының айғағы. Елге сүйенген py басы кей жағдайда экімшілік талаптарды орындамауы да әбден мүмкін екені шындық.
1867 ж. Ереженің 85-бабына сәйкес болыстардың басында қазақтардан сайланған болыс басқарушылары, ал ауылдардың басында старшиналар болды. Ережеде «болыстық жэне ауылдық стар- шиналарды халық сайлайды» деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда сайлау демократиялық негізде жолға қойылған болып көрінуі мүмкін, бірақ ic жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай жүргізіп отырды. Сайланған болыс басқарушыларын — облыстық әскери губернаторы, ал ауылдық старшиналарды уезд бастығы бекітетін еді. Отаршылар экімшілігі үсынылған кандидаттар көңілінен шықпаса бекітпей тастап, жаңа сайлау белгілеуі де мүмкін болатын. Болыс басқарушыларын сайлауға — уезд бастықтары, ал ауылдық старшиналарды сайлауға болыс басқарушылары міндетті түрде қатысатын. Болыс басқарушылары тікелей уезд бастығына бағынышты болды жэне оның барлық бүйрықтарын орындауға міндетті еді, ал ауыл старшиналары болыс басқарушысына тікелей бағынышты бола отырып, болыс басқарушысына жүктелетіндей міндеттерді орындады.
Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-экономи- калық іс-шараларымен қатар өлкені мәдени жэне рухани жағынан да отарлауға басты назар аударған болатын. Халық ағарту ici патшалықтың сыртқы саясатының үлкен де маңызды саласы болып табылатын. Бүл сала патша үкіметі отарлау саясатының өзекті қүралы десе де болады. Бүл саясат Ресейдің қарамағындағы үлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстандырып, сөйтіп империяның түтастығын арттыруға арналған еді. Осыған сай, 1867—68 жж. реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар жан-жақты қарастырылды. Онда: «Дала түрғындарына бастапқы білім беру үшін алғашқы кезде уездік басқарма орналасқан жердің бэрінде үлт айырмашылығына қарамастан ортақ мектеп ашу керек»,— деп көрсетілді. Осыны негізге ала отырып мектептер, гим- назиялар ашылды.
жылғы Ереженің 251-бабында діни істер Орынбор муф- тиінің қарауынан алынып, азаматтық басқарманың қарамағына берілді. Молдалар сайланатын болды. Оларды бекіту түтқасы орыс экімшілігінің қолына тиді. Бастауыш мектептерде мүсылман дінін уағыздаушылардың қызметі шектелді. Әкімшілік қазақ мектебіне сабақ беретін үстаздардан орыс тілін білуді талап етті.
Елде орын алып жатқан аумақтық-экімшілік үрдістер Қазақ- станның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай өзге- рістер экеліп, отарлық саясаттың жаңа салық жүйесін енгізді. Қазақстанда отырықшылық пен жер шаруашылығының көлемінің үлғайғандығына қарамастан салық төлеушілердің басым бөлігін көшпенділер қүрады. Мэселен, 1880 жылы 90,5 % қүраса, 1897 жылы 82,0 %-ға жетті.
1867—1868 жылдардағы экімшілік реформалар қазақтардың жаңа көтерілісін туғызды. XIX ғасырдың 60- жылдарының алғашқы жартысында Қазақстанда, әсіресе Кіші жүзде отаршылдыққа қарсы жаппай халық наразылықтары өріс алды. Көшпелі халықтың ашу- ызасын туғызған патша үкіметінің салық саясатының күшеюі болды. Оның үстіне қатардағы көшпенділер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Сондай-ақ, жаңа экімшілік бөліністер ғасырлар бойы пайдаланып келген көшпелі халықтың маусымдық жайылымдарды пайдалану үрдісіне нүқсан келтірді. Салықтар мен міндеткерліктердің күрт көбейтілуі мен экімшілік-аумақтық бөліністердің дүрыс жүргізілмеуі 1868 жылғы Орал мен Торғай облыстарында орын алған үлттық бас көтерулердің басталуына түрткі болды. 1868 жылдың желтоқсан айында стихиялық түрде басталған көтеріліс 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Ha- шар қаруланған, бірақ жер жағдайын жақсы білетін көтерілісшілер өздеріне қарсы қимылдаған патша үкіметінің жазалау топтарын «қарақшылық» шабуылдарға үшыратты. 1868 жылы 6 мамырда қүрамында 200 қылышты жэне жаяу әскері бар Штемпель отряды Орынбор бағытындағы Жамансай көлі маңында қазақ жасақтарымен кездеседі. Жазалау тобы көтерілісшілерге тегеурін бере алмай, жетінші күні азық-түлігінің таусылуына байланысты кері қайтады.
жылдың наурызы мен маусым айының аралығында болыс, би, сүлтан жэне старшиндарға қарсы 41 рет шабуыл үйымдастырылады. Оған 3 мыңға тарта жасақ қатысты. Торғай мен Орал облыстарында көтеріліс өртінің үлғаюына байланысты жергілікті үкімет орында- рымен қатар орталық үкімет те көтерілісшілерді жазалауға отряд топтарын жөнелтті. Орал облысы аймағына подполковник Рукин, граф Комаровский отрядымен бірге, генерал-губернатор Веревкин басшылыгындагы отряд аттандырылды. Котеріліс үйымдаспаган, озара келіспеушіліктер мен согыс тактикасының нашар болуына орай басылып, жанышталды.
Сол сияқты 1870 жылгы Маңгыстаудагы шаруалар котерілісі де осындай сипатта болды. Жаңа жүйе бойынша енгізілген салық жүйесі Маңгыстау халқының үкіметке қарсы наразылыгын тугызды. Маңгыстау приставы подполковник Рукин дала түргындарының қиын жагдайымен санаспай, адайлардан 1869—1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа салық жүйесіне сәйкес дереу енгізуді та- лап етті. Көптеген жергілікті түргындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауга көшуін күштеп тоқтатқан Рукиннің ойланбай жасалган әрекеттері жер-жерде котерілістің шыгуына себеп болды. 1870 жылдың наурызында Рукиннің отряды көтерілісшілердің үлкен тобымен кездесіп, қоршауда қалады. 25 наурызда ашық қақтыгыс кезінде 20-ға жуық жазалаушы қаза тауып, отряд командирі Рукин өз-өзіне қол жүмсайды. Жеңіс жігерлендірген көтерілісшілер сэуір айының басында Николаев станциясына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда, олар сәтсіздікке үшырады. Көтерілісшілер саны 10 мыңга жетті. Патшалық өкімет орындары қазақтардың батылдыгынан қорқып, қосымша әскери комек сүрауга мэжбүр болды. Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертіп, көтерілісшілер Үстірттің баруга қиын аудандарына шегінді.
Осы түста Англия үкіметінің Иранга деген ықпалы арта түседі. Патша үкіметі ендігі кезекте Хиуа хандыгына қарсы шаралар үйымдастырды. Маңгыстау аймагына Хиуа билеушілері адайлар қозгалысын қолдау үшін 4 зеңбірегі бар 6 мыңдық жасақпен қимыл жасауды үйгарды. Бірақ шектес аудандарда Хиуаның эскери қыр көрсетуі нақты нэтижелер бермеді, дегенмен аймақтагы жагдайды едэуір шиеленістірді.
Маңгыстау аймагы 3 айга жуық патша әскерінің қол астына қарады. Патша үкіметі көтерілісшілерді жаппай жазалайды. Осы түста генерал-губернатор H.A. Крыжановский әскери министр Милютиннің «котерілісшілерді жазалау» туралы нүсқауын жібе- реді. 1870 жылы желтоқсанда котеріліс жеңіліс тапқан соң, көтеріліс басшылары И. Тіленбаев, Д. Тәжиев, E. Қүлов жэне олардың серік- тері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандыгының шегіне отіп кетеді.
Сөйтіп, бүқаралық сипатына қарамастан, көтерілістің негізгі қозгаушы күші — қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмай, Маңғыстау облысындағы халықтық-азаттық күрес жеңіліске үшырады. Көтеріліс аяусыз жанышталып, адайларға соғыс шығыны ретінде 90 мың қой салық салынды. Маңғыстау көтерілісі өз кезегінде патша үкіметінің отарлау саясатына қазақ халқының қарсылығының айқын көрінісі болды.
Жалпы XIX ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынандай түйін жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген экімшілік реформалары негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя қүрамындағы экімшілік басқару жүйесін орнатты.
2. Қазақстанға орыс шаруаларының, үйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы
Патша үкіметінің XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ- станда жүзеге асырған экімшілік реформалары қазақ елінің саяси тәуелсіздігін біржола жойғанымен, бүл реформалар көп үзамай-ақ патшалық экімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге элі де болса әлсіз екендігін көрсетіп берді. Мүны жақсы түсінген патшалық экімшілік XIX ғасырдың 60-жылдарының орта түсынан бастап Қазақстанды отарлаудың «ең сенімді» жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан та- рихнамасында бүл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.
кезең XIX ғасырдың 70—80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.
кезең XIX ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.
Қазақстанға орыс жэне украин шаруаларын қоныстандыру
XIX ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қар- қынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар қозғалысымен анықталып, патша үкіметі өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар жеке заң-актілермен, нүсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат — қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мәселен, Же- тісу облысы эскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы «Уақытша ереже» эзірленді. Бүл қүжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін сақтады. «Уақытша ереже» бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық жэне түрлі міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру жэне басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа epe- желер XIX ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек жер мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған: «Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже» бойынша 10 десятина (ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық жэне міндеткерліктен 5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алым- ды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды.
Арнайыереже 1889жылғы 13 шілдедеқабылданды. Ондақонысау- дару тек Ішкі істер министрлігі жэне Мемлекеттік мүлік министрлігі арқылы алдын ала шешілуі қажет делінген. Тиісті үлестік мөлшері жергілікті өкімет қүзырына берілді. Мүнда үлкен астар жатқаны ешқандай қүпия еместі. «Ережеде» шаруалардың қоныс аударып, түрақтайтын аудандары нақты анықталып көрсетіледі: Жетісу, Ақмола жэне Семей облыстарының аумағына орыс-украин шаруа- лары көптеп қоныстануы белгіленді. Атамекенінен қоныс аударған шаруаларға қажетінше жерді үлестіру кеңінен жүргізілді. Тек 1885 жылды қоса алғанда, Ақмола облысы қазақтары жерінен 251779 десятина мөлшерінде тартып алынды. Онда 10 940 ep адамы бар 24 қоныс аударушылар бөлімшесі (учаскелері) қүрылған еді. Семей облысы бойынша 33 064 десятина егістік жер жергілікті түрғындар иелігінен алынды. Жетісу облысынан 12 жылда (1868—1880 жж.) 3324 отбасы қоныс аударып, оның 2099 селолық қүрылымға біріксе, 1225 отбасы қалаларда түрақтанды.
1889 жылғы Заң күші Торғай жэне Орал облыстарына да тарал- ды. Заң қоныс аудару мәселесін үкімет қүзырында қалдырды, қоныс аударушылар үшін арнайы рүқсат қағаз қажет болды. Түйіндеп айтсақ, патша өкіметі орыс шаруаларының еркінше қоныс аударуын қадағалап, реттеуді көздеді. Алайда шаруалардың өз еркінше қоныс аударуы ретсіз қозғалыс болып қала берді.
Патша үкіметі өзінің қоныс аудару саясатын қарқынды жүргізуді көздеп, 1892—93 жж. ¥лы Сібір темір жол қүрылысын бастады. Қазақтар жерін экономикалық игеру мақсатында «артық», «бос» жатқан жерді анықтайтын түрлі экспедиция қүрылып, жедел жүмысқа кіріскен еді. Комиссиялар алдында қойылған талап біреу — барынша көп мөлшерде қазақтар жерінен «бос», «артық» деген жерді анықтау арқылы қоныстанушылар «қорын» толықтыру болды. Сондай-ақ, жергілікті экімшілік басқару жүйесін қалыптастыруға үлкен назар аударылды. Нәтижесінде XIX ғасыр соңына қоныс ay- дарушылар басқармасының орталықтандырылған біртүтас жүйесі қүрылды. Транссібір темір жолы қазақ жерінің солтүстік өлкесі арқылы жүргізілді. Ақмола облысы экімшілігіне қараған осы өңірде қүрылған 5 уездің 3 уезінен 160 мың келімсек орыс-украин шаруа- ларын қоныстандыру үшін 2241503 десятина жер бөлінді. Мүнда, экономист Ф.А.Щербина басшылығымен «қоныстанушылар қорын» жасау үшін арнайы статистикалық экспедиция жасақталды. Ap- найы экспедиция 1896—1902 жылдарда Ақмола, Торғай жэне Семей облыстарыныц 12 уезін қамтып, қазақтардыц мал шаруашылығына қажетті пайдаланатын «нормасын» «187 десятина жер 24 мал басына жеткілікті» — деп анықтады. Зерттелген 8 уездіц жергілікті қазақтарға тиесілі жер мөлшері — 51 %, қалған 49 % жері «қоныс аударушылар қорында» қалды. Экспедиция жүмысы нәтижесімен қанағаттанбаған патшалық экімшілік қазақтар пайдалануындағы жер «нормасын» азайтып, «артық» деген жерді қосымша анықтау арқылы жоғарыда аталған уездер бойынша «қоныстанушылар қорын» 63% дейін көбейтті. Қоныс аударушылар қатары жылма- жыл артып, олар түрақтанған жерлерде мыцдаған қоныстар пайда болды. Қазақстанныц солтүстік, батыс жэне шығысында жаца келіп қоныстанған орыс жэне украин шаруаларымен қоса, орыс-казак ста- ницалары салынды. Мәселен, Ақмола, Торғай жэне Орал облыста- рында түрғын қазақтармен салыстырғанда, келімсек орыс-казактар жэне орыс, украин шаруалар есебінен жалпы халық саны өсті. 1897 жылғы жалпы ресейлік халық санағы бойынша, тек бір Ақмола об- лысында орыс түрғындарыныц көрсеткіші 33 % жеткен.
Қазақстанныц оцтүстігінде 14 мыцдай орыс, украин жэне эскери адам қоныстанды. XIX ғасырдыц 80-жылдарында мүнда 5 уезд жэне 80-нен астам елді мекендер пайда болды. Патшалық үкіметтіц жедел қарқында жүргізген қоныс аудару саясаты нэтижесінде келімсек орыс, украин шаруаларына ец шүрайлы жайылымдық, егістік, cy коздеріне бай, орманды жерлер берілді. Түрғылықты қазақтар болса, сусыз, малға тиімсіз аймақтарға зорлықпен, түрлі амал-айламен қоныстарынан көтеріле кошуге мэжбүр болды. Қоныс аудару сал- дарынан жергілікті түрғын саны азайып, демографиялық ахуал күрделене түсті. Қазақтар сан жағынан 1897 ж. санақ бойынша 87 %-ке дейін азайды. Келімсек орыс жэне украиндардың саны 532,7 мыңға, татарлар — 55,4 мыңға, өзбектер — 73,5 мыңға, үйғырлар — 56 мыңға артқан. Бүл сандық көрсеткіштер жаңа XX ғасырда үлғая түсті.
Патшаүкіметі 1901 жылыЖарлықшығарды, ондажеке адамдарға қазыналық жерлерден үлестік жер бөліп беруге рүқсат етілді. Қазақтар жері қазыналық деп есептелді жэне 1867—68 жылдар pe- формасына сәйкес мемлекеттік меншік болып жарияланған болатын. 1904 жылы Қоныс аудару басқармасы қүрылып, оған орталық Ресейден шаруаларды қоныс аударту ісін қадағалау толығымен жүктелген еді.
1904 жылы 6 маусымда шыққан енді бір заңда «село түрғындары мен мещан-егіншілердің өз еркімен қоныс аударуы туралы» делінген. Бүл аталған заңдық күші бар қүжаттардың барлығы қазақ халқын өз ата-қонысы болған туған жерден ығыстырылуға, түрмыс ауыртпалығын бастан кешуге, мэжбүрлікке душар етті.
XIX ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар үйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871—1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында болды. 1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында «Петербург шар- тына» қол қойылды. Шарттағы 17 баптың алғашқылары келісімнің мэнін жан-жақты ашып көрсетті. Мысалы, шарттың З-бабында: «Іле аймағының түрғындарына Қытай қоластындағы мекендерінде қалу немесе Ресей жерлеріне көшіп, Ресей азаматтығын қабылдау үсынылады» — деп қарастырылған. ¥йғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көздеген мақсаты — оны жергілікті халықтың үлт-азаттық көтерілісіне қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді. Бүл мәселе бойынша арнайы комиссия қүрылып, қоныс аударғандарды Шелек жэне Іле өзенінің аралығында орналастыру туралы шешім қабылданды. ¥йғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881—1883 жылдар аралығында жүзеге асырылып, 1884 жылдың басында 9572 үйғыр отбасы қоныс аударды, оның 24628 ep адам болса, ал 20745 әйелдер болды, барлығы 45373 адам еді. Сонымен қатар, Қазақстанға барлығы 5055 дүнген қоныс аударды.
Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент, Ақсу-Чарын (қазіргі ¥йғыр ауданы), Малыбай (Шелек ауданында), Қорам (Шелек ауданы), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданында), Кетпен болыстары қүрылды (қазіргі Жаркент ауданында). Жаңа қүрылған болыстың басшысы болып сол бүрынғы Іле аймағында болған басшылар сайланды.
Дүнгендер мен үйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің әлдеқашан қалыптасқан дэстүрлерін экелді. ¥йғырларда күріш өсіру дүнгендердегі сияқты негізгі дақылға айналған жоқ. Олар негізінен бау өсіріп, бақша ca- лумен айналысты (халықтың шамамен алғанда үштен екісі). Дүнген шаруашылықтарының үштен екісінен астамында бау да болды.
Сонымен, қорыта айтқанда, орыс шаруаларын қазақ өлкесіне қоныстандыра отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарам- ды жерінен айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы экімшілік жүйесінің жаңа жағдайға байланысты одан эрі жетіліп, нығая түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің қүрамды бөлігі қазақтарды орыстандыру, шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық сипат алғандығын байқаймыз.
3. XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Қазақ халқының XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын қүраған үлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы жэне жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |